284
жектің қаңқасы денө салмағының 15 процентін, марқайғандарынікі шамамен 10 процентін алады. Әлбетте, етті бағыттары қояндардың қаңқасы жеңіл келеді. Өйткені олардың сүйектері өтө жұқа болады. Сүйектерінің бірқалыпты жетілуіне тікелей әсер ететін фактор — ол құнарлы азықпен қоректендіру. Сонда қояндардың дене пішіні де көрікті болады.
Үй қояндарының тез жетілуі үшін олардың жеке ерекшелікте-рінің де үлкен маңызы бар. Тіпті әбден қалыптасқан үй қояндары-ның өзі өсіп-жетілуі жағынан түрліше болады. Сондықтан өсімтал үй қояндарын сұрыптау, оларды азықтандыру және күту жағдайларын жақсарту үй қоянының осы қасиетін баянды етіп, одан әрі жетілдірудің бірден-бір кепілі болып табылады.
Мысалы, фландр тұқымына жататын үй қоянының бірінші жылғы салмағы 4,5 кг, ал аң үй қоянының салмағы 4,3 кг болса, үш жылдан кейінгі көрсеткіштер тиісінше 6,3 және 6,1 кг жетеді. Үй қояндарының өсу қарқынын күшейту, тірілей салмағын арттыру қоян өсірушілердің ертеден келе жатқан игілікті істерінің бірі.
Жылу реттеу қабілеті. Қоянның жылу реттеу қабілеті деп өз организміндегі температурасын бірқалыпты сақтауын айтады. Сыртқы ауа температурасы белгілі бір ңалыпта түрған жащайда-РЫ организм өндіретін жылу мөлшері оның сыртқа шығаратын жылу мөлшеріне тең. Сондықтан жылуды тепе-тең етіп сақтау үшін оның өндірілу шегін өзгертудің қажеті жоқ. Үй қояны үшін шектік температура 15—25 процент аралығында болады.
Жылу мөлшері деңгейінің өзгеруі организмде зат алмасу қар-қынының күшеюінен немесе әлсіреуінен келіп туады. Зат алмасу шегі әрбір жануарда әр түрлі болады. Жануарлар неғұрлым ұсақ болса, оның әрбір килограмм салмағына келетін дене бітімінің сы-бағалы салмағы да соғүрлым көп болады. Демек, жылу да көп шы-ғады. Сондықтан сақа үй қояндарына қарағанда көжектердің әр-бір килограмм салмағына жылу мөлшері көбірек келеді.
Сондай-ақ көжектер денесіндегі зат алмасу дәрежесі шапшаң. Олардың денесінің өсуіне қарай қоректік заттар да көп жұмсалады. Денеден жылу тарату дәрежесі үй қоянының жүніне байланысты болады. Мысалы түбітті үй қояны қырқылғаннан кейін жылуды 30 процент артық шығарары.
Жүннің қалыңдығына қарай сыртқы орта температурасы бір деңгейде бола тұрса да, үй қояны терісінің температурасы әр түрлі болады. Мысалы тері температурасын бір мезгілде өлшегенде, түбітті ангор үй қоянының температурасы 35,8 процент, ал шин-шилланың температурасы 34,0 процент болды. Түлеген кезде жылу шығару шапшаңдайды, Бұл бір жағынан жүннің қорғайтын қасиетінің азаюынан болса, екіншіден, жаңа жүн шығуының сал-дарынан тері температурасының біраз көтерілуінен де болатын жағдай.
Жылу денеден неғұрлым көп шықса, организмде жылуды бір қалыпты сақтау үшін азық та соғұрлым көп керек. Сондықтан да
285
жазға қарағанда қыста үй қоянына азық 30—35 процент көбірек жұмсалады.
Ыстық күндері үй қоянына күн қызуын өткізбеуге бағытталған қорғаныс реакциясының елеулі маңызы бар. Айналадағы тем-ператураның өзгеруіне байланысты үй қоянының тыныс алу жиілігі де өзгереді. Мысалы, айналадағы температура 20—25 градусқа жеткенде, ол 6,7 есе жиіленеді. Демек, минутына 42 реттің орнына
292 рет. дем алады. Дем алу негұрлым жиі болса, жылу соғүрлым көп шығады.
Үй қояны денесінің температурасы әдетте 30,5—39,5 градус деп есептеледі. Үй қояны денесінің температурасы, басқа мал температурасынан гөрі тұрақсыздау болады. Бір тәуліктің ішінде айналадағы температураның өзгеруіне байланысты, ол 2—3 гра-дусқа өзгереді.
Ас қорыту жүйесі. Берілген азықтың жануардың бойына сіңіп тарауы ең алдымен оның азық қорыту жүйесіне байланысты. Үй қояндарының жақсы өсуі мен жетілуі үшін белоктар, майлар, уг-леводтар, минералды тұздар және витаминдер қажет. Бұлар қоян жейтін әр түрлі азықтардың құрамында кездеседі.
Басқа малдың қарын шырынымен салыстырғанда үй қоянының қарын шырыны азықты тез қорытады, өте қышқыл келеді. Оның құрамында қою шегінді мен органикалық заттар көбірек болады. Қарын шырынында тұз қышқылы мен ферменттер (пепсин, липа-за және ұлтабар ферменті) бар. Тұз қышқылы азық бөлшектерінің тез бөрітілуіне себепші болады, ал пепсиндердің әсерімен азықтағы белоктар ажырап, құрамы онша күрделі емес жай белоктарға айналады. Ұлтабар ферменті сүтті ірітеді. Липаза ферменті майды қорытады. Ұйқы безінің шығынында трипсин, амилаза және липаза деп аталатын ферменттері бар. Трипсин белоктарды құрамы қарапайым бөлшектерге ажыратады, ал амилазд мен липаза ферменттері әсерінен қатты заттар мен май одан ажырайды.
Үй қояндары белок пен майдың 68—69 процентін, азотсыз зат тардың 83 процентін, капуста жапырағы клетчаткасының 75 про центін, сәбіздің 65 процентін, сабанның 23 процентін қорыта алады. Ұсақталған және аздап ңорытылған азық, қарынға келіп түседі. Қояндардың қарны бір бөлімнен тұрады. Қарынының сыйымдылық көлемі — 180—200 миллиметр.
Қорыту нәтижесінде қоректік заттар суда еритін дәрежеге жетіп, ішектегі кілегей қабықтың бетін тегіс қаптаған қатпар түктерге сіңеді. Әрбір қатпар түктің ішінде қан және лимфа тамырлары орналасқан. Ішектерге азықтан қоректік заттар бөлініп осы тамырларға сіңеді. Үй қояны көжектерінің қарыны қабынганда оның жұмысы нашарлап, түрлі заттарды өткізіп жібереді, ал сақ үй қояны қарнының азық өткізгіштігі анағұрлым кем болады. Қарыны ауруға шалдыққанда көжектер жиі-жиі уланады.
Қарынның қабырғаларында, құрамында пепсиннің ферменті мен тұз қышқылы және қарын сөлін бөлетін бездер арналасқан.
286
Қарын сөлі үздіксіз бөлініп тұрады, соның салдарынан қышқыл-дығы артып (рН 3—0,4) ас тез қорытылғандықтан, қояндар клет-чаткасы көп, кезкелген құнсыз азықтарды да жей береді.
Кейбір басқа жануарлар сияқты үй қояндары да өздерінің түнгі және таң алдындағы' құмалақтарын жейді. Осы құбылысты кап-рофагия деп атайды. Күндізгі құмалақтары құргақ, қатты, домалақ болады да, түнгісі жұмсақ, дымқыл болып келеді. Түнгі
•құмалақта күндізгі құмалаңқа қарағанда протеин 3,5 есе көп тег
• ал клетчатка 2 есе кем болады. Капрофагия барысында В группа-! сының витаминдері мен минералдық заттары түзіледі.
Сақа үй қояндары ашығып, азық болмаған кезде, өздерінің күндізгі қатқан құмалақтарын да жеуге мәжбүр болады. Капро- фагия көжектерде енелерін ембей, басқа азықтармен қоректене
бастағаннан 23—34 күннен кейін пайда болады. Зерттеулердің нә тижесі өз құмалақтарын жегізбей өсірген үй қояндарының сал-
мақты құмалақтарын жеп өскен үй қояндарынан үш есе кем қос- сатындығын көрсетіп отыр. Сонымен бірге өз құмалағын жемеген
буаз үй қояндарының буаздық кезеңі мен ұрықтың іште дамуында белгілі бір дәрежеге ауытқушылық байқалған. ' Сайып келгенде қоянның өзінің түнгі құмалағын жеуі — дұрыс ; физиологиялық қажеттілік. Өзінің құмалағын жеу азықтың тез
және дұрыс қорытылуын қамтамасыз етсе, екіншіден организмге қосымша белоктар мен витаминдердің түсуіне мүмкіндік береді. Ал жануардың организмінде мұндай қажетті витаминді сақтау сол түрдің биологиялық бейімделгіштік қасиеті болып табылады.
Азықтың қорытылуы немесе қоректік заттарды организмнің сіңіруі рациондағы азықтың мөлшері мен арақатынасына байла-! нысты өзгеріп отырады. Кейбір азықтар қорытылу процесін баяу-латса, екінші бірі — керісінше, қорыту бездерінің қызметін арт-'тырады. Мысалы сәбіздің азотты бөлігі, сұлының жармасы, ка-пусталар көжектердің қарынында тез қорытылып, организмге жақсы сіңетіні тәжірибе арқылы дәлелденген. Қоянның қарнына түскен ас 60—72 сағат ішінде қорытылған. Қорытылмаған тамақтың қалдықтары қоянды тамақтандырғаннан кейін 9 сағаттан соң организмнен сыртқа шыққан.
Тыныс алу жүйесі. Үй қояндарының дұрыс тіршілік әрекеті үшін оттегі қажет. Сол сияқты дер кезінде организмнен көмір қышқыл газының шығуы қажет. Осы газ алмасу процесі тыныс алу органдарымен және аздап болса да тері арқылы жүзеге асады.
Қояндардың тыныс алу органдары нашар дамыған. Егер қоян өкпесінің салмағы денесінің 1—1,2 процентіндей болса, ал үй қоя-нында ол тек 0,36 процент қана. Үй қояндарының екі өкпесінің салмағы 12—15 г, оң жақ өкпесі сол жағынан бірнеше есе үлкендеу болып келеді. Қояндарда газ алмасу интенсивті түрде жүреді. Олар 1 кг тірілей салмағына бір сағатта 478—690 см3 оттегін сіңіріп, 451—532 см3 көмір қышқыл газын бөліп шығарады. Қояндар өкпемен қоса аздап терімен де тыныс алады. Өкпемен салыстырғанда қоян тері арқылы 100—500 рет отегін сіңіреді де, 60—300 рет
287
,көмір қышқыл газын бөліп шығарады. Мысалы ортаның темпера-турасы бірқалыпты болса, тыныштықта тұрған үй қоянының тыныс алу жиілігі минутына 50—60 рет, ал 35°С болса 280 ретке дейін жиілейді. Қараңғыда және ашыққанда тері арқылы тыныс алуы баяулайды.
Үй қояндары ауаның тазалығын тез сезінеді. Сондықтан жабық клеткаларда, үйшіктерде (торда) өсірілетін қояндарға бұл қасиетінің маңызы зор. Ауаның құрамында зиянды газдар (амиак, көмір қышқылы, күкіртті сутегі) мөлшерінің көп болуы қоян организміне зиян. Сондықтан үй қояндарын жабық бөлмеде ұстамау керек.
Қан айналу жүйесі. Зат алмасу мен организмнің бүкіл клетка-ларын қоректік затпен қамтамасыз етуде қан мен лимфаның ма-ңызы өте зор. Қанда гармондар мен ферменттер сол қанның құ-рамында індет ауруларынан сақтайтын иммундық денелер бар. Олар организмге енген жат денелерден (микроорганизмдер, вирустар, токсиндер т. б.) күресте үлкен роль атқарады. Ғалымдардың айтуы бойынша жануардың бойында жүріп жатқан неше түрлі процесс оның өзіндік айнасы. Олай болса қан айналысының жануарлар үшін ролі зор. Қан ішектерден келген барлық қоректік заттарды денеге және клеткаларға таратады.
Қан айналу жүйесіне қан жасайтын органдар да (бауыр, талақ, жұлын) жатады. Қоян организмінде қанның мөлшері 32— 67 мл. Бұл салмағының 5—6,7 проценті. Жүрек минутына 120— 160 рет соғады. Қан тамырлары организмдердің қалауына қарай кеңіп және тарылып отырады. Сол қан тамырлары қуысының өзгеруіне байланысты белгілі бір органдардың қанмен қамтамасыз етуінің нәтижесінде дене температурасы реттеліп отырады. Қан айналу органдарының жұмысын орталық нерв жүйесі реттейді. Бір минут ішінде дене көлемі мен тамыр соғысының шапшаңдығына қарай, үй қоянының жүрегі арқылы 27—150 текше сантиметр қан айналады. Қан бүкіл денені 4,75 секунд ішінде бір айналып шығады. Тыныштықта тұрган үй қоянының жүрегі минутына 120—160 рет соғады. Үріккенде немесе қозгалысы шапшаңдағанда жүрек соғуы кенет жылдамдайды.
Қоянның қаны мөлдір, түссіз сүйық, плазмадан және қан тү-йіршіктерінен, яғни қызыл (эритроцит), ақ (лейкоцит) қан түйір-шіктері мен қан пластинкаларынан (тромбоциттерден) тұрады. Эритроциттерде гембглобин деп аталатын боягыш зат болады. Ге-моглобиннің көмегімен қан тканьдері оттегін жеткізіп, организмнен көмір қышңыл газын шығарады.
Лейкоциттер организмге енген бактериялардан қорғайды, Олар өздерінің формасын (қалпын) өзгерте алады, бактерияларды ұстап алып, жойып жібереді. Бұдан басқа олар иммундық денелерді құрауға қатынасады. Лейкоциттер қоректік заттар шығарады. Ін-детті ауруларға, әсіресе іріңді ауруларға ұшырығанда лейкоцит-төрдің саны көбейіп көтеді.
288
Тромбоциттердің, құрамында тромбакиназа ферменті болады жарақаттанғанда ол плазмаға шығып қанды ұйытады.
Нерв жүйесі. Организмнің тіршілік әрекетінде үлкен қызмет атқарады. Ол барлық ішкі және сыртқы тітіркендіргіштерді қа-былдауға жәрдем береді де, оларға жауап қайтарады. Сөйтіп ор-ганизмнің барлық органдарының, тканьдерінің, клеткаларының жұмысын реттейді және бағыттайды. Нәтижесінде оны сыртқы ортаның жағдайына бейімдейді, сөйтіп арақатынасын сәйкестен-діреді. Нерв жүйесінің осындай жан-жақты және әр алуан қыз-метінің арқасында организмнің барлық тіршілік әрекеті тұтас бір дүниедей қамтамасыз етіледі.
Нерв жүйесі орталық және шеткі нервтер болып бөлінеді. Орталық нерв жүйесі ми мен жұлыннан тұрады. Салмағы 2,5 кг үй қояны миының салмағы 10 грамм, ал жұлынының салмағы шамамен 5 грамм. Шеткері жатқан нервтер барлық дене клеткаларына баратын тарамдалған ми мен жұлыннан тұрады.
Жануарлар организмі тіршілік әрекеті процесінде неше түрлі қоздырғыштың әсерін сезініп оларға жауап қайтарады. Қояндар өте сезімтал. Сондықтан олар болмашы жағдайларда тез стресса күйге душар болып қалады. Стрессаның бірінші кезеңі — қауіп-қатер дабылы. Ол қояндарда көжек жатқан ұяны адамның байқаған кезінде пайда болады. Күйгелек қояндар мұндай жағдайда өздерінің көжектерін басып тастайды.
Стресса кезінде буаз үй қояны іш тастайды. Сайып келгенде, үй қояны ұрғашысы отырған үйшікті жөндегенде, уақытша оларды басқа жерге алып кеткен жөн. Айқай-шу туғызатын жұмыстың қай түрі болсын қояндар жоқ кезінде жасалуы керек. Әйтпесе үй қояндарының өсімталдығына, денсаулығына зақым келеді. Сон-дықтан қоян өсіретін жерде тыныштық қажет. ; Өсімталдық деп организмнің тез өсіп, жыныстық жағынан ерте жетілуін айтады. Өсімтал үй қояны азықтық қоректік заттарын бойына жақсы сіңіреді.
Өсімталдық' организмнің тұқымдық қасиеттерін, оның жекө ерекшеліктеріне және азықтандыру, күтіп-бағу жағдайларына да байланысты болады.
Өсу. қарқыны төл енесінің құрсағында пайда болған кезеңнен басталады. Түқымы ұсақ көжектерге қарағанда тұқымы ірі көжек-тер қалыптасу мерзімі жағынан бірдей болады. Эмбрионалдық ке-зінде анагұрлым тез өсіп-жетіледі.
Ірілігі орташа үй қояны жыныстық жағынан 4—5 айлығында, ал ірілері одан 1—1,5 ай кешірек жетіледі. Жыныстық жағынан жетілген кезде ірі үй қояндарының салмағы ірілігі орташа үй қояндарының салмағынан 1 —1,5 килограмм артық болады.
Қояндарды азықтандыру мен күтіп-бағу жағдайлары олардың өсу қарқынын арттыруға қандай әсер етсе, жыныстық жағынан жетілуіне де сондай зор ықпалын тигізеді. Әрбір тұқымға тән өсу қарқынының толық байқалуы үшін оған тиісті азық мөлшері берілуі көрек. Ол азық өсімтал тұқымның қоректік заттарға деген
289
қажеттілігін толық қанағаттандыруға тиіс. Ірі тұқым қояндары-ның азығы жеткіліксіз болса, оның ұрпағы ұсақтана бастайды. Азықты мол беру нәтижесінде қоян организмі қоректік заттарды көп мөлшерде қабылдап, сіңіруге икөмделеді, ал мұның өзі өсу қарқынын арттыра түседі.
Түлеу. Үй қояны белгілі бір тәртіппен түлейді. Оны қоян өсі-рушілердің білгені жөн. Өйткені алынатын өнімнің тұрмыстың маңызы зор. Үй ңоянының жүні жыл маусымына, жас ерекшелік-теріне қарай түлеу процесі арқылы ауысып отырады. Сақа қояндар әлбетте көктемді (март, апрель) және күзде (сентябрь, октябрь) түлейді. Әрбір түлеу мерзімі 30—45 күнге созылады. Түлёу ең алдымен мойыннан басталып, бірте-бірте арқасының алдыңғы бөлімі, одан кейін жауырын үсті, арқасының артқы бөлігі, бауыр,! бүйірлері және жамбас түлейді.
Жүн-тері өнімі. Ол ұшы мүйізденген жіп тәрізді. Жүннің қалыңдығы қояндардың тұқымына қарай әр түрлі болып келеді. Қояндардың жүні қыста қалың, үлпілдек болып келеді де, жазда сирек болады. Сондықтан ноябрь-февраль айларында үй қоянда-рының терісі өте сапалы болады.
Үй қояны түлегенде жүні ойдым-ойдым болып біртіндеп түсе бастайды да, бүкіл денеге жайылады. Денесінің түлей бастаған жеріне теріні көкшіл түске бояйтын пигмент көп жиналады, Үй қояны терісінде пигмент дақтарының орналасуына қарай түлеу сатысын анықтауға болады. Ақ үй қояндарында пигмент пайда болмайды. Түлеуден түлеуге дейінгі аралықта, әсіресе буаз кезі мен көжегін емізіп жүргенде, қылшық жүндері селдіреп түсіп қалады. :
Үй қояндарының түскен ескі жүнінің және жаңа шыққан жүн орнында терісі қарайып тұрады. Осы қасиеті арқылы тірі қоян-дардың түлеуін қадағалауға әбден болады. Көжектер туғаннан кейін 14—15 тәуліктен соң түлей бастайды да, азықтандырылуына және күтілуіне байланысты 3—4 айдыц ішінде аяқталады. Жас үй қояндарының көжектеуіне байланысты көжектердің түлеуі декабрь, ал кейде январь айларына дейін барады.
Сайып келгенде түлеу тек қана жасына емес, азықтың сапасына, туу маусымына, тағы басқа жағдайларға да байланысты. Сондықтан қоянды сояр алдында түлеу дәрежесін байқап алған жөн. Ол үшін жамбас жағының жүнін үрлеп, арасын ашып терісін қарау керек. Егер тері ақ болса, онда түлеудің аяқталғаны. Әлбетте түлеуі аяқталған қоянның жүні жылтыр, жатық, таза болады. Ең қалың жүнді теріні қыс айында — ноябрьден мартқа дейінгі аралықта алуға болады. Түлеу нақты аяқталған жағдайда терінің сапасы жоғары болатын кез — ноябрь, декабрь айлары. Түлеу кезінде жануарлар жүдейді, ал көжектерінің өсуі баяулайды.
Көжектердің шамасына қарай түлеуі ортақ ерекшелік. Ол көжек денесінің әр тұсында симметриялы (екі жағы тең) болып өтеді. Жалпы алғанда түлеу жыл маусымына емес, олардың ша-
290
масына байланысты мәселе. Көжектер қызыл шақа болып туады. Өйткені олардың жүндерінің ұзындығы бірнеше миллиметр ғана болып туады. Бірқалыпты өсіп-жетілген көжектерге туғаннан кейін 30 күннен соң ұзындығы 2—2,5 см жүн шығады. Күніне қарай бірнеше рет түлеу отызыншы күні басталып, 4—5 айлығына дейін созылады. Содан кейін екінші рет түлеу басталады да көжектің 7 айлығында аяқталады. Бірінші рет түлеу кезінде сойылған көжектің терісі әруақытта сапасыз болады. Сондықтан жүні әлі сирек, түлеуі толық аяқталмаған көжектерді союдың қажеті жоқ.
Үй қояны айына қарай екінші рет төмендегі ретпен түлейді.
Бірінші сатыда үй қоянының құйымшағы, құйрығының түгі мен тамағының жүні түлейді. Бұл сатыда тері бірінші сапаға кетеді. Түлеу 12—15 күнге созылады.
Екінші сатыда желкесі түлеп, тамақ астымен ұштасады да, мойнын айналдырады. Бөксе жүні түлеп, құйымшақпен жалғасады да, санның артқы жағымен төмен түседі. Бұл саты 10 күнге созылады. Осы кезде алынган терілер екінші сортқа жатады.
Үшінші сатыда денесінің алды мен артынан бастап түлеген жүн, желке мен бөксені тегіс қаусырып, арқаоымен үштасады. Ба-уыры да түлейді. Бұл түлеу кезеңі 10 күнге созылады. Тері үшінші сортқа жатады.
Төртінші сатыда — арқасынан төмен, құрсағынан жоғары қа-рай түлген жүн бүйіріне жетеді. Түлеу 10 күнге созылады. Осы ксзде алынған терілер ең сапасыз, жарамсыз терілерге жатқызылады.
Бесінші сатыда — арқасынан төмен, құрсағынан жоғары қарай түлеп, бүйірін толық қаусырып, жолақ-жолақ жол салады. Терілері үшінші сортқа жатады. Түлеу 10 күнге созылады.
Алтыншы сатыда — жолақ-жолақ жолдың орнында жеке-жеке дақтар мен сызықтар пайда болады да, сатының аяғында жойылып кетеді. Бұл саты да 10 күнге созылады. Ал терісі үшінші сортқа жатқызыладьі.
Жетінші сатыда түлеу аяқталады. Түлеу 15 күнге созылады. Осы кезде алынган терілер бірінші сортты болып шығады.
Екінші рет түлеу 65—80 күнге созылады. Сөйтіп бірінші түлеу мерзімінен анагұрлым қысқа болады. Жоғары сапылы тері алу мақсатын көздеп, үй қояндарын сою мерзімін белгілеудің үлкен маңызы бар. Бірінші және екінші түлеу сатысында сойылған үй қояндарынан 1 сортты тері алынады, үшінші, төртінші және бе-сінші сатыда тері жарамсыз болады.
Сақа үй қояндарының түлеу мерзімдерін, оның үзақтығын анықтау қиын. Олардың физиологиялық жайына (буаздығына, көжегін емізуіне) қарай түлеудің барысы да өзгеріп отырады. Ал-ғашқы түлеу аяқталмай-ақ, үй қоянының қайтадан түлей бастауы мүмкін. Түлеуге азықтандыру және күтім жағдайлары әсер етеді. Азығы жеткіліксіз болса үй қояны ұзақ уақыт түлейді. Оның жүні баяу шығып, нәзік, үзілгіш, болып келеді.
291
Сыртта бағылған үй қояндары жабық қорада бағылган қояндарға қарағанда тезірек түлейді. Қоянның түлей бастауына күннің ұзақтығы да мол ыңпалын тигізеді. Ауа температурасының өзгеруі түлеу мерзіміне елеулі әсер.етеді. Дегенмеи түлеу уақытында күн салқын болса жүн де қалыңырақ шығады,
Түлеу кезінде жүннің қайтадан өсуі үшін қосымша қоректік заттар керек. Сондықтан түлеп жүрген үй қояндарының азығы күшейтілуге тиіс. Түлеу кезінде жүн үй қояндарын сыртқы орта температурасының әсерінен жақсы қорғай алмайды. Сондықтан түлеп жүрген үй қояндары суыққа шалдығып, ауырғыш келеді. Бұл уақытта үй қояндарының күтім жағдайларына ерекше көңіл аудару керек.
Түлеу кезінде үй қоянының терісінде мынандай өзгерістер пайда болады. Түлеу басталғанда тері қопсып жұмсарады, дымқыл-данады. Тері капиллярларына қан жүгіріп, оның температурасы бі-раз көтеріледі. Түлеу басталған жердің терісіне пигмент жиналады. Өсуі тоқталған жүн түбірінің түрпісі семіп, оның буылтығы қабыршақтанып, мүйізге айналады.
Оның астынан жүн түбірінің жаңа түрпілері өсіп, жаңа буыл-тықтар пайда болады. Бұл буылтықтардың өрбігіш клеткаларынан жаңа жүн талшықтары құралады. Олар өсе бастағанда бұрынғы буылтығы мүйізге айналған ескі жүн талшықтарын ығыстырып, жаңа жүн талшығын сыртқа шығарады да, ескі жүн түсіп қалады. Жаңа жүн талшығы түбірінің өрбігіш клеткалары терінің сыртына жақындаған сайын мүйізге айнала береді. Бұл клеткалардан жүн талшығы пайда болып, терінің сыртьша әбден мүйізге айналып шышды. Жүн талшығы жетілген сайын оның түбірі мен буылтығы толық мүйізге айналады. Әбден жетілген жуан талшығының буылтығы тері астына жақындайды, оның айналасындағы тері ширап тығыздалады. Бұл кезде тері өте мықты болады.
Бір түлеуден келесі түлеуге дейінгі аралықта, әсіресе қыста үй қоянының терісі жұқарып, қалыңдығы 1,108—1,497 мм болып қалады. Түлеу кезінде оның терісі қалыңдап, 1,760—2,366 милли-литрге жетеді. Бұл кезде тері қопсып жұмсарады, оның ылғалды-лығы артады.
Қояндар терісі құрылысы мен қалыңдығына- оның жасы мен жынысының да әсері бар. Сақа еркек үй қоянының терісі өте қалың және мықты келеді. Оның ұрғашыларінікіне қарағанда 2 есе қалыңырақ болуы мүмкін. Көжектің терісі анағұрлым жұқа және осал болады. Дені сау, ширақ үй қоянының терісі мықты, шымыр және созылғыш келеді. Еркегінің терісі ұрғашысынікінен дөрекілеу және қалыңырақ болады. Терінің қалыңдығын бүйір терісін, арқа мен құлаң терісін ұстап қарау арқылы байқап біледі.
292
ҮЙ ҚОЯНДАРЫН АСЫЛДАНДЫРУ ШАРАЛАРЫ
Дербес шаруашылықта қояннан мол өнім алу үшін, оның тұ-қымын жақсарту үшін асыл тұқымды қояндарды пайдалана білген абзал. Қоян өсіруде еңбекті де, шығынды да аз жұмсап, зйол өнім алудың ең негізгі бір тиімді жолы — тиісті тәртіп бойынша асылдандыру жұмысын жүргізу. Әрине, тұқым асылдандырудыя жұмысын арнайы институттарда, лабораторияларда т. б. жерлерде /күргізетінін әркім-ақ біледі. Бірақ, ол жұмысңа белгілі бір дәре-жеде мән берсе, оны дербес шаруашылықта да жургізуге болады.
Тұқым асылдандыру жұмысы дегеніміз қоянның тұқымын ша-руашылыққа қажетті сапасын жақсарту және олардың тиімді қа-сиеттерін жетілдіру бағытындары жасалынып жатқан зоотехника-лық ұйымдастыру шараларының жүйесі.
Дербес шаруашылықтан белгілі бір дәрежеде қажетті өнім алу үшін қоян өсірушілер табиғи-климаттық және азықтық жағдайларға көндіккен, тек мол өнімді қояндар ғана өсіруі қажет. Әрбір қоян өсіруші тез өсіп-жетілетін, етті, жүнінің сапасы тәуір қоян тұқымын шығарғанша қажымай-талмай асылдандыру жұмысын жүргізуі керек. Ол үшін тұқымға алынатын жас қояндарды талапқа сай таңдап, сұрыптау Жұмыстарын дұрыс жүргізген жөн және қояндарды азықтандыру мен күтуге қолайлы жағдайлар жасалуы шарт.
Үй қоянын өсірушілердің тұқым жақсарту ісінде негізінде мына мәселелерге мән берулері керек.
Үй қоянының биологиялық ерекшеліктері мен шаруашылыққа тиімді қасиеттерін ескере отырып, оны жақсылап азықтандырып, талапқа сай бағып-күту қажет.
Қояндардың тиімді өнімділігі мен тұқымдың қасиеттерің баянды етіп, оларды одан әрі жетілдіруге бағытталған таңдау жәнө сүрыптау жұмыстарын үнемі жүргізу және тұқымдық көжектерді қолайлы бағытта өсіру жұмысын дұрыстап ұйымдастыру керек.
Сұрыптау — барлық қояндардың ішінен барынша бағалыларын бөліп алып, оларды алдағы уақытта пайдалану. Қояндарды сұрыптау кезінде салмағын, жүнінің сапасын, дене бітімін, өсімталдығын, тіршілікке бейімділігін, тез өсіп-жетілуін және еттілігін т. б. шаруашылыққа пайдалы белгілерініц жиынтығын пайдаланады.
Тұқымға сұрыпталып алынған көжектердің ата-тектерінің қа-сиеттерін жақсы білуі керек. Қояндарды тұқымға сұрыптап алу бірнеше кезеңге бөлінеді. Бірінші кезек —60 күндігінде, екінші — 3 айлығында, ал соңғы сұрыптау 8—9 айлығында. Сұрыпталып алынған түқымға мейлінше жақсы жағдай жасалынып, күтімге алынуы қажет. Жаңа туған көжектердің саны мен сапасы тек ірік-теліп алынған ұрғашы және еркек қояндарға ғана байланыстыдеп ойлауға болмайды. Бүл жерде сұрыптау мен іріктеудің бірін-бірі толықтырып отыратын ерекшеліктерін естен шығармау керек. Шағылысуға қажеттілерін іріктеу шаруашылыққа пайдалы белгілері-
293
нің жиынтығының есепке ала отырып, ақырғы рет сұрыптау жұмы-сы аяқталғаннан кейін жүргізіледі.
Шағылыстыру үшін үй қоянының еркегі мен үрғашысын жұптау тұқым жақсарту жұмысының маңызды саласы. Жұптау жұмысы көжектердің пайдалы қасиеттерін жетілдіруге, сондай-ақ бұл қасиеттерді баянды етуге бағытталуға тиіс. Бұл үшін ең таңдаулы ұрғашы үй қояндарын іріктеп алып, оларды аса сапалы жақсы өсіп-жетілген үй қояндарымен шағылыстырады.
Келесі ұрпағының тіршілікке бейімділігін күшейту үшін шы-ғарылатын еркек және ұрғашы үй қояндары әр түрлі жағдайда өсіруге немесө қыста және жазда тууға бейім, сондай-ақ олардың жасы да әр түрлі болуға тиіс. Сондықтан жас ұрғашы қоянын сақа еркек коянмен шағылыстырған жөн.
Тұқымдық топтағы ұрғашы және еркек үй қояндарын сұрып-тағанда оларды әрқайсысының жекө сапасы ескеріледі. Мысалы, жүні қалың, бірақ тұлғасы ұсақ ұрғашы үй қоянын жүні бұдан қалыңырақ немесе дәл сондай, ал түлғасы бұдан анагұрлым ірі еркек үй қоянымен шалыстыру керек. Сонда жүні өте қалың, тұлғасы ірі көжектер алынады.
Қоян өсірушілер негізінде олардың асыл тұқымдыларын өсіреді және тұқымаралық шағылыстыру жұмыстарын жүргізеді. Әлгінде айтылған әрбір әдістің өзіндік жетістігі бар. Бірақ қоян өсірушілер оны өз дербес шаруашылығының бағытына қарай қолдануына болады.
ҚОЯН ӨСІРУ ӘДІСТЕРІ
Асыл тұқымды қоян өсіруде тек олардың бір ғана тұқымы шағылысады. Көбейтудің бұл әдісін пайдалана отырып олардың бағалық тұқымдық сапасын сақтап, алдағы уақытта осы тұқымды жетілдіруге мүмкіндік туады, тіпті жаңа тұқым шығаруға болады.
Асыл тұқымды қояндарды көбейіу әдісінің арқасында күміс түсті үй қоянының тұқымы келіп шықкан. Әрине, асыл тұқымды қояндарды үнемі белгілі бір жағдайда өзгеріссіз көбейтсе, әсіресе туыстық жағынан жақын қояндардың бір-бірімен шағылысуы салдарынан олардың өнімділігі мен тіршілікке бейімділігі төмендеп кетуі ықтимал.
Құнарлы азықпен молырақ азық шығару бағуы мен күтімін жақсарту, сондай-ақ таңдау және сұрыптау әдістерін шеберлікпен қолдану арқылы таза тұқым өсіргенде үй қоянының тұқымын жақсарту былай тұрсын, тіпті оның мол өнімді жаңа тұқымдарын да шығаруға болады.
Тұқымаралық шағылыстыру әдістерін қолданғанда түрлі тұ-қымға жататын үй қояндарын бір-бірімен шағылыстырады. Бұдан шыққан ұрпақтарды будан деп атайды. Осы әдіспен шағылысты-руды үй қояны ұрпағының нәсілін мүлде өзгертіп, оның тіршілікке бейімділігін күшейтуге және жаңа тұқымдар шығаруға пайда-
294
ланады. Мысалы қоян өсіруші мамандар жергілікті үй қояндарын фландр тұқымына жататын үй қояндарымен шағылыстырып, үй қоянының жаңа тұқымы — сұр үй қоянын шығарды.
Көптеген аң фермаларындағы түраралық шағылыстыру әдісі будандардың тұңғыш үрпағын шығару үшін қолданылады. Мұндай будандар тіршілікке өте бейім, өсімтал болып келеді. Олардың өсу қарқыны шапшаң, салмағы ауыр болады, тез семіреді, жеген азығын жақсы өтейді. Күтімге де талғампаз емес.
Тұқым асылдандыру жұмысы. Әрбір қоян өсірушілер олардың тұқымын жақсарту үстінде тиянақты есеп жүргізу керек. Егер туыстық жағынан жүргізілген жұмысқа есеп жүргізілмесе, өнімділігі төмен нашар қоян келіп шығады. Тұқым асылдандыру жұмысын есепке алудың алғы шарты қоян тұрған тордың алдыңғы қабырғасына көлемі 15X20 см тақтаны бекіту керек. Оған қара қарындашпен ұрғашы қоянның шағылысқан уақыты мен нәтижесін белгілейді.
Ұрғашы және еркек қоян туралы және көжектердің салмағы дәптерге түгел жазылады. Қоян тұқымын асылдандыру жүмысы-ның есебін жүргізгенде ғана олардың жұптарын сұрыптау мен іріктеу шаралары нәтижелі болады. Алынған қоян ұрпақтарын жан-жақты бағалауда да, яғни қояндардың өнімділігін, дене құры-. лысын, шыкқан тегін және шаруашылыкқа тиімділігін анықтауда бонитировканың маңызы зор. Бонитировканы (бағалау) жыл сайын ноябрь-декабрь айларында өткізеді. Бонитировкаға барлық сақа қояндар мен асыл тұқымды жас қояндар қатысады.
Ет бағытындағы жәнө тері өнімі бағытындағы қояндарды тү-қымдың, өнімдік сапасына қарай әр класқа бөлуді бонитировка жүргізу дейді. Бонитировка алдында барлық қояндарды жақсылап қарап, ауруларын бөлектеп, арықтарын дереу күтімге альш, орташа қоңдылыкта жеткізу керек.
Бұл жұмыс үй қояндарының әрбір түрін жеке бағалап, оларды жинақтау арқылы жүргізіледі. Бонитировка үй қояндарын тұқымға сұрыптау үшін, шағылыстыру жоспарын дұрыс жасау үшін қажет.
Барлық сақа үй қояндарына жылына бір рет бонитировка жасалады, ал одан әрі өсірілетін көжектер жылына екі рет —4 айға толғанда және сақа үй қояндарына бонитировка жүргізген кезде бағаланады. Бонитировка жасау алдында қояндар мал дәрігерлік бақылаудан өткізіледі. Ауру үй қояндары жарамсыз деп табылады, олар бөлек күтімге алынады.
Жеке бонитировка жүргізуге үй қоянының төмендегі топтары жатады,
а) тұқымдық топқа, сондай-ақ, 1 класңа жатқызылған үй қоян-дары;
б) ұрпағының сапасы бойынша тексерілетін еркек және ұрғашы үй қояндары;
в) тұқымдық топтағы ұрғашы үй қояндарынан, сондай-ақ ұр-ғашының сапасы бойынша тексерілетін еркектерімен шағылысты-
295
рылған ұрғашы үй қояндарынан туған көжектер жеке бағала-нады.
Ұрғашы үй қоянының құндылығы — өсімталдығы. Ол орта есеппен одан бір жыл ішінде (екі рет көжектеуден) неше көжек айырғандығына қарап анықталады. Еркек қоянның құндылығы оның жыныстық шабыты бойынша бағаланады. Оның қанша ұрғашы үй қоянымен шағылысқаны есептеліп, содан кейін осы шағылысқан ұрғашылардың қаншасы көжектегені тексеріледі. Көжектеген ұрғашы қояндардың саны неғұрлым көп болса, еркегінің жыныстық шабыты да солғұрлым күшті деп саналады.
Будандастыру — басқа жануарлар сияқты қояндардың да тұқым қуалаушылық және өзгергіштік қасиеттеріне тікелей әсер етөді. Осы әдіс арқылы жаңа нәсілдік қасиеті бар немесе белгілері бір қасиеті жете дамыған, не болмаса әр түрлі өнімдік қасиеттердің жаңа бірлестігі бар будан, алынады. Оларды мұқият сұрыптау және белгілі бағытта жұп құру арқылы қояндардың жаңа тұқымын шығаруға болады.
ҮЙ ҚОЯНДАРЫН ШАРЫЛЫСТЫРУ ЖӘНЕ КӨЖЕКТЕТУ
Қояндар жыл бойы көжектеу үшін қоян өсірушілер алдын ала шамамен жоспар жасайды. Онда сақа ұрғашысын 4—5 рет, ал жастарын бір-екі рет көжектету жағы қарастырылады. Әрине, жоспарланғанда қояндар буаздығының ұзақтығы 28—31 күнге со-зылатынын естен шығармау керек. Бірақ көжектегенде бір мезгілде 2—3 қоянның көжектегені дұрыс. Себебі сүтке жарытпайтын қоян көжектері басқа қоянға телуге қолайлы болады.
Тұқымға қалдырылған жастардың өсуі мен жетілуі аяқталғаннан кейін 5—7 айлығында ғана шағылыстырылады. Бірақ рет ұрпақ алынатын, содан кейін етке сойылатын ұрғашы қояндарды 4—5 айлығында шағылыстырады.
Қояндарды шағылыстыруға қоспастан бұрын олардың ауру, ауру еместігін анықтап алу қажет. Шағылыстыруға денсаулығы мықты қояндарды ғана жібереді және олар қоңды, бірақ семіз болмауы керек. Өйткені арық немесе шамадан тыс семіз қояндардың күйіті келмей қалады, ал ұрықтанған күннің өзінде көпшілік жағдайда көжектері өлі туады немесе тіршілікке бейімсіз болады.
Шағылыстыру кезінде еркек қоянның үйшігіне ұрғашы қоянды жібереді. Сонда еркек қоян тез қашырады, бірақ ешуақытта керісінше жасамау керек. Демек еркегін ұрғашысының торына кіргізіп шағылыстыруға болмайды. Өйткені ол басқа үйшікке бойы үйренгенше ұзақ уақыт шағылыспайды. Ұрғашы қоянды еркегіне жібергенде кедергі болмас үшін үйшіктен астауды, су ішетін ыдысты т. б. бейсауат заттарды жинап алады.
Қояндарды күйіті келгенде шағылыстырады. Күйіті бірнешө күннің ішінде өтеді. Ал күйіті жыл маусымына, азықтануына қарай әр түрлі уақытта келеді. Қояндардың күйітін жыныс органда-
296
рының күйіне қарап оңай анықтауға болады. Сол сәтте ұрғашы қоянның да мінезі өзгереді. Ол мазасызданып азықты нашар жейді, жёсе де шашып берекесін кетіреді. Осы уақытта ол тез қашады да, көжекті көп туады.
Қояндарды ец жақсысы қыста сағат 11-ден 15—16 аралығында, жазда таңертең ертемен, сағат 6—8-де және кешкі сағат 19—21-де шағылыстырған дұрыс. Екі күннен кейін ұрғашы қоянды үй-шіктен шығарып, еркегін тынықтырады. Кейбір ұрғашы қояндар еркегін маңайына жуытпай мазасызданады. Ондай жағдайда жаңағы ұрғашы қоянды қайта-қайта жіберу керек. Тіпті қабылдамай қойса басқа еркек қоянға жібереді.
Қояндарды жылдың қай мезгілі болса да шағылыстыруға болады. Өйткені олардың күйіті 8—9 күннен кейін қайта келеді де, ол 3—5 күнге созылады. Егер жиі көжектеу керек болса, көжектегеннен кейін екінші күні қоянның күйіті тағы да келеді. Осы кезде оны тағы да шағылыстыруға болады. Қояндардың күйіті анағұрлым айқын байқалған кезде ол еркегінен қашпайды. Ұрықтану нәтижесі де жаман болмайды. Күйіті келген қояндар мазасыздана бастайды, тәбеті қашады, азық жемейді, арқасын сипасаң керіле түседі.
Қоянның ұрықтанған-ұрықтанбағанын тексеру үшін ұрықтанды-ау деген қоянды бес күннен кейін еркек қоянға қосады. Егер ұрғашы қоян үрықтанса, еркек қоянды маңайына жуытпайды. Осы нәтижені үйшіктің маңдайшасында ілулі тұрған тақтайшаға жазып қояды.
Кейде ұрғашы үй қояны еркегімен шағылыспай, оны тіпті жанына жолатпай қояды, тордың бұрышына тығылып тұрып алады немесе еденге жабысып жатып қалады. Мұндай жағдайда үрғашысын уақытша тордан шығара тұру керек. Келесі күні ол алғашқы еркек қоянмен қайтадан шағылыстырылады. Кейде тіпті күйлеп жүрген ұрғашы қоянның өзі еркегінен қашып, тордың ішін айнала ұзақ уақыт жүгіре береді. Содан кейін барып шағылысады. Тіпті шағылыспай қоюы да мүмкін. Мұндай жағдайда оны басқа еркек қояндармен шағылыстыру керек. Сонда шағылысу да нәтижелі болады.
Шағылысып болған ұрғашы қоянды торға кіргізерде абайлап, жаймен ұстаған жөн. Бір қолымен жауырынының терісінен ұстап, екінші қолымен құрсағынан сүйемелдеп, оны тыпырлатпау керек. Қолайсыз жағдайда шағылысып, қолайсыз қимылдаса, ұрықтанған ұрығы қынаптан түсіп қалуы мүмкін. Сөйтіп ұрғашы үй қояны ұрықтанбай қысыр қалады.
Көжектетуге дайындық. Ірі, тіршілікке бейім көжектер алу үшін буаз қоянды дұрыс азықтандырып, дұрыс ұстау керек. Оны жеке үйшікте ұстайды. Өйткені буаз қояндар басқа жануарлармен бірге тұрса мазасызданады. Тіпті олар төбелесіп, соның салдарынан іш тастауы мүмкін.
Ұрғашы қоян тұрған үйшік үнемі таза, құрғақ болуы керек.
297
Жылдың суық мезгілінде үйшікті қосымша материалдармен жы-лытады, сабан төсөйді.
Буаз кезінде, әсіресе ұрық тез өсетін буаздырының екінші жартысында ұрғашы қоянды жақсы шөппен, дәнді және бұршақ тұқымдас өсімдіктермен азықтандырады. Міндетті түрде сәбіз, жуылған картоп, капуста, ал жазда көк шөп беру керек. Буаз қояндарға берілетін азықтық ерекше сапалы болуы қажет. Оларды ешуақытта ашыған, көгерген, үсіген аззықтармен азықтандыруға болмайды.
Сол сияқты бір азықтың түрінен екіншісіне бірден көшіру де қажет емес. Буаз ұрғашы қояндарға тыныштық керек. Оларды беталды үркітуге болмайды. Үйшік есігінің кілтін ашқанда, мысық көрінгенде, ит үргенде қоян үркеді. Ал үріккен қоян үйшік ішіндө мазасызданып, жүгірумен болады. Денесін үйшіктің әр жеріне соғып жарақаттанады. Буаз қояндарды мүмкіншілігі болса ұстамаған жөн. Ал қажет болса өте 'сақтықпен бір қолымен бауырынан ұстап көтереді.
Тууға 3—4 күн қалғанда бұрынғы туған көжектерді енесінен айырады. Әрине, жас көжектер тұрған үйшіктер де таза болуы шарт. Тууға 3—5 күн қалғанда қоян көжектеріне арнап ұя жасайды. Ұя жасау үшін қоян тісімен сабанды жұмсартып бір жерге үйеді, содан кейін бауырынан, кеудесінен түбітін жұлып ұяға төсейді. Егер ол шамадан тыс көп түбіт жұлатын болса( әсіресе жаздыкүні) онда ұядан аздаған бөлігін алып тастау керек. Өйткені ұя жылы болса көжектер ұядан жылжып шығып кетеді. Сондықтан көжектеуге 2—3 күн қалғанда ұяның сапасын тексеру керек. Егер ұрғашы үй қояны ұя жасамаса (кейде бірінші көжектейтін қояндарда ондай болады) онда аздап түбітін жұлып, ұяға төсеп, оларға қолдан ұя жасау қажет. Сондай-ақ ұрғашы үй қояны ұяны тым ерте сала бастаса, демек үйшік ішіндегі ұяны таптап тастайтындай болса, онда түбітті жинап алып, көжектөуге 1—2 күн қалғанда ғана төсеу керек.
Қояндарды көжектер алдында бір үйшіктен екінші үйшікке көшіруге болмайды. Көжектейтін қояндарды үнемі ішетін таза сумен қамтамасыз етеді. Өйткені мұндай қояндар үнемі шөлдей береді. Егер су болмаса олар көжектерін жөп қоюы ықтимал. Сондықтан көжектеу алдында, көжектеу кезінде және көжекте-геннен кейінгі алғашқы күндері ұрғашы үй қоянының астауында әрдайым таза су болуға тиіс. Суды күніне 3—4 рет жаңартып тұрған жөн.
Үй қоянын көжектету. Қояндар көпшілік жағдайда түнде, кейде ғана ертемен және күндіз көжектейді. Көжектеу әдетте 10 минуттан бір сағатқа дейін созылады және жеңіл өтеді. Содан кейін ұяны тексеріп өлі туғанын, нашарларын ұядан алып тастайды. Көжектегеннен кейін баласын жалап құрғатып, емізе бастайды, Егер ұрғашы қоян сүтті, қоңды болса оған емізу үшін 8, ал сүті шамалылау қояндарға 5—6 көжектен қалдырады. Емізіп болған-
298
нан кейін қояндар шуын жеп, суын ішіп, көжектерін түбітпен жауып қояды.
Қояндар күйіті келуіне немесе сүті болмауына байланысты кө-жектегеннен кейін көжектерін тастап кететін жағдай да жиі бай-қалады. Ондай жағдайда тезірек шағылыстыру керек. Содан кейін ол тынышталып көжектерін жақсы емізеді. Ұрғашы қояндардың ішінен өз көжектерін жейтіні байқалса, онда оның туған көжектерін одан әрі өсіруге болмайды. Ал ұрғашы қоянның өзін сойып алады.
Сүтті қояндардың сүтке әбден тойған көжектері жыбырлап, жан-жаққа жылжымай, тып-тыныш жатады. Ұрғашы қоянның сүтті екенін дәлірек анықтау үшін, көжек 20 күн ішінде қанша салмақ қосты, соны білу керек. Ол үшін көжектерді туған күні бір, 20 күннен кейін тағы бір рет өлшейді. Шыққан салмақтың айырмашылығын екіге көбейтеді. Сонда 20 күнде емізген сүттің мөлшері шығады. Сүтті қояндарда ол 3,2—3,5 кг.
Ұрғашы қояндардың уызы мен сүтінің қоректілігі мол болады. Сүттің белогында барлық қажетті амин қышқылдары, минералдық заттар, В тобының витаминдері толық кездеседі. Ұрғашы қояннан орта есеппен тәулігіне 120 г сүт шығады.
Қызылшақа көжектер 9—10 күннен кейін ғана көзін ашады. Олардың туғандағы салмағы 40—80 г ғана (ол тұқымына, көжек-тердің санына байланысты) болады. Ал бір жетіден кейін денесіне түк қаптайды, 10—14 күннен кейін салмағы 130—260 г жетеді. 17—20 күнде көжектердің салмағы 250—500 грамм болады да, тістері жетіліп, ұядан шығып жем жей бастайды. 22—26 күнде тістері толық жетіледі. Салмағы 380—700 г тартады.
Қояндардың дұрыс жетіліп келё жатқанын салмағынан білуге болады. Ол үшін көжектерді немесе жас қояндарды айына бір-екі рет өлшеп отырады. Қояндардың тез өсіп-жетілуін көрсететін тағы бір маңызды көрсеткіш — әрқайсысының тәулігіне орта есеппен қосатын салмағы.
Қоян өсіру барысында ұрғашы қояндардың сүттілігіне қарай, көжектерді басқа қоянға телу әдісі қолданылады. Көжектерді басқа қоянға телігенде екі қоян да, олардың ұрпақтары да аурудан таза болуы керек.
Басқа ұядан әкелінген көжектердің өзіне тән иісі болады. Ба-уырына салатын көжектердің осы иісін сезіп қалса, ұрғашы қоян оларды тістеп өлтіріп тастайды. Сондықтан көжектерді телитін қоянның жоқ кезінде салады. Оларды салатын ұяның түбітімен сүртіп, бөтен көжектердің ортасына қояды. Содан 15—20 минут өткеннен кейін бөтен көжектер жаңа ұяның иісін сіңіріп, ұғрашы қоян оларды өз көжектерінен ажырата алмайды. Сөйтіп ол барлық көжектерді емізе береді. Үйшіктің маңдайшасындағы тақтайға қаншасы бауырына салынды, қашан, қай қояннан алынды, міне осының бәрі жазылып қойылады.
Егер ұрғашы қоян бауырына салынған көжектерді сезіп, маза-сызданып, тыпыршып үйшікте тыныштық таппаса, оларды дер
299
кезінде алу керек, әтпесе оның өз көжектерін де езіп тастауы ықтимал.
Бауырына салған көжектер шамасының айырмашылығы шамалы, 3—4 күн ғана болуға тиіс. Көжектерді басқа ұяға ауыстырғанда қолды сабындамай, бірақ ыстық сумен жуу керек. Өйткені, біріншіден, қолдың жылы, екіншіден бөгде иіссіз болуы қажет.
Ұрғашы қояндардың сүті 22—24 күнге дейін бірте-бірте арта береді де, содан кейін азаяды. 18—20 күнге дейін көжектер тек енесінің сүтімен ғана қоректенеді. Сондықтан емізулі қояндарды жақсылап азықтандыру керек.
Емізу кезінде тек көжектерді ғана емес, емізулі қояндарды да, әсіресе олардың сүт бездерінің күйін, қоңдылығын т. б. бақылау керек.
Қояндар жыл бойы көжектей береді. Соның ішінде қыста немесе ерте көктемде туған көжектер, жазда-күзде туғандардан анағұрлым жақсы жетіледі.
КӨЖЕКТЕРДІ ЕНЕСІНЕН АЙЫРУ
Көжектерді енесінен айырмастан бұрын оларға керекті үйшікті, оттық және су құятын науа дайындайды. Олар енесінен 45— 60 күндігінде айырылады. Әрбір үйшікке салмағы мен қоңдылығы бірдей 3—4 көжектен отырғызады. Егер олар бір ұядан болса тіпті жақсы. Әр ұядан салған көжектер алғашқы сәтте төбелеседі, өсуі баяулайды. Олардың өсуін және жетілуін үнемі бақылап отырады. Төбелескіштерін жекө үйшіктерде ұстау керек. Өйткені олар төбелес кезінде бірін-бірі тістеп, жарақаттайды. Сөйтіп терінің сорттылығын төмендетеді.
Енесінен айырған көжектерді үш айға дейін еркек, ұрғашы деп бөлмей бірге ұстайды. Содан кейін тұқымдыққа қалдырылған еркек қояндарды үш айға толған кезде үйшікке жеке-жеке бір-бірден, ал ұрғашы қояндарды екі-екіден отырғызады.
Енесінен айырганнан кейін алғашқы 1,5—2 айда көжектерді мұқиятт бақылау қажет. Осы уақытта олар азықты көп жеп, тез өседі және ішек-қарын ауруларына шалдыққыш келеді. Негізіндө көжектердің азығы енесімен бірге тұрғанда қандай болса, одан айырылғаннан кейін де сондай болады. Басқа азықтарға көшу үшін рационға бірте-біртө жаңа азық түрлерін енгізе беру керек.
Жаздыкүнгі ең жақсы азық — көк шөп. Негұрлым шөп түрі көп болса — соғұрлым жақсы болады. Көк азықтар жаңа ғана шабылып, жиналған болуы керек, ал жатып қалған, аздап көгерген иісі бар шөптерді беруге болмайды. Көк азық ретінде көжектерге бұршақ тұқымдас өсімдіктер мен дәнді азықтар береді.
Ең жаңсы дәнді азықтарға сұлы, ұсақталған арпа, 2—3 сағат бойы суға бұқтырылған бұршақ, сиыржоңышқа, жасымық жатады. Егер сүт болса енесінен айырғаннан кейін 3 айға дейін күні-
300
не әр көжекке бір қасық сүт беріп отырган өте пайдалы. Әсіресе көжектерге қыста сүт бөрудің маңызы зор.
Көжектерге күніне 4—5 рет азық береді. Түңгі үзілістен кейін көжектерді құрғақ азықтармен азықтандырады. Соның ішіндө сұ-лымен азықтандырған дұрыс. Оттықтарда тез бұзылатын азық,-тарды ұзақ уақыт қалдырмау керек. Сондықтан желінбеген азық қалдықтарын дер кезінде жинап алады.
Егер енесінен айырған көжектердің ішінде нашарлары, дұрыс жетілмегені кездессе, оларды оқшаулап, жеке күтімге алады. Қо-сымша азықтандырады.
Жас қояндардың дұрыс өсуі үшін үйшіктер таза ұсталады, оларда оттық, науа болуға тиіс. Сонымен бірге бөлменің қүрғақ, өкпек жел соқпайтындай болуы тиіс.
Сақа қоянның денесін байқау қажет болған жағдайда құлақтарын ортаңғы әне сұқ саусақтың арасына кіргізіп, қыр арқасының терісінен мықтап ұстайды. Мұндайда қояндар онша тыпырлай қоймайды және тырнамайды. Ал жануарларды бір үйшіктен екіншісіне көшіргенде оған қоса сол қолыңмен бауырынан ұстап, аздап өзіңе қарай қысасың.
Егер қоянды ұзақ уақыт қарайтын болса онда арнайы жасалған станоктарға кіргізу керек. Көжектерді де осындай әдіспен байқайды. Қоянды үйшіктен алу үшін ең алдымен науаны, оттықты, астына төселген төсенішті жинап алады. Ұя бөлімін бөлек жабады. Содан кейін ғана ақырындап қоянның өзін шығарып алады. Міне, осындай ептілікпен ғана қояндарға ешқандай зақым келтірмей байқау жұмыстарын жүргізуге болады.
Қоянның қыста көжектеуі қояндардың санын ғана көбейтіп қоймайды, қайта қосымша көжек алуға себін тигізіп, сол жылғы туған ұрғашы қояндардың да көбеюіне мүмкіндік береді.
Республиканың оңтүстік аудандарында қояндардың қыста кө-жектеуі онша қиындық туғызбайды. Ал солтүстік аудандарда қояндарды ашық далада ұстау оңайға түспейді. Ол үшін үйшіктің сыртын қалың материалмен қаптайды. Ұрғашы қояндар тұрған жердің еденіне қалың етіп сабан төсейді.
Қоян өсірілетін арнаулы шаруашылықта шағылыстырудан бір-неше күн бұрын және көжектеу алдында ұрғашы қояндарды жылы, жарық үйшіктерге орналастырады. Онда үйшіктерді бірінің үстіне бірін қойып та пайдаланады. Үйшіктердің температурасы 5° болуға тиіс. Көжектегеннен кейін бір ай бойы ұрғашы қоян көжектерімен осы үйшіктерде тұрады да, содан кейін сырттағы үйшіктерге көшіріледі.
Қыста көжектетудің пайдасы зор. Өйткені январь және февраль айларынан туған ұрғашы қояндар сол жылы көжектеп үлгереді. Шағылыстыруға жақсы жетілген 4—5 айлық ұрғашы қояндарды жібереді. Көжектерді енесінен айырғаннан кейін мол өнімді жақсы ұрғашы қояндарды негізгі өнімді ұрғашы қояндардың қатарына қосады да, өнімі нашарларын етке сояды.
Көжек өсіру және бордақылау. Жас қояндар 4 айлығына дейін
301
интенсивті өседі де, 8—10 айлығында өсуі тоқталады. Олар 4 айдан әрі өте баяу өседі. Сондықтан қояндарды етке 4 айлығында сойып алған тиімді. қояндар жақсы азықтанады, сондықтан олар 30—40 күнде семіріп шығады.
Қоянның тек еті ғана емес, оның терісі де қажет. Ендеше сою қарсаңында жүнінің де күйін байқау керек. Сойғаннан кейін еті де, терісі де жарамды болғаны дұрыс. Түлеу кезінде сойылған қоянның терісі илеуге, одан киім тігуге жарай бермейді. Ал 4 айлыгында сойылған қоянның түлеуі аяқталып, терісі мен қылшығы сапалы болады. Көжектердің бірінші түлеуі дәл осы кезге тап келеді. Екінші рет түлеуі 6—§ айлығында аяқталады. Сондықтан семіз ет керек болса қояндарды 4—4,5 айлығынан бастап жемдеп, 6 айда түлеуі аяқталған кезде сойып алады.
Қояндарды жақсы жемдеу үшін оларды қара көлеңкелі үйшікке жеке-жеке отырғызады. Ал енді оларды үйшікте топ-тобымен ұстаса жөнді семірмейді. Егер топтап ұстағың келсе, онда жасы, жынысы және салмағына қарай топтау керек. Сонда ғана 3—4 қоянды бір үйшікте ұстай аласың.
Жас қояндарды жемдегенде егер олар азықты жақсы жесе, онда рационды жиі ауыстырудың қажеті жоқ. Егер азықты нашар жесе, онда азықтың түрлерін өзгерту қажет.
Бірінші 10 күндікте қояндарға беретін пішеннің мөлшерін азайтып, құнарлы азық мөлшерін арттыру керек. Бұл кезеңдегі ең жақсы азық: жүгері, сұлы, арпа, астық-бұршақ қосындысы, бидай нанының қабығы. Құнды азықтарға қосымша ретінде шөп, сәбіз сабағы, капустаның жапырағы, өзегі жэне емен жаңғағы пайдаланылады.
Келесі 10 күндікте қояндарға тез арада май жинауға септігін тигізетін азықтар: жүгері дәні, сұлы, арпа, піскен, аздап тұздалып, кебекпен араластырылған картоп беріледі.
Соңғы 10 күндікте қояндарды нешө түрлі азықтармен барынша көп азықтандыру керек. Ол үшін хош иісті шөптер — аскөк, петрушка, балдыркөк т. б. беру керек. Олардың құрамын бір мез-гілде өзгерте отырып, әр түрлі құнарландырылған азық беріледі. Ірі азьқтан аздап қана беруге болады. Осы кезде ең жақсы азық құрама жеммен араластырылған піскен картоп, капуста, тарна, мал азығындық шалқан берген пайдалы.
Жемделген қояндардың семіргенін денесінің жұмырланғанынан-ақ білуге болады. Оның үстіне семіз қоянның жүні жатық, жылтырап тұрады. Сондай-ақ шоқтығына май жақсы жиналады. Ол сыйпағанда қолга жақсы білінеді.
Тез өсетін мол өнімді қоянға басқа ешқандай мал тең келе алмайды. Жаңа туған көжектердің салмағы небары 40—90 грамм болса, ол алты күнде екі есе артады, ал бір айлығында бұл көрсеткіш күніне 10—12 грамға артады. Олар тез өсіп, тез жетіледі. 3,5—4 айлығында олардың жыныстың қабілеті де көбеюге дайын болады. Әрбір ұрғашы қояндар 6—9, кейде 14-ке дейін көжек
Достарыңызбен бөлісу: |