Макроэканомика срсп



бет2/4
Дата27.10.2023
өлшемі0,56 Mb.
#188683
1   2   3   4
Байланысты:
Макроэканомика СРСП новый-1

Жұмыссыздық
Жұмыссыздық – бұл жұмыс істегісі келетін еңбекке жарамды халықтың өндірісте жұмыспен қамтылмауы. Жұмыспен қамтылмау өндірістің тиімділігін арттыруы, сонымен бірге жұмысшы күшінің бір бөлігін жұмыстан босатуға мүмкіндік жасайтын немесе оның құрылымына, сапасына жаңа талаптар қоятын ғылыми – техникалық прогресстің салдары болуы мүмкін. Нарықтың экономикада жұмыссыздық дағдарыстар кезінде көбейеді. Нарық жоқ жағдайда жұмыссыздықтың көбею себебі мемлекеттің өндіргіш күштерді орналыстырудағы бұрыс құрылымдық саясаты болуы мүмкін.
Жұмыссыздық – құбылыс, жұмысқа қабілетті адамдардың тұрақты немесе уақытша жұмыс істемейтін бөлігі.


Жұмыссыздық нарықтық экономикада типтілік құбылыс. Себебі, жұмыс күшіне сұраным, оны сатып алуға жұмсалатын капитал көлеміне тәуелді. Сондықтан капитал көлемінің азаюы, жұмыс күшіне деген сұранысты төмендетеді. Мұндай жағдай, нарықтық экономикадағы қорлану заңының іс-әрекетінің нәтижесі объективтік заңдылық. Осы заңның нәтижесінде қосымша жұмыс күшін өндіріске тарту жай жүреді және капиталдың органикалық құрылымының өсуінің әсерімен өндірістегі жұмысшылар қысқарады – нәтижесінде жұмыссыздар армиясы пайда болады


2023 жылдың II тоқсанында жұмыспен қамту деңгейі 15 жастан үлкен жастағы халық санына шаққанда 65,6%, жұмыс күшінің санына шаққанда – 95,3% құрады. Жұмыссыздық деңгейі (Халықаралық еңбек ұйымының әдістемесі бойынша) 4,7% құрады. Жұмыссыздар саны (ХЕҰ әдістемесі бойынша) 452,6 мың адамды құрады. Жұмыс істемейтін және білім алумен немесе оқытумен айналыспайтын NEET жастарының үлесі 7,5%-ды құрады.
Ағымдағы жылдың маусым айының соңында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректері бойынша халықты жұмыспен қамту органдарына жұмыс іздеп жүрген адам ретінде 41,8 мың адам жүгінген. Жұмыспен қамту бойынша барлығы 31 мың іс-шаралар көрсетілді, 8,2 мың адам кәсіптік оқытуға немесе қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға жіберілді, 4,4 мың адам қоғамдық жұмыстарға қатысты.

2022 жылдың II тоқсанымен салыстырғанда жалпы жұмыспен қамту 144 мың адамға, негізінен жалдамалы жұмыскерлердің (104,1 мың адам) есебінен өсті, сонымен қатар өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны (39,9 мың адам) өсті.


Жұмыспен қамтылғандардың ең көп үлесі сауда (16,6%), білім беру (12,9%) және өнеркәсіп (12,3%), ауыл шаруашылығы (12,2%) салаларында байқалды.
Негізгі жұмыста орта есеппен бір жұмыспен қамтылған халыққа аптасына нақты жұмыс істеген сағаттары 38 сағатты, бір жалдамалы қызметкерге – 40 сағатты, өзін-өзі жұмыспен қамтыған қызметкерге – 34 сағатты құрады.
Жұмыссыз, бірақ жұмыс іздемеген немесе жұмысқа кірісуге дайын емес адамдар саны (әлеуетті жұмыс күші) 31,2 мың адамды құрады.
Жұмыс күш құрамына кірмейтін адамдардың үлесі 15 және одан жоғары жастағы халықтың 31,2%-ын құрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет