Бұл топ азықтарының ерекшелігі құрамында толықты протеиннің мөл-шері өте көп (280 –нен 800г дейін). Көбінесе азық ретінде сүт өнімдері және ет, балық өңдейтін өнеркәсіп қалдықтары (көксүт, сүйек, балық ұндары) қолданылады.
Сүт өнімдері – төлге ең керек азық. Көк сүт, сары су, май суы, сүт таза түрінде немесе алмастырылған жасанды сүт ретінде беріледі. Ет өндірісінің өнімдері (ет, ет-сүйек, қан ұны) құрамында 30-80% жоғары биологиялық про-теин, 1кг 40-60г лизин, 20-25г метионин+цистин бар.