«Макроэкономика» пәнінен ДӘріс жинағы шымкент


Девальвация мен ревальвация



бет54/68
Дата11.12.2021
өлшемі1,81 Mb.
#79106
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   68
Байланысты:
Конспект лекций по макро каз 2020

Девальвация мен ревальвация – валюталық саясаттың дәстүрлі әдістеріне жатады.

Девальвация – ұлттық валютаның бағамын шетел валюталарына қатынасы бойынша төмендету.

Ревальвация – ұлттық валюта бағамын шетел валюталарына қатынасы бойынша жоғарлату.

Валюталық саясаттың келесі бір формасы ретінде валюталық үздіксіз пайдаланылады.

Валюталық шектеу – резиденттер мен бейрезиденттердің валюталар және басқа валюталық құндылықтармен жасалатын операцияларына заңды түрде немесе әкімшілік түрде тыйым салуы немесе шектеуі.

Валюталық шектеу валюталық бақылаудың құрамдас бөлігі болып табылады. Валюталық шектеу валюталық заңдылықтармен бекітеді.

Валюталық шектеудің мақсаттары мынадай:

- төлем балансын теңестіру;

- валюталық бағамды қолдау;

- ағымдағы және стратегиялық міндеттерді шешу үшін мемлекеттің қолында валюталық бағалылықтардың шоғырлануы.

Валюталық шектеу мынадай қағидаларға сүйенеді:

- Валюталық операциялардың орталық және өкілетті банктерде орталықтандырылуы;

- Валюталық операция жасау үшін рұқсат қағазының берілуі;

- Валюталық шоттарды толық немесе жартылай жабу;

- Валюталардың қайтарымдылығын шектеу.

КСРО күйрегенен кейін Қазақстан Республикасында өндірістің құлдырауы, инфляциямен жұмыссыздықтың жоғары деңгейі типтес көптеген эканомикалық проблемалар туындады.

Қазақстан Республикасы эканомиканы тұрақтандыру, оны терең құрылымдық, валюталық және әлеуметтік дағдарыстан шығару бойынша бір қатар реформаларды қолға алды, бірақ бұл шаралар ойдағыдай нәтижелер бермеді. Қазақстанда ашық эканомика принципі жарияланған еді. Бұл принцип оның әлемдік шаруашылық байланыстармен халықаралық еңбек бөлінісіне біртіндеп кіріуінің қажетті шарты болып есептеледі.

Қазақстанның эканомикаға өту мерзімін бірнеше кезеңдерге бөлуге болады:





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет