Макролидтер Бұл топтың антибиотиктері өзінің молекулалық негізінде әр түрлі қанттармен байланыстқан макроциклді лактонды сақинадан тұрады. Макролидтердің өкілдері эритромицин, олеандомицин, рокситромицин, кларитромицин



бет2/13
Дата26.04.2024
өлшемі37,66 Kb.
#201434
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
38-40 фарм

Кларитромициннің (клацид) стафилококк және стрептокока карсы әсер етуі эри-
тромициннен 2-4 ece белсенді. Micobacterium avium intracellulare және Helicobacter
pylori туындатқан инфекцияларда тиімді.
Соның ішінде ас кабылданғаннан кейін де асқазан-ішек жолдарынан жақсы
сінеді. Ми тініне өтпейді. Белсенді метаболит түзе отырып, бауырда жартылай мета-
болизмге ұшырайды. Бүйрек арқылы бөлінеді. Эритромицинге қарағанда біршама
ұзағырақ әсер етеді. Кларитромициннің t эритромицинге қарағанда шамамен 3 есе
көп.
Рокситромицин (рулид) - жартылай синтетикалық тиімді макролид. Оның бак-
терияға қарсы әсерінің спектрі кең. Ішке қабылдағанда жақсы сіңеді.


Азалидтер' химиялық құрылысы жағынан макролидтерден ерекшеленеді, бірақ
негізгі қасиеттері бойынша оған ұқсас. Осы топ препараттарының бірі азитроми-
иин (сумамед) эритромицинге қарағанда стафилококк пен стрептококкка қарсы
әсеретуі бойынша белсенділігі 2-4 есе төмен, бірақ Hаетophilus influenzae, сонымен
катар грам-теріс кокктарға әсері бойынша басым. Ішектен, әсіресе ол жерде тамақ
болғанда нашар сіңеді. Азитромицин үшін жасушада өте жоғары концентрацияда
жиналу тән - оның концентрациясы қан сарысуына қарағанда 10-100 есе жоғары
болуы мүмкін. Ұзақ уақыт әсер етеді. t = 2-4 күн (эритромицинге t2 = 2-5 сағ).
Гематоэнцефалдық тосқауыл арқылы өтпейді. Өзгермеген түрде бүйрек арқылы
шығарылады.
идон
Соңғы екі препаратты энтералды қолданады. Жанама әсерлерінен кейде лоқсу,
диарея, сирек жағдайда естудің төмендеуі байқалады. Олардың құны эритромицинге
қарағанда жоғары.

Макролидтер тобынан жаңа антибиотик -- джозамицин (вильпрафен) алынған.


Ол Streptomyces narbonensis var. Josamycetics - өндіріледі. Басқа макролидтерден
негізгі айырмашылығы - оған микроорганиздер тұрақтылығының сирек дамуы.
Макролидтер мен азалидтердің «атипті» деп аталатын пневмонияның қоздыр-
ғышы болуы мүмкін облигаттық жасуша ішілік микроорганизмдер - хламидия, ми-
коплазма және легионеллада тиімділігін атап өту керек.



  1. Аминогликозидтер. Жіктелісі (препараттарды топтарымен атаңыз). Әсер ету механизмі. Әсер ету спектрі, қолдану көрсеткіштері. Жанама әсерлері.

АМИНОГЛИКОЗИДТЕР ТОБЫ


Бұл топ антибиотиктерінің негізгі өкілдері стрептомицин, неомицин, канами-
цин, гентамицин, амикацин, тобрамицин, сизомицин, мономицин және т.б. болып
табылады (29.5-тарауды кара).
Аминогликозидтердін әсер механизмін олардың тікелей рибосомаға әсер
етуімен және белок синтезін тежеуімен байланыстырады. Аминогликозидтерге
бактерицидтік әсер тән.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет