Жалпыішкі өнім Есепті деректер бойынша 2023 жылғы қаңтар-наурыздағы Жалпы ішкі өнімнің нақты көлем индексі 2022 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 105% құрады. ЖІӨ құрылымында тауарлар өндірісінің үлесі 35,4%, қызметтердікі – 55,7% құрады.
Ең жоғары өсім құрылыс – 115,7%, ақпарат және байланыс – 112%, көтерме және бөлшек саудада сату – 111,1% салаларында байқалды.
ЖІӨ-нің нақты көлем индексіндегі ең үлкен салым Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу – 1,5%, өңдеу өнеркәсібі – 0,8% және құрылылыс – 0,6% салаларына тиесілі.
ЖІӨ – нарықтық бағалардағы өндіруші-резиденттердің өндірістік қызметінің түпкілікті нәтижесі болып табылады.ЖІӨ-нің НКИ экономикада нақты кезеңдегі тауарлар мен қызметтер өндірісі көлемінің өзгерісін сипаттайды.
Қорытынды Қорыта айтқанда, жалпы экономика ғылымы екi басты бөлiмнен тұрады: макроэкономика және микроэкономика. Микроэкономика – фирмалар, үй шаруашылықтары, үкiметтiк агенттiктер сияқты шағын бiрлiктер жасайтын таңдауларды зерттейтiн экономиканың білiм. Макроэкономика – экономиканың инфляция, жұмыссыздық, экономикалық өсу секiлдi iрi масштабты экономикалық құбылыстарын зерттейтiн бөлiгi.
Макроэкономика экономиканы бiр үлкен бүтiн құбылыс ретiнде қарастыратын ғылым. Ол экономикадағы iс-әрекеттердi бiрiктiрiп жалпылай қарастырады.
Макроэкономикалық талдауды үш кезеңге бөлемiз:
1-кезеңде фирмалар мен үй шаруашылықтарының шешiм қабылдауын зерттеушiлер теория деңгейiнде қарастырады. Содан соң микроэкономикалық құралдарды пайдаланып, фирмаларды әртүрлi экономикалық жағдайларға байланысты қарастырады;
2-кезеңде фирмалар мен үй шаруашылықтарының жиынтық шешiмдерiн қарастыра отырып, жалпы экономикалық беталыстар талдауға түседi. Бұл кезеңде агрегатталған, iрiленген шамалар қолданылады. Мысалы, бiр ғана фирманың өнiмi емес, ЖҰӨ; жеке банктiң пайыз мөлшерлемесi емес, нарықтық пайыз мөлшерлемесi;
3-кезеңде макроэкономикалық ақпаратты талдау және жинау арқылы теорияның нақты мағынасы қарастырылады. Макроэкономика – макроэкономикалық теория мен агрегатталған ақпараттардың ортасындағы байланысты нысандық тәсiлмен зерттеудi қарастыратын ерекше ғылым.
Экономикалық өсудiң көрсеткiштiк өлшемдерi ЖҰӨ және ЖІӨ болып табылады (тек нақты сипаттары). Халықаралық деңгейде салыстыру үшiн ЖҰӨ және ЖІӨ-нiң халықтың жан басына шаққандағы көрсеткiшi пайдаланылады. ЖҰӨ (ЖIӨ)-нiң бiрдей көлемiнде оның халықтың жан басына шаққандағы шамасы тұрғындардың санына тәуелдi болады.
Экономикалық көрсеткiштер экономикалық саясатта, экономикалық талдау және бағалау үшiн жиi қолданылады. Жалпы ұлттыє өнiм (ЖҰӨ) азаматтар табыстарының жиынтығын және өндiрiс тауарлары мен қызметтерi үшiн жұмсалған жалпы шығын көлемiн сипаттайды.
ЖҰӨ экономика көрсеткiштерiнiң ең нақтысы деп есептеледi.