Маханова Сандуғаш Еркінғазиқызы Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Темірастау орта мектебінің бейнелеу пәнінің мұғалімі



Дата23.05.2017
өлшемі28,66 Kb.
#16618
түріСабақ
Маханова Сандуғаш Еркінғазиқызы
Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы,

Темірастау орта мектебінің

бейнелеу пәнінің мұғалімі

Бейнелеу өнері


Сабақтың тақырыбы: Күзгі табиғат көрінісі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: күзгі табиғат көрінісімен танысу.
Тәрбиелік: Оқушыларды әсемдікке баулу, эстетикалық тәрбие беру.
Дамытушылық: Оқушылардың ой өрісін дамыту.

Көрнекі құралдары:


1. Тест жазылған үлестірмелер
2. «Анаграмма» салынған плакат
3. Күзгі табиғат көрінісі туралы слайд.
4. Күзгі табиғат көрінісі туралы суреттеу.
5. «Табиғат пен адам - егіз» деген Леонар до Винчи
Пән аралық байланыс:
1. Әдебиетпен
2. Дүниетанумен
3. Музыкамен
4. Өзін - өзі танумен

Сабақтың әдісі: Түрлі плакаттармен түсіндіріп, сұрақ – жауап, баяндау, шығармашылық жұмыс, үлестірмелер. (өз бетінше).


Сабақ түрі: Аралас сабақ.
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:
(оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру, сынып тазалығын тексеру)

ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру:


Негізгі, қосымша және құрамды түстер
Шығармашылық әдістеме (әдістеме)
(Оқушылардың білімін тексеруде уақыт үнемдейді толық тексеруге мүмкіндік береді)
Тест:
1. Түр – түстану ғылымы нені зерттейді?
а) Адамның ұйықтаған кезде көретін түсі
ә) Түр – түсті зерттейтін ғылым.

2. Негізгі түсті айт.


а) қызыл, сары, көк.
ә) қоңыр, ақ, жасыл.

3. Қосымша түстерді айт.


а) ақ, қара, көкшіл.
ә) қоңыр, жасыл.
4. Жылы түсті айт.
а) көк, қоңыр, сиякөк.
ә) жасыл, ақ, сары.

5. Суық түсті айт.


а) көк, қоңыр, сиякөк.
ә) жасыл, ақ, сары.

6. Кескіндеме немен салынады?


а) бормен.
ә) бояумен.

7. Кескіндемені қайда салуға болады?


а) кенепке, қағазға.
ә) жерге, суға.

8. Көлеңке қандай бояумен салынады?


а) жылы бояу.
ә) суық бояу.

ІІІ. Жаңа сабақты жоспары:


1. Табиғат көрінісінің алуан құбылыстары туралы.
2. Күзгі табиғат көрінісі.
3. Этюд.

ІV. Жаңа сабақты түсіндіру кезі:


Балалар, алдымен мына бір өлең шумағына назар салайықшы.
Табиғат, сен тіршілік тұнып тұрған,
Сен күнсің көтерілген күліп қырдан.
Сен – көлсің,
Сен – армансың,
Сен – бұлбұлсың,
Адамға сұлулықты шын ұқтырған – дегендей табиғаттың сұлулығы, оның сыры керемет емес пе?
Адам өмірі табиғатпен тығыз байланысты. «Табиғат пен адам – егіз ұғым» деп ұлы суретші Леонардо да Винчи айтқан екен.
Адам табиғат сұлулығынан, әсемдігінен, әдемілігінен бойына қуат алады.
Сол сияқты табиғат сұлулығын ақындар өлеңмен, жазушылар әдеби тілмен, суретшілер қыл қаламмен көрсеткен. Бейнелеу өнеріңде түрлі – түсті бояумен, акварель - мен, майлы бояумен салуды кескіндеме дейтінін бәріңде білесіңдер. Табиғат көрінісін бейнелеудегі негізгі мақсат кеңістіктегі әсем де сұлу табиғатты көзбен көріп, көңіл - мен қабылдағанын суретке салу. Табиғат көрінісін салмас бұрын, табиғат аясында серуендей жүріп, бәрін байқап, көргендеріңді еске сақтап, сол арқылы сурет салуды үйрену керек. Табиғат көрінісін кей суретшілер қас – қағым сәтте – ақ, лезде бейне - леп салады. Бұны «Этюд» деп атайды. (суреттерді көрсету).

Біз білеміз жылдың төрт мезгілі бар. (оқушылардан сұрау). Көктем, жаз, күз, жаз.


Әр мезгілдің өз алдына ерекшелігі бар. Қазір күз, күздің соңғы айы – Қараша. Қарашаның соңғы күндері.
Көктем – жер бетіне шырай беріп, жан – жануар, өсімдік атаулыға жан береді, тірілтеді. Жаз жанды жадыратса, қылышын сүйреткен қыс аязымен, боранымен қысады. Ал, күзде жеміс атаулы піседі, егін жайқалады. Күздің алғашқы айлары осындай молшылыққа бөлейді. «Күздің әр күні қымбат» деп адамдар шаруалар тез бітіруге тырысады. Күзде барлық ағаш жапырағынан айырылады, жолында сарғайған жапырақтар. Аспан біресе сұрланады, біресе жаңбыр жауады, біресе тұмандайды. Ұлы ақынымыз Абай:
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.
Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,
Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.
Қайыршы шал - кемпірдей түсі кетіп,
Жапырағынан айрылған ағаш, қурай…

алдыңа күздің күнінің құбылмалы тұрақсыз күндері адам мінезіне ұқсап кетеді.


Күзгі табиғат көрінісін салудан бұрын оның жекелеген бөлшектерін салып алады.
Әуелі күздегі аспан мен жер, ағаштар мен жапырақтар т. б.
Мысалы: Оқулықтың 137 – бетіндегі күз суретіне назар аударайықшы. (суреттегі жылы, суық түстердің қалай пайдаланғанын айту).
V. Бекіту кезеңі:
Күзгі табиғат көрінісін салу, ол үшін топтарға тапсырма беру. Әуелі табиғат көрінісін бөлшектерін жеке – жеке салу.
1. «Көктер» тобына – күзгі аспан.
2. «Сарылар» тобына – күзгі жапырақтар.
3. «Қызылдар» тобына – күзгі ағаштар.

VІ. Қорытынды: 1. Табиғат көрінісінің алуан құбылыстары қалай болады?


2. Күзгі табиғат көрінісі қалай болады.
3. Этюд дегеніміз не?
VІІ. Бағалау: Оқушыларға баға қою.
VІІІ. Үйге тапсырма: Күз мезгілі.
Каталог: 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Сабақтың тақырыбы: Реактивті қозғалыс Сабақтың мақсаты: Білімділік: Реактивті қозғалыс туралы түсінік беру
2015 -> Сабақың мақсаты: Білімділік
2015 -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> «Бәріде Жеңіс үшін!!! Шығыстың қос шынары» Сыныбы: 7 Мақсаты
2015 -> Сабақтың атауы Құлын мінген бала Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет