Мал өcipy. Алматы:Қайнар, 1995



бет17/24
Дата18.02.2017
өлшемі5,89 Mb.
#9897
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   24

Кең кеуделі жез түсті күркетауықтар. Америка Құрама Штат-тарында шығарылған тұқым. КСРО-ға әкелініп солтүстік кавказ тұқымын шығару үшін пайдаланылған. Жергілікті жез түсті күркетауықтарды жақсартуға болады. Өте ірі құс. Мекиендерінің тірілей салмағы 7—8 кг, әтештерінікі —13—14 кг. Әтештөрінің салмағы ауыр болғандықтан шағылысқан кезінде мекиендерді тарпып, жарақаттандырмас үшін сақ болу қажет. Ең дұрысы ңол-дан ұрықтандыру. Мекиөндері 10 айлырынан жұмыртқа сала бастап, жылына әрқайсысы 95 грамдық, 70—80 жүмыртқа салады. Қауырсыны ақ түсті, кең кеуделі күркетауықтар да бар.

Осы келтірілген тауық, қаз, үйрек және күркетауық тұқымда-рымен қатар дербес шаруашылықтарда басқа құстар түрін өсіруге де болады. Мысалы, мысыр тауығы суыққа, түрлі ауруларға төзімді келетіндіктен республикамыздың солтүстік облыстарында өсіруге қолайлы. Ет бағытындағы құс. Тауықтармен салыстырған. да 9—11% ет артық өндіріледі. Етінің дәмі қырғауыл, шіл сияқты жабайы құс етінің дәміне ұқсас. Тіпті олардан гөрі майлырақ, нәзігірек, тілге үйірімді келеді. Шалт қимылды, үркек, ұшып-қонып тұратын құс. Тірілей салмағы 1,5—2,2 кг. 7—8 айлығынан бастап мекиендері 5—6 ай ішінде 80—100 жұмыртқа салады. Жүмырт-ңасының салмагы 42—56 г. Қабыгы өте мықты болғандықтан ұзақ уақыт бұзылмай сақталады.

Бөденелерден қолда өсіруге бейімделгендері жапон бөден е с і. Жапон бөденелері тауық тұқымдастар ішіндегі ең ұсақ құс. Өте дәмді, диеталық және дәрігерлік емдік қасиеттері жоғары, тілге үйірімді еті мен әсіресе жүмыртқасы үшін, тіпті қалалық үйлерде де өсіріледі.

Жұмыртқалауын өте ерте 35—40 күндігінде, тірілей салмағы 90—100 грамдық кезінде бастап, жылына салмағы 10—18 грамдық 250—300 жұмыртқа салады. Өз тірілей салмағымен салыстырғанда жылдық салған жұмыртқаларының жалпы салмағы 20 есе



227

көп. Салыстыру үшін тауықтарды алсақ, олар өз тірілей салмағынан 8 есе көп жұмыртқа салады.

Бөденелер жұмыртқасын сәскеде жәнө ымырт жабыла салады. Салу аралығы 30 сағат, шайқауға салынған жұмыртқалардан 78—80% балапан шығады. Шайқау мерзімі 17 тәулік. 3 апталығында қауырсын түсіне қарап мекиен, әтештерін ажыратуға болады. Әтештерінің мойын қауырсыны ұзындау болып, қоңыр түске боялса, мекиендерінікі ашығырақ өңді болады. Әтештерінің төсі қара қоңыр түсті де, мекиендерінің төсі қара нүктелі боз түсті болып келеді. Әтештерінің тұқымдық бастарынан артығын бөліп алып, бордақылап етке сойса, мекиендерін жұмыртқа өндіруге алып қалады. Бөдене жұмыртқаларын ас қорыту жолдарының, басқа жүйелердің ауруларын емдеуде халық медицинасы кеңінен қолданып жүр.

Қүс етін өндіру мақсатында көгершіннің етті тұқымдарын өсір-се де болады. Оларға к и н г және шт рассир тұқымдары жатады. Бұлар қауырсыны ақ түсті, тұлғасы ірі кептерлер. Сақа мекиендерініц тірілей салмағы 600—700 г, әтештерінікі —700— 1100 г. Олардың ара қатынасы 1:1 болуы қажет. Өйткені олар екі-екіден жұптасып қана 6—8 айлықтарында жұмыртқа сала бастайды. Ұзақтығы екі айдан жылына үш мәрте жұмыртқа салып, тез көбейетін құс.



ҚҰС ҚОРАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ КҮТІМІ

Қолда өсіруге балапандарды көбіне көктемде сатып алады. Оларды жаз айларында өсіру жеңіл, қолда бар материалдардан қалқанды қора немесе тіпті төбесі жабылған, шеті қоршалған алаң жасаса да болады. Ал құсты қысы-жазы өсірген жағдайда дұрыстап жеке қора тұрғызған жөн. Құс қорасын кең, жарық, су өткізбейтін, жылы, басқа аң-құс түсе алмайтындай етіп, биік те түзу жерге салады.

Жақсы жылытылып салынған қорада қыс уақытында құсты терең төсеніш үстінде ұстаса, өз жылуын 6—8 градустан төмендетпей ұстайды. Еденнің әрбір саршы метрінде 5 мысыр тауығын, немесе 4 жұмыртқалағыш тауық, немесе 3 етті тауық не үйрек, немесе 1 күркетауық не қаз ұстауға болады. Мысалы 15 етті бағыттағы тауық және 5 мысыр тауығын ұстайтын қора еденінің пайдалы көлемі 6 шаршы метр болуға тиіс (15:3 5:5).

Балапандарды бордақылағанда еденнің әрбір шаршы метріне 15 шөже, немесе 9 аптаға дейінгі 6 қаз балапанын, немесө 8 аптаға дейінгі 8 үйрек балапанын немесе 4 айға дейінгі 4 күркетауық ба-лапанын өсіруге болады. Тұқымға қалдырылған балапандарды өсіргенде бұл көрсеткіштер тығыздығы екі есе азайтылады. Ба-лапандар металдан не агаштан жасалған клеткаларда өсірілсе әр-бір шаршы метрдөгі тыгыздығы, керісінше 3—5 есе артады. Өсірілетін құстың тығыздығы жазда кемітіліп, қыста ұлғайтылады.

228

Бірақ өте тығыз ұсталса, құс шығыны көбейіп, жетілуі тежелеті-нін, жұмыртқалағыштығы мен қауырсын сапасының нашарлайты-нын ескеру қажет. Тығыз. таза ауада серуенсіз ұсталған құстың бір-бірін шоқитынын, өз қауырсынын жұлатынын, мазасыздана-тындығын да ойластыру керек.



Құс қорасын тегіс, құрғақ сәл оңтүстікке, күн көзіне қарай қиғаш, су ағызуға ыңғайлы жерге салады. Ылғалды жерге ұсақ тас төсеп, 15—20 сантиметр биіктетеді. Оның үстін кемірушілер (тышқандар) тесе алмайтындай етіп ұсақталған әйнек қосылған балшықпен сылайды. Сөйтіп үстіне тағы да 10—15 сантиметрдей қалықдықта ұсақ тас төселеді, үсті цементтеледі. Цементті ылғалдылықтан сақтандыру үшін қайнатылған сұйық битуммен жалатып жабады. Осы тәсілмен салынған құс қорасының едені ағаш не жай балшық еденге қарағанда таза да берік келеді. Оның үстінен 40 сантиметрдей биіктікте тор немесе ұзын ағаш кесінділерінен тесіктеліп жасалған еден төсеп, құс саңғырығы одан астыңғы еденге'түсіп жиналатындай етіп ұстауға болады.

Қораға сырттан су енбес үшін қораны қоршап, ені 50 санти-метрдей арық қазады. Арық табанына алдымен ірі, содан соң ор-таша ең үстіне майда тас салып, ңүммен көмеді. Олардан ағып жиналған су арнайы қазылған құдыққа жиналатындай етіп салады.

Қора ағаштан салынса жылуды жақсы сақтау үшін қабырға ені 22—27 сантиметр болуға тиіс. Қабырғаның ішкі жағына фанер қағып, немесе балшықпен сылап тегістейді. Тегіс қабырғалар тазалап, дезинфекциялауға ыңғайлы болады. Қора қабырғаларын, төбесін 20 проценттік әк ерітіндісімен әктейді. Ерітінді дайындау үшін 5 литр суга 1 кг әк және 100 г ас тұзын ерітеді.

Қора төбесін жабу үшін ағаш үгіндісі, екі қабат қара қағаз (рубероид), фанера керек. Жылу сақтату үшін үстінен балшықпен сылауға болады. Қораның жарық болғаны жөн. Өйткені құстардың жұмыртқалау циклі тәуліктегі жарық ұзақтылығына тығыз байланысты. Қора ішін дұрыс сәулелендіру үшін терезелерінің ені еден көлеміне 1:10 ара-қатынаста болуға тиіс. Мысалы, еден көлемі 6 шаршы метр қораның терезелері 0,6 шаршы метр болуға тиіс. Құс бордақылайтын қоралардың онша жарық болмағаны дұрыс. Мұндайда терезелер көлемі екі есе азайтылады.

Құс қорасының алдында көлемі оның жартысындай етіліп, ашық алаң қоршалады. Ол құстардың серуендеп, таза ауа жұтып, күн көзіне шомылуына қажетті серуен алаңы — солярий. Қоршауының биіктігі тауықтар үшін 2,2 м, қаз үшін—1,5 м, үйрек үшін 0,6 м. Ыстық аймақтарда серуен алаңының ортасында суға жүзгіш құстар үшін кеңейтілген арықтар қазады. Сақа үйректер мен марқа баланандар үшін арық көлемі мынандай: кеңдігі 80— 100 см, тереңдігі — 25 см, қаз үшін ені 100 см, тереңдігі — 80 см. Серуен алаңына шыға алатындай етіп қора есігінде тесік ойылады. Тесіктің көлемі тауық, үйрек және мысыр тауығы үшін — 40X40 см, қаз бен үйрек, күркетауықтар үшін — 50X50 см.

229

Үйрек балапандарын жазғытұрым көл жағалауында өсіруге болады. Ыстық күнде және жауын-шашыннан паналау үшін көл-шіктен 15—20 м қашықтықта бастырма тұрғызады. Балдырлы өсімдіктер жетілген 0,5—0,6 метрлік тереңдіктегі көлшіктердің әр шаршы гектарына 150 бас үйрек балапанын бағып өсіреді. Жас үйрек балапандарына кенеттен жауған нөсер қауіпті. Өйткені олар жауыннан тез қашып, қалқан астына жиналудың орнына, тұмсықтарын көкке көтеріп тұрып қалады. Ондай жағдайда бала-пандарды қораға айдап кіргізіп, жылытып кептіреді.

Құс қорасына төсеніш төселетіндіктен күнделікті саңғырық шығару қажет емес. Төсеніштегі биохимиялық процестердің ар-қасында жылу бөлініп, қора ішін жылытады. Қызу мен төсеніштегі қышқыл орта бір қатар жұңпалы індеттерді қоздырғыштарды жояды. Төсеніш ретінде торф, ағаш үгіндісі, сабан, құрғақ ағаш жапырақтары, ірі құм пайдаланылады. Төсеніштің жұмсалу мөл-шері құс түріне байланысты. Тауықтарға 30 сантиметр етіп төсеп, жылына әрқайсысына 8—10 кг төсеніш, ал олардың балапандарына 15—20 сантиметр етіп төселіп 2—3 кг жұмсалады. Күркетауық тарға 30 сантиметрлік төсеніш (30 кг), балапандарына 15 сантиметрлік төсеніш (6 кг), үйректерге 40 сантиметрлік төсеніш (20 кг), балапандарына 8—15 сантиметрлік. төсеніш (3—4 кг), қаздарға 35—45 сантиметрлік төсеніш (40 кг), балапандарына 10—20 сантиметрлік төсеніш (4—5 кг) төселеді. Төсөнішті қораға құс кірерден 5—7 тәулік бұрын төсеп қояды. Ағаш ұнтақтары жабыс-пас үшін алғашқы күндері үстіне сабан жаяды. Бұл, сондай-ақ құстың ағаш үгіндісін жеп қоюына кедергі болады.

Төсеніштің бәрін бірден төсесе де болады. Ңемесе алдымен 5— 7 сантиметр етіп төсеп, ылғалданған Сайын қалыңдатып тұрады. Жазіы маусымда төсеніш қалыңдыгының 10—12 сантиметрден ас-паганы жөн. Төсенішті салар бұрын ңора еденін қайнатылган әк үлпасымен әрбір шаршы метріне 0,5 килограмнан келетіндей етіп жабады. Өсіруге алынған әр балапан тобын осылайша жаңаланған төсеніш үстіне кіргізеді.

Қораға құс енгізер алдында осындай төсеніш ауыстыру сияқты біраз дайындық жұмыстары жүргізіледі. Ең алдымен қора ішін мұқият тазалап, жуып, дезинфекциялайды. Дезинфекциялау алдында қора ішіндегі барлық конструкцияларды — еденді, азықтандыру және суару науаларын, басқа да инвентарьды — кальцийленгенсода ның 1,5—2 проценттік ыстық ерітіндісімен (1 шелек суға 150—200 г сода қосып) немесе креолиннің 2-5 проценттік ерітіндісімен (1 шелек суға 200—500 г креолин құйып) тазартып жуады. Таза креолинді скипидар немесе пайдаланылған машина майына қосып, құс қонақтайтын тұғыр ағаштарды, жұмыртқалайтын ұяларын, тесіктерін кене мен басқа паразиттерге қарсы өңдеу үшін қолданады.

Азық, науаларын, тұғыр ағаш, құс ұяларын күл ерітіндісімен де өңдеуге болады. Ол үшін 5 л суга 1 кг ағаш күлін салып қайнатып үстіне осынша су қосып дайындайды. Ұсақ ағаш заттарды



230

ыстық ерітіндіге батырып, дезинфекциялайды. Металл ыдыстарды сыртқа шығарып, от жалынына қақтап, содан кейін дезинфек-циялаушы ерітіндімен жуып өңдейді. Дезинфекцияланған қораны 3 сағат жауып қояды да, содан кейін ашып желдетеді. Балапандарды қораға қамаудан 2—3 тәулік бұрын оны дұрыстап жылытып, құрғатады.

Қора ішіндегі құстарды азықтандыратын науалар, суаратын астаулардың, жұмыртқалайтын ұялардың, тұғыр ағаштардың мықты да жеңіл, тез тазаланып, жуып дезинфекциялауға ыңғайлы болулары қажет. Азықтандыру типіне байланысты (құрғақ, ылғалды типтер) оларды салатын науалар құрылысы да әр түрлі болып келеді. Егер азық құрғақ түрінде берілсе ағаштан, ал ылғалдандырылып берілсе металдан жасалған науаларға салған жөн. Бөлек ағаш науаларға қажетті мөлшерде ұсақ тас не ірі құм бор, ұлу қабығының ұнтағын салып қояды. Үйрек, тауық, мысыр тауығы үшін бұл науаларды 15—20 сантиметр биіктікке, қаз үшін 50 сантиметр биіктікке бекітеді. Құрғақ азық салынатын науаларға жемнің тек тәуліктік мөлшері ғана сыюы қажет. ұл олардың жемді тым көп шашып шығындауына жол бермейді. Азықты тым қомағайлана жұтып, көп шашатын үйректер. Олардың науаларын азықпен тым толтырмаған жөн.

Қорада ұсталған әрбір құсқа науаның мынандай ұзындығы тиюге тиіс: тауықтарға 8—16 см, шөжелерге 2—8 см, күркетауықтарға 8—20 см, балапандарына 3—8 см; қаздарға —8—20 см, балапандарына 4—8 см, үйректерге 6—15 см, балапандарына — 3—5 см,'мысыр тауықтарына—6—12 см, балапандарына 2—6 см, бөденелерге —1,5—3 см, балапандарына 1—2 см. Науа ұзындығының аз мөлшері (алдыңғы сан) құрғақ азық, ал көп мөлшері (кейінгі сан) ылғалды азық салынғанда есептеледі.

Кұс азықтары, әсіресе оларға арнаулы шығарылатын құрама жем протеинге бай келеді де, ылғалданған жағдайда тез бұзылады. Осыны ескере отырып ылғалданған азықты тез арада желінетін мөлшерде ғана дер кезінде дайындап берген жөн. Металл науалар әдеттег мырыш жалатылып дайындалады. Соган орай ыл-ралды азықтардан тотығып, іш ауруларын туғызуы мүмкін. Сондықтан да оларды күнделікті мұқият тазартып, жуып күнге келтіріп тұрған дұрыс. Азық қалдықтарын келесі күнге қалдыруға болмайды.

Құс суаратын астаулар қора ішіне орнатылады. Құстың қай түрі болмасын суды көп ішеді. Тіршілігінің алғашқы 2—3 аптасында балапандар жеген азығынан екі есе көп мөлшерде су ішеді. Орта есеппен алғанда тірілей салмағының әрбір килограмына тәулігіне 200—250 мл су жұмсайды. Сондықтан да қора ішіндегі суар-ғыштарда яғни астауларда әрдайым таза су болуы қажет.

Құстардың руға деген тәуліктік мұқтаждығы бір жағынан азық құрамының құрғақтығына байланысты келсе, екінші жағынан қора ішіндегі температураға байланысты. Неғұрлым құрғақ азық жегізіп, ыстық қорада ұстасақ, соғұрлым суға деген мұқтаж-

231

дық жоғарылайды. Ауа температурасы 12—18 градус аралығында әрбір тауыкқа тәулігіне 250—300 мл, күркетауыққа —500— 600 мл, үйрекке 600—750 мл, қазға —1000 мл су қажет. Қыста да құсқа қар қаптырмай сумен қажетті мөлшерде қамтамасыз ету керек.

Құсты іш ауруларынан сақтандыру үшін аптасына екі рет мы-рыш жалатылмаған суарғыштарына калий перманганатының ашық қызғылт ерітіндісін құйып ішкізуге болады, Ерітіндіні таңертең құйып, жарты сағат өткен соң төгіп, орнына таза су толтырады. Ластанбас үшін суарғыштардың үстіңгі деңгейі құс арқасының биіктігіндей болганы дұрыс. Оларға құс қажет уақытында кедергісіз келе алатындай етіп орналастырады. Норма бойынша әр тауыққа суарғыштың ұзындығынан 2 см, шөжелеріне 1—2 см, күркетауықтарға 4 см, балапандарына 1,3—2 см, үйректерге — 4 см, балапандарына 1,5—2 см, қаздарға 4 см, балапандарына 1,5— 3 см, мысыр тауығына 2 см, балапандарына 1 см, бөденелерге 2 см, балапандарына 0,5 см тиетіндей етіп есептейді.

Тұғыр ағаштарын тауық, күркетауық және мысыр тауығын ұстайтын қораларға орнатады. Оларды төрт бұрыштап жонылған түзу ағаштардан жасайды да, құс қорасының ең жылы жағына, терезелерден алыс орнатады, Ағаштың жуандығы тауық пен мысыр тауықтары үшін 4x5 см, балапандары үшін 4x5 см, күркетауықтар үшін 7X7 см, балапандары үшін 5X7 см, Тұғыр ағашының ұзындығынан тауық пен мысыр тауықтарына 15—20 см, ал етті бағыттағы тауықтарға 20—25 см, балапандарына 12— 15 см, күркетауықтарға 35—40 см, балапандарына 25—30 см келуі тиіс.

Қора ішінде тұғыр ағаштарды тауықтар үшін 25—30 сантиметрдей алшақтатып 90 сантиметрлік биіктікке, етті бағыттағы тауықтар үшін 30—35 сантиметр етіп 60 сантиметр биіктікке, балапаңдар — үшін арасын 20 сантиметр етіп 30—35 сантиметр биіктікке, күркетауықтар үшін арасын 60 сантиметр етіп 80—90 сантиметр биіктікке, балапандары үшін 50 сантиметр етіп 40—50 сантиметр биіктікке, мысық тауықтары үшін арасын 25—30 сантиметр етіп 50 сантиметр біиіктікке орнатады. Ағаштарды бірінің үстіне бірін сатылап қондыруға болмайды. Өйткені үстіңгі құстардың саңғырығы астында қонақтаған құстарды ластайды.

Тұғыр ағаштарын шығарып тазалауға ыңғайлы болу үшін құ-растырылмалы етіп жасауға болады. Астынан құс саңғырығын жеңіл жинап тұру үшін арнайы жинағыш тақтай орнатылады. Қораға қамалатын құстардың бәріне де қонақтайтын орын жеткілікті болуға тиіс.

Қора ішінде құс жұмыртқалайтын ұялар жасайды. Оларды құс тез шығатын, қара көлеңкелеу бұрышына орнатады. Мекиендерді соларда жүмыртқалауға үйретеді. Әр жұмыртқалағанында мекиен ұяда орта есеппен 90 минуттай болатынын ескеріп, барлық мекиендерге жететіндей ұя салады. Ұяны тауық пен үйректерге ені 0,3 м, тереңдігі 0,4 м, биіктігі 0,3 м етіп, қаз бен күркетауық-

232

тарға 0,4X0, 6X0,5 м етіп салады. Қорадағы әр 5—6 тауық, 4—7 күркетауық, 3—4 үйрек, 2—3 қаз мекиеніне осындай бір ұядан келуі керек. Тауық ұяларын еденнен 0,6—0,8 м биіктікке орнатады. Астындағы еденге құс аунап тұратын таза күл салып қойса болады. Жұмыртқалағыш тауықтарға ұяны 2—3 қатарлы, ал етті-жұмыртқалы тауықтарға 1—2 қатарлы етіп салады. Қаз бен үйрек ұяларын еденге жасайды.

Ұя түбіне таза жұмсақ сабан төсеп, оны ластанған уақытта ауыстырып тұрады. Ұяда қонақтап ластамас үшін кірер тесіктерін түнге қарай жауып қояды. Жұмыртқа құс астында қалып жарылмас үшін ұялардың түбін 7—10 градустай қиғаштата салады. Сонда туылған жұмыртқа өздігінен домалап, • арнайы дайындалған жинағыштарға түседі.

Жер жетіспеген жағдайда құсты арнайы клеткаларда өсіруге болады. Құс ұстау үшін өндіріс металдан жасалған КБИ және КНИ маркалы клеткалар шығарады. КБИ клеткаларында жұ-мыртқалағыш тауықтардың 180 балапанын немесе 40—50 етті ба-лапандар — бройлер өсіруге, ал КНИ клеткаларында 20 мекиен өсіруге болады. Оның 4 бөлімінің әрқайсысына 5 тауықтан орна-ластырады. Клеткадағы құстың азықтандырылуы, суаруы және күтімі едәуір жеңілдей түседі. Қалалық үйлерде 20x30 сантиметр етіп жасалған клеткаларда 5—6 бөдене өсіруге болады. Тәуліктік бөдене балапандарының суыққа өте төзімсіз екенін ескеріп, оларды өсіретін бөлмеде температура 27—28 градустан, ал 30 күндігінде 20—25 градустан төмендемеуін қадағалайды.

Құс денесін биттен, қауырсын жегіш түрлі паразиттерден таза сақтау үшін күлге аунатып тұру керек. Күлді 18 сантиметрлік биіктікте ағаш тақтайлардан жасалған жәшіктерге салып қояды. Оның ұзындығы 120—130, ал кеңдігі 70 сантиметр болуға тиіс. Оған салынатын құрғақ ағаш күліне сол мөлшерде ұсақ құм және майда топырақ қосады.

Қорада өсірілетін құстың денсаулығы, өсіп-жетіліп, өнім беру қабілеттілігі қора ішінің микроклиматына тығыз байланысты да тәуелді болып келеді. Микроклимат көрсеткіштеріне бөлме ішіндегі жылулық деңгейі, жарықтығы, ылғалдылығы, ауа алма-суы жатады.

Бөлме температурасы өсірілетін құстың жасына байланысты өзгертіледі. 1 тәуліктен 2 тәулікке дейінгі балапандар үшін 21 градус, 21 тәуліктен 49 тәулікке дейінгі балапандарға 16 градус маңайында болып, сақа құстар үшін 8 градустан төмен болмауға тиіс. Қора ішінің салқын болуы құс энергиясының денені жылытуға кебірек жұмсалуына мәжбүр етіп, өнімділігін төмендетеді. Сондай-ақ нормадан тыс тым ыстықта да құстың азықтану деңгейі төмендеп, жұмыртқалағыштығы күрт кемиді. Салған жұмыртқалары ұсақ, қабығы жарылғыш келеді. Ал 38—40 градус ыстықта екі сағаттан кейін-ақ құс шығынға ұшырайды. Тауық, пен күркетауыңтың өнімділігі үшін 12—16 градус, үйрек пен қаз үшін 7—14 градус пайдалы. Үйрек пен қаз балапандарын алғаш-

233

қы айда 22—20 градус жылылықта өсіріп, 31—60 күндігінде біртіндеп 14 градусқа, ал 55—150 күндіктерінде 7 градусқа дейін температураны төмендетуге болатын болса, тауық пен күркета-уықтар балапандарын алғашқы 1—4 күндігінде 22 градус жылы-лықта, 5—20 күндігінде 20—16 градус жылылықта, 21—30 күн-дігінде 14—12 градус жылылықта өсіру қажет.

Бөлме ішіндегі температура құсқа жайлы, жайлы емес екенін олардың кәдімгі жүріс-тұрысынан байқауға болады. Жайлы тем-пературада құс көп қозғалады, жақсы азықтаньш, суды жақсы ішеді. Қораның барлық түкпірінде еркін жүреді. Суық болған жағдайда құс қауырсынын күдірейтіп, көп қимылдамай, қораның жылы түкпірінде тығылып, бірін-бірі басып, жаншып тастауы мүмкін. Керісінше бөлме іші тым ыстық, аптап болса құс тұмсығын ашып, жиі тыныс алады, азыққа жоламай, көп су ішіп, қанаттарын жайып мазасызданады.

Құс организмінің сыртқы ортаға жылу шығару деңгейі бөлме ауасының ылғалдылығына тығыз байланысты. Құрғақ ауада тер тез құрғап, жылу алмасуы жеделдейді. Бірақ ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 50 проценттен төмен болса тыныс жолдарының, көздің кілегей қабығын кептіріп, қауырсынын сынғыш етеді. Организмге бөлме ауасының ылралдылығы 60—70 процент болса жайлы тиеді. 70 процөнттөн жоғары ыдралдылықта бөлменің қа-бырғасы мен төбесі суланып, көгереді. Қора ішіндегі қажетті ыл-галдылықты сақтау үшін ауасын сыртқы ортамен қажетті мөлшерде алмастырып тұратын желдеткіш жүйесін құрастырады. Желдету арқылы бөлме ауасының ылғалдылығы ғана емес, құрамы да дұрыс сақталады. Шамадан тыс бөлінген жылу, ылғалдылық, зиянды газдар дер кезінде сыртқа шығарылып тұрады.

Құс организміне биологиялық әсер ететін факторлар — тәуліктегі жарық уақыттың ұзақтығы. Сондықтан құс қорасының жа-рықтығына мұқият көңіл бөлу қажет. Қора ішінде жеткілікті жарық бөлу үшін табиғи жарықпен (күн сәулесі) қатар қолдан қосымша жасанды жарық енгізу керек.

Қосымша жарық көзі ретінде люминиценттік немесе электр шамдарын қолданады. Қора аумағының әр 6 шаршы метріне 6 ваттан келетіндей етіп қуаттылығы 40—60 ватт шамдар қондырады. Еденнен 2 м биіктікке ілінген шамдар әрбір шаршы метрді қажетті 20 люкс жарықтығымен қамтамасыз етеді (60 вт:6 м2) X Х2). Бөлменің жарықтығы жеткіліксіз болса (5 люкстен төмен) іштегі құс су ішуді, азық жеуді азайтьш, соның салдарынан жұ-мыртқалағыштығы мен салмақ қосуын төмендетеді. Тым жарықта (25 люкстен жоғары) құс бір-бірінің айдарын шоқып, канниба-лизмге душар болады. Осыларды ескере отырып құс ұстайтын бөлмелердің жарықтығы нормаға сай, организмге жайлы деңгейде болуын қатаң қадағалау қажет. Ондай жағдай тауық жәнө күрке-тауық балапандары үшін алғашқы аптада 30—50 люкс болса, ке-йінгі апталарда 20—25 люкске дейін төмендетіледі. Ет үшін өсі-рілетін балапандарға 5 люкстен аспағаны жөн. Өйткені қараң-



234

1. Құсқа қажетті жарық режимі

ғыланған бөлмеде зат алмасу барысы тежеліп, олар аз азық жұмсап-ақ көп салмақ қосады.

Осыдан құс қорасының жарықтығы онда өсірілетін құс түріне, жасына, өнім бағыттылығына байланысты екендегін аңғрамыз. Осыны ескере отырып және жыл мезгіліндегі тәуліктің жарық мерзімін пайдалана отырып, түрлі ңұсқа қажетті жарық режимін сақтайды (1-таблица)

Міне, құс шамасына байланысты оларды ұстайтын қора жа-рықтығын осылайша өзгертіп отырады. Мұндағы ескеретін жалпы заңдылық — тәуліктен бастап жарық мерзімін біртіндеп қысқарта келе, құс жұмыртқалай бастағанда қайтадан ұзартады.

Тәуліктегі жарық мерзімі құстың жетіліп-толысуына қатты әсер ететінін ескеріп, жарықты қажетті кезеңде қосымша жасанды жарық қондырғыларын құрып ұзартып, ал керек жағдайда құс бөлмелерінің сәуле түсетін терезелерін қалқалап қысқартып жүйеге келтіреді. Өйткені қажеттен тыс жарық балапандардың жыныстық жағынан жетілуін тездетеді. Оны тежей тұрган дұрыс. Сонда ғана толық құнды ірі салмақты жұмыртқалар табады. Жарық режимі балапандардың жыныстық, жетілуін біршама тежегенмен, тез өсіп-жетілуін, қауырсын ауыстыруын жеделдетеді.

Жұмыртқадан жаңа шыққан балапанды тәулік бойы жарықта ұстағанда, олардың жұмыртқадан шыққаннан кейінгі қорегі 48 сағатқа жететіндігін ескеріп, 16 сағаттан соң азықтандыра бастау керек.

Жұмыртқалағыш тауықтардың жарық режимін 5 айлықтары-

235

 

 



нан бастап әр апта сайын жарты сағатқа ұзарта келе 17 сағатқа созады. Етті тауықтарға 6 айлықтарынан бастап екі апта сайын жарты сағатқа ұзарта келе 18 сағатқа жеткізеді. Жұмыртқалауын тоқтатқанда осы режимді сақтайды.

Күркетауықтарды 4 айлығынан бастап 7 айлығына дейін сағаттық,, ал 7 айлығынан кейін 14 сағаттық жарық режиміне жет- кізіп, жұмыртқалауының аяғына дейін бұл мерзімді 17 сағатқа! дейін созады. Үйректерді 6 айлықтарынан бастап 10 айлығына дейін әр апта сайын жарық мерзімін жарты сағатқа ұзарта отырып 6 сағаттық жарыңтыққа үйретеді. Қаздардың жарық режимін жұмыртқалай бастағаннан бастап 7 сағаттан 14 сағатқа жеткізеді.

Мысыр тауықтарының жарық режимі етті тауықтар, режиміндей болады. Ет үшін өсіретін балапандарға тәулігіне 16 сағаттық жарық жеткілікті. Олар тез өсіп, салмақтарын жақсы қосады.

ӨСІРУГЕ ҚАЖЕТТІ ҚҰСТЫ ТАҢДАУ

Үйді жыл бойы құс етімен қамтамасыз ету үшін сақа құс ұс-тамай-ақ балапандарды жылына үш рет сатып алып, 60—90 күн ішінде өсіріп-жетілдіріп союға болады. Жас құстың оған жұмсалған азық шығынын алынган өніммен ңайтару қабілеті сақа қүс-тан жоғары. Ал ондай мүмкіншілік болмаған жағдайда сақа құстарды жұмыртқалатып, жұмыртқасынан балапандар шығарып өсіреді. Сондыңтан қолда өсірілетін құсты ұстау мерзімі ең алдымен жұмыртқалағыш көрсеткіштеріне байланысты келеді. 2-таблицада үй құстарының жасына байланысты жұмыртқалағыштығы келтірілген.

Міне, жүмыртқалағыштығының жасына байланысты өзгеруіне қарай жұмыртқалағыш тұқымды тауықтарды 12 ай, етті тұқымды тауықтарды 8 ай, үйректерді 6—8 ай, күркетауықтарды 6—7 ай, мысыр тауықтарын 5 ай, бөденелерді 8 апта, қаздарды 2—3 жыл ұстаған пайдалы. Көп құстардың жұмыртқалағыштығы бірінші жылдары жоғары болғанымен, жұмыртқадан балапан шығу про-центі екінші жылда жоғары болады. Сондай-ақ, шайқауға салынған жұмыртқадан балапан шығу деңгейі мекиендердің дер кезінде ұрықтанып тұруына тікелей байланысты. Шайқалуға салынатын жұмыртқалар жақсы үрықтану үшін әр 10 тауыққа, 5 үйрекке, 3—4 қазға, 15 күркетауыққа, 4—6 мысыр тауығына, 2 бөдене мекиеніне бір қораз (әтеш) қосылуы қажет. Күркетауық мекиенінің саны қораз жасы ұлгайған сайын кемітіледі. Егер шаруашылықта жүмыртқалар шайқалмай, тек тағамға жұмсалып, балапандар сатып алынатын болса қораз ұстаудың қажеті жоқ. Олар мекиендер жұмыртқалағыштығына әсер етпейді.

Күзде, кәрі құс бордақыланып сойылады да, орнына басқалары қалдырылады, Алдымен ерте көктемде шырарылған балапандарды таңдайды. Тұқымға қалдырылатын құс шамасы жұмыртқа-



236

2. Құс жүмыртқалағыштыгының жасына байланысты өзгеруі

 

 



лағыш тауықтар үшін —5 ай, етті тауықтар үшін —6 ай, үйректер үшін —6—6,5 ай, күркетауықтар үшін —7—8 ай, қаз үшін —9 ай, мысыр тауығы үшін—7 ай,-бөденелер үшін—1,5 ай болуға тиіс.

Тұқымға қалдырылатын құсты таңдағанда сырт пішінін тексеріп, тұлғасында кемшіліктер болмауын қадағалайды. Түмсығы қисық, қанаты сынған, саусақтары, кеуде сүйегі майысқан құсты қалдырмайды. Сырт пішін, түр-тұлгасы дұрыс қүс ішінде алдымен тірілей салмағы ауырларын таңдайды. Әлгінде айтылған таңдау мерзімінде жұмыртқалағыш тауықтардың тірілей салмағы 1,4 кг, қораздардікі — 1,7—1,9 кг, етті тауықтардікі — 2,6 кг, қо-раздарынікі.— 3,8 кг, пекин үйректерінікі 2,3—2,7 кг, ірі боз қаздар мекиендерінікі — 5 кг, ата қаздарынікі —7 кг, қытай қазы ме-киендерінікі 4 кг, ата қаздарынікі 5,5 кг, ауыр салмақты күрке-тауықтарынікі —4 кг, қораздарынікі —5,5 кг, ауыр салмақты күркетауық тұқымдарының мекиендерінікі —5,3 кг, қораздарынікі —9 килограмнан аз болмауға тиіс.

Тұқымға алып қалынатын құстың жұмыртқаларына байқататын белгілері мыналар: мекиендер айдарының үлкендігі, қатты боялуы, қарнының аумақтылығы, жүмсақтығы, жамбас сүйектерінің алшақтығы, ауыстырылған қауырсын саны. Құс көзі қабырының, тұмсығының, сирағының боялуы, қауырсынының сақталуы олардың организміндегі витаминдер алмасуының көрсеткіші болып табылады. Жұмыртңалагаш тауьщтардың ңабыгы жетіл-меген, түмсық н\ағында қауырсыны аз болады.

Жұмыртқалағыш мекиендер шалт қимылдайды. Тез азықтанады. Денелері ұзын да кең болып келеді. Кеудөлері терең де кең, сирақтары мықты, жерді ның басады. Құрсақтары аумақты, жұмсақ. Жамбас сүйектерінің аралығы ересек адамның үш саусағы сиятындай, яғни 5—6 см болу керек. Екі-ақ саусақ (3—4 см) сыйса мекиен жүмыртқалағыштырының нашар болғаны.

Құс жүмыртқалағыштығын 3-таблицада келтірілген орташа айлық көрсеткіштермен салыстыра отырып та бағалайды.



237

Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет