Мамай орта мектебі 2015-2016 оқу жылы бойынша тәрбие жұмысының сараптамасы



бет4/9
Дата15.12.2016
өлшемі2,33 Mb.
#3995
1   2   3   4   5   6   7   8   9


«Ұстаз мәңгілік, жадымда қалар жаңғырып!» «Ұстаздар» күніне орай салтанатты жиын және концерт өткізілді.

19.10.15 ж – 28.10.15ж аралығында «Ішімдік сусындарын жарнамалауды тоқтату» ұранымен онкүндік ұйымдастырылып өткізілді. Жоспарға сай «Ішімдік сусындарын жарнамалауды тоқтату» ұранымен 19.10.15 ж – 28.10.15ж аралығында өткізілетін онкүндігінің



жоспары бекітіліп, таныстырылды. 1-4 сынып оқушылар арасында «Епті, мықты болып өс!» қызықты эстафета ұйымдастырылды/17 оқушы/. 5-9 сынып оқушылар арасында «Салауатты өмір –заман талабы» қабырға газеттер сайысы өткізілді/ 17оқушы, Кусаинова Г.Т./. Курсанова С.М. 5-6 сынып оқушыларына баяндама оқып, слайдтар арқылы көрсетті /7 оқушы/. Мектеп психологы Нуржанова К.С. 1-4 сынып оқушыларымен «Мен өмірді  сүйемін» атты саулнама беріп, брошюралар таратты/17 оқушы/. Барлық сыныптарда «Менің денсаулығым -менің болашағым» тақырыбында сынып сағаттар өткізілді /1-11сыныптар, 40 оқушы/. 8-11 сынып оқушылар арасында «Волейбол» спорттық сайысы өткізілді/12 оқушы/. Онкүндіктің соңғы күні қорытынды жасалынды. Барлық балалар белсенді қатысты.


«Жастар 2016» спартакиадасында оқушылардың құрама тобы баскетбол ойыннан 2 орын иеленді.

Айына 1 рет күнделіктер тексеріліп, кітаптар тексеру рейді өткізілді. Тазалық, тәртіп туралы әңгімелер жүргізіліп, сыныптар оқу кабинеттерін тазартып жинады.

23қараша - 30 қараша аралығында Мамай орта мектебі бойынша 1 желтоқсан - Тұңғыш Елбасы күніне орай іс-шаралар жоспарланып бекітілді.



Барлық сыныптарда «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» тақырыбында сынып сағаттар өткізілді /40 оқушы/. 5-8 сынып оқушылар арасында «Тұңғыш Президент күні-тарихи маңызы зор мереке» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылып өткізілді /12 оқушы/. Мектеп кітапханашы «Елін сүйген Елбасы» атты кітаптар көрмесін ұйымдастырды. 11-сыныпта «Нұрсұлтан – ел тірегі, ел намысы» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағаты мазмұнды өтті /5 оқушы/. Іс-шараның соңғы күні «Елбасы күні- елдікке құрмет мерекесі» атты салтанатты жиын ұйымдастырылып өткізілді. Жиын барысында өлең, тақпақтар мен әндер айтылды.





Мамай орта мектебі бойынша 24.11.-30.11.2015 жыл аралығында СПИД-ке қарсы іс-шаралар жоспарланып, бекітілді. Жоспар бойынша 5-8 сынып оқушылар арасында «Салауатты өмір салтын сақтаймыз!» тақырыбында баяндама оқылды/12 оқушы/. «Ғасыр дерті болып табылатын ЖИТС (СПИД) туралы мағлұматпен таныса жүріңіз», ЖҚТБ-ға байланысты стенд жасалынды. 5-9 сынап оқушылар арасында «Біз ЖҚТБ-ға қарсымыз»  сурет салу сайысы өткізілді/17 оқушы/. Барлық сыныптарда «АҚТҚ-ЖҚТБ-ға жол жоқ» сынып сағаттар өткізілді/40 оқушы/.



Тәуелсіздік күні қарсаңында мектеп бойынша «Тәуелсіз елім-Қазақстан» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылып өткізілді. Оқушыларға патриоттық тәрбие беру, Отанға деген сүйіспеншілікпен қарау мақсатында ұйымдастырылды. Мерекеде әр сынып тәуелсіздік туралы, Отан туралы тақпақ пен өлеңдер, әндер орындады. 5-6 сыныптар «Желтоқсан желі» әнін орындаса, 7 мен 8 сыныптар «Егемен ел» әнін орындады. 9-сынып оқушылары «Көк тудың желбірегені» әнін орындады. Ал 10-11 сынып оқушылары «Қазақтың тойы бітпесін» атты әнін ортаға салды. Барлық сыныптар белсенді қатысты.



Дарынды балаларымен жұмыс жүргізілді. Мектеп бойынша аудандық олимпиадаға 5 оқушы қатысып, барлық оқушылар жүлделі орындарға ие болды. Дәуіт Д.-информатика пәнінен 3 орын, Жексембай А.-биология 2 орын, Қалмұрат Е.- қазақ тілінен 2 орын, Саябекова М.-орыс тілінен 3 орын, Кеңшілік Ы.-химия пәнінен 1 орын иеленді.



1-сыныпта «Қош, сүйікті Әліппем!» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылып өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар өз білімдерін көрсетті. Оқушылар тақпақ, әндерін айтып, үнді биін биледі. Оқушылар белсене қатысып, өнерлерін ортаға салды. Қонаққа ана тілі келіп, оқушылар әліппемен қоштасты.

ІІ тоқсан қорытындысы бойынша жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы ұйымдастырылып өткізілді. Жиналыста баяндама оқылып, сынып жетекшілер сынып бойынша оқушылардың тоқсандық бағалар бойынша есептер берді.



Мамай орта мектебі бойынша Жаппай Біліммен Қамту айлығы мен «Қамқорлық» қайырымдылық акциясы өткізілсін деген №1 бұйрық /09.01.2016/ шығарылып, акцияның жүргізілу жоспары жасалынып бекітілді.

Оқу жасындағы балалар мен жасөспірімдердің толық оқумен қамтылуын тексеру мақсатында ауыл көшелеріне бекітілген бұйрық бойынша мұғалімдер, ата-аналар комитеті және әкімшілік қызметкерлері бірігіп ауыл көшелеріне рейд жүргізді. Рейд барысында 0-17 жас аралығында балалар тізімі жасалынып, балалар саны 54 болды. Ауылдағы барлық оқу жасындағы балалар оқумен қамтылған. Мектепте бүгінгі күні 39 оқушы және 3 оқушы мектепалды даярлық сыныбында. Өткен оқу жылында 6 оқушы 9-сыныпты аяқтап, оның 1-і 10-сыныпта оқиды, 5-і басқа оқу орындарына оқуға түсіп, қазіргі уақытта сол оқу орындарында оқуларын жалғастыруда. Мектепте ауылдық әкімшілік пен ата-аналар комитетінің шешімі бойынша әлеуметтік жағдайы төмен отбасы жоқ. Кәмілетке толмаған балалар арасында тәртіпбұзатын балалар жоқ. Мектепте көп балалы отбасынан 12 оқушы мен толық емес отбасынан 7 оқушы, жетім 1 оқушы білім алуда, рейд барысында осы оқушылардың киіммен, аяқ-киіммен, оқу-құралдарымен толық қамтамасыз етілгені дәлелденді.

Мектепте барлық оқушылар /39 оқушы/ 100 % бір мезгіл ыстық тамақпен тамақтандырылады. Тамақтанудың орташа құны 70-100 теңге.

Акция шеңберінде мектептің мұғалімдер ұжымы көпбалалы отбасылар оқушыларына тамақтануына 5000 теңге көлемінде мектеп асханасына азық-түлік әперді. Оқушылардың мектепке келуі күнделікті қадағаланады, себепсіз сабақ босататын оқушылар жоқ. Жетім балаға АО «Жилстройсбербанк» банкісінде есеп шот ашу үшін 6000т ақша мұғалімдерден жинап, ата-анасына берілді.

Мектепте ҚР Денсаулық сақтау Мин. «Мектепке дейінгі және жалпы білім беру ұйымдарында жекелеген тамақ өнімдерін сатуға тыйым салу туралы» /№12 30.03.07/ заңының орындалуы қадағаланады, мектепте тамақ өнімдерінің сатылуына қатаң тиым салынды. Акцияның өту барысы туралы ақпан айында №4/10.02.2016./ кезектен тыс педкеңес отырысында сарапталып, қорытындысы қарастырылды. Мектептің кіреберіс фойесінде акция туралы «Қамқорлық» қайырымдылық акциясы атты стенд жасалды. Онда қайырымдылық туралы жарнамалар жасалды.








Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет