аркылы өзгермеген түрде, сонымен катар метаболиттер мен конъюгаттар түрінде (негізінен ацетилденген пара-аминосалицил кышкылынын туындысы) шығады. 6 сағ ішінде 60% жуығы, ал 24 сағ шамамен енгізілген дозанын 90% шығады. Туберкулездің барлық түрінде қолданылады. Әдетте ішке тағайындалады, кейде көк тамырға енгізіледі. Жанама әсерлерінен көбінесе диспепсиялық бұзылыстар жиі болады, ол препа- раттың тітіркендіргіш әсеріне байланысты. Бұл кезде локсу, кұсу, диарея, іш аймағында ауыру сезім, тәбеттің бұзылуы байқалады. Агранулоцитоз, гепатит, крис- таллурия сирек болады. Бірқатар науқастарда гипотиреоз кұбылысымен жемсаудың (зоб) дамуы байқалады. Табиғаты аллергиялық аскынулар болуы мүмкін, ол тері ре- акциялары, кызба, артрит, эозинофилия және баскалар түрінде өтеді. Тиоацетазонның (тибон, контебен) әсер ету спектрі туберкулез микобактериясы- мен және алапес қоздырғышымен шектеледі. Туберкулезге карсы белсенділігі бой- ынша тиоацетазон I және II топтың препараттарынан төмен. Тиоацетазонға тубер- кулез микобактериясының тұрактылығы салыстырмалы түрде баяу дамиды. Препарат асказан-ішек жолдарынан жақсы сіңеді. Бауырда жартылай инактива- цияланады. Ағзадан 1 тәулік ішінде шығады. Препараттың көп бөлігі бүйрек аркылы бөлінеді. Негізінен өкпеден тыс туберкулездің түрінде (шырышты және сірі қабыктардың, лимфа түйіндерінің туберкулезінде және т.б.) тиоацетазон ішке колданылады. Тиоацетазон бірқатар жағдайларда алапесте қолданылады. Тиоацетазоннын уыттығы жоғары. Ол қан түзу (анемия, лейкопения, агрануло- цитоз), бүйрек (альбуминурия, цилиндрурия) және бауыр (бауырдың сарғыш атро- фиясына дейін) жағынан ауыр асқынуларды салыстырмалы түрде жиі туындатады. Бұдан басқа, оны қолданғанда диспепсиялық бұзылыстар, аллергиялық реакциялар және баска жанама әсерлер байқалады. Тиоацетазонды колданғанда қан түзу жағдайын, бауыр және бүйрек кызметін үнемі бакылауды кажет етеді.