Тікелей валюталық реттеу – заңды актілер және атқарушы өкіметтің әрекет ету жолымен іске асса, ал жанама валюталық реттеу – нарықтың экономикалық агенттерінің мінез-құлқына экономикалық, валюталық және несиелік әдістерді пайдалану арқылы әсер етеді.
Мемлекетаралық валюталық реттеу ұйымы – Халықаралық Валюталық қор (ХВҚ) болып табылады.
Валюталық саясат өзінің мақсаттарына және формаларына байланысты екіге бөлінеді:
1) құрылымдық валюталық саясат;
2) ағымдық валюталық саясат;
Құрылымдық валюталық саясат – дүниежүзілік валюталық жүйедегі құрылымдық өзгерістерді жүзеге асыруға бағытталатын ұзақ мерзімді шаралар жиынтығы.
Ол валюталық саясат реформа формасында іске асырылады. Құрылымдық валюталық саясат ағымдық валюталық саясатқа әсер етеді.
Ағымдық валюталық саясат – валюталық бағамды, валюталық нарық пен алтын нарығының қызметтерін күнделікті оперативті түрде реттеуге бағытталған қысқа мерзімді шаралар.
Валюталық саясаттың мынадай формалары қолданылады:
1) Дисконттық валюталық саясат.
2) Девиздік валюталық саясат.
Сонымен қатар, девиздік саясаттың мынадай жүзеге асырылу формалары болады:
а) валюталық интервенция;
ә) валюталық резервтерді диверсификациялау;
б) валюталық шектеу;
в) валюталардың алмастырылу дәрежесін реттеу;
г) валюталық бағам режимі;
д) девальвация;
е) ревальвация.
Достарыңызбен бөлісу: |