МахмұТ ҚАШҒари «диуани лұҒат-ит-түРК»


ТҮРІК СӨЗДЕРІН ТҮЗГЕНДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘРІПТЕР ЖАЙЫНДА



бет3/12
Дата22.12.2023
өлшемі94,7 Kb.
#198538
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
М.Қашқари

ТҮРІК СӨЗДЕРІН ТҮЗГЕНДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘРІПТЕР ЖАЙЫНДА


Күллі түрік тілдеріңде қолданылатын негізгі әріптер он сегіз. Түрік жазуында сол әріптер қолданылады. Бұл әріптер төмендегі сөздерге жинақталған: Айырып көрсеткенде мынадай болады. Бұл әріптердің арабшадағы әріптеріне ұқсас рет тәртібі бар. Бұл негізгі әріптерден басқа, жазуда жоқ, ауызша қолданылатын, негізгі әріптердің қатарына қоса алмайтын және жеті әріп бар. Түрік тілдері бұларсыз оқылмайды. Бұлар: қатаң« <-« (п)» әрпі; арабша « £ (ж)» әрпі — бұл әріптер түрікше де аз қолданылады; (з)» мен « t (ш) » аралығында шығатын « J (ж)» әрпі; арабша «j» (ф)» әрпі; нүктелі « (ғ)» әрпі; « J (қ)» мен «$» (к)» аралығындағы ұяң, жұмсақ «j» әрпі «(н)» мен «(ғ)» аралығындағы және «(н)» мен «J (к)» аралығында пайда болатын «(ң)» әрпі. Бұл әріпті дауыстап айтуға түріктерден басқалар қиналады.


Бұл жеті әріп жоғарыда көрсетілген негізгі әріптерге ұқсас жазылады, шекесіне ноқат белгілер қойылып ажыратылады. Түрік тайпаларының ешбірінде әрпі кездеспейді. Ауыз дыбыстыларынан болатын әріптері де жоқ. «Үкі» сөзін «Үһі» дейтіндер аса азшылық. Бұл сөздің түбірі қыпшақша да болғандықтан «к» әрпімен «үкі» деп айтылады. Кежектер шақпақты «жаһан» дейді. Бұл тіл ерекшелігіне сай емес. Көз ауруын «ау аһ» дейді, бұл да жоғарыдағыдай жаңылыс сөз. Болмаса, келетін ешқандай сөз жоқ. Бұл дыбыс кейде қотандықтардың тілінде ұшырасады. Сонсоң қотан тілінде хинди тілінің әсері бар; кежек тілінде « л - һ» дыбысы ұшырап салады, сондықтан кежек тілі де таза түрікше емес. Егер, « ^ » әрпін жазу қажет болса, ол түрік жазуындағы «j-дз» секілді жазылып, шекесіне ноқат қойылады. түрікше « £ » секілді жазылып, айырым белгілермен ажыратылады. Және де бүл әріптер тек араб тіліне тән. Ол әріптерді түрік жазуымен жазуға тура келсе, ежелгі түрік әріптеріндегі секілді жазылып, ноқат пен айырым белгілермен парықталады. Түрік әріптерінің бәрі топтанса, мына секілді болып шығады:
Мұның жазылу қағидасы мынадай: айтқанда орны жоқтығына қарамастан, жазғанда фатиха орнына «әлібі», гамма орнына «) У», кесрә орнына И» әрпі қолданылады. Мұның арабшадағы өрнегі түсіндірме (изафет) түріндегі сөздерінен көрінеді: Бұл сөздерді жазғанда қаракет үшін әріп (оқығанда анық аңғарыла бермейтін |»әріптерін) қосуға тура келеді. Қадым заманнан бері Қашқардан жоғары Шынға дейінгі күллі түрік өлкелерінде хандары мен сұлтандарының жарлықтары мен хат - хабарлары осы жазбамен жазылып келген. Бұлардың бәрі өз орнында айтылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет