Инфляция деңгейін бақылау және төмендету
2023 жылғы тамызда тұтыну бағаларының айлық индексі 0,7% құрады (ағымдағы жылғы шілдеде – 0,6%). Ақылы қызметтер – 1,9%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 0,5% қымбаттаса, азық-түлік тауарлары өзгеріссіз қалған.
Инфляция деңгейінің өсуіне негізгі үлесті коммуналдық қызметтер тарифтері қосты. Су бұру – 18%, суық су – 13,1%, ыстық су – 7,8%, электр энергиясы – 6,7%, тарату желілері бойынша тасымалданатын газ – 5,5%, қоқыс шығару, тұрғын үйге қызмет көрсету – әрқайсысы 1,3%-дан қымбаттады. Баға қалалық көлікпен жол жүруге 7,5%, ұялы байланыс қызметіне 2,8% өсті. Баға әуе билетіне – 19,6%, темір жол қызметіне 0,2% төмендеді
Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бойынша тамызда бағаның өсуі оқушы ранеці, рюкзагына – 5,9%, балалар киіміне және аяқ-киіміне 2,9%-дан байқалды. Шілдемен салыстырғанда АИ-95/96 маркалы бензинге баға 3,9%, АИ-98 бензиніне – 1,9%, баллондағы сұйытылған газға 1,4% өсті.
Азық-түлік тауарлары арасында баға күрішке – 2,1%, шошқа етіне – 1,2%, консервіленген сүтке – 1,1%, сүт пен сиыр етіне 0,6%-дан өсті. Бағаның өсуі минералды және ауыз суға – 1,4%, салқындатылған сусындарға – 1%, темекі өнімдеріне 0,8% байқалды. Жаңа піскен көкөністер – 6,1%, картоп – 4%, күнбағыс майы – 2,3%, қарақұмық жармасы – 2%, құмшекер 1,8% арзандады.
Өңірлер арасында ең жоғары айлық инфляция Қарағанды облысында – 1,3% (орташа республикалық деңгейден 0,6 п.т. жоғары), ең төменгі – Шымкент қ., Атырау, Павлодар және Батыс-Қазақстан облыстарында тіркелді – 0,2%.
Өңірлік бөліністе азық-түлік тауарларының ең жоғары бағасы Ақмола облысында – 0,9%, азық-түлік емес тауарлары бойынша – Ақмола облысында 1,2%, ақылы қызметтер – Қарағанды облысында, өсім – 4%.
Инфляция динамикасы
Өткен жылғы маусыммен салыстырғанда бағаның өсуі күрішке – 47,6%, қиярға – 33,4%, шақпақ қантқа – 32,2%, минералды суға – 29,1%, сұлы жармасына – 24,3%, макарон өнімдеріне – 24,1%, тоқаш және ұннан дайындалатын өнімдерге – 24%, жұмыртқаға – 23,1%, қаймаққа – 23%, майлылығы 2,5% айранға – 22,6%, ұнтақ жармаға – 22,5%, пастерленген сүтке – 21,6%, пиязға – 18,7%, сары майға – 16,6%, қара бидай-бидай нанына 15,6% белгіленді. Бағаның төмендеуі қырыққабатқа 13,8%, құмшекерге – 11,5%, сәбізге – 9,5%, картопқа – 9,1% байқалды.
Баға деңгейі кеңсе тауарларына – 67,7%, жуғыш және тазалағыш құралдарға – 36,2%, жеке қолданылатын тауарларға – 24,6%, жиһаз және үйге қажетті заттарға – 20,3%, ыдысқа – 18%, киім және аяқ киімге – 15,7%, құрылыс материалдарына 13,5% өсті. Дизель отыны 36,1% қымбаттады.
Тұрғын үйді жалға алу құны 25,4% өсті. Баға кешенді демалыстарды ұйымдастыру қызметтеріне – 24,3%, санаторийлер қызметтеріне – 20%, демалыс және спорттық іс-шаралар саласындағы қызметтерге – 16,9%, қоғамдық тамақтандыру қызметтеріне – 16,6%, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары қызметтеріне – 15,1%, денсаулық сақтау қызметтеріне – 14,8%, білім беру қызметтеріне – 14%, қонақ үйлер қызметтеріне 12,6% жоғарылады. Жолаушылар темір жол көлігі қызметтері – 26,5%, әуе көлігі қызметтері 22% қымбаттады.
Тарифтер қоқыс шығаруға – 31%, тұрғын үйді күтіп ұстауға – 21,4%, орталықтан жылытуға – 10,1%, электр энергиясына – 8,6%, ыстық суға 5,3% өсті.
Өңірлер бөлінісінде 2023 жылғы маусымда жылдық мәнде орташа республикалық деңгейден асатын инфляцияның ең жоғары деңгейі Солтүстік Қазақстан, Ұлытау (15,9%-дан), Ақмола облысы, Астана қаласында (15,8%-дан), Маңғыстау облысында (15,6%), Шығыс Қазақстан (15,3%), Павлодар (15%), Абай, Жетісу, Қостанай облыстарында (14,7%-дан) қалыптасты.
Достарыңызбен бөлісу: |