Көк азық: бұл топқа табиғи және қолдан егілген шабындықпен, жайылымдардағы көк өсімдіктер, тамыртүйнекті жеміс өсімдіктерінің сабағы тағыда басқа өнімдер жатады. Көк азықтың құрамында 70-83% су болады. Құрғақ затында протеин, минералды заттар және дәрмендер мөлшері көбірек. Көк азықтың құрғақ затының алмасу энергиясы, қорытылатын протеин құнарлылығы өсімдік тектес азық дәнімен бірдей болғанымен, олардың биологиялық құнарлылығы және дәрмендер мөлшері соңғысында көбірек. Өсу жүйесіне байланысты едәуір өскен сайын құрамындағы протеин мен каротин мөлшері азаяды да, клетчаткалары көбейеді, құнарлылығы осыған байланысты төмендейді. Көк азықтың қоректілігі өсімдік түріне, өсу кезеңіне, ауа райына, агротехникалық шараларға, дайындау мерзіміне, қолдану кезіне байланысты.
Табиғи ауамен және жасанды кептірілген өнім ірі азыққа жатады. Олар: табиғи, екпе шөптің пішені, пішеннен дайындалған ұн, ұнтақ, пішендеме, сабан, топан, кебек, кептірілген жапырақ, сабақтар
Дәнді азықтар және олардан өндірілген өнімдер үш топқа бөлінеді: бірін-ші құрамында көмірсулар көп, көбінесе астықтұқымдас; екінші – протеині көп – (бұршақтұқымдас); үшінші – майға бай - (майлы өсімдіктер).
Өндіріс өнімдеріне – ұн, кебек, шрот, күнжара тағы басқалар қосымша өнім қалдықтары жатады.