«Макроэкономика» пәнінен ДӘріс жинағы шымкент



бет56/68
Дата11.12.2021
өлшемі1,81 Mb.
#79106
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   68
Байланысты:
Конспект лекций по макро каз 2020

Ұлттық валюта- теңгені енгізу күнінде (1993ж 15 қарашасында) республика қажетті тұтынудың 60-65% көлемдегі өзіндік алатын валюталық резервтерімен қамтамасыз етілген еді.

Қазақстан теңгесінің айналымға түскеннен кейінгі бағамы Қазақстан Республикасының Халықаралық валюта биржасындағы күнделікті сауда саттық кезінде анықталып отырды.

Валюталық нарыққа ұлттық валютаны енгізу сәтінде оның айырбас бағамы АҚШ- тың бір долларына қатысты 4,68 теңгеге тең болды. Ұлттық банк теңгенің жүйеге келтірген валюталық айырбас бағамы саясатын жүргізіп отыр, ол валюталыық нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың арақатынасын сипаттайды.

Қазақстан «рубльдік аймақ» режимін сақтап қалуға ұмтылған еді, өйткені қалыптасқан экономикалық кеңістікпен шарушылық байланыстарды қолдану қажет болды.

Бірақ көптеген экономисттердің пікірі бойынша, бұл режим ең нашар ақшалық режимнің бірі болған еді. Қазақстан валютасы теңгені енгізуге дайындық процесі кезінде Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі шет елдер, соның ішінде ТМД елдері тәжірибесін мұқият зерттеді. Ұлттық валютаны енгізудің әртүрлі нұсқалары түбегейлі қарастырылды.

Әлемдік тәжірибеде валютаны енгізудің үш түрлі нұсқасы бар:



  • аралық енгізу;

  • параллелді енгізу;

  • тікелей енгізу;

Осы әдістердің үшінші нұсқасы таңдалды.

Валюталық режимді таңдау кезінде мемлекеттік комисия Ұлттық банктің интервенциясымен валюталық нарықты басқаратын жүргізу режимін белгіледі. Бұнымен қатар, біртұтас валюта бағамымен теңгенің еркін айырбасталуы қолданылды. Олар ағымдық шот бойынша операцияларды қамтыды және шетелдік инвесторлардың пайдасын тіркеді.

2-кезең: 1994-1995 жж бұл кезеңде отандық заңды құқықтық база, соның ішінде валюталық базасы қалыптасты. Екінші кезеңде жекешелендіру процесін аяқтау және шетелдік акциялардың мемлекеттік пакетінің 80%- ке дейінгісін беру жспарланды.

Валюта нарығының қалыптасуымен қатар, құнды қағаздар нарығы да құрылды.

Реформалау саясатының басым мақсаттарының бірі – еркін ауыстырылу (конвертация) проблемасы болды. Сондықтан валюталық нарықтың өтімділігін қамтамасыз ету және теңгенің ішкі өтімділігіне қол жеткізу мақсатында барлық валюталық табысты елге қайтару шаралары жүргізілді. 1993 жылдың желтоқсан айының соңында АҚШ долларына да, Ресей рубліне де қатысты теңге бағамы күрт төмендегені атап өтілді.Қаңтар ақпан айларында Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі қатаң несиелік саясат жүргізді, ол нақты айырбас бағамын салыстырмалы түрде тұрақты деңгейде сақтауға мүмкіндік берді. Бірақ наурыз айында нонималды айырбас бағамы төмендей берді(осының әсерінен несиелік эмиссия күшейді).

1994 ж Ұлттық валюта бағамының төмендеу қарқыны шамамен 11,6 %- і құрады (орташа айлық есептеу бойынша), ол 1995 ж ылы 11,5% -ке тең болды. Осы жылдардағы валюта бағамының динамикасы оның төмендеу қабілеттілігін көрсетті, ол ининфляция деңгейі мен экономиканыңдағдарыстық жағдайына толық сәйкес келеді.

Теңге бағамы төмендеуінің соңғы кездегі тенденциялары халықтың теңгеге деген сенімінің артқанын дәлелдейді, ол мүмкіндігінше экономиканың доллардан арылуы процесін жеделдетеді.

Теңге тұрақтылығын сақтау және төлем балансының тапшылығын қысқарту мақсатында сыртқы саудадағы экспорт ынталандырылды.

Осы шарамен бірге бір мезетте ішкі нарықты және отандық өндірушілердің қорғау мақсатында жекелеген тауарлар импортына шектеулер енгізілді.

Төлемдік дағдарыстың әсерінен отандық өндірушілер жаппай банкротқа ұшырады. Несиеге қойылған процент шектен тыс жоғары болғандықтан, көптеген кәсірпорындардың оларды алуға мүмкіндікткрі болмады.

1995 жылдың 2-ші жартысынан бастап, валюталық нарықтың биржадан тыс сегменті жедел дамыды. 1996 жылы оның көлемі валта биржасындағы операциялардың көлемінен асып кетті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет