«Макроэкономика» пәнінен ДӘріс жинағы шымкент


Құбылмалы (қалқымалы) валюта бағамы кезіндегі макроэкономика-лық саясат



бет65/68
Дата11.12.2021
өлшемі1,81 Mb.
#79106
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   68
Байланысты:
Конспект лекций по макро каз 2020

Құбылмалы (қалқымалы) валюта бағамы кезіндегі макроэкономика-лық саясат.

Бұл жағдайда ОБ валюта нарығына араласпай-ақ, ұлттық валютаның айырбас бағамына (сәйкесінше, таза экспорт көлеміне де) төлем балансы тұрақтанғанша дейін өзгеруіне мүмкіндік бере алады. Мұндай бағам кезінде ОБ-тің валюталық резервтері мен ақша базасы шамалары өзгермейді. Яғни, елде еркін құбылмалы айырбас бағамы қолданылса, онда төлем балансының түзетілуі мемлекеттің араласуынсыз автоматты түрде қамтамасыз етіледі.



Бюджет-салық саясаты. Мемлекеттің шығындардың артуы жиынтық сұранысты ұлғайтып IS қисығын IS2 жағдайына оңға жылжытады (сурет 13.6a). Жиынтық сұраныстың ұлғаюынан ұлттық табыс артады және пайыз деңгейі де r1 шамасына артады. Бұл үрдіс ел ішіне сырттан капиталды ағылтып, төлем балансының оң сальдосын қалыптастырады. Құбылмалы айырбас бағамы кезінде ұлттық валютаның құны төлем балансының нөлдік сальдосы қамтамасыз етілгенше дейін арта береді.

Валюта бағамының артуы салдарынан таза экспорт қысқарады. IS қисығы солға жылжиды. Төлем балансының оң сальдосы қаншалықты орын алса, соншалықты валюталық бағам арта береді және таза экспорт қысқара береді, яғни ішкі пайыз деңгейі әлемдіктен жоғары болады. Тепе-теңдік бастапқы қалпына қайтып келеді. Алайда бұл тепе-теңдік жоғары валюта бағамы кезінде орын алады (сурет 13.6ә).

L M1

r IS2 LM e

I S1

e 2

r 1

r * e1

I S1 IS2

0 Y1 Y 0 Y1 Y

a) ә)

Сурет 13.6 Құбылмалы валюта бағамы кезіндегі бюджет-салық саясаты



Сонымен, құбылмалы валюта бағамы кезінде кіші ашық экономикаға деген ынталандырушы бюджет-салық саясатының нәтижесі тиімсіз болып қалады, өйткені мемлекеттік шығындардың артуы салдарынан таза экспорт қысқарып ұлттық табыс өзгермей қалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет