АҚША, несие, банктер



бет1/22
Дата25.12.2016
өлшемі7,54 Mb.
түріОқулық
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
КАЗАҚСТАН РЕСІІУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ

ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Т. РЫСҚҰЛОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК

БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫ

 

 

 



АҚША, НЕСИЕ, БАНКТЕР

Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор ҚР

ҰҒА-ның

корреспондент- мүшесі,



Ғ. С. Сейіткасымов

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі,



ҚР жоғары экононикалык оқу орындары мен бизнес мектебі

тыңдаушылары үшіи оқулық ретінде ұсынған

 

 



 

АЛМАТЫ


ЭКОНОМИКА

2001


 

ББК 65.9 (Каз) 26

А 37


Ақша, несие, банктер: Оқулық /Жалпы редакциясын басқарған Ғ. С. Сейітқасымов. — Алматы: Экономика, 2001. - 466 бет.

Оқулықта ақша теориясы, несие, бағалы қағаздар рыногы, инфляция (құнсыздану) мәселелері алға тартылады. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының нарықтық қарым-қатыңастарға көшу жағдайларында қаржылык-несиелік институттардың рөлі мен алатын орны қарастырылған. Оқулықтың жаңалығы - мұнда келтірілген материалдардың АҚШ, Батыс Еуропа және Ресей Федерациясы елдеріндегі ақша-кредитгік және валюталық қатынастарды ұйымдастыру принциптерімен салыстырмалы талдауга негізделуінде.

Оқулық оқытушыларға, аспиранттарға және жоғары оку орындарының студенттеріне сондай-ақ қаржы жәңе банк жүйелерінің практикалық қызметкерлеріне арналған.

Пікір жазғандар: профессор Қ. Қ. Ілясов э.ғ.к.,

доценг Ж. Е. Шымшықов, э.ғ.к., доценг Д. М. Мәжитов.



Оқулықты қазақ тіліне аударған авторлар ұжымы:

э.ғ.д., профессор ҚР корр.-мүшесі Ғ. С. Сейіткасымов, э.ғ.к., аға оқытушы С. Б. Мақыш, аға оқытушылар: Д. Т. Бохаев, М. О. Алтаева.



ББК 65.9(Каз) 26

МАЗМ¥НЫ

Кіріспе

I тарау. Ақшанын мәні жэне қызметтері

§1. Ақшаның шығу тегі

§2. Ақшаның қажеттілігі мен экономикалық

мәні
§3. Ақша қызметтері және олардың қазіргі

жағдайдағы дамуы
II тарау. Ақша айналысы жэне ақша жүйесі

§1. Ақша айналысының сипаттамасы
§2. Ақшаның металдық теориясы және металл ақша айналысы

§3. Ақшаның номиналистік теориясы және қағаз ақшалар, олардың айналыс зандылықтары

§4. Несие ақшалар

§5. Ақшаның сандық теориясы және айналыстағы ақша қаражаттарының құрылымы

§6. Ақша жүйесі жөнінде түсінік, оның элементтері мен негізгі типтері

§7. Инфляция, оның Қазақстандағы

ерекшеліктері
Ш тарау. Қазақстандағы ақша реформалары

§1. 1922-1924 жж. Ақша реформалары
§2. 1947жылғы ақша реформасы

§3. Рубль бағамының жоғарылауы және оны

1950 жылы алтын базасына өткізу
§4. 1961 жылғы деноминация

§5. Қазақстан Республикасындағы 1993 жылғы ақша реформасы

IV тарау. Несиенің мәні және функциялары

§1. Несиенің мәні және қажетгілігі
§2. Несиенің құрылымы

§3. Несиенің формалары және түрлері

§4. Несиенің функциялары

§5. Қарыз пайызының экономикалық мәні

§6. Несиелік ресурстар және олардың қалып-

тасу кездері
V тарау. Несие жүйесі

§1. Несие жүйесінің ұғымы және оның құрылымы
§2. Несиелік мекемелердің түрлері

§3. Қазақстан Республикасындағы банктік емес қаржы институттары

§4. Несиелік жүйені құру принциптері

§5. Әлемдегі несие жүйесі дамуының қазіргі

тенденциялары
VI тарау. Қазақстанның банк жүйесі

§1. Қазақстандағы банктік жүйенің даму

тарихы
§2. Банктердің нарықтық экономикадағы

ролі
§3. Қазақстандағы 1991 ж. бергі банктік

реформа
§4. Банктік қызметті ұйымдастырудың негізі

§5. Банктік қызметті бақылау мен қадағалау

§6. Банк қызметіндегі тәуекелдік

§7. Банк ісіндегі бәсеке

VII тарау. Ұлттық банк - Қазақстан Республикасының Орталық банкі

§1. Ұлттық банкі, оның мақсаттары, міндеттері мен қызметінің бағыттары, меншікті қаражаттары мен пайдасы
§2. Ұлттық банктің құрылымы мен басқару

органдары
§3. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің функциялары мен операциялары

§4. Шетелдік тәжірибедегі орталық банктерді ұйымдастыру және басқару ерекшеліктері

VIII тарау. Коммерциялық банктер

§1. Коммерциялық банктер қаржы делдалдары ретінде
§2. Коммерциялық банктің ұйымдастыру құрылымы

§3. Коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары

IX тарау. Бағалы қағаздар нарығы және қор биржа лары

§1. Қазақстандағы акционерлік қоғамдардың

құрылуы
§2. Бағалы қағаздар және олардың түрлері

§3. Опциондар мен фьючерстер

§4. Бағалы қағаздар нарығын реттеу

§5. Қор биржалары

X тарау. Халықаралық валюталық қатынастар §1. Валюталық жүйелер және валюталық қаты-

настардың ұғымы
§2. Валюталық нарықтар

§3. Валюталық бағам және валюталық

“қоржын”

XI тарау. Халықаралық несиелік есеп айырысу қаты-

настары

§1. Халықаралық несиенің формалары
§2. Халықаралық несиенің шарттары

§3. Төлем және есеп айырысу әдістері

XII тарау. Халықаралық валюта-несиелік

институттары

§1. Халықаралық валюталық қор
§2. Дүниежүзілік банк

§3. Еуропа қайта құру және даму банкісі

§4. Азия даму банкі

§5. Ислам даму банкі

3

КІРІСПЕ



"Ақша, несие, банктер" курсы жоғары және орта экономикалық оқу орындары студентерінің ақша, несие және банктер туралы теориялық білімін қалыптас-тыратын базалық пән.

Аталмыш пән - ақша және несие, ақша айналымы, ақша және несие жүйесін қарастырады. Онда ақша және несиенің теориялық мәселелері, олардың нарықтық қатынастар жағдайында қызмет етуінің заңдылықтары мен ағымы, сондай-ақ экономиканың нарықтық тұрғыдан түрлеңдірілуіндегі қаржы-несие институттарының рөлі мен алатын орны, Қазақстандағы банктік реформалар, банктің қызметі мен операцияларының жаңа жағдайда өзгеруі, халықаралық валюталық-несиелік қатынастар, биржа ісі, т.б. қамтылады.

Оқулықтағы бұл мәселелердің барлығы бүгінгі таңдағы ел экономикасын әлемдік экономиканың бір бөлігі ретінде қалыптастыруға бетбұрыс жасаған - қоғам өмірі мен экономика саласында өтіп жатқан жаңа саяси экономикалық қарым-қатынастар жағдайындағы өзгерістер тұрғысынан жанжақты қарастырылады.

Қазіргі Қазақстан экономикасы, соның ішінде несие-ақша және қаржы шаруашылығы: ақша-несие жүйесін рефор-малау; қатаң инфляция жағдайында бізде бұрын-соңды болмаған жаңа акша-несие қатынастары; несие-қаржы институттарының жаңа түрлерінің пайда болуы; нарық экономикасымен және меншіктің көп түрлі формасына бейімделген екі буынды банктік жүйенің қалыптасуы; жоғары дәрежеде монополияланған мемлекеттік банктік қүрылымдардың әкімшілік-әміршілдік басқару жүйесінен - пайда табуға, коммерциялық жетістіктерге қол жеткізуге бағытталған жеке және үжымдық меншікке негізделген несиелік мекемелерге өту тәрізді бірқатар маңызды өзгерістерді жүзеге асыруда.

Бүл жағдайда отандық және шетелдік банктік тәжірибеңі салыстырудың өзіндік мәні зор. Қазақстан Республикасында экономикалық реформаларды іске асыру үшін нарық экономикасы дамыған елдерде жинақтал-ған ақша-несие қатынастары мен

4

банк ісінің даму тәжірибелерін қолдану қажет. Экономи-калық жағдайлардың өзара салыстыруға келмейтіндігі себепті банктік технологиялар мен акша-несие саясаты-ның әдістерін көз жұма отырып, қаз-қалпында көшіріп алу мүмкін емес.

Сондықтан аталған курстағы барлық материалдын шетел тәжірибесін ескере отырып берілуі - студенттерге экономикалық категориялардың нақты өміріміз бен шаруашылық тәжірибемізде қолдануға қаншалықты сәйкес келетінін өз бетінше теориялық тұрғыдан ой елегінен өткізіп барып талдап-түсінулеріне мүмкіндік тудырады.

Банк секторының ішіндегі барлык қатынастар жүйесі, Орталық банк тарапынан басқару мен бақылаудың, банктердің өзара және олардың клиенттерімен арадағы қатынас орнату қағидаларының сипаты, т.б. түбірімен өзгеруі тиіс. Банкир психологиясын өзгертудің кезі келді; ендігі жерде -білім-білігі жоғары деңгейдегі, ойшыл да ынталы, касаң қағидаларға иліге қоймайтын, бәрін өлшеп-пішіп барып тәуекелге баратын жаңа банк қызметкерін тәрбиелеу қажет.

Жаңа банктік механизмді кұру өркениетті елдерде қабылданған нарықтық қаржылық құрылымдардың көп жылдық тәжірибелеріне сүйенетін коммерциялық банктердің қызметтерін қалпына келтіруді талап етеді. Сондықтан да шаруашылықтың әр түрлі жағдайында бейімділігі мен тиімділігін әлдеқашан байқаған әрі қатаң бәсекелік күресте ұзақ тарихи таңдаудың жемісі болып табылатын: ақша қаражаттарын жұмылдыру, несиелеу және есеп айырысу түрлеріне қатысты шетелдік тәжірибелерді зерттеудің маңызы аса зор.

Ақша және несие теориясы бір орталықтан жоспарлау жүйесінен - нарықтық қатынастарға өту кезеңіндегі ақша айналымы және несиелеуді үйымдастыру тәжірибелерімен тығыз байланысты. Ақша және несиенің өзіндік ерекше белгілерін, олардьщ қоғам мен экономиканы қайта құрудағы рөлі мен қызметің, сондай-ақ басқа да экономи-калық категориялармен өзара әрекетін танып білудің өзі қаржы-несие мекемелерінің ақша-несие саясаттарының ғылыми негізін анықтайды. .

Окулықтың төрт тарауы республикамыздағы несие жүйесінің институтционалдық құрылымына, Ұлттық

5

банк пен коммерциялық банктердің мәні мен атқаратын қызметтеріне және операцияларына, банк жүйесінің жоғары және төменгі буын арасындағы өзара қарым-қатынастарына, сондай-ақ Қазақстандағы банк реформасына, Ұлттық банктің ақша-несие саясаты мен коммерциялық банктердің қызметін реттеуге, т.б. арналған. Бұған коса, Қазақстан экономикасының нарыққа өту кезеңіндегі экономикалық реформаны жүргізудегі банктердің жаңа рөлі де қарастырылады.



Кітапта АҚШ және Батыс Еуропа елдеріндегі дамыған

несие-қаржы институттары торабының тарам-дануы мен қаржы нарықтарының қызмет ету жағдайындағы банктік жүйелерді үйымдастыру және базалық принциптері баяндалады. Қазіргі коммерциялық банктің аспектілеріне, тәжірибелік қызметіне, дәстүрлі және жаңа банктік қызмет көрсету әдістеріне де едәуір көңіл бөлінген. Бүгінгі таңда АҚШ банк ісін ұйымдастырудың ең жаңа әдістерін, жаңа өнімдерді

шығару және банктердің активі мен пассивін тиімді басқару әдістерін енгізу жағынан жетекші елдердің қатарыңда келеді.

Сол себепті оқулықта АҚШ, Ұлыбритания және Германия-ның банктік тәжірибелерінен алынған мысалдар көптеп келтірілген.

Пәннің сұрақтары абстрактылықтан - нақтылыққа өту жолымен беріледі, бұл өз кезегінде экономикалық катего-риялардың мәнін жүйелі түрде зерделеуді қамтамасыз ете отырып, олардың біртұтастығы мен әрбір элемент-терінің өзара байланыстылығын көрсетуге мүмкіндік береді. Мүндай көз-қарас теориялық оқу материалдарын нақты өмірден және шаруашылық тәжірибелерінен қол үзбей оқып-үйренуге мол мүмкіндік береді.

Оқу курсының міндеті - ақша және несие теориясы, несиелеу және акща айналысының негізі, акща және несие жүйелері, халықаралық несие-есеп айырысу мен валюта қатынастары, т.б. бойынша студентке жалпы білім беру.

Ақша және несие туралы ғылым - базалық пәнге жатады, ал оның негізінде қолданбалы экономикалық пәндер қалыптасады.

"Ақша, несие, банктер" теориялық пәні "Банк ісі", "Ақша-несиелік реттеу", "Банктегі есеп және есептілік" ақша және несиелік қатынастарды ұйымдастыруды, яғни

6

жоғары және арнайы орта оқу орындарының студент-теріңе "Қаржы және несие" мамандығы бойынша білім беретін окулық ретіиде үсынған.



Оқулық Қазақ мемлекеттік басқару академиясының "Банк ісі" кафедрасының ұжымы жэне экономика гылым-дарының докторы, профессор Ғ.С. Сейітқасымовтың жетекшілігімен әрі жалпы редакциясын басқарумен дайындалған.

Оқулық материалдарын: э.ғ.д.,профессор, ҚР ҰҒА-ның корр-мүшесі Сейітқасымов Ғ.С., кіріспе - V, VI, VII, VIII, XII тараулар (§ 2,3,4,5); э.ғ.д.,профессор Хамитов Н.Н. - XI тарау; э.ғ.к., доцент Воронииа М.Н. - I, III; э.ғ.к., доцент Маргацкая Г.С. - X тарау; э.ғ.к. Жамишев Б.Б. - VI тарау (§3), VII (§3) Ғ.С.Сейітқасымовпен бірге; II тарау (§5) Г.САбдукаимовамен бірге; э.ғ.к., доцент Абдрахманова Г.А.- IV тарау (§2); э.ғ.к., доцент Ілясов А.А. - IX тарау (§1, 2, 5) және (§3,4) э.ғ.к., доцент Л.Н. Жексебаевамен бірге; доцент Абдукаимова Г.С.- II, XII тарау (§1); доцент Исаев І.И- IV тарау (§1,2,4,5,6) ұсынды.

Оқулықты казақшаға аударған авторлар тобы: ҚР ҰҒА корр.-мүшесі, э.ғ.д., профессор Сейітқасымов Ғ.С., аға оқытушылар э.ғ.к., Мақыш С.Б., Бохаев Д.Т., Алтаева М.О.

Авторлар аталған курстың құрылымы мен мазмұнын толықтыра түсуге байланысты өздерінің талап-тілектері мен пікірін, ескертпелерін білдірген әріптестер мен оппонентерге алдын ала алғыс айтады.

Ақшаның мәні... 7



I тарау

Ақшаның мәні және қызметтері

1. Ақшаның шығу тегі..................…………………….8

2. Ақшаның қажеттілігі мен экономикалық мәні..12

3. Ақша қызметтері және олардын

қазіргі жағдайдағы дамуы.…..……….……………17

8 Ақша, несие, банктер

АҚШАНЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТТЕРІ

Тарауда келесідей сұрақтар карастырылады:

• Ақшаның даму тарихы мен эволюциясы.

• Ақшаның жалпы эквивалент және экономикалық

категория ретіндегі түсінігі.

• Ақша қызметінің эволюциясы.

• Дүниежүзілік ақша ретіндегі шартты есеп бірліктері.

§1. АҚШАНЫҢ ШЫҒУ ТЕГІ

Ақша ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар өндірісінің дамуындағы бірден-бір шарт және өнім болып табылады. Тауар - бұл сату немесе айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі. Адам еңбегінің өнімі (зат), оны өндірушілердің белгілі қоғамдық қатынастарын тудыра отырып, тауар формасын қабылдайды. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективті алғышарттарды құрайды. Бірақ кез келген зат тауар бола алмайды. Егер (нақты еңбекпен белгіленген) тұтыну кұны өз сатып алушысын таппаса немесе қоғам тарапынаи мойындалмаса, онда оны дайындауға кеткен уақыттың рәсуә болғаны; мұндай бұйым тауарлық формаға ие емес, өйткені оның қоғамға қажеті шамалы. Сондықтан да әрбір тауар қажетті тұтыну құнын алу құралы бола отырып, өзінің өндірушісіне қатынасы бойынша айырбас құны ретінде көрінеді. "Айырбас құн тауарлардың өзінен бөлініп шыққан және олармен бірге өз бетінше өмір сүретін тауар, ол ақша"'.

Әрбір ерекше тауар міндетті түрде тұтыну құны ретінде көрінеді. Оның құны жасырын түрде болады және тек қана ақшаға теңестіру жолымен табылады. Тауарлар және ақшалар бір және осы тауар формасының нақты қарама-карсы жақтары бола отырып, айырбас процесінде бір-бірін табады және өзара бір-біріне ауысады.

1 К. Маркс, Ф. Энгельс. Соч. Т. 46. 1 ч. С. 87.

Ақшаның мәні 9

Алғашқы қауымдық құрылыс кезінде бір тауардың басқа бір тауарға кездейсоқ айырбасталынуы барысында, айырбас құнның жай немесе кездейсоқ формалары қолданылады (1 балта = 5 кұмыра, 1 қой = 1 қап бидай және т.б.)

Тауар өндірісінің дамуы барысында кездейсоқ айырбас жиіленді. Жалпы тауар массасының ішінен барынша жиі айырбасталатын тауардың бөлініп шығуымен құнның жай формасы толық формаға өте бастады. Мысалы, бидайды етке, майға, жүнге және т.б. айырбастауға мүмкін болды.

Тауар өндірісінің өсуіне байланысты неғұрлым жиі айыр-басталатын тауар - барлық басқа тауарлардың бір-бірімен өзара айырбасталу құралы бола бастады. Осыдан келіп, құнның толық немесе кең көлемдегі формасынан жалпы құндық формасына жасырын түрде өту басталды. Бірақ оның ролі бір тауарға нық бекітілмеген еді. Біртіндеп жалпы құндық эквивалент ролін белгілі бір тауарлар көптеп атқара бастады және осы тауарлар ақша деп аталынды. Құнның жалпы құндық формасы ақша формасына айналды.

Тауар айналысының тарихи эволюциялық даму процесінде жалпы құндық эквивалент немесе ресімделінбеген ақша формасын, әр түрлі тауарлар кабылдады. Әрбір тауарлы-шаруашылық уклад өз эквивалентін алға тартады. Бір халықтың өзінде әр түрлі уақыттарда және әр түрлі халықтарда бір мезгілде әр түрлі эквиваленттер болды. Сонымен, бірінші, ірі еңбек бөлінісінің нәтижесінде мал бағушылардың бөлініп шығуымен мал (ірі қара) айырбас құралына айналды. Олардың белгілі түрлері табиғи-климаттық жағдайларға байланысты нақты сол ортада айырбас құралы болды. Шалғынды аудандарда - жылқы, сиыр және қой; ал шөл және шөлейт аудандарда - түйе; тундрада - бұғы жалпы құндық эквивалент қызметін атқарады. Малды жалпы эквивалент ретінде пайдаланылғаны туралы нақты дәлелдер әр түрлі қолжазбаларда, қазба жұмыстарының нәтижелерінде табылған заттарда, поэзияларда кездеседі. Гомердің көне Троя батырлары туралы поэмасында өгізді құн өлшемі ретінде пайдаланғаны жайлы айтылады. Осы уақыттарда металдан жасалынған ақшаларда "өгіз" деген атау ойып өрнектелініп жазылып жүрді. Латынның сөзі "пекуния" (ақша) "пекус" ("мал") сөзінен шыққан. "Рупа" ("мал") сөзі үнділердің ақша бірлігінің атауы "рупия" негізінде жатыр.

10 Акша, несие, банктер

Ежелгі Русьтарда да ақша металл ақшаларға ауысқаннан кейін де "мал" деген атауға ие болды. Ярослав Мудрый 1018 ж. былай деген "біздің жинаған малдарымыз: ерлерден 4 кун, старостылардан 10 гривен және боярлардан 18 гривенен тұрады". Ол кездегі қазынашы "малшы", қазына, қазына жинау орны - "мал ұстайтын орын" деп аталынды.

"Капитал" сөзінің шығуы да малменен байланысты, өйткені ескі герман тілінде бұл сөз мал басы санының көптігін білдіре отырып, меншік иесінің байлығын көрсетті.

Солтүстік халықтары ең бірінші тауар ретінде айырбас үшін жүнді пайдаланды. Ежелгі скандинавтар көлемі бойынша әр түрлі тауарлар сатып алу барысында құстардың, аңдардың жүндерін пайдаланды (үкі, түлкі, және т.б.). Құс жүндері Солтүстік Сібір халықтарында, ал аң жүндері Солтүстік Америка халықтарында жалпы қүндық. эквивалент ретінде қолданылды. Жүн ақшалар Монғолияда, Тибетте және Памир аудандарында кең көлемде таралды. Ежелгі Русьтардың арабтармен, хазарлармен, Византиямен сауда-саттық жасауы барысында жүн ең басты құралдардың бірі болды. Ежелгі Русь елінде жүн ақша жүйесінің бүгіні болып саналды. 1610 жылы жаулап алынған орыстардың әскери кас-сасында 5450 руб. күміс пен 7000 руб. жүн табылды.2

Жылы теңіздердің жағасын мекендеген тайпалар айналыс құралы ретінде бақалшақ (раковинді) ақшаларды пайдаланды. Тарихта бақалшақ алқалардың келесі атаулары сақталынды, бұлар: чангос, цимбис, бонгез, хайква және т.б. Көлемі түймедей ақшыл-қызғылт бақалшақ Кари көптеп таралды. Безендірулер түрінде жіпке тізілгендері Ежелгі Үнді елінде, Қытайда, Үндіқытайда, Африканың Шығыс жағалауларында, Цейлонда және Филиппин аралдарына алғашқы акшалардың қызметін атқарды. Американдық үнділердің белдіктерінде " бақалшақ ақшалар құстардың, жыртқыш андардын келбет-кескінін көрсете өрнектеліп, былғары беддіктерге көрік берді. Бақалшақтарды Солтүстік Американың Тынық мұхит жағалауларында, Полинезияда, Каролин және Соломон аралдарында айырбас құралы ретінде пайдаланылды.



1 Памятники литературы Древней Руси. XI - начало XII века /под ред. Д.С. Лихачева, Л.А. Дмитриева. - М. 1978. С. 158.

2 Кауфман И.И. Серебряный рубль в России. СПб. 1910. С. 2.

Ақшанын мәні...____________________________________11

Бақалшақ ақшалар тауар ақшалардың ең бір тұрақты формасы болып табылады. Біздің бүгінгі күндерімізге дейін өмір сүре отырып, олар ешқандай өзгеріске ұшыраған жоқ. XX ғасырдың 70-жылдарының басында Соломон аралдарының кейбір тұрғылықты түрғындарының ақша айналысы ретінде бақалшақтардың үш түрі: ең арзаны - қара түсті (курила), ақ түсті (галиа), аса кымбат - қызыл түсті (ронго) пайдаланылды.

Әлемде әр түрлі "экзотикалық" ақшалар болған. Каролин аралдары тобына кіретін Яв аралында осы күнге дейін феи ақша айналысында кызмет етеді. Олардың формасы дөнгелекше тас түрінде келе отырып, диірменнің тасын еске түсіреді. Мұндай "монеталардың" диаметрі бірнеше метрге, ал массасы тоннаға дейін жетеді. Сауда мәмілесі орындалғаннан кейін сатушы феяға бүрынғы иесінің белгісін өшіріп,өзінің белгісін соғады.

Юлий Цезарь патшалығының тұсында ақша ретінде құлдарды пайдаланды. Сонымен, бір құлдың күны үш сиыр, алты бұзау, он екі қойға теңестірілді.

Өнер мен жер игерушілердің бөлінуімен эквиваленттің жетілуі жалғасты. Бөлінушілік, бірігушілік, біркелкілік мінездемелері бар эквиваленттер пайда болды. Бұл аз бұзылатын өсімдік өнімдері - зәйтүн майы, күріш, кофе, какао, құйма түріндегі тұздар, т.б.

Жалпы эквивалент ретінде металдар да пайдалана бастады. Ежелгі Спартта, Жапонияда, Африкада темір, мырыш, қорғасын, мыс, күміс, алтын түріндегі ақшалар пайдаланылды. Рим императоры Дионисий Сиракуз және орта ғасырдағы ағылшын корольдары мырыш ақшаларды құйды. Қытайда және Ежелгі Римде мыс акша ретінде пайдаланылды. ХҮП ғасыр Солтүстік Америкада (Массачусетс штатында) ұсақ төлемдерге қорғасын дөңгелекшелер қолданылды.

Металл ақшаларының артықшылығы, олар - біркелкі, төзімді, ұсақталынады, және т.б. Металл ақшалардың кең таралуымен ақша есебінің салмақтық жүйесі нақтылана түсті.

12 Ақша, несие, банктер

Кейін келе металдардың арасында басты роль алтын мен күміске өте бастады, өйткені олар жалпы эквивалент үшін аса қажетті сапаға ие.

Әрине, металдар бұған дейінгі ақша формаларын бірден ығыстырып шығарып тастаған жоқ. Ұзақ уақыт бойы металл ақшалар тауар формасын сақтап келді. Темір ақшалар күрек, таға, шеге, шынжыр және т.б. формаларда ұзақ уакыт бойына сақталынды. Грек ақшасының атауы "драхма" "бір уыс шеге" деген мағынаны білдіреді. Мыс ақшалар қазандық, құмыра, қалқан түрлерінде айналыста болды. Күміс және алтын ақшалар жүзік, сырға, білезік түрінде пайдаланылды.

Бірак б.э. дейін XIII ғасырда салмағы көрсетілген құймалар пайда бола бастаған. Осындай себепке байланысты көптеген ақша бірліктері фунт стерлинг, ливр (жарты фунт), марка (жарты фунт) салмақ бірліктері атауымен аталады. Алғашқыдағы белгілі массасы бар формасыз металл ақшаларды кейін келе әр түрлі массадағы біркелкі формасы бар металл ақшалар ауыстыра бастады.

Монеталардың пайда болуы - ақшаның құрылуындағы соңғы кезең болып табылады.

§2. АҚШАНЫҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ МЕН

ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ

Ақшаның өмір сүруіндегі объективті қажеттілік ол тауар өндірісі және тауар айналысының болуына негізделеді. Кез келген тауар айналысында ақша айырбас құралы болып табылады. Тауар және ақша бір-бірінен бөлінбейді. Ақша айналысы болмаса, онда тауар айналысы да болмайды.

Бірақ XVI ғасырдың басында (1516 ж.) утопиялык социализмнің негізін қалаушы Томас Моор өзінің "Жаңа Утопия аралы және мемлекеттің үздік құрылымы туралы алтын кітап" деген еңбегінде: "Алдау, ұрлау, тонау... кісі өлтіру заң тәртібімен қатаң жазаланатынын кім білмейді, әйтсе де бұл жөнінде алдын ала ескертілмеу мүмкіндігі бар жерде алдымен ақша құрымай, олар да жоғалмайды, сонымен бірге, ақшаның жоғалуына байланысты адамдардын алаңдаушылығы, қайғысы, қиыншылықтары және ұйқысыз түндері де ұмытылар еді. Егер ақша адам өмірінен алыста-

Ақшаиың мәні... 13

лынатын болса, онда тіпті ақша қажеттілігінен туған ке-дейліктің өзі де жойылар еді"'.

Ол аздай Т. Моор тағы былай деді: "Қай жерде болсын барлық нәрсені ақша өлшемімен өлшейтін болса, онда ол жерде мемлекеттік істердің табысты және дұрыс ағысының болуы мүмкін емес"2.

XIX ғ. Социал утопистері - Прудон, Оуэн, Грей және баскалар ақшаға теріс көзқараста болды. Прудон тауар өндірісін сақтай отырып, ақшаны жоюдың жобасын ұсынды және оны дәлелдемек болды.

Мүндай ойлар Ресейде де айтылды. Қазан революция-сынан (1917) кейін, азамат соғысы жылдарында ақшаның құнсыздануы байқала бастаған кезде ақшаны жою сәті келеді, яғни тарихтың өзі осыған алып келді деген тұжырымдар пайда бола бастады. Керек десеңіз ауыл шаруашылық өнімдерін өнеркәсіп өнімдеріне тікелей айырбастауды ұйымдастыруға тырысты. Шындығында, оның бәрі сәтсіз аяқгалды. С.Г. Струмилин ақшаның орнына еңбек бірліктері -тредаларды, ал ағылшын экономисі Смит Фальтнер энергетикалық бірліктерді - энедаларды пайдалануды ұсынды.

Осыған байланысты К. Маркс былай дейді: ақшаларды жоя отырып, біз қоғамдық дамудың ең жоғары сатысында (коммунизмде) болуымыз мүмкін немесе ең төменгі сатыға (алғашқы қауымдық құрылысқа) қайта оралар едік. Қанша дегенмен де коммунизм - ол киял, сондықтан да ақша болған, олар бар және бола береді.

Ақша тауардан дами отырып, тауар болып қала береді, бірақ тауар ерекше жалпылама эквивалент.

Ақша - жалпы бірдей эквивалент, ерекше тауар, онда барлық басқа тауардың құны бейнеленеді және оның делдал ретінде қатысуыменен тауар өндірушілер арасында еңбек өнімдерінің айырбасы үздіксіз жасала береді.

Жалпыға бірдей эквивалент ролі тарихи түрде алтынға бекітілген. Алтынның басқа барлық тауарлардың құнын бейнелеу қасиеті, оның табиғи қасиеті емес. К. Маркс айтқандай: "Табиғат

' Цит. Святловский В.В. I Іроисхождение денег и денежных знаков. М. 1923. С. 36.



2 Осында. 37 бет.

14 Ақша, несие, банктер

ақшаны жаратпайды. Алтынға бұл қасиет қоғаммен берілген".

Алтын жалпыға бірдей эквивалент ролін орындау үшін ең бір лайық тауар болып қалып отыр. Біріншіден, ол ерекше табиғи сапаға ие: бөлінуі оңай, әдемі, бұзылмайды, тот баспайды, тек қана "патша арағында" (2/3 тұзды және 1/3 азот қышқылында) ериді. Екіншіден, ең бастысы алтын жоғары құнға ие. Қанша дегенмен оның қорының аз болуы, алтынды өндіруге кететін еңбек шығындарының өте жоғары болуына әкеліп соқтырады. Алтынды тұтыну жылдан-жылға өсуде. Ол әр түрлі салаларда пайдаланы-лады - электроникадан бастап зергелік істерге дейін, бірде өте жұқа қалыңдықпен, бірде балқытылған құймалар түрінде кездеседі. Тек қана циферблаты 6 м диаметрдегі Кремль курантына алтын жалату үшін 26 кг алтын жұмсалады, мұндағы алтын жалату қалындығы 3 мк. жуық. 4000 жылдардан бастап б.ғ. және 1985 жылға дейін әлемдегі барлық өндірілген алтын 90 мың т. кұрады. XX ғасырда 60 мың тоннадан астамы өндірілді, соның ішінде 30 мың тоннаға жуығы - екінші дүние жүзілік соғыстан кейін өндірілген.

Ресей XIX ғасырдың 20-жылдарында алтын өндіруден бірінші орында болды. Өткен ғасырдың 40-жылдарында оның дүниежүзілік алтын өндірісіндегі үлесі 40%-ды құрады1.

Алтын өндіру қиын және капиталды көп қажет етеді. Сонымен, 1 кг алтын алу үшін 3000 м орта тереңдіктегі тау қыртыстарының 100 тоннасын қайта өңдеуі қажет.

Алтынды ең көп өндіретін Оңтүстік Африка Республикасында (ОАР) алтын өндірушілердің еңбек ету жағдайы құлдардың өмірі сияқты: олар 40°С-ден жоғары температурада терең жер астыларында жұмыс істейді. Мұнан бұрын, ОАР-да әлемдік алтын өндірісінің 2/3-і өндірілсе, ал қазір 1/3-і ғана өндіріледі.

Алтынды өндіру дүниежүзінде апатты жағдайда құлдырауда.

' Алмазова О.Л. Дубоносов Л.А. Золото и валюта: прошлое и настоящее. М. Финансы и статистика. 1988 г.

Ақшаның мәні...____________________________________15

Қазақстанда 160 алтын кен орындары бар. Соның ішінде 60-сы жұмыс істеп тұр және олардың жылдык өнімі 1994 жылы 25 тонна алтынды құрады.

Алтын тек қана алтын валюта резервтерді ғана құрамайды, сонымен бірге электронды-есептеуіш және компьютерлік техникаларды, түнгі механикалык аспаптарды, синтетикалық талшықтарды жасау үшін де қолданылады.

Жасанды алтынды ойлап табу сұрақтары әр кез адамзатты толғандырды. Бұныменен ежелгі уақыттарда ал-химиктер еңбектенді. Ежелгі Египетте жалған алтын құймалары табылған. Біздің ғалымдар ұзақ уақыт іздену мен сынақтар жүргізулері нәтижесінде нағыз алтынды мынадай құрамда алды: палладий - 65%, индий - 35%. Электр кедергісі алтынның техникалық қүймасына жақын. Жаңа құйма қаттылығы алтыннан алты есе асып түседі.

Құрамын өзгерте отырып (палладий - 55%, индий -45%) червондық алтын1 алынды, бірақ мұндай алтынды жасанды жасау бұл процестің тиімділігін көрсетпеді. Қазіргі ядерлік физика атомдардан күкірт және сынаптан алтын атомдарын алуға мүмкіндік берді. Бірақ жасанды алтынды жасау мүмкіндігі бұл процесті тиімді етпейді. Мұндай алтыннын өзіндік құны өте жоғары және бұл жолмен алынған металл табиғи алтынменен өзінің бағасының төмен болуына байланысты нарықта бәсекеге түсе алмайды. Сонымен қатар, жасанды алтын өнеркәсіпте, тіс салуда және зергелік бүйымдарды жасауда пайдаланылады, бірақ еш уақытта ол жалпыға бірдей эквивалент ретінде бола алмайды. "Ақша - зат емес, ол - қоғамдық қатынас"2.

Олар шындығында қоғамдық қатынастарды тудырушылар болып келеді. Бұл дегеніміз, қоғамнан бөлінген адамдар үшін ақша керек еместігін білдіреді. Робинзон Крузоға олар керек болмаған. Батып бара жатқан кемеден құтқарылып алынған заттар оған адам аяғы баспайтын аралда қажет болған, ал ақшалар болса өзінің барлық құндылығын жоғалтты.

Ақша - өндіру мен бөлу процестерінде адамдар арасындағы белгілі бір экономикалық карым- қатынас-тарды көрсететін,

1 Изобретатель и рационализатор. 1976. №7.


  1. К.Маркс, Ф.Энгельс. Соч. Т4. С. 110

16 Ақша, несие, банктер

тарихи даму үстіндегі экономикалык категория болып табылады. Экономикалық категория ретінде ақшаның мәні оның үш қасиетінің бірігуімен көрініс табады.

- жалпыға тікелей айырбасталу;

- айырбас құнының дербес формасы;

- еңбектің сыртқы заттық өлшемі.

Жалпыға тікелей айырбасталу формасында ақшаны пайдалану, кез келген материалдық құндылықтарға ақшаны айырбастау мүмкіншілігінің бар екендігін көрсетеді. Социализм жағдайында бұл мүмкіндік елеулі қысқарды және тік қоғамдық жиынтық өнімді пайдалану және бөлумен ғана шектелді. Кәсіпорындар, жер, орман, жер асты байлықтары сатылмады және сатып алынбады. Қазіргі кезде жекешелендіру процестерінің жүруімен байланысты, жалпыға тікелей айырбастау формасында ақшаны пайдаланудың көлемі едәуір кеңіді.

Ақшаның айырбас кұнынын дербес формасы ретінде пайдалану тауарларды тікелей өткізуменен байланысты емес. Ақшаны бұл формада қолдану жағдайлары олар несие беру, бюджеттің кірістерін қарыздық берешектерді өтеу, мемлекеттік бюджеттің кірістерін калыптастыру, өндірістік және өндірістік емес шығындарды қаржыландыру, Ұлттық банктің несиелік ресурстарды басқа банктерге сатуы және т.б.

Еңбектің сыртқы заттық өлшемі тауарды өндіруге жұмсалған енбектің,олардың ақша көмегімен өлшенуі мүмкін құнын анықтау арқылы көрінеді.

Ғалым-экономистердің арасында алтынның ақшалай тауар ретіндегі ролі туралы әр түрлі көзқарас бар. Біреулер алтынның демонетизациялануы аяқталып, ол жалпыға бірдей эквивалент және ақша қызметтерін атқару ролін орындауды толығымен тоқтатты дейді. Құнның ақшалай формасынан жалпылама немесе жайылыңқы формасына қайтып келді. Несие ақшалар жалпыға бірдей эквивалент ретінде жүрді. Алтын, акшаның классикалық қызметтерін атқаруды жалғастыруда дейді екінші біреулер. Ал, енді үшінші біреулер, алтынның жартылай демонетизациялануы жалғасуда және ол жалпыға бірдей эквивалент ролін орындаушы, ерекше тауар ретіндегі өзінің қасиеттерін сақтап қалды дейді.



Ақшаның мәні... 17

Жекелеген елдердің ішінде алтын айналысы жоқ. Төлем, айналыс және қорлану құралы болып, алтын белгілері -(қағаздай белгілері) кағаз және несие ақшалар қызмет атқарады. Бірақ та алтын дүниежүзілік ақша болып қалып отыр десек, онда ол жалпыға бірдей эквивалентті білдіреді.



Салым иелерінің категориялары бойынша депозиттер
Жеке тұлғалардың депозиттері
Банктік жуйеде реформа жүргізудің қажеттілігі
Валюталық қатынастардың ұғымы
Резервтік валюта

Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы
Книги -> Практикум по курсу грамматики английского языка для студентов 3-го курса, изучающих английский язык в качестве основной специальности


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу