2-тақырып. Макроэкономикалық көрсеткіштер
Жалпы ұлттық өнім, жалпы ішкі өнім: айырмашылықтары мен ұқсастықтары.
ЖҰӨ мен ЖІӨ есептеу әдістері.
Атаулы және нақты ЖҰӨ. Баға индексі.
ҚР негізгі макроэкономикалық көрсеткіштеріне сипаттама
Қазіргі ұлттық есеп-шот жүргізуді жасаудың практикалық жұмыстарын ағылшын экономисі Р.Стоун (1913ж.) енгізілді. Алғашқы рет ұлттық есеп-шот жүйесінің кестесі 1953-і жылы БҰҰ-ның статистикалық бөлімінде басылып шақты. Қазіргі барлық әлемдегі елдерде ол стандарт ретінде қабылданды. Ұлттық есеп-шот оның жүйесінде метрикалық түрде бейнелеген, онда әрбір есеп-шот көлденең (табыс) және тік (шығын) матрицаларды көрсетліген. Ұлттық есеп-шот жүйесін құрудағы ертеректегі талпыныстан Р.Стоун ұсынған айырмашылық сол, ал алғашқы рет макродеңгейде екі еселей жазу принципін «қоғамдық матрицаларда» қолданды. Стандарттық сипаттамалар – ұлттық өнім, тұтыныс, сауда балансы және басқалары солай топталған, олар экономика құрылымы мен оның қызмет жасау процесіне толыққанды бейнеленгенін көрсетеді. Мұнда содай-ақ қаржы балансы ұлттық есеп-шот жүйесі және демографиялық есептеп шығару жүйесін құру енген
Экономикалық көрсеткіштер экономикалық саясатта, экономикалық талдау және бағалау үшін жиі қолданылады. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер болып өндірістің ұлттық көлемі, жалпы баға деңгейі, пайыздық ставка және жұмыспен қамту табылады.
Жалпы ұлтық өнім (ЖҰӨ) азаматтар табыстарының жиынтығын және өндіріс тауарлары мен қызметтер үшін жұисалған жалпы шығын көлемін сипаттайды.
ЖҰӨ - экономика жағдайын сипаттайды, себебі адамдар аз табыстарға қарағанда үлкен табыстарды көбірек қалайды. Яғни, өндіріс тауарлары мен көрсетілген қызмет көлемі жоғарылаған сайын, өзіндік қанағаттану дәрежесінің деңгейі, өндірістік және мемлекеттік тұтыну деңгейі жоғары болады.
Жалпы ұлттық өнім – бір жыл ішінде өндірілген түпкілікті тауарлар мен қызмет көрсетулердің нарықтық бағасы. Қайта, екі рет есепті болдырмау үшін оған аралық өнімді кіргізбейді. Оларға қайта өңдеуге немесе соңғы тұтынушыға ары қарай сату үшін арналған өнімдер жатады. ЖҰӨ -ді есептеу кезінде негізгі екі әдісті қолданады. Ол түпкілікті өнімге жұмсалған барлық шығындарды қосу арқылы және «табыстар ағыны» арқылы өлшенеді.
Шығындарға тұтынушылық шығындар , мемлекеттік сатып алулар, жалпы инвестиция және таза экспорт жатады.
Тұтынушылық шығындарға (С) үй шаруашылықтарының әр түрлі тауар және қызмет көрсетулерге (нан, қант, аяқ киім, телевизорлар, тоңазытқышты жөндеу) шығындары кіреді.
Инвестицияларға шығындар (І) – бұл инвестициялық тауарларға шығындар, оларға құрал жабдық, станоктар, өндірістік ғимараттар, материалды-техникалық қорлар, тұрғын үй құрылысы жатады. Жалпы және таза инвестицияны ажыратады. Жалпы инвестицияға барлық инвестициялар, яғни, істен шығатын құрал жабдықтың орнын толтыруға жұмсалатын инвестициялар да кіреді. Жаңа құрал жабдықты сатып алуға жұмсалған инвестициялар таза инвестиция деп аталады.
Мемлекеттік шығындар (G) – тауар және қызмет көрсетулердің (электроэнергия, мектептер, емханалар, саябақтар, кітапханалар және т.б.) өндірісіне тікелей жүретін шығындар.
Таза экспорт (Хп) – бұл импортты шегергеннен қалған барлық импорт.
Сонымен, шығындар бойынша ЖҰӨ - бұл елдегі барлық төрт шығындардың қосындысы:
ЖҰӨ = C+ G+ I+ Xn
Өндірістің ұлттық көлемін анықтау үшін елдегі барлық табыстардың қосындысын алады. Факторлық табыстардың төрт компанентін ажыратады: жалақы, рента, пайыз және пайда.
Жалақы – жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек ақысы. Бұған ведомость бойынша алынатын жалақы сомасы, әлеуметтік қамсыздандыру бойынша қосымша төлемдер және т.б. жатады.
Рента жерді, ғимаратты, тұрғын үйді арендаға беру нәтижесінде үй шаруашылықтарымен алынатын ренталық табыстарды білдіреді.
Пайыз бұл ақша капиталы үшін төлем, ол банкке салым бойынша , несиелер бойынша пайыздар.
Пайда жеке шаруашылықтар, серіктестіктер, кооперативтер иелері алатын пайда.
ЖҰӨ - экономикадағы табыс пен өндірістегі шығын көлемін бірдей өлшейді. Себебі бұл өлшемдер соңында бірдей болады. Жалпы, экономика үшін табыс көлемі шығын көлеміне тең болуы керек. Негізгі макроэкономикалық тепе-теңдік табыс пен шығынның теңдігін көрсетеді.
Макроэкономикалық талдауларда басқа да тепе-теңдіктер пайдаланылады. Инвестиция мен қор жинағының тепе-теңдігін төмендегідей көрсетуге болады. Талдауды жеңілдету үшін жабық экономиканы қарастырамыз. Бұл экономикада мемлекет секторы жоқ деп жорамалдаймыз, демек салық та жоқ болады. Онда шығын бойынша:
ЖҰӨ = Тұтыну + Инвестиция
Табыс бойынша:
ЖҰӨ = Қор жинағы + Тұтыну
Қорыта айтқанда ЖҰӨ-де елдің барлық азаматтарының табысы, яғни елдің өндіріс тауарлары мен қызметтерге жұмсалған жалпы шығыны көлемі де көрсетіледі.
Номиналды және нақты , сонымен қатар іс жүзіндегі және потенциалды ЖҰӨ ажыратады. Нақты ЖҰӨ - бұл баға деңгейі өзгерісін ескерумен ЖҰӨ. Нақты ЖҰӨ-ді формула бойынша табуға болады:
Нақты ЖҰӨ = (Номиналды ЖҰӨ / баға индексі) · 100%
Потенциалды ЖҰӨ - бұл толық жұмыспен қамту жағдайында яғни , фрикционды және құрылымдық жұмыссыздық жағдайында алынған өндірістің ұлттық көлемі. Іс жүзіндегі ЖҰӨ - бұл циклдық жұмыссыздық жағдайында шығарылған өндірістің ұлттық көлемі.
Өндірістің ұлттық көлемін өлшеу үшін қолданылатын тағы бір көрсеткіш – жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) . Ол сол ел территориясы ішінде, берілген жыл ағымында өндірілген түпкілікті өнімдер мен қызмет көрсетулердің нарықтық бағасы.
Дәрісті өздік қайталау үшін сұрақтар:
Жалпы ішкі өнім дегеніміз не?
Жалпы ұлттық өнім дегеніміз не?
Таза ұлттық өнім неліктен ұлттық байлықты сипаттамайды?
3-тақырып. Макроэкономикалық тұрақсыздық. Инфляция және жұмыссыздық.
Экономикалық цикл ұғымы. Әлеуетті ЖҰӨ. Цикл фазалары. Экономикалық циклдың себептері.
Жұмыссыздық еңбек ресурстары, жұмыспен қамтылғандар ұғымы. Жұмыссыздық түрлері. Оукен заңы.
Инфляция:мәні, қарқынын және түрлері. Филлипс қисығы.
Инфляция және жұмыссыздық мәселелерін шешудің бағыттары, олардың Қазақстан Республикасындағы ерекшеліктері.
Экономикалық циклдер. Қоғам біркелкі түрде экономикалық өсуге, жұмыссыздықты толық жоюға және баға деңгейінің тұрақтылығына ұмтылады. Экономикалық (іскерлік) цикл деп өндірістің, инфляцияның және жұмыспен қамтылу деңгейінің өзгеруін айтамыз. Циклдік өзгерістердің себептері төмендегідей: автономды инвестициялардың азаюы, мультипликатор әсерінің әлсіреуі, ақша жиыны көлемінің өзгеруі, негізгі қорлардың жаңаруы, т.б. Жалпы айтқанда, экономикалық (іскерлік) цикл — бірнеше жылдар ішіндегі экономикалық активтілік деңгейлерінің бірінен кейін бірі келіп тұратын өсулер мен құлдырауларының өзгеруі. Кейбір экономикалық циклдер ұзақтылығымен және қарқындылығымен бір-бірінен ерекшеленеді. Бірақ олардың барлығы әрқалай аталатын бірдей фазалар арқылы өтеді.
1. Шың. Оны іскерлік белсенділіктің уақытша ең шекті нүктесі деп атаймыз. Бұл нүктеде экономикада өндірістің толықтай жұмыс істеуін және жұмыссыздықтың толық жойылуын байқаймыз. Шың фазасында бағалар деңгейі көтсрілу беталысына ие болады.
2. Құлдырау. Шың кезеңінен соң құлдырау кезеңі басталады — алты немесе одан да көп айға созылатын, жалпы өндіріс көлемі, табыс және жұмыс орындары азаятын кезең. Бұндай құлдырау экономика секторларындағы жұмыс белсенділігінің жаппай кемуімен сипатталады. Бірақ баға осы кезде түсе бермейді, олар тек қана құлдырау өте ұзаққа созылып, тоқырауға айналғанда, шын мәніндс ауыр жағдайда ғана төмендей бастайды.
3. Құлдыраудың немесе тоқыраудың ең төменгі нүктесі. Құлдыраудың немесе тоқыраудың ең төменгі нүктесінде өндіріс және жұмыс орындары ең төменгі деңгейгс жетіп, біртіндеп көтеріле бастайды. Бұл цикл фазасы қысқа және ұзақ мерзімді кезеңде болады.
4. Көтерілу. Көтерілу (жаңғыру) фазасында өндіріс өседі, жұмыссыздык, азаяды да, толық жойылады. Көтерілу күшейе келе өндіріс толық көтерілмей жатып бағалар өсуі мүмкін. Циклдер бірдей фазалардан өтсе де, олар өздерінің ұзақтығы және белсенділігімен ерекшеленеді. Сондықтан экономистер экономикалық циклдердін орнына экономикалық тербелістер дегенді қолдануды дұрыс көреді, өйткені циклдер тұрақты түрде өтеді.
«Толық жұмысбастылық» ұғымына анықтама беру қиын. Оны бүкіл 100% халық жұмыспен қамтамасыз етілген деп түсінуге болады. Бірақ ол дұрыс емес. Белгілі бір жұмыссыздық деңгейі болуға тиісті деп саналады.
Жұмыссыздық деңгейі. Экономика ресурстардың қаншалықты жақсы қолданылатынына байланысты сипатталады. Негізгі экономикалық ресурс жұмысбастылықты қолдайтын жұмыс күші болады - бұл экономикалық саясаттың маңызды мақсаты.
Жүмыссыздық деңгейі — бұл жұмыс істеуді қалайтындардың жалпы санының ішіндс жұмысы жоқ азаматтардың статистикалық көрсеткіші (пайыз түрінде). Статистика агенттігі ай сайыи жұмыссыздық деңгейі мен экономикалық саясаттағы еңбек нарығының жағдайын бағалайды. Статистикалық деректер үй шаруашылығына зерттеу жүргізу негізінде жиналады. Анкета сұрақтарына байланысты, әрбір адам 3 түрлі санаттың біреуіне жатады. Жұмыс істейтін жұмыссыз және жұмыс күшіне кірмейтіндер. Жұмыс істейтін адам деп — үй шаруасымен немесе оқумен шұғылданбайтын, апта бойы жұмыс істейтін адамдарды осы топқа кіргіземіз. Егерде азамат жаңа жұмысқа шығуды күтіп жүмыс істемесе,
яғни уақытша босатылса немесе жұмыс іздеп жүрсе, онда ол — жұмыссыз деп саналады. Алғашқы екі санатқа жатпайтын азаматтар (мәселен, студенттер және үй шаруасындағы әйелдер), жұмыс күші құрамына кірмейді: олар жұмыс істемейді, іздемейді және жаңа жұмысқа көшу кезеңін күтпейді.
Жұмыс күші — жұмыссыздар мен жұмыс істейтіндердің жиынтығы, ал жұмыссыздық деңгейі — бұл жұмыс күшінің жалпы санындағы жұмыссыздардың пайыз түріндегі анықталуы. Демек,
Жұмыс күші = жұмыс істейтіндер саны + жұмыссыздар саны.
Жұмыссыздар саны х 100
Жұмыссыздық деңгейі =-----------------------------------------
Жұмыс күшінің жалпы саны
Статистика агенттігі есептейтін тағы бір статистикалық көрсеткіш, бұл пайыз түріндегі, жасы үлкси тұрғындар санының жалпы жұмыс күшіндегі үлесі:
Жасы үлкен тұрғындар санының үлесі = Жұмыс күшінің жалпы саны х 100
Жасы үлкен тұрғындар саны
Бұл статистикалык көрсеткіш барлық тұрғындар үшін есептеледі, сонымен қатар жеке топтар үшін де қолданылады, ерлер мен әйелдер үшін, кәрі және жас адамдар үшін де есептеледі.
Инфляция дегеніміз бағалардың орташа деңгейінің орташа қарқыны, бірақ бұл жағдайда барлық бағалар өседі деуге болмайды. Инфляция кезінде кейбір бағалар бір қалыпта қалады, ал кейбір бағалар
төмендейді. Инфляция баға индексі арқылы өлшенеді. Есімізге түсірелік, жалпы базалық мерзім баға индексі арқылы анықталады. Инфляция деңгейін мына жолмен есептеп шығаруға болады. Осы жылдың (1999 жылдың) баға индексінен алдыңғы жылдың (1998 жылдың) баға индексінен шығарып айырмасын алдыңғы жылдың (1998 жылдың) баға индексіне бөліп, содан кейін оны пайыз түрінде шығару үшін 100-ге көбейтеміз.
Аса зор шексіз инфляция айналымдағы ақша мөлшері мен тауар бағасы деңгейінің тым шарықтап , шектен тыс өсуін білдіреді. Гиперинфляцияны басынан өткізген бірқатар елдерде , бағалардың өсу қарқыны айналымдағы ақша мөлшерінің өсу қарқынын айналымдағы ақша мөлшерінің өсу қарқынынан әлдеқайда жоғары болады.
Инфляцияның ашық және басылыңқы түрлері бар.
Ашық инфляция – сұраным мен ұсынымым еркін түрде өзара әрекетте болғандықтан ақша бірлігінің сатып алушылық қасиетінің түсіп қалуынан барып, ашық , еш нәрсеге бөгет жасай алмайтын бағаның өсуі бар нарықтық экономика елдеріне тән болады.
Ашық инфляция нарықтық процестер дұрыс жүргізуге бөгет болғанымен, ол өндірушілер мен сатып алушыларға қай сала бойынша капиталды дұрыс салуда пайда жолын көрсететін баға ролін сақтап қалады.
Сөйтіп, ашық инфляцияның өзі де инфляцияға қарсы күресетін құрал болып сналады.
Басылыңқы инфляция – бұл баға мен кіріске әкімшілік бақылау болған экономикаға тән болады.
Мұның басылыңқы деп аталуының себебі – баға мен кіріске қатаң түрде бақылау жасайтындығынан, инфляция өзінің бірден бір бой жазатын жерінде – ақша бағаларының өсуінде ашық көріне алмауында. Мұндай жағдайда инфляция «астыртын» әрекеттілікте болады: сырттай қарағанда баға тұрақты секілді, бірақ ақша массасы өсіп кетеді, ақшаның соншалықты көптігінен ол тауарлық тапшылыққа ұласады да, осыдан барып экономиканы реттеу ісі бетімен кетеді. Ақшаның көбеюі тауар жетіспеушілігімен бүркемеленеді, мұндайда экономикалық проблеманы шешудің жолы тек өндірісті дамыту, ұсынымды көбейту ғана болып қала береді. Бірақ та үнемі ақша санын көбейтіп, шығара беруде , оның орнын өндіріспен жабуға мүмкіндік болмайды, өйткені ауыздықсыз шауып бара жатқан ақшаның соңынан өндіріс өсуі жете алмай жатыр.
Сонымен басылыңқы инфляция жағдайында , тауарлы жетіспеушілік осы инфляцияның сыртқы көрінісі ғана емес, оның нақты болуға тиісті жымысқы әрекеті болған,дықтан, оған жол бермей, мүлдем жою керек. Басқаша айтқанда, баслыңқы инфляция – бұл тыйым салынатын инфляция.
Басылыңқы инфляциядан «шығу» жолы да жалғыз – тек ақшаның бір бөлігін ақша деп танумызда ғана.
Сөйтіп, инфляцияның бірінші себебі – қазіргі ақша айналымының қағаздық табиғатында жатыр, өйткені оның алтындық түрдегі бойындағы қасиетін шектеушілікті алып тастағандықтан.
Екінші себебі – бұл өркениетті мемлекеттердің жалпы ұлттық экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыруға кететін шығындардың үнемі дерлік өсуі.
Жоғарыда айтылғандай екі инфляция болу себебі бірігіп барып сұраным , сатып алушылар жағынан қосымша ақша қажеттілігінен туады.
Үшінші инфляция себебі – бұл ақшаға деген сұранымның өндірушілер жағынан болуы ( сондықтан бұл инфляцияны «инфляциялық шығым» деп атайды.
Дүниежүзілік тәжірибе инфляцияны мына шартты түрлерге бөледі:
экономикадағы қамтитын аумағына байланысты – жергілікті және әлемдік инфляция;
жүру қарқынына байланысты – біркелкі , үздіксіз және сатылы инфляция;
даму қарқынына байланысты – жылжымалы инфляция – онда бағаның өсу қарқыны жылына орташа 5-10 пайыздан аспайды; қарқынды инфляция
(галопирующая) - онда бағаның өсуі жылына ор-таша 10 пайыздан 50 пайызға дейін (ал кейде 100 пайызға) жетеді. Егер инфляция өндірістің құлдырауымен ұштасса оны стагфляция деп атайды.
Дәрісті өздігінен қайталау үшін сұрақтар:
Нарықтық ортада толық жұмыспен қамтылу кезінде жұмыссыздық бола ма?
Мемлекеттік жұмыссыздықпен күресу үшін қандай әдістерді қолданады?
Бірқалыпты, қарқынды және гиперинфляцияның айырмашылықтары қандай?
Инфляция деңгейі қалай есептеледі?
4-тақырып. Ұлттық табыс: өндіріс, бөлу және тұтыну
1.Ұлттық табысты өндіру және бөлу
2.Тұтыну және қор жинау
3. Инвестиция функциясы, мультипликатор және акселератор
Кейнс теориясына сәйкес экономиканың тепе-теңдігін қалыптастыратын негізгі фактор пайыз мөлшерлемесі емес, үй шаруашылықтарының қолда бар табыс көлемі тұтыну және қор жинау динамикасын анықтайтын басты фактор болып табылады. Сонымен қатар барлық тұтыну шығындарын жасағаннан кейін қалған табыс бөлігі сақталып, жиналады. Пайыз мөлшерлемесінің екінші әсері табыстың тұтынуға және қор жинауға әсеріне қатысты салыстырмалы шағын рол атқарады. Солай бола тұра, инвестициялар динамикасы ең алдымен пайыз мөлшерлемелерінің динамикасымен анықталады. Бұл тұтыну, қор жинағы және инвестициялар функцияларында бейнеленеді.
C = a + b(Y-T)
C – тұтыну шығыны
A – автономды тұтыну
B – тұтынуды шекті бейімділігі
Y – табыс
T – салықтық аударымдар
(Y-T) – қолда бар табыс (Yd немесе DI)
MPC = ΔC/ΔYd
MPC – тұтынудың шекті нормасы
ΔC – тұтыну шығындарының өсімшесі
ΔYd – қолда бар табыстың өсімшесі
APC = C/Yd
APC – тұтынудың орташа бейімділігі
C – тұтыну шығындарының көлемі
Yd – қолда бар табыстың көлемі
Қор жинағының қарапайым функциясы.
S = -a + (1 – b) (Y – T)
S – жеке меншік сектордағы қор жинағы
(1 – b) – тұтынудың шекті бейімділігі функциясы
MPS = ΔS/ΔYd
MPS – қор жинағының шекті нормасы
ΔS – қор жинағының өсімшесі
APS = S/Yd
APS – қор жинағының орташа бейімділігі
S – қор жинағының көлемі
Yd – қолда бар табыс
Қысқа мерзімді кезеңде ағымдағы қолда бар табыс өскен сайын АРС кемиді, ал APS өседі, яғни отбасы табысының өсуімен тұтынуға кеткен шығын бөлігі салыстырмалы қысқарады және қор жинағы салыстырмалы өседі. Бірақ ұзақ мерзімді кезеңде тұтынудың орташа бейімділігі тұрақтанады, өйткені тұтыну шығындарының көлеміне ағымдағы қолда бар табыс көлемі ғана емес, сонымен қатар отбасының жалпы өмір сүру деңгейі және күтіп отырған тұрақты табыс көлемі де әсерін тигізеді.
Мемлекеттік қарыздар бойынша пайыз мөлшерлемесін төлеуге, әлеуметтік трансферттердің өсуі немесе мемлекеттік шығындарды осы жоғарыда айтылған қаржылар арқылы қаржыландыруға кедергі болатын жағдайлар пайда болады. Циклдік бюджет артықшылығының өсуі экономиканың өрлеу кезеңдерінде болатындықтан, бұл жағдай инфляцияның күшеюіне әкелетіндіктен, онда қаржылардыц бір бөлігін халыққа төлемақы ретінде беруі (облигацияларды өтеу, әл-ауқаты нашар отбасыларға жәрдемақының өсіру) жиынтық шығындардың және сұраныс инфляциясының өсуіне әсер етеді. Керісінше, бюджет артықшылығын "тыйым салу" артық жиынтық сұранысты шектейді және экономикадағы инфляциялық дүрлігісті ұстап тұрады.
Бюджет тапшылығының тұрақтандыру деңгейіне әсері қаржыландыру тәсілдеріне байланысты. Мемлекеттік бюджеттің тапшылығын қаржыландыру тәсілдері:
1) ақша-несие эмиссиясы (тиын шығару)
2) займ шығару
3) мемлекетке түсетін салық мөлшерін көбейту.
Тапшылықты жою үшін тиын шығару жағдайында сеньораж пайда болады. Сеньораж — ақша шығару арқылы мемлекеттің табатын пайдасы.
Нақты ЖҰӨ өсуінің қарқынынан ақша жиынының өсу қарқыны артық болған жағдайда сеньораж пайда болады, бұл құбылыс орташа баға деңгейін өсіреді. Барлық экономикалық агенттер инфляциялық салық төлейді және олардың табыстарының бір бөлігі бағаның жоғарылауы арқылы мемлекетке түсіп отырады.Инфляция деңгейінің жоғарылауы жагдайында Оливер-Танзи әсері пайда болады.
Өсіп келе жатқан инфляциялық қиындықтар салдарынан экономикалық ынта пайда болады, ол салықты уақтылы төлемеу, өйткені өткен уақытта ақша құнсызданады, бұдан салық төлеушілер ұтады. Мұның салдарынан мемлекеттегі тапшылық және қаржы жүйесінің жалпы тұрақсыздығы өседі.
Мемлекеттік тапшылықты жою үшін ақша шығару қолда бар қаржыны эмиссиялаумен бірдей жүрмеуі мүмкін, ол басқа түрде жүзеге асырылады. Мысалы, Орталық банктің мемлекеттік кәсіпорындарға жеңілдетілген пайыз мөлшерімен несие беруді кеңейту арқылы немесе төлем уақытын созу арқылы жүзеге асырылады.
Дәрісті өздігінен қайталау сұрақтары:
Ресурстар нарығында өндіріс факторларына бағаның қалыптасу ерекшелігі.
Тұтынуға және қор жинауға орташа бейімділік дегеніміз не?
Инвестицияға әсер ететін факторлар
тақырып. Жиынтық ұсыныс және жиынтық сұраныс. AD-AS үлгісі
1.Жиынтық сұраным және оның факторлары.
2. Жиынтық ұсыным, оның классикалық және кенсиандық
үлгілері
3. Макроэкономикалық тепе-теңдік: қысқа және ұзақ мерзімдегі
тепе-теңдік, тұрақтандырушы саясат.
Жиынтық сұраныс қисығы баға деңгейі мен өнім өндірісіндегі тауарлар нарығы мен активтер нарығының тепе-теңдігін көрсетеді. Жиынтық сұраныс қисығының кез-келген нүктесінде, мәселен графикте көріп отырғанымыздай В нүктесінде тауарлар нарығы мен активтер нарығы тепе-тең.
Біз енді жиынтық сұраныс қисығының неліктен қарама-қайшы икемді екендігін түсіндіре аламыз. Мәселен, тауарлар және активтер нарығы осы берілген баға деңгейіне Рв өндіріс көлемі деңгейіне Үв тепе-теңдікте болады. Еңді баға деңгейі төмендеді делік. Берілген номиналды ақша ұсынысында баға деңгейінің түсуі нақты баланстық өсуіне әкеледі. Нақты баланстардың ұлғаюына процент ставкасын азайтатындығын, инвестициялық сұранысты арттыратындығын, сәйкесінше жиынтық шығындарды ұлғайтатындығын еске түсірейік. Баға деңгейі төмендегенде шығындардың теңдік деңгейі өседі, сондықтан АD қисығы қарама-қайшы иіледі. Төменде мұны толығырақ қарастырамыз.
Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың өзара әсері.
Баға деңгейі Баға деңгейі AS
Р AS Р
Р1 Е1
Р1 Е1
Е
Р0 АD1 Р0 Е AD1
AD AD Y0 Y1 Y0 Y1
Өндіріс, кіріс (а) Өндіріс, кіріс (б)
График. Жиынтық сұраныс қисығының АD-АD1 орын ауыстыруы жиынтық ұсыныс қисығының иілуіне байланысты. (а) графигінде жиынтық сұраныс қисығының қозғалуы өнім өндірісінің ұлғаюына әкелсе, (б) графигінде керісінше баға деңгейінің өсуіне, ал өндіріс көлемінің сәл ғана өсуіне әкеледі.
Жиынтық сұраныс қисығын анықтау арқылы алдыңғы бөлімдерге талдау жасаудың маңызын түсінеміз. Жиынтық сұраныс қисығы тауарлар және активтер нарығының өзара тепе-теңдігін көрсетеді.
Жиынтық сұраныс қисығы баға деңгейі мен өндіріс көлемі арасындағы байланысты көрсетеді. Мәселен, графикте Рс баға деңгейінде фирма Үс тең өндіріс көлемін қамтамасыз етуге дайын, өндіріс көлемінің деңгейі фирмалардың өздерінің тауарларының, еңбекке төлейтін саласының, т.б. бағасына тәуелді. Сәйкесінше жиынтық сұраныс қисығы өндіріс факторлары нарығының талаптарын, әсіресе тауарлар нарығы сияқты еңбек нарығының талаптарын бейнелейді.
Жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныс қисықтарын анықтау.
Баға деңгейі
P
Өндіріс көлемі, кіріс
Дәрісті өздігінен қайталау сұрақтары:
Жиынтық сұраныс қисығының теріс көлбеуі немен түсіндіріледі?
2. Тұрақтандырушы саясаттың мақсаты қандай?
6- тақырып. Тауар және ақша нарығындағы макроэкономикалық тепе-теңдік.
IS-LM үлгісі.
1. Кейнс кресті. Мемлекеттік шығындар және салық мультипликаторы.Игіліктер нарығы
2.Ақша нарығындағы сұраныс пен ұсыныс. LM қисығы
3.Орталық банктің реттеуші рольі: ақша мультипликаторы
4.IS – LM үлгісіндегі тепе-теңдік.AD және IS-LM үлгідерінің өзара әрекеті. IS-LM үлгідеріндегі қазынашылық және монетарлық саясат.
Тауарлар және игіліктер нарығындағы тепе-теңдік жағдайын сипаттаудың екі түрлі әдісі
бар. Бірінші – кейде ол макроэкономикада неоклассикалық көзқарас деп аталады – баға нарықты тепе-теңдік жағдайға әкелетін құрал деп жорамалданады. Мұнда «баға» деп тауарлар мен игіліктер деңгейлерінің ақшалай бірлікте көрсетілуі ғана емес, сонымен қатар пайыздық мөлшерлеме, нақты еңбек ақы қарастырылады. Осындай жағдайда нақты және ақша секторлары бір-біріне ықпалын тигізбейді. Екінші – белгілі бір уақыт аралығында кейбір бағалар өзгеруге бейім емес, мұндай жағдайда тепе-теңдік жұмысбастылық көлемі есебінен және жалпы ішкі өнім көлемінен мүмкін болады. Бұл осы көзқарасты сынаған Дж.Кейнс атымен кейнстік көзқарас деп аталады.
Екінші көзқарасты жақтаушылар пайымдаудың басқа жолын ұсынады. Оларда кейбір баға аз өзгермелі (белгілі бір уақыт аралығында) дегенге жол беріледі. Бұл жағдайда тепе-теңдік айырбасталатын көлем – тауарлар мен қызмет көрсету (ЖҰӨ) және жұмысбастылық көлемі есебінен орнайды.
Бұл көзқарастар түбегейлі әртүрлі қорытындыларға әкелуіне қарамастан, олар бір негізін қалаушы үлгіге негізделді. Соңғысын талдаудың екі графикалық құралдарымен синтездеуге болады: тауар нарығы мен ақша нарығының өзара әрекеттесуін көрсететін IS-LM үлгісі, еңбек нарығы және тауарлар мен қызмет көрсетуді өндіретін және оларды тауар нарығында сататын фирма іс-әрекетін сипаттайтын сұраныс – үлгісімен.
Алдымен кең анықталған тауар нарығын қарастырайық, яғни, тауарларды ғана емес, сонымен қатар қызмет көрсетуді де қамтитын нарықты қарастырайық. Талдаудың бастапқы нүктесі – тұтыну және инвестициялық игіліктерге сұранысты білдіретін үй шаруашылықтары. Бұл бөлімде басты назар қысқа мерзімді кезеңге аударылады.
Ақша дегеніміз – тауардың жалпы эквивалентінің тиянақталған түрі, құнның эквиваленттік формасы мен тұтыну құны біте қайнасқан ерекше тауар. Яғни ақша - тауар өндіру мен оны айырбастау үрдісінде басқа тауарлардан бөлініп шыққан ерекше тауар, оның айырықша қызметі - барлық тауарларға ортақ балама (эквивалент) ролін атқару. Осыдан келіп ақшаның жаппай күші болады. Ақшаның қоғамдағы мәнін К.Марк “жеке адам өзінің қоғамдық билігін де, қоғаммен байланысын да өзінің қалтасына салып жүреді” деген афоризммен сипаттады. Ол мынадан айқын көрінеді:
Біріншіден, тек ақшаға айырбастау арқылы ғана тауарлар қоғамдық еңбектің нәтижесі екенін анықтауға болады.
Екіншіден, әр адамның еңбектегі, яғни қоғамдық өндірістегі үлесін де ақша арқылы анықтауға болады.
Үшіншіден, айырбас үрдісінде ақшаның делдалдық етуімен тауардың ішкі қайшылықтары да шешіледі.
Өнеркәсібі өркендеген мемлекеттерде ақша жиыны құрамын анықтау үшін негізгі ақша агрегаттарының төмендегі жиынтығын пайдаланады:
М1 – айналыстағы қолма-қол ақша (банкноттар, тиындар, ал кейбір мемлекеттерде қазыналық билеттер) және банктік ағымдағы шоттардағы қаражат (депозиттер) жатады;
М2 – оған М1 агрегаты және мерзімді төрт жылға дейінгі коммерциялық банктердегі мерзімді және жинақ салымдары кіреді;
М3 – оған М2 агрегаты және арнаулы несие мекемелеріндегі жинақ салымдары кіреді;
L – оған М3 агрегаты және ірі коммерциялық банктердің депозиттік сертификаттары қосылады.
Ақша сұранысын талқылағанда екі тұжырымға сүйенеді:
Классиктер ақша сұранысын мына теңдеу арқылы түсіндіреді:
МV=PY
M – айналымдағы ақша көлемі
V – ақша айналымының жылдамдығы
P- баға деңгейі
Y - өнім шығару көлемі
Сандық теориясы тұрғысынан ақшаға сұраныс екі мотивке негізделеді. Бірінші мотив бойынша адамдар мен фирмалар ақшаны төлем құралы ретінде қажет етеді.
Мәміле жасау үшін керекті ақша көлемі:
тауар жиынының көлемі;
баға;
жиынтық табыс;
ақша айналымының жылдамдығына тәуелді болады.
Экономика секторының (тауар нарығының) және ақша нарығының өзара әсерінің тереңдетілген талдауын көрсету. Тауар нарығы түсінігінде қызмет көрсету мен тұтыну тауарлары нарығы да қарастырылады, олардың тұтыну игілігінен өзгешелігі жоқ деп айтуға болады. Бұл тауарлар санаттары арасында кейбір ерекшеліктер бар, дегенмен олар өзара сұраныспен ғана шарттасып тұр, өйткені тұтыну мен инвестицияланған тауарларға деген сұраныстың болуы түрлі айнымалы шамаларға байланысты. Тұтыну тауарларына сұраныс негізінен табыспен байланысты, ал инвестициялық тауарлар пайыздық мөлшерлемемен байланысты болады. Бірақ бұл айырмашылықтар үстіртін қарастырылған, өйткені тұтыну мен инвестицияланғанң тауарлардың нарығын бір-бірінен шектеу үшін, оларды салыстырмалы бағаларын білу керек.
Кейнс үлгісінше бұл жасалмаған, сондықтан да экономистер тауар нарығының барлық түрлерін бір нарық деп қарастырады.
Ақша нарығы — бұл қысқа мерзімдік несиелік құралдарды, қазыналық вексельдер мен коммерциялық қағаздарды алып-сату тетігі. Бұл нарықты облигация нарығынан ажыратып қарастыру керек. Облигация берілгсн ақшаның салыстырмалы бағасы — бұл облигациялардың пайыздық мөлшерлемесі.
Біздің міндетіміз осы нарықтардың құрылымын тура анықтау, бұл жердегі маңызды мәселе олардың арасындағы өзара байланысын табу. АD-AS үлгісін қарастырғанда бұл өзара байланыс болжанған өйткені тауар мен қызмет көрсету бағаларының өзгеруі тікелей ақша сұранысына әсер етеді.
Ақша нарығында пайыздық мөлшерлеменің ауытқуы жиынтық шығындар шамасына әсер етеді. IS—LМ үлгісін ең алғаш рет Дж. Хикс (Хикс «кресі») 1937 жылы ұсынған.
А. Хансеннің 1949 жылы шыққан «Монетарлы теория және қазыналық саясат» атты кітабы арқылы ол көпшілікке мәлім болды, содан кейін ол Хикс-Хансен үлгісі деп атальш кетті.
IS—LМ үлгісі (инвестиция — қор жинағы, ұнамды өтімділік — ақша) — жиынтық сұраныс функциясын анықтау үшін қажетті, экономикалық факторды айқындайтын тауар-ақша тепе-теңдігінің үлгісі. Тауар және ақша нарықтарында бір мезгілде тепе-теңдік қалыптасу үшін, қажетті табыс көлемі Ү пен нарықтық пайыз мөлшерлемесі R-дің тіркемесін табуға үлгі мүмкіндік береді.
Сондықтан да, IS-LМ үлгісі АD-AS үлгісінің нақтыланған түрі болып табылады.
Инвестициялар пайыз мөлшерлемесінің теріс функциясы, ал тұтыну — нақты табыстың оң функциясы екенін білеміз, демек жиынтық сұраныс теңдеуі төмендегідей:
АD = С (Ү) + I (R)
Ал ұсыныс, Кейнстің айтуынша, мынадай болады. AS = С (Ү) + S (Ү)
Тауар нарығындағы тепе-теңдік жағдайы келесі теңдікті орындағанда ғана орын алады.
I (R) = S (Ү)
Берілген теңдеуді Дж. Кейнс анықтаған, ол тауар нарығындағы классикалық тепе-теңдік жагдайы үлгісінен басқаша.
I (R) = S (R)
Төмендегі теңдеу классикалық үлгідегі тауар нарығындағы тепе-тендікті көрсетеді. Бұл тендеулердің айырмашылығы қор жинағы функциясының аргументінде.
IS-LМ үлгісінің негізгі теңдеулері:
1) Ү = С + I + G + Хn - негізгі макроэкономикалық тепе-теңдік. Мұндағы:
2) С = а + Ь (Ү-Т) - тұтыну функциясы.
3) I = е - d • R - инвестиция функциясы.
4) Хn =g - m/ *Ү – n*R - таза экспорт функциясы.
5) М/Р = к • Ү - һ • R - ақшаға сұраныс функциясы.
Үлгінің ішкі айнымалылары:
Ү (табыс), С (тұтыну), I (инвестиция), Хn (таза экспор), R (пайыздық мөлшерлеме).
Үлгінің сыртқы айнымалылары:
G (мемлекеттік шығындар), Мs (ақша ұсынысы), t (салық мөлшерлемесі).
Эмпирикалық коэффициентер:
(а, Ь, е, d, g, m', n, k, һ) оң мәндер және салыстырмалы түрде қарағанда тұрақты.
Қысқа мерзім кезеңінде экономика ресурстардың толық қамтылмаған жағдайында болады. (Ү≠Ү*), баға деңгейі Р тұрақты (анықталған), ал пайыз мөлшерлемесі R және жиынтық табыс Ү өзгермелі. Р = соnst тұрақты өйткені барлық айнымалылар атаулы және нақты мәндері сәйкес келеді.
Ұзақ мерзім кезеңінде экономика ресурстардың толық қамтылған жағдайында болады.
(Ү=Ү*), баға деңғейі Р өзгермелі. Бұл жағдайда айнымалы Мs (ақша ұсынысы) атаулы шама болады, ал үлгідегі басқа айнымалылар - нақты шама болады.
IS қисығы тауар нарығындағы тепе-тецдікті керсетсді.
IS қисығы басқа факторлар тұрақты болған кездегі (G,Т) пайыз мөлшерлемесі (R) мен жиынтық табыс арасындағы байланысты көрсетеді.
IS қисығының қарапайым түрі инвестициялар мен қор жинағы функцияларымен тығыз байланысты. IS қисығының бойындағы кез келген нүктеде қор жинағы меи инвестицияның тең екендігі көрінеді.
А-суреттс қор жинағы функциясы бейнеленген. Табыстың (өнім көлемінің) Ү1-ден Y2-ге өсуіне байланысты қор жинағы S1-ден S2-ге өседі.
Қор жинағы Пайыздық мөлшерлеме
Табыс, өнім көлемі Инвестиция
А-сурет Ә-сурет
Пайыздық мөлшерлеме
Табыс, өнім көлемі
Б-сурет
Ә-суретте инвестиция функциясы бейнеленген, қор жинағының өсуі пайыз мөлшерлемесін R1-ден R2-ге азайтады, ал инвестиция І1-дсн І2-ге өседі. Бұл жагдайда I1=S1, ал I2=S2 болады.
Б-суретте IS қисығы бейнеленген, пайыз мөлшерлемесі төмен болған сайын, табыс деңгейі (немесе жиынтық сұраныс) соғұрлым жоғары болады. Егер пайыз мөлшерлемесі жоғары болса, онда табыс деңгейі (немесе жиынтық сұраныс) соғұрлым төмен болады. Жоғарыда тұрақты деп болжанған басқа факторлар IS қисығын не жоғары немесе төмен қозғалтады. Мысалы, егер кез келген пайыз мөлшерлемесінде мемлекеттік шығындар өсетін болса, онда жиынтық сұраныстың өсуіне алып келеді. Мұндай жағдай IS қисығын оңға қарай өсіреді. Керісінше,
берілген пайыз мөлшерлемесінде салық мөлшері мен қолда бар табыстың төмендеуін күту жиынтық сұранысты төмендетеді, IS қисығы солға қарай қозғалады.
LM қисығы ақша нарығындағы тепе-теңдікті көрсетеді. LM қисығының графигі – ақша ұсынысының
(Мs) белгілі бір мөлшерінде ақша нарығындағы тепе-теңдікке сәйкес келетін пайыз мөлшерлемесі мен жиынтық сұраныстың арасындағы байланысты көрсетеді.
LM қисығының графигі
А. Ақша нарығының нақты қоры Ә. LM қисығы
R R
Ms LM
R2 R2
R1 R1
M/D
MD
M/P Y1 Y2 Y
Дәрісті өздік қайталау үшін сұрақтар:
Кейнстің психологиялық заңы нені білдіреді?
Ұлттық банк ақша массасын қалай бақылайды?
Ақша агрегаттарына сипаттама беріңіз.
Фишер теңдеуі нені сипаттайды?
Ақша-несие саясатының негізгі құралдары қандай?
Қолма - қол ақша депозиттер қатынасына әсер ететін факторларды атаңыз.
7-тақырып. Ашық экономика
1. Ашық экономика ұғымы. Төлем теңгерімінің мәні және құрылымы
2. Халықаралық валюта жүйесі, валюта нарығы және валюта бағамын есептеу.
3. Макроэкономикалық саясаттың нақты валюта бағамына және төлем теңгеріміне әсері
4. Қазақстан Республикасындағы валюта саясатының ерекшелігі
Ашық экономика проблемаларын талдау сыртқы сауданы қарастырудан басталады, өйткені халықаралық экономикалық қатынастардың пегізін сыртқы сауда құрайды. Бұл жерде сыртқы сауданың өнім деңгейіне, жұмысбастылыққа, баға және басқа айнымалыларға әсері макроэкономика тұрғысынан және халықаралық саудада үлесі бар жеке тауарлардың, экономикалық агенттердің пайдасы мен шығынын бағалау тұрғысынан микроталдаулар бір-бірімен тығыз байланысты. Макроэкономикалық талдау барысында ашық экономика проблемаларының кейбіреуін қарастырдық. Өйткені экспорт пен импорттың көлемі ЖҰӨ деңгейіне, жұмысбастылыққа тікелей әсер етеді. Бұл көрсеткіштер жалпы макроэкономикалық тепе-теңдікке әсерін тигізеді.
Экспорттық салалардағы өндірістің өсуі шет мемлекеттерде қарастырылып отырған мемлекеттің тауарларына сұраныстың өсуін көрсетеді, бұл қарастырылып отырған мемлекеттің ЖҰӨ көлемін өсіреді. Керісінше, импорттың өсуі шет мемлекеттердің тауарына сұранысты өсіреді, бұл жағдай ЖҰӨ көлемін кемітеді. Кейнс үлгісіне сәйкес таза экспорттың экономикадағы жалпы табысқа әсері мультипликатор әсері арқылы өлшенеді.
Д. Рикардоныц салыстырмалы артықшылық теориясы. Халықаралық сауда теориясы XIX ғасырдың басында Давид Рикардо айтып өткен салыстырмалы артықшылық тұжырымдамасы негізіндс құрылды. Д.Рикардодан бұрын бұл проблемаларды А.Смит зерттеген еді. А.Смит халықаралық сауданың пайда болуын түсіндірді жәпе әр түрлі мемлекеттерде тауар өндіруге кететін абсолютті шығындарының айырмашылығы арқылы пайда табу жолдарын көрсетті. Халықаралық еңбекті бөлісу және мамандыққа бөлу тиімді деп есептеледі. Өйткені әр түрлі мемлекеттерде ресурстар көлемі мен еңбек жағдайлары әр түрлі, бұл ерекшеліктер мемлекеттер арасындағы артықшылықты туғызады. Мысалы, белгілі бір тауарды аз шығынмен өндіру. А.Смиттің абсолюттік артықшылық теориясы, шаруашылықпеп айналысатын субъектілердің іс-әрекеттері принципі халықаралық сауда теориясьша да таралады.
Егер де шет мемлекеттерден тауарды өз мемлекетіне қарағанда төмен бағаға сатып алуға болса, онда сол тауарды арзан өпдіретін мемлекеттен сатып алган жөн.
Еңбекті бөлісу және мемлекеттердің тауар өндіруге мамандануы, өндірісте абсолюттік артықшылыққа ие бола алатындығы - ішкі тұтынуды қанағаттандырғаннан соң, бұл тауарларды экспортқа шығарып, басқа тауарлармен айырбастауга болады - мұның барлығы жалпы үнемдеуге мүмкіндік өсіреді. Д.Рикардоның теориясы халықаралық саудаға тағы бір қадам жасады. Бұл теорияның негізінде салыстырмалы артықшылық принципі жатыр.
Халықаралық сауда көмегімен мемлекеттер мамандануды дамытатындығын, өзінің ресурстарын
тиімді пайдалана алатындығын, жалпы тауар көлемін өсіре алатынын көреміз. Жеке мемлекеттер салыстырмалы артықшылыкпен өндірілетін гауарларға мамандану арқылы ұтады.
Мемлекеттер неге сауда жасайды деген сұраққа төмендегідей жауап бсруге болады:
1. Экономикалық ресурстар (табиги, еңбек, капитал) әр мемлекеттерде әр түрлі. Бір ел капиталсыйымды болса, екішпі ел еңбексыйымды болады.
2. Әр түрлі тауарды тиімді өндіру әр түрлі технология мен ресурстарды кажет етеді.
Валюта багамы деп бір елдің валютасы екінші елдің валютасына айырбастағандағы валюталардың қатынасын атаймыз.
Мысалы: 153 тг = 1$, 70 тг = 1DM, 4тг= 1RR.
Қазіргі заманда валюта бағамын белгілеуде бір-біріне қарама-қарсы екі әдіс бар:
1) валютаның еркін айналымдағы бағамы;
2) тағайындалатын валюта бағам әдісі.
Валютаның еркін айналымдағы бағамы кезінде бағам ұсыныс пен сұраныстың әсерінен қалыптасады.Валютаның еркін айналымдағы бағамына көптеген факторлар әсер етеді. Олар:
• Тұтынушы талғамының өзгеруі. Басқа елдің тауарына деген тұтынушының талғамы, көзқарасы ол елдің валютасына қатты әсер етеді. Мысалы, америкалық машиналардың беделі артса, онда тұтынушылар оны алуға тырысып, долларға қосымша сұраныс тудырады. Немесе Қазақстанға Ресейден демалушылар көп келсе, онда рубль ұсынысы көбейіп, арзандайды.
• Табыстың салыстырмалы азаюы. Бір елдің ұлттық табысы басқа елдердің ұлттық табысына қарағанда өсімі салыстырмалы жоғары болған жағдайда, ол елдің валюта бағамы төмендейді. Себебі елдің импорты оның табыс деңгейіне қатысты болады.
• Бағаның салыстырмалы өзгеруі. Егер Қазақстанда баға өссе, ал Ресейде қалыпты болса, онда қазақстандықтар ресейліктердің салыстырмалы арзан тауарын тұтынуға тырысып, рубльге қосымша сұраныс тудырады. Ал ресейліктердің керісінше, біздің тауарды тұтынуға деген ынтасы азайып, рубль ұсынысын кемітеді. Бұл екі жағдай бірігіп теңгені құнсыздандырады.
• Салыстырмалы нақты пайыздық мөлшерлемелерінің өзгеруі. Мынандай жағдайды ойластырайық. Қазақстанда инфляцияны тежеу мақсатында «Қымбат ақша» саясаты жүргізілді. Нәтижесінде инфляцияны есептей отырып алынған нақты пайыздық мөлшерлеме мөлшері басқа елдерге қарағанда жоғары болды. Соның арқасында Қазақстан инвестициялауға өте тиімді елге айналды, ал ол инвесторларды (елдің экономикасы тұрақты болған жағдайда) теңгені алуға итермелейді.
• Алыпсатарлық. Қазақстан экономикасында: а) Ресей экономикасына қарағанда жылдам өсу қарқыны болады деген жорамал бар; ә) басқа елдерге қарағанда инфляция жоғары болады деген қауіп бар; б) төмен мөлшерлеменің пайыздық мөлшері күтілуде. Ондай жағдайда теңгесі бар тұлғалар қолындағы теңгені
басқа, қалыпты валютаға айырбастауға ұмтылады. Ал ол сол валютаға сұранысты жоғарылатып, оны теңгеге қарағанда қымбаттатады.
Дәрісті өздік қайталау үшін сұрақтар:
1. Халықаралық валюталық жүйенің қалыптасу және даму кезеңдеріне сипаттама беріңіз.
2. Қандай жағдайда валюталық интервенция мен девальвация саясаты жүргізіледі ?
3. Валюталардың айырбас бағамы қалай есептелінеді?
4. Бюджеттік тапшылық және мемлекеттік қарыз мәселелерін шешу үшін тұрақтандыру саясатының қандай шаралары бар ?
5. Төлем балансы дағдарысы және оны жою әдістері қалай айқындалады?
8-тақырып. Экономикалық өсу.
1.Экономикалық өсу және оның қарқынын есептеу
2.Экономикалық өсудің факторлық үлгісі. Солоу үлгісі.
3.Қазақстан Республикасындағы экономикалық өсудің динамикасы және дағдарысқа қарсы шаралар.
Экономиканың өсуі кеңінен тараған құбылыс болып отыр. Экономикада болып отыратын құлдырауларды ескерсек те, ұзақ мерзімді экономиканың өсуі треңді ұлғаймалы. Сондықтан экономиканың тұрақты өсуі, адам басына шақкандағы табыстың өсуі - бұл экономикадағы жаңа құбылыс. Бұл құбылыс дүние жүзінің көп мемлекеттерінде соңғы екі жүз жылдықта байқалып отыр.Экономиканың өсуін өлшеудің екі жолы бар.
1) Макроэкономикалық көрсеткіштердіц мәнінің өсуі (ЖҰӨ, ЖІӨ, ТҰӨ, ҰТ немесе адам басына шаққандағы тұтынудың өсуі).
2) Әлеуметтік институттар үрдісінің өзгерісі (Жеке меншік құқығы құрылымының өзгеруі, өндірісті ұйымдастыру және бөлу формаларының өзгерісі және т.б.). Бұл жағдайлар экономикалық өсудіц бір деңгейден екінші деңгейге ауысуына негіз болады. Жоғарыдағы әдістемеге байланысты өсу теориясында үш бағытты атап отуге болады.
- неокейнстік
- неоклассикалық
- тарихи-әлеуметтік.
Неге экономикалық өсу қажетті экономикалық мақсат ретінде қарастырылады? Жан басына шаққандағы жалпы өнімнің өсуі халық жағдайының көтерілуіне әкеледі. Қойылған сұраққа жауап басқа түрде және басқа әдіспен құралуы мүмкін. Өсіп келе жатқан экономика жаңа түтынуларды қанағаттандыра алады және әлеуметтік-экономикалық ахуалдарды шеше алады. Экономикалық өсу ресурс шектелуінің, ахуалын шешуді жеңілдетеді.
Экономиканың өсуінің қайнар көзі неде? Кез келгеп мемлекеттің өсуі негізгі алты фактордан тәуелді. Олар:
1) Табиги ресурстардың сапасы мен көлемі
2) Еңбек ресурстарының сапасы мен саны
3) Негізгі капитал қорының көлемі
4) Технология
Экономиканың өсуіне әсер ететін осы төрт факторды ұсыны факторлары деп айтуға болады. Дәл осылар өндірістің өсуіне мүмкіндік береді. Сапалы ресурстар және технологиялық әлует бірігіп нақты өнім көлемін өндіруді ұлғайтады. Экономиканың өсуіне әсер ететін соңғы екі факторды қарастырсақ, олар:
1) Сұраныс факторы
2) Бөлу, тарату факторы
Өндіріс әлуетін дұрыс пайдалану үшін, өндірумен қатар өндірген өнімді дер кезінде сатуда маңызды. Экопомикамың өсуіне әсер ететін сұраныс және ұсыныс факторлары бір-бірімен тыгыз байланысты.
Дәрісті өздік қайталау үшін сұрақтар:
Қор жинау мен инвестиция экономикалық өсуге қалай әсер етеді?
Экономикалық өсуді қалай есептейді?
Экономикалық өсудің Солоу үлгісінің ерекшелігі.
3. ПРАКТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚТАР
3.1.Сарамандық сабақ құрылымы:
Тақырып 1. Макроэкономика пәніне кіріспе.
Достарыңызбен бөлісу: |