Жоспар жұлын — орталық жүйке жүйесінің негізі Орталық жүйке системасының жеке бөлімдеріні қызметі а Артқы ми және ортаңғы миға сипаттама


Дорзальдық бөлім – субталамикалық (Люис ядросы) ядродан және сұр заттың басқа майда жиынтықтарынан тұрады. Вентральдық



бет4/4
Дата07.06.2023
өлшемі20,39 Kb.
#178400
1   2   3   4
Байланысты:
Документ 2

Дорзальдық бөлім – субталамикалық (Люис ядросы) ядродан және сұр заттың басқа майда жиынтықтарынан тұрады. Вентральдық бөлімге көру жүйкенің қиылысқан жеріннің үстінде жататын ядролар, сұр төмпешіктің және оған көшілес жатқан емізікті денелердің ядролары, олардың жоғары жағында жатқан артқы гипоталамикалық ядро кіреді.
Гипоталамус зақымдщаланатын болса ішке мүшелер қызметі мен зат алмасу бұзылады. Егер супраоптикалық ядроны тітіркендірсе, организмде судың алмасуы күшейеді, ал ядро тітіркендірілетін болса көмір судың алмасуы бұзылады; сұр төмпешіктің ядросы зақымдалса жылу реттелу бұзылады; субталамикалықядроның бір учаскісін бұзу тер бөліну мен тамыр қозғағыш реакцияларының бұзылуына әкеліп соғады. Төмпешік астындағы аудан организмінің рефректорлық буындарының бірі. Гипоталамус тамыр қозғағыш орталықпен және жұлының осындай мотонейрондарымен байланысты. Екінші жағынан гипоталамус ми қыртысымен де байланысқан.
3. Лимбиялық жүйе. Ескі және жаңа қыртыс
Лимбиялық жүйе( Limbus-латын, әдіп) деп үлкен ми сыңарының медиобазальдық бөлігінде орналасқан нервтік құрылымдармен олардың байланыстарын ацтады. Бұл жүйенің құрылымдары ми бағанын көмкеріп жатады. Әдебиетерде бұл құрылымдарды әрқалай айтады. Лимбика, висцеральдық ми, интероциптивтік онолизатор және т.б. Бірақ барлық атауларға ортақ нәрсе – бәрі де лимбиялық жүйенің орталық буындарына миндаль тәрізді комплексті, типпокампт және белдеуше иректі кіргізеді.
Бадамша қызметін жаснды жолмен жандандырса жануарды иіскелеп –тіміскелеу, жалау, шайнандау, жұтыну, т.б. реакциялар байқалады. Бұдан оның ішкі звенолар қызметін реттеуші гипоталамуспен тығыз байланысты екенін аңғаруға болады.
Бадамшаны алып тастаса, жануардың қалыпты орта жағдайларына сәйкес іске асып жүрген іс-әрекеттің актыларында күрделі де терең өзгерістер туады. Оларда қорқу, ызалану сиақты сезімдер жойылады. Егер қалыпты жағдай маймыл жыланды көргенде қорыққанынан шыңғырып қашатн болса, енді қорықпайтындығы былай тұрсын, тіпті оның жанына барады.
Иіс сезу қыртысы немесе ертедегі қыртыс және аммон я ескі қыртыс. Бұл туындының екеуіде бұрынғыша иіс сезумен байланысты.
Сүтқоректілердің үлкен ми сыңарыларының негізгі массасы болып табылатын жаңа қыртыс ең бірінші рет амфибияларда байқалып, рептилияларда одан ары дамиды. Ол үлкен ми сыңарларының сыртқы қабырғасында ертедегі қыртыс ауданда пайда болды. Бірақ қазіргі кезде өмір сүретін рептилияларда жаңа қыртыстың көлемі болымсыз ғана және аз ғана функциялармен байланысады.
Жаңа қыртыстың дамуы төмпешік ядроларынан талшықтардың ми сыңарының бүйір қабырғасындағы қыртысына енуі мен байланысты. Осының салдарынан қыртыс тек иіс сезу қызметін ғана атқаруды қойып, оған теріден, қозғалыс аппаратынан көру мүшелерінен т.б. импульстер келе бастады. Кейін басқа да барлық афференттік жүйлер қыртыс пен байланыс орнатты. Жаңа қыртыс пен филогенетикалық ескілеу туындылардың шекарасындағы қыртыс учаскелерін аралық қыртыс деп атайды.
Филогенетикалық даму процесінде үлкен жарты шарлардың гностикалық (танымдық) функциясы да, праксистік немесе қозғалғыштық функциясы да жетіледі. Қыртыстың жеке пунктерінің арасындағы байланыстар күрделеніп, көбейе түсті.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет