Макролидтер Бұл топтың антибиотиктері өзінің молекулалық негізінде әр түрлі қанттармен байланыстқан макроциклді лактонды сақинадан тұрады. Макролидтердің өкілдері эритромицин, олеандомицин, рокситромицин, кларитромицин


сондай-ак көптеген баска жанама әсерлер дамиды



бет11/13
Дата26.04.2024
өлшемі37,66 Kb.
#201434
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
38-40 фарм

сондай-ак көптеген баска жанама әсерлер дамиды.
Осыған ұксас препарат протионамид (тревентикс). Оның этионамидке карағанда
уыттығы аз деген мәліметтер бар.
Пиразинамид туберкулостатикалық белсенділігі жағынан ПАСҚ-нан басым, бірақ
изониазид, рифампицин және стрептомициннен төмен. Басқа микроорганизмдерге
әсер етпейді. Тек пиразинамидті қолданғанда, оған туберкулез микобактериясының
тұрақтылығы тез дамиды.
Асқазан-ішек жолдарынан жақсы сіңеді. Гематоэнцефалдық тосқауыл арқылы
өтеді. Пиразинамидтің негізгі мөлшері және оның метаболиттері бүйрек арқылы
шығады.
Басқа препараттармен жұптастырып қолданылады. Пиразинамидті күніне 3-
4 рет энтералды қабылдайды.
Жанама әсерлерінен көбінесе қауіптісі гепатотоксикалық әсері. Осыған бай-
ланысты пиразинамидті қолданғанда бауыр қызметін үнемі бакылап тұрған жөн.
Бауыр қызметінің бұзылуы препаратты беруді тоқтатудың негізі болады. Бірқатар
науқастарда диспепсиялық бұзылыстар да байқалады. Пиразинамидтің әсерінен
организмде зәр қышқылының ұсталуы подагра ұстамасының дамуына әкеледі.
Аллергиялық реакциялар (қызба, дерматиттер, эозинофилия және т.б.) болуы
мүмкін.
т
б) Антибиотиктер
Стрептомицин тобы (29.1-тарауды қара)
Әртүрлі антибиотиктер
Циклосерин актиномицеттердің әртүрімен: Actinomyces orchidaceus, Actinomyces
daryphalus, Actinomyces lavendulae өндіріледі. Синтетикалық жолмен де алынған.
Дәрілік препарат ретінде циклосериннің D-изомері қолданылады.
Әсер ету спектрі кең. Көбінесе жасушадан тыс және жасуша ішіндегі туберкулез
микобактериясына қарсы белсенділігі айқын (белсенділігі изониазидтен, рифампи-
циннен, стрептомициннен төмен). Баска микроорганизмдерге тек жоғарғы концен-
трацияда әсер етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет