Жекелеген экономикалық агенттердің мінез-құлықтары мен тәртіптерін зерттейтін ұтымды субъектілердің дербес шешім қабылдауларын қарастыратын экономикалық теорияның негізгі бір саласы.
Микроэкономика түсінігі бір мағынада ғана қарастырылмайды. Ол бір жағынан жекелеген фирмалардың, үй шаруашылықтарының және салалардың өз қызметтерінің ынталарын іске асыру жөніндегі шешімдерін зерттейді. Екінші жағынан ресурстарды тиімді пайдалану және оларды орналастыру, тауарлар мен қызметтерге баға беру сияқты сұрақтарды да қарастырады.
Макроэкономика дегеніміз не?
Экономикалық теорияның экономиканы тұтастай зерделейтін бөлімі. Ол экономикалық циклдік кезеңдер мен экономикалық өрлеу, жұмыспен қамтылу, инфлиция мәселелерін жалпы экономика аумағындағы ауқымды мәселелерді зерттейді.
Экономикалық үдерістердің бәрін- жиынтық өндірісті, бағаның жалпы деңгейін, сыртқы сауда, жұмыссыздықты зерделеуді “макроэкономикалық теория” деп атайды.
Қазіргі заманғы экономиканы зерделеу ісі 20 ғасырдың бірінші жартысында басталды.
Қазіргі заманғы экономиканы зерделеу ісі 20 ғасырдың бірінші жартысында басталды.
Ол америкалық экономист Дж.М.Кейнстің есімімен және оның “Жұмыспен қамтудың, пайыздың және ақшаның жалпы теориясы” кітабымен байланысты болды.