«Макроэкономика» пәнінен ДӘріс жинағы шымкент



бет52/68
Дата11.12.2021
өлшемі1,81 Mb.
#79106
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   68
Байланысты:
Конспект лекций по макро каз 2020

Дисконттық саясатыбір жағынан, валюталық бағам мен балансын реттеуге, екіншіден, ішкі несиелер динамикасын, ақша массасын, бағаны, жиынтық сұранысты реттеуге бағытталатын орталық банктің есепке алу мөлшерін өзгертуі.

Мысалға: пассивтік төлем балансы кезінде капиталдың еркін орын ауыстыруы жағдайында есепке алу мөлшерінің көтерілуі, ең төменгі пайыз мөлшерлемесі бар елдерден, капиталдың келуін ынталандырып, төлем балансының жағдайын жақсартады және валюталық бағамды арттыра түседі. Алегер орталық банк есепке алу ресми мөлшерін төмендететін болса, отандық және шетелдік капитал сыртқа ағылып, төлем балансының активтік қалдығы азаяды және валютаның бағамы төмендейді.

Қазіргі жағдайда дисконттық саясаттың тиімділігі төмендеген. Себебі, егер де төлем балансын жақсарту мақсатында есепке алу мөлшерін арттыратын болса, оның экономика үшін теріс әсері болады. Ал оның төмендеуі төлем балансына кері әсер етіп, яғни капиталдың сыртқа ағылуына жол береді.

Девиздік саясат – мемлекеттік ұйымдардың немесе орталық банктің шетел валюталық сату және сатып алу жолымен ұлттық валюта бағамына әсер ету әдісі.

Ұлттық валюталық бағамын көтеру мақсатында орталық банк шетел валютасын сатады, ал бағамын түсіру үшін, шетел валютасын ұлттық валютаға айырбастау арқылы сатып алады.

Девиздік саясат көбіне валюталық интервенция формасында жүзеге асырылады. Валюталық интервенция XIX ғасырдан бастап қолданыла бастаған. Алтын монометаллизмі алынып тасталғаннан кейін валюталық интервенция кеңінен қанат жайды.

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін, жаңа құбылыс ретінде мемлекетаралық валюталық реттеу ұйымдары – ХВҚ, сондай-ақ аймақтық – Еуропалық валюталық институт құрылды (1994ж.).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет