ЖОСПАР 1. Жұлын — орталық жүйке жүйесінің негізі 2. Орталық жүйке системасының жеке бөлімдеріні қызметі а) Артқы ми және ортаңғы миға сипаттама б) Мишық қыртысының құрылысы в) Төмпешік 3. Лимбиялық жүйе. Ескі және жаңа қыртыс 1. Жұлын — орталық жүйке жүйесінің негізі ОЖЖ-ның бөлімдеріне: жұлын, артқы ми, ораңғы ми, мишық, аралық ми, алдыңғы ми, жатады.Орталық жүйке системасы организмнің барлық системаларының қызметін біртұтас біріктіріп, сыртқы ортамен өзара қатынасын реттейді. Жүйке системасының біртұтастық қызметі үш түрге бөлінеді: сенсорлы, моторлы және вегетативті. Адамның сенсорлы және моторлы қызметі қосылып, соматикалық болып аталады.Соматикалық қызметті қамтитын бағыт барлық орталық жүйке системасына таралады-жұлыннан бастап ми сыңарларына дейін.
Жұлын. Жұлы омыртқа жотасының қуысында орналасқан. Жұлын рефлекторлық және өткізгішті қызмет атқарады.Афференттік талшыктар жұлынның арттқы түбірлеріне келіп жанасады да, эфференттік талшықтар оңың алдыңғы түбірінен шығып таралады. Адамда байқалатын көптеген рефлекстер жұлыннын кызметіне байланысты. Мысалы, тізе рефлексі. Бұл рефлексті санның төрт басты бұлшық етін тітіткендіріп байқауға болады. Тізе рефлексінің жасқа тәуелді айырмашылықтары болады. Бір жастан кейін жасқа әруақытта пайда болуы мүмкін, бірақ та айқын болмайды. 8-23 жас аралықтарында тізе рефліксін әруақытта байқауға болады.
Жұлын өткізгіштік қызмет атқарады, соның нәтижесінде ми мен барлық органдардың арасындағы байланыс жүзеге асады. Қозу импулстерін өткізетін екі түрлі жол болады: жоғары көтерілуі жолы және төмен түсу жолы. Жоғары көтерілу жолы арқылы шеткі органдардан (теріден, бұлшық еттерден т.б.) импульстер жұлынға және миға барады. Соның нәтижесінде ми қыртыстарында және оның жеке аймақтарында әртүрлі сезім түйсіктері пайда болады: жылыны сезу, суықты сезу, ауыртуды сезу т.б…
Төмен түсетін жол aрқылы импульстер нейрондардың бойымен шеткі бөлімге-органдарға барады. Осы импульстердің әсерінен әртүрлі органдардың қызметі өзгереді: екелет еттері жиырылады, несеп бөлінеді және нәжіс шығады т.б.
Жұлын зақымдалса (ісік пайда болу, жарақаттану т.б.) оның өткізгіш жолдары зақымдалса, дененің түрлі бөлімдерінің сезімталдығы жоғала бастайды, бұлшық еттердің өздігінен жиырылуы бұзылады (сал болу) және басқа да өзгерістер байқалады. Жұлынның жүйке орталықтары зақымдалса, рефлекстер пайда болмайды немесе пайдп болған рефлекстер жойылып кетеді.
Жұлынның алдыңғы және артқы бетіндегі ұзыннан ұзақ созылып жатқан сай болады, пішіні цилиндр тәрізді болып келеді. Бала төрт жасқа келгенде алдыңғы және артқы диаметрі ересек адамдарға жақындау болады. Алты жастан кейін жұлын көлденеңіне қарай көбірек өседі. Мойын және бел бөлімдері жуандау болып бітеді. Он екі жаста жұлынның диаметрі екі есе өседі. Жұлын жатқан омыртқа қуысының диаметрі 5-7 жасқа дейін едәуір үлкейеді. Омыртқа қуысының бұл жаста өсуі жұлын көлемінің жоғарлауына байланысты.