Нарықтық экономикаға көзқарастың жаңа жүйесі баяндалған бұл еңбек 20 ғасырдағы экономика ғылымының бетбұрысты кезеңімен тұспа-тұс келді және макроталдаудың дамуына қуатты серпін берді. Макроэкономика одан әрі Кейнстік идеяларды тереңдету бағытында да, оларды нарықтық экономика туралы классикалық түсініктер негізінде қайта қарау жолымен де өрбіді. Макроэкономиканың дамуы мен қалыптасуына елеулі үлес қосқан ғалымдар: ағылшын экономистері Р.Харрод (1900 — 1978), Дж.Хикс (1904 — 1989), америкалық экономистер В.Леонтьев (1906 — 1999), М.Фридмен (1912 ж.т.), Р.Лукас (1937 ж.т.), т.б. Макроэкономикалық талдаудың негізгі әдісі — [макроэкономикалық үлгілер]. Үлгілерді жасау кезінде жалпы ұлттық өнім (жалпы ішкі өнім), ұлттық табыс, бағаның орташа деңгейі, т.б. сияқты жиынтық және біріктірілген көрсеткіштер пайдаланылады. Макроэкономика шеңберінде зерттелетін мәселелерге теориялық талдау жасалып қана қоймай, сонымен бірге, экономикалық саясат жүргізу жөнінде ұсыныстар әзірленеді. Экономикалық саясаттың стратегиялық және тактикалық міндеттерін айқындау, құралдарды таңдау, мақсаттарды үйлестіру — қазіргі заманғы макроэкономиканың аса маңызды құрамдас бөлігі