Мамаева Л. А. Байысбаева М. П. Нұрдан Д



Pdf көрінісі
бет3/48
Дата07.02.2022
өлшемі0,57 Mb.
#95344
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48
Байланысты:
бидай

Кіріспе 
 
5В072800 - «Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы» мамандығы 
бойынша оқу жоспары « Нан өндірісінің технологиясы » пәнін қарастырды 
және бакалавриаттың 3-курсында оқытады. « Нан өндірісінің технологиясы » 
курсының бағдарламасы шикі заттарды қабылдаудан бастап, нан өндірісінің 
ретімен технологиялық процестерінің операциясы жөнінде түсінік беру үшін 
құрастырылды. 
Әдістемелік нұсқаулықтың мазмұнында нан өндірісінің жеке сатысында 
жүретін процестер, олардың жартылай фабрикат және дайын өнімге тигізетін 
әсері, алынған өнімнің сапасын жақсартудың әдістері мен жолдары және 
оның тағамдық құндылығы және тағамдық қауіпсіздігі жөнінде айтылады. 
Нан сапасы егістік шаруашылығымен өте тығыз байланысты. Ал 
егістіктен біз астық аламыз. Алынған астығымыздың сапасы неғұрлым 
жоғары болса, одан алынған өнім сапасы да соғұрлым жоғары болады. Астық 
өндірілсе- ауыл шаруашылығының ірі саласы. Астықтан ұн, нан, макарон, 
жарма, тәтті тағамдар сияқты адам баласының ең керекті өнімдер алынады. 
Астықтан алынатын ең маңызды өнімдердің бірі-нан және нан өнімдері. 
Нан және нан өнімдері тұрғындардың тамақтануында негізгі орын алады. Бұл 
өнімдері күнделікті қолданылып отырады, сондықтан да тағамдық 
құндылығы жоғары болып саналады. Нан адамға қажетті минералдық 
заттардың жеткізушісі. Нанның құндылығын тек оның химиялық құрамына 
қарап қоймай, сонымен қатар оның дәмі, иісі, нанның жұмсақтығы, сыртқы 
пішініне де қарап бағалайды. Халқымызды жоғары сапалы тамақ 
өнімдерімен қамтамасыз ету мәселесін шешудің басты жолы алатын 
шикізаттарды дер кезінде ысырапсыз, шығынсыз, ұтымды, тиімді пайдалану, 
ал жақсы өмір қозғалысын қамтамасыз ету үшін ортамызды үнемі қажетті 
энергиямен, яғни белокпен, амин қышқылдарымен, май қышқылдарымен, 
минералды заттармен,витаминдермен қамтамасыз етіп отыру. Бұл энергия 
көздері нанда көп кездеседі және организмге күнделікті түсіп отырады. 
Халықты жоғарғы сапалы тағамдармен қамтамасыз ету ең негізгі кезек 
күттірмейтін міндет. Сондықтан барлық тағамдар, оның ішінде астық және 
оны өңдегенде алынатын өнімдер барлық жағынан алға қойылған шартқа 
сәйкес болу керек. Ол шарт мемлекеттік стандарттарда (ГОСТ-тарда) 
көрсетілген. Стандарт халық шаруашылығында маңызды орын алады. Сол 
арқылы халық шаруашылығының барлық салалары бірімен-бірі байланысты. 
Міне сондықтан мемлекет көлемінде наның сапасы қатаң тексеріледі. Міне 
сондықтан мемлекет көлемінде наның сапасы қатаң тексеріледі. Ол тексеру 
барлық мекемелерге бірдей құжат-стандарт арқылы жүргізіледі. Сондықтан
« Нан өндірісінің технологиясы » пәнін оқып үйрену айырықша маңызды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет