Мамай орта мектебі
2015-2016 оқу жылы бойынша тәрбие жұмысының
САРАПТАМАСЫ
2015-2016 оқу жылына арналған тәрбие жұмысына төмендегідей мақсат қойылды:
«Дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, мәдениетті, іскер, жаңашыл, шығармашылық деңгейде қызмет атқара алатын, дүниетанымы жоғары, жан-жақты қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеу»
Мектептің шұғылданатын өзекті мәселесі:
«Оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып, өз білімін жүзеге асыра алатын жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеу»
Бұл мақсаттар мен міндеттер жалпы мектептік жұмыстардың жылдық нәтижесінде жүзеге асырылды. Дәстүрлі мерекелерде әрбір сынып ұжымына өздерінің шығармашылығын танытуға, іс-шараға қатысудың түрін, мазмұнын таңдау мүмкіндіктері беріледі.
5 қыркүйек күні мектептептің барлық оқушылары мен мұғалімдер ұжымы толықтай «Салаутты өмір салтын таңда!» ұранымен өткізілген Денсаулық Фестиваліне қатысты. Денсаулық Фестивалі сағат 9.00-де салтанатты жиынмен басталды. Салтанатты жиында еліміздің әнұраны орындалып, мектеп директоры Біржанов Д.Б. салауатты өмір салтын дәріптеу шарасына байланысты өзінің құттықтау сөзін сөйледі. Мектептің тәрбие ісінің меңгерушісі Мусабаева Г.К. денсаулық тақырыбында шағын әңгіме өткізді. Сынып оқушылары денсаулық пен салауатты өмір сүру салтына байланысты мақал-мәтелдер мен қанатты сөздер жазылған плакаттармен, денсаулыққа байланысты өлеңдермен Фестивальдің ажарын айшықтай түсті. Фестивальдің салтанатты ашылуының соңында мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері Бржанов Т.Ж. мен Тоқыбаев А.М. Денсаулық күнінің күн тәртібімен таныстырып өтті.
Денсаулық Фестивалінің салтанатты ашылуынан кейін мұғалімдер мен оқушылар спортзалда өткізілген дайындық гимнастикалық жаттығуларына қатысты. Жаттығу жасап долған соң оқушылар спорттық ойындар ойнады. Спорттық ойындар кезінде оқушылардың жас ерекшеліктері ескеріле отырып, бірнеше топтарға топтастырылды. Бастауыш сыныптардың оқушыларымен /17 оқушы/ түрлі қимыл-қозғалыс ойындары ойналып, көңілді эстафета ұйымдастырылса, орта буын мен жоғарғы сынып оқушылары /27 оқушы/ арасында футбол, баскетбол және волейбол ойындары ойналды. Фестиваль қорытынды жиылыспен аяқталды. Онда жеңіске жеткен топтар /мини-футболдан «Арлан» командасы 1-орын, топ капитаны Дауіт Даулет 11-сынып, 2-орын «Бүркіт» командасы, капитаны Тасбулатов Ерғанат 9-сынып, волейболдан мұғалімдер командасы 1-орын, 2- орын «Сұңқар» командасы, капитаны Дауіт Д.;үстел теннистен Кеңшілік Ырысгүл бірінші орынға ие болды.Бастауыш сыныптарда өткізілген «Көңілді эстафета» сайысы бойынша 1-орын «Қыран» командасы, 2-орын «Тұлпар» командасы. Белсене қатысқан оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.
Мамай орта мектебі бойынша Жаппай біліммен қамту айлығы мен «Мектепке жол» акциясы өткізілсін деген №21 /02.09.2015/ бұйрығы шығарылып, айлық пен акцияның жүргізілу жоспары жасалып, бекітілді. Ауыл көшелері 4 мөлтекке бөлініп, көшелерге жауапты мұғалімдер бекітілді.
Жаңа оқу жылына дайындық кезінде оқумен қамтылмаған балаларды айқындау, жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған және көп балалы отбасындағы оқушыларға қолдау көрсету және әлеуметтік себептермен балалардың мектепке келмей қалудың алдын алу мақсатында Мамай орта мектебінде 01 тамыз – 30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол» акциясы өткізілді. Туғанынан 19 жасқа дейінгі балалардың тізімін анықтап, тізімі жасалынды. 0-18 жасқа дейінгі балалар саны - 77 бала.
Жоспарға сай оқу жасындағы балалар мен жасөспірімдердің толық оқумен қамтылуын тексеру мақсатында мұғалімдер, ата-аналар және ауыл әкімшілік қызметкерлерімен бірігіп ауыл көшелеріне рейд жүргізілді, 9-сынып аяқтаған оқушылардың оқумен қамтылуын тексеріліп, басқа оқу орнына кеткендердің анықтамалары жинақталды.
Мектепте көп балалы отбасынан 12 оқушы мен жетім 1 оқушы, рейд барысында осы оқушылардың киіммен, аяқ-киіммен, оқу - құралдарымен толық қамтылған.
1-сыныпқа 8 оқушы барды.
2014-2015 оқу жылы бойынша 9-сыныпты 6 оқушы аяқтап, оның ішінде 4-уі 10-сыныпқа барды. 2 оқушы колледжге оқуға түсті. Дәуіт Диана– Көкшетау қаласы Ж. Мусин атындағы педегогикалық колледжіне /бастауыш сынып мұғалімі/, Айтқожа Жанат- Көкшетау қаласы Мусин атындағы педегогикалық колледжіне /дене шынықтыру мұғалімі/, Картабаев Асылхан – Астана қаласы Көлік және коммуникация колледжіне/ жол құрылысы көліктері мен жабдықтарының механигі/, Кеңшілік Бақтілек –Шучье қаласы педагогикалық колледж /бастауыш сынып мұғалімі/ , Тауекел Диана –Шучье қаласы педагогикалық колледж /қазақ тілі және әдебиет мұғалімі/.
Акция барысында мұғалімдер ұжымынан 3000 теңге жиналып 1-сынып оқушыларына /8 оқушы/ оқу құралдары әперілді.
Мамай ауылдық округі жерінде орналасқан «KazBeef LTD» ЖШС-нің директорының орынбасары Өмірзақов Ермек Рысбекұлы жетім бала Мамай орта мектебінің 4-сынып оқушысы Бұлғамия Хайрлысқа мектеп формасын (костюм, аяқ киім, оқу құралдары) алып берді.
Ермек Рысбекұлы бұл сыйлықтарды «Сыныптастар тобы» атты өз сыныптастарынан құралған қайырымдылық қордың атынан табыс ететінін жеткізді.
«Тілім менің- қасиетім, ардағым» атты тілдер онкүндігі 14.09.-25.09. аралығында ұйымдастырылып өткізілді.
«Тілім менің- қасиетім, ардағым»
атты тілдер онкүндігінің қорытындысынан
(тіл пәндері мұғалімдерінің оқушыларды мараттау сәті)
КӨРІНІС
1 қазан- Қарттар күніне арналған «Біз бабаларды сыйлаған халықпыз!» атты концерт ұйымдастырылып өткізілді. Концертке Мамай ауылы бойынша барлық қарт адамдар шақырылды. Концертке 2, 3-сынып оқушылары тақпақтарын ұсынды. 1-сынып оқушылары Қапаров Нұрмат «Астана», Жексембай Аяулым «Туған өлкем» атты өлең жолдарын оқыды. 5-сынып оқушылары «Асыл әжем» әнін орындап, тақпақтар жолдады. 9-сынып оқушысы Қалмұрат Дана М.Шахановтың «Арман» атты өлеңін мәнерлеп оқыды. Содан кейін «Русский язык» атты өленді Қапарова Р., Мусабаева Д., Картабаева Д. және Саябекова М. мәнерлеп оқыды. М.Шахановтың «Жігіттің екі серпілі» өлеңін 9-сынып оқушысы Кеңшілік Ы. оқыды. Мамай ауылы бойынша «АСКОП» ЖШС-ң демеушілігімен барлық қарт-үлкендерге сыйлықтар берді.
Жоспар бойынша «Алтын күз» мерекесі ұйымдастырылып өткізілді. Сыныптарға алдын-ала үй жұмысы ретінде мынадай тапсырмалар берілді:
1.Топты таныстыру /топтың аты, киімі, реклама/
2. Муз. номер
3. «Күз» тақырыбына үздік плакат байқауы
4. Дастарқан әзірлемесі
5. Әзіл көрініс
Сайыс бастамас бұрын әділ-қазылар сайланды.
Іс-шара сайыс түрде өткізілді.
0-1 сыныптар- «Бидай» тобы өздерін таныстырып, «Алдар көсе» ертегісін қойып, қазіргі заманғы биін биледі. 2,3,4 сыныптар- «Құлпынай» тобы өздерін таныстырып, «Қасқыр мен 7 лақ» атты ертегісін қойып, вальс биін көрсетті. Ал 5,6 сыныптар –«Алтын күз» тобы аттанып, әзіл -көріністерін көрсетіп, би биледі. 7,8 сыныптар –«Сәбіз» тобы аттанып, «Олимпиада 2015» атты көріністерін көрсетіп, флешмоб биін биледі. 9-сынып- «Сары алма» тобы болып, көрініс көрсетіп, ән айтты. Әр кезеңнен кейін топтармен түрлі және қызық ойындар ойнатылды. Сайыс соңында әділ-қазылар қорытындыларын айттып берді. Қорытынды бойынша «Ең белсенді топ»-0,1 сыныптар, «Ең үздік плакат» - 2,3,4 сыныптар, «Өнерлі топ» -5,6 сыныптар, «Үздік дастарқан» - 9-сынып, «Ең жақсы жарнама» - 7,8 сыныптар болды. Барлық қатысқан топтарға мақтау қағаздарымен тәттілер берілді.
7-12 қыркүйек күндер аралығында мектеп бойынша Ұлттық Отбасы күніне орай іс-шаралар өткізілді. Мектеп психологы Нуржанова К.С. 8-11 сынып оқушылар арасында «Менің отбасым» тақырыбына сауалнама жүргізді /12 оқушы/. Бастауыш сыныптарда «Жұлдызды сәт» атты отбасылық музыкалық ұжымдар сайысы ұйымдастырды /17 оқушы/. 5-9 сынып оқушылар арасында Токубаев А.М. «Бақытты сә, тоқтай тұр» атты отбасылық суретке түсу сайысы өткізілді.
«Ұстаз мәңгілік, жадымда қалар жаңғырып!» «Ұстаздар» күніне орай салтанатты жиын және концерт өткізілді.
19.10.15 ж – 28.10.15ж аралығында «Ішімдік сусындарын жарнамалауды тоқтату» ұранымен онкүндік ұйымдастырылып өткізілді. Жоспарға сай «Ішімдік сусындарын жарнамалауды тоқтату» ұранымен 19.10.15 ж – 28.10.15ж аралығында өткізілетін онкүндігінің
жоспары бекітіліп, таныстырылды. 1-4 сынып оқушылар арасында «Епті, мықты болып өс!» қызықты эстафета ұйымдастырылды/17 оқушы/. 5-9 сынып оқушылар арасында «Салауатты өмір –заман талабы» қабырға газеттер сайысы өткізілді/ 17оқушы, Кусаинова Г.Т./. Курсанова С.М. 5-6 сынып оқушыларына баяндама оқып, слайдтар арқылы көрсетті /7 оқушы/. Мектеп психологы Нуржанова К.С. 1-4 сынып оқушыларымен «Мен өмірді сүйемін» атты саулнама беріп, брошюралар таратты/17 оқушы/. Барлық сыныптарда «Менің денсаулығым -менің болашағым» тақырыбында сынып сағаттар өткізілді /1-11сыныптар, 40 оқушы/. 8-11 сынып оқушылар арасында «Волейбол» спорттық сайысы өткізілді/12 оқушы/. Онкүндіктің соңғы күні қорытынды жасалынды. Барлық балалар белсенді қатысты.
«Жастар 2016» спартакиадасында оқушылардың құрама тобы баскетбол ойыннан 2 орын иеленді.
Айына 1 рет күнделіктер тексеріліп, кітаптар тексеру рейді өткізілді. Тазалық, тәртіп туралы әңгімелер жүргізіліп, сыныптар оқу кабинеттерін тазартып жинады.
23қараша - 30 қараша аралығында Мамай орта мектебі бойынша 1 желтоқсан - Тұңғыш Елбасы күніне орай іс-шаралар жоспарланып бекітілді.
Барлық сыныптарда «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» тақырыбында сынып сағаттар өткізілді /40 оқушы/. 5-8 сынып оқушылар арасында «Тұңғыш Президент күні-тарихи маңызы зор мереке» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылып өткізілді /12 оқушы/. Мектеп кітапханашы «Елін сүйген Елбасы» атты кітаптар көрмесін ұйымдастырды. 11-сыныпта «Нұрсұлтан – ел тірегі, ел намысы» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағаты мазмұнды өтті /5 оқушы/. Іс-шараның соңғы күні «Елбасы күні- елдікке құрмет мерекесі» атты салтанатты жиын ұйымдастырылып өткізілді. Жиын барысында өлең, тақпақтар мен әндер айтылды.
Мамай орта мектебі бойынша 24.11.-30.11.2015 жыл аралығында СПИД-ке қарсы іс-шаралар жоспарланып, бекітілді. Жоспар бойынша 5-8 сынып оқушылар арасында «Салауатты өмір салтын сақтаймыз!» тақырыбында баяндама оқылды/12 оқушы/. «Ғасыр дерті болып табылатын ЖИТС (СПИД) туралы мағлұматпен таныса жүріңіз», ЖҚТБ-ға байланысты стенд жасалынды. 5-9 сынап оқушылар арасында «Біз ЖҚТБ-ға қарсымыз» сурет салу сайысы өткізілді/17 оқушы/. Барлық сыныптарда «АҚТҚ-ЖҚТБ-ға жол жоқ» сынып сағаттар өткізілді/40 оқушы/.
Тәуелсіздік күні қарсаңында мектеп бойынша «Тәуелсіз елім-Қазақстан» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылып өткізілді. Оқушыларға патриоттық тәрбие беру, Отанға деген сүйіспеншілікпен қарау мақсатында ұйымдастырылды. Мерекеде әр сынып тәуелсіздік туралы, Отан туралы тақпақ пен өлеңдер, әндер орындады. 5-6 сыныптар «Желтоқсан желі» әнін орындаса, 7 мен 8 сыныптар «Егемен ел» әнін орындады. 9-сынып оқушылары «Көк тудың желбірегені» әнін орындады. Ал 10-11 сынып оқушылары «Қазақтың тойы бітпесін» атты әнін ортаға салды. Барлық сыныптар белсенді қатысты.
Дарынды балаларымен жұмыс жүргізілді. Мектеп бойынша аудандық олимпиадаға 5 оқушы қатысып, барлық оқушылар жүлделі орындарға ие болды. Дәуіт Д.-информатика пәнінен 3 орын, Жексембай А.-биология 2 орын, Қалмұрат Е.- қазақ тілінен 2 орын, Саябекова М.-орыс тілінен 3 орын, Кеңшілік Ы.-химия пәнінен 1 орын иеленді.
1-сыныпта «Қош, сүйікті Әліппем!» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылып өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар өз білімдерін көрсетті. Оқушылар тақпақ, әндерін айтып, үнді биін биледі. Оқушылар белсене қатысып, өнерлерін ортаға салды. Қонаққа ана тілі келіп, оқушылар әліппемен қоштасты.
ІІ тоқсан қорытындысы бойынша жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы ұйымдастырылып өткізілді. Жиналыста баяндама оқылып, сынып жетекшілер сынып бойынша оқушылардың тоқсандық бағалар бойынша есептер берді.
Мамай орта мектебі бойынша Жаппай Біліммен Қамту айлығы мен «Қамқорлық» қайырымдылық акциясы өткізілсін деген №1 бұйрық /09.01.2016/ шығарылып, акцияның жүргізілу жоспары жасалынып бекітілді.
Оқу жасындағы балалар мен жасөспірімдердің толық оқумен қамтылуын тексеру мақсатында ауыл көшелеріне бекітілген бұйрық бойынша мұғалімдер, ата-аналар комитеті және әкімшілік қызметкерлері бірігіп ауыл көшелеріне рейд жүргізді. Рейд барысында 0-17 жас аралығында балалар тізімі жасалынып, балалар саны 54 болды. Ауылдағы барлық оқу жасындағы балалар оқумен қамтылған. Мектепте бүгінгі күні 39 оқушы және 3 оқушы мектепалды даярлық сыныбында. Өткен оқу жылында 6 оқушы 9-сыныпты аяқтап, оның 1-і 10-сыныпта оқиды, 5-і басқа оқу орындарына оқуға түсіп, қазіргі уақытта сол оқу орындарында оқуларын жалғастыруда. Мектепте ауылдық әкімшілік пен ата-аналар комитетінің шешімі бойынша әлеуметтік жағдайы төмен отбасы жоқ. Кәмілетке толмаған балалар арасында тәртіпбұзатын балалар жоқ. Мектепте көп балалы отбасынан 12 оқушы мен толық емес отбасынан 7 оқушы, жетім 1 оқушы білім алуда, рейд барысында осы оқушылардың киіммен, аяқ-киіммен, оқу-құралдарымен толық қамтамасыз етілгені дәлелденді.
Мектепте барлық оқушылар /39 оқушы/ 100 % бір мезгіл ыстық тамақпен тамақтандырылады. Тамақтанудың орташа құны 70-100 теңге.
Акция шеңберінде мектептің мұғалімдер ұжымы көпбалалы отбасылар оқушыларына тамақтануына 5000 теңге көлемінде мектеп асханасына азық-түлік әперді. Оқушылардың мектепке келуі күнделікті қадағаланады, себепсіз сабақ босататын оқушылар жоқ. Жетім балаға АО «Жилстройсбербанк» банкісінде есеп шот ашу үшін 6000т ақша мұғалімдерден жинап, ата-анасына берілді.
Мектепте ҚР Денсаулық сақтау Мин. «Мектепке дейінгі және жалпы білім беру ұйымдарында жекелеген тамақ өнімдерін сатуға тыйым салу туралы» /№12 30.03.07/ заңының орындалуы қадағаланады, мектепте тамақ өнімдерінің сатылуына қатаң тиым салынды. Акцияның өту барысы туралы ақпан айында №4/10.02.2016./ кезектен тыс педкеңес отырысында сарапталып, қорытындысы қарастырылды. Мектептің кіреберіс фойесінде акция туралы «Қамқорлық» қайырымдылық акциясы атты стенд жасалды. Онда қайырымдылық туралы жарнамалар жасалды.
Достарыңызбен бөлісу: |