Оқыту әдісі: Тақырыппен таныстыру (презентация), плакаттар жинағы, мультимедиялық құрылғы бейнемагнитофон, CD, DVD дискілер.
Материалды – техникалық жабдықталуы: Плакаттар жинағы, тесттік жұмыстар.
а)техникалық құралдар: Микроскоп, мультимедиялық құрылғы бейнемагнитофон, CD, DVD дискілер.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: Плакаттар жинағы, слайдтар.
б) оқыту орны : 413, 427 б, 428 бөлме.
Әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер:
1.С.А.Әбилаев «Молекулалық биология және генетика» - Оқулық.Шымкент – «АСҚАРАЛЫ» баспасы,2008ж.
1.Медицинская биология и генетика / Под. Редакцией Куандыкова Е.У. – Алматы,2004
2. Мушкамбаров Н.Н.Кузнецов С.Н.Молекулярная биология.Учебное пособие для студентов медицинских вузов – Москва: Наука,2003,544с.
3. Ньюссбаум Р.И.др.Медицинская генетика: учебное пособие / пер.с англ.под.ред.Бочкова Н.П – М.,2010. – 624с.
4. Притчарт Д.Дж., Корф Б.Р.Наглядная медицинская генетика / пер.с англ.под.ред.Бочкова Н.П. – М.,2009 – 200с.
Қосымша әдебиеттер:
1.Введение в молекулярную медицину / под.ред.Пальцева М.А. – М.,Медицина,2004
2. Генетика. Учебник / под.ред.академика РАМН Иванова В.И. – М., ИКЦ «Академкнига»,2006 .
3.Гинтер Е.К.Медицинская генетика – М.,Медицина,2003.
4. Казымбет П.К., Мироедова Э.П.Биология.Учебное пособие – Астана,2006,2007.
5. Медицинская паразитология.Учебное пособие.Барышников Е.Н. – М., ВААДОС – пресс,2005.
6. Пехов А.П.Биология и общая генетика. Учебник – СПб,2006.
7. Фаллер Д.М., Шилдс Д. Молекулярная биология клетки. Руководство для врачей. Пер с англ. – М.: БИНОМ – Пресс,2003.
Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (15 %)
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру
Жаңа сабақ түсіндіру 65 мин (30%)
Тақырыпты жоспарымен таныстыру
Түсіндірілетін материалдық негізділігімен жеткізілуінің ғылымилығы
Жаңа сабақты сапалы игеру үшін түрлі оқу әдістерін қолдану.
Тұқым қуалайтын аурулар - адамдардың ең жиі кездесетін және жақсы зерттелген моногендік аурулар тобы болып табылады. Көптеген аурулардың клиникалық көрінісі субстраттарды (заттарды) ыдыратуға және тасымалдауға қатынасатын не жасуша рецепторлары қызметтерін атқаратын ферменттердің катализдеуші қызметтерінің жойылуына негізделеді. Бұл топ ауруларының патогенезі аралық заттардың жинақталуына не ақырғы өнімдерінің жетімсіздігіне (дефицит) алып келетін белгілі бір биохимиялық үдерістердің бұзылыстары болуы мүмкін.
Зат алмасудың тұқым қуалайтын ауруларының жіктелуі әлі күнге дейін толық қалыптаспаған, дегенмен оларды төмендегідей топтарға топтастырады:
-Аминқышқылдарының алмасуының тұқым қуалайтын аурулары – аминоацидопатиялар (альбинизм, фенилкетонурия, тирозинемия т.б.);
-Көмірсулардың алмасуының тұқым қуалайтын аурулары – глюкозуриялар (галактоземия, гликогеноздар);
Липидтер алмасуының тұқым қуалайтын аурулары – липидоздар (жанұялық гиперхолистеролемия, сфинголипидоздар, лейкодистрофиялар);
-стероидтық гормондардың алмасуының тұқым қуалайтын аурулары (адреногенитальдық синдром);
-Эритрондардың алмасуының тұқым қуалайтын аурулары (гемолитикалық анемиялар - қаназдылық);
-Металлдардың алмасуының тұқым қуалайтын аурулары (Вильсон-Коновалов ауруы);
-Лизосомалық аурулар (мукополисахаридоздар);
-Пероксисомалық аурулар (Цельвегер синдромы);
-Митохондриялық аурулар.
Аминқышқылдардың алмасуының бұзылуы нәтижесінде дамитын көптеген тұқым қуалайтын аурулар белгілі. Ең жиі кездесетін және жақсы зерттелген аминоацидопатиялар – фенилаланин және тирозин аминқышқылдарының алмасуының бұзылуына байланысты.
Фенилаланин – ағзада синтезделмейтін, тек ас құрамында ағзаға жеткізілетін, алмастыруға болмайтын аминқышқылы. Бауыр жасушаларында экспрессияланатын фенилгидроксилаза көмегімен ол тирозинге айналады. Тирозиннің әрі қарай алмасулары бірнеше жолдармен жүзеге асады. біріншісін – тирозингидроксилаза бақылайды. Осы ферменттің әсерінен тирозин диоксифенилаланинге (ДОФА) айналады. ДОФА-ның әрі қарай өзгерулері меланиннің түзілуіне алып келеді.
Фенилаланиннің және тирозиннің метоболизміне қатынасатын ферменттердің белсенділігінің жетіспеушілігі фенилкетонурия және альбинизм ауруларының дамуына алып келеді.
Фенилкетонурия (ФКУ) (ОМІМ:261600; 261630) – фенилгидроксилаза ферментінің белсенділігінің жеткіліксіз (төмендеуі не мүлдем болмауы) болуы нәтижесінде дамитын ауру. Оны 1934 жылы Феллинг алғаш рет сипаттап жазып, оның тұқым қуалайтындығын көрсеткен. Кейін Пенроуз бұл аурудың аутосомды-рецессивті тұқым қуалайтындығын анықтаған. ФКУ орташа жиілігі – жаңа туылғандардың 1:10 000 тең.
Фенилгидроксилаза ферментін (ФАГ) кодтайтын ген 12 хромосомада (12q22-q24.2) орналасқан. Геннің негізгі мутациялары – 7,9 және 12-шы экзондарындағы жеке нуклеотидтердің алмасулары. Ресей және Шығыс Еуропа елдерінде жиі кездесетін мутация 12-шы экзондағы аргининнің триптофанмен алмасуына алып келетін бір нуклеотид алмасуы (R408W) саналады (70%).
ФКУ патогенезінің негізі болып ми және ішкі мүшелер жасушаларына улы әсер ететін фенилаланиннің және оның өнімдерінің – фенилпирожүзім, фенилсірке және фенил сүт қышқылдарының көптеп жинақталуы саналады. Сонымен қатар, фенилаланин алмасуының ақырғы өнімі – миланиннің жетімсіздігі байқалып, сырқаттардың терісінің, шаштарының, көздерінің қасаң қабығының пигментациясының (боялуының) төмендеуі орын алады. Аурудың клиникалық көріністері дүниеге келгеннен кейін 2-3 аптада дами бастайды. Алғашқы симптомдары – тез қозу (мазасыздық), гиперрефлексия және бұлшықет гипертонусы. Сырқаттардың тер және несептерінің иісі ерекше, «тышқан» иісіне ұқсас болады. Фенилаланиннің жинақталуы 6 жастан кейін ОНЖ кері қайтпайтын өзгерістеріне ұласады. ФКУ сырқаттарында ақыл-естерінің кемістігі байқалады.
Альбинизм – сырқаттар терісінде, шаштарында және көз құрылымдарында меланиннің болмауы не жеткіліксіз мөлшерде болуы нәтижесінде дамитын бір топ тұқым қуалайтын аурулар. Меланин меланоциттер деп аталатын жасушалар субпопуляцияларында өндіріледі. Меланин биосинтезінде 3 фермент әрекет етеді: тирозингидроксилаза (тирозиназа), ДОФА-хромтаутомераза, ДГИКК-оксилаза. Олардың ішінде ең маңыздысы – тирозиназа.
Шаш баданаларында тирозинизаның болуы – болмауына байланысты екі түрлі альбинизм ауруы дамиды:
І типті көз-тері альбинизмі (ОМІМ:203100) -аутосомды рецессивті тұқым қуалайтын ауру, жиілігі жаңа туылғандардың 1:20000 тең.
Бұл аурудың даму себептері 11q14-q21-де орналасқан тирозинкиназа генінің мутациялары болып саналады. Мутациялардың көпшілігі – жеке нуклеотидтің алмасуы. Фермент белсенділігіне қарай аурудың екі нұсқасы белгілі: 1 нұсқасында фермент белсенділігі О-ге жақын, яғни белсенділіктің болмауымен сипатталады. Нәрестенің терісі, шаштары сүттей аппақ, қалдары болмайды, сырқаттар еш уақытта күнге күймейді. Екінші нұсқада – тирозиназа ферментінің белсенділігі 20-30% деңгейде болады; клиникалық симптомдары – терінің, шашатардың пигменттелуі (боялуы) - әлсіз болады, өсу барысында шаштарының реңі қоюлануы мүмкін.
ІІ типті көз-тері альбинизмі (ОМІМ:203200) – бұл афро-американдықтарға тән, жиілігі-1:4000 нан 1:1100 ге дейін болатын ауру. Бұл ауру-да аутосомды – рецессивті жолмен тұқым қуалайды. Оның даму себебі – 15 хромосомада (15q11-q12) орналасқан және 25 экзоннан тұратын мембраналық интегралдық ақуыз –Р генінің мутациялары болып табылады.
Бұл ауру нұсқасына - тері, шаштардың пигменттелуінің төмендеуі тән. Сырқаттар терісінің түсі- ақшыл дан қоңырға дейін өзгереді. Бұл ауруларды алғаш рет 1908 жылы А.Ресс сипаттап жазған. Олардың жиілігі жаңа туылғандардың 1:15000-нан аспайды. Тұқым қуалау типі – аутосомды-рецессивті. Қазіргі кезде бауыр жасушаларында галактозаның глюкозаға айналуына қатынасатын ферменттердің жетіспеушілігі нәтижесінде дамитын осы аурудың 3 генетикалық нұсқалары белгілі:
І типті галактоземия – галактоза 1 фосфаттың уридиндифосфогалактозаға және глюкоза-1-фосфатқа ыдырауын катализдейтін Г1Ф4Т жетіспеушілігі нәтижесінде дамитын ауру. Мутацияның негізгі типі полипептидтің 108 орында глициннің аргининмен алмасуына алып келетін, жекелеген нуклеотидтердің алмасуы – Gln 188 Аrg.
Бұл аурудың патогенезінің негізі болып метаболизм үдерісінің бұзылуы салдарынан ағзада галактозаның жинақталып миға, бауырға, ішектерге және бүйректерге улы әсер етуі болып тпбылады. Улау нәтижесінде лейкоциттердің бактериоцидтік белсенділігі бастырмаланып сепсис дамиды. Аурудың клиникалық көріністері нәрестенің туылуының алғашқы күндерінде лоқсу, құсу, диарея, сары ауру, гепатомегалия және гемолитикалық белгілер күйінде байқала бастайды. Нәресте өскен сайын оның психоматорлық дамуының кешігуі, бас іші гипертензиясы, гипертрофиясы және бүйрек қызметінің жетіспеушілігі айқын байқалады.
Аурулардың көпшілігінде өмірінің алғашқы айларында катаракта дамиды. Уақтылы дұрыс емделмесе ауырулар бүйрек және ми қызметтерінің жетіспеушілігі салдарынан дүние салулары мүмкін. Галактоземияның негізгі емдеу әдістері – лактозасыз диета.
Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру.
Бақылау сұрақтары (кері байланыс) 10 мин (10%)
Жаңа тақырыпты бекіту 5 мин (10%)
Сабақты қорытындылау 2 мин (2%)
Оқушылардың білім деңгейін бағалау. Келесі сабақтың тақырыбын хабарлау
Үйге тапсырма беру 3 мин (2%)
Хромосомалық аурулар.
10. Сабақтың тақырыбы: Хромосомалық аурулар.
Сағат саны: 90 мин ( 100%)
Сабақ түрі: Теория – тақырып таныстыру сабақ
Сабақтың мақсаты:
Оқыту: Оқушыларға хромосомалық аурулар (Даун синдромы, Тернер-Шерешевский синдромы, Эдварс синдромы, Клайнфельтер синдромы т.б) патологиясын, алдын алу шараларын оқыту.
тәрбиелік: білімділікке, тазалыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
дамыту: жаңа қосымша инновациялық ақпараттармен хабардар етіп түрлі оқу әдістерін қолдану.
Оқыту әдісі: Тақырыппен таныстыру (презентация), плакаттар жинағы, мультимедиялық құрылғы бейнемагнитофон, CD, DVD дискілер.
Материалды – техникалық жабдықталуы: Плакаттар жинағы, тесттік жұмыстар.
а)техникалық құралдар: Микроскоп, мультимедиялық құрылғы бейнемагнитофон, CD, DVD дискілер.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: Плакаттар жинағы, слайдтар.
б) оқыту орны : 413, 427 б, 428 бөлме.
Әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер:
1.С.А.Әбилаев «Молекулалық биология және генетика» - Оқулық.Шымкент – «АСҚАРАЛЫ» баспасы,2008ж.
1.Медицинская биология и генетика / Под. Редакцией Куандыкова Е.У. – Алматы,2004
2. Мушкамбаров Н.Н.Кузнецов С.Н.Молекулярная биология.Учебное пособие для студентов медицинских вузов – Москва: Наука,2003,544с.
3. Ньюссбаум Р.И.др.Медицинская генетика: учебное пособие / пер.с англ.под.ред.Бочкова Н.П – М.,2010. – 624с.
4. Притчарт Д.Дж., Корф Б.Р.Наглядная медицинская генетика / пер.с англ.под.ред.Бочкова Н.П. – М.,2009 – 200с.
Қосымша әдебиеттер:
1.Введение в молекулярную медицину / под.ред.Пальцева М.А. – М.,Медицина,2004
2. Генетика. Учебник / под.ред.академика РАМН Иванова В.И. – М., ИКЦ «Академкнига»,2006 .
3.Гинтер Е.К.Медицинская генетика – М.,Медицина,2003.
4. Казымбет П.К., Мироедова Э.П.Биология.Учебное пособие – Астана,2006,2007.
5. Медицинская паразитология.Учебное пособие.Барышников Е.Н. – М., ВААДОС – пресс,2005.
6. Пехов А.П.Биология и общая генетика. Учебник – СПб,2006.
7. Фаллер Д.М., Шилдс Д. Молекулярная биология клетки. Руководство для врачей. Пер с англ. – М.: БИНОМ – Пресс,2003.
Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (15 %)
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру
Жаңа сабақ түсіндіру 65 мин (30%)
Тақырыпты жоспарымен таныстыру
Түсіндірілетін материалдық негізділігімен жеткізілуінің ғылымилығы
Жаңа сабақты сапалы игеру үшін түрлі оқу әдістерін қолдану.
Қазіргі кездегі ғылыми деректерге қарғанда дүниеге келген нәрестелердің 5 пайызы әр түрлі генетикалық өзгерістермен туылады, ал олардың ішінен 0,5 пайызы шамасындағы балаларда хромосомалық аурулар байқалады. Бүгінгі таңда 700-ге жуық хромосомалық аберрациялар (бұзылыстар) сипатталып жазылған, олардың ішінен 100-ге жуығы адамдардың ақыл-есінің кеміс болуына, денелерінің дамуының бұзылуына, әр түрлі зілді хромосомалық аурулардың дамуына алып келеді. Адамдардың хромосомалық ауруларының негізгі клиникалық сипаты ретінде туа біткен ақаулықтарды, ақыл-естерінің кем болуын, ұрпақ қалдыра алмауын, өздігінен түсік тастауын т.с.с атауға болады. Хромосомалық аурулар деп – клиникалық сипаттары жағынан түрліше болып келетін адамдар патологиасының үлкен бір тобын айтамыз. Олардың бәрінің себептері бір – ол әртүрлі хромосомалық мутациялар. Хромосомалық аурулардың басқа тұқым қуалайтын аурулардан ерекшелігі Г.Мендель заңдарынан өзгеше жолмен тұқым қуалауы.
Хромосомалық аурулар ата-аналарының гаметаларында пайда болған мутациалар, не ұрықтың дамуының алғашқы кезеңдерінде пайда болған мутациялар салдарынан қалыптасуы мүмкін. Гаметаларда пайда болған мутациялар бұл аурудың толық нұсқасының, ал ұрық жасушаларында пайда болған мутациялар аралас, (мозайкалық) формасының дамуына алып келеді. Аралас формалы ағзалардың кейбір жасушаларында қалыпты кариотип кездесуі мүмкін.
Адамдар гаметаларында кездесетін хромосомалық аномалиялардың жалпы саны 750-ге жуық, ал оның 700-і хромосомалар құрылымының бұзылуларының (аберрация) үлесіне тиеді.
Көптеген хромосомалық аурулардың пайда болуының басты себебі – тарихи қалыптасқан жүйенің - кариотиптің өзгеруі, яғни хромосома сандарының не хромосомалардың құрылымының бұзылуы болып табылады.
Ағзалардың хромосома сандарының ауытқуы жасушаның дұрыс бөлінбеуінің не әр түрлі мутагандік факторлардың әсерінен жасуша бөлінуінде хромосомалардың бір-бірінен ажыраспауының салдарынан болады. Бұл хромосома санының еселеп өсуіне (полисомия – 3п, 4п, 5п, т.с.с.) не қалыпты кариотиптің бір немесе бірнеше хромосомаға көбейіп не кемуіне алып келеді (анеуплоидия) – моносомия 2п-1; трисомия 2п+1.
Толық триплоидия (3п) және тетраплоидия (4п) адамдарда тек кенеттен, өздігінен өліп, түсіп қалған түсіктерде ғана байқалған, яғни полиплоидті ұрықтар тірі туылмай, дамудың алғашқы кезеңдерінде-ақ өліп қалады. Ал, өсімдіктерде полиплоидия мәдени өсімдіктерге көптеген жағымды қасиеттер береді, сондықтан селекционерлер оларды жаңа сорттарды алу үшін кеңінен қолданады. Анеуплоидия – аутосомдардың не жыныс хромосомаларының сандарының 1 немесе бірнеше хромосомаға ауытқуы салдарынан болуы мүмкін. Жыныс хромосомасының саны өзгергенде әрбір қосымша Х-хромосомасы өте тығыз ширатылған гетерохроматин күйінде болып, оның гендері активсіз болады. Дегенмен, гетерохроматин күйіндегі қосымша Х-хромосомалар түгелдей дерлік инертті болмайды. Олар жасушаларға, жасуша метаболизіміне және ағзаның дамуына түрліше әсер етеді. Гетерохроматинденген қосымша Х-хромосомаларда сандық белгілерді анықтайтын полигендер болуы мүмкін.
1-12 жұп ірі хромосомалардың ауытқулары бар ұрықтар, әдетте, өте ерте өліп қалады, яғни летальді болады. 13-18 жұп хромосомалардың трисомиялары (13+; 18+) жартылай летальды (сублетальды) болады да нәрестелер балалық шағында-ақ өліп қалады. Жыныс хромосомаларының ауытқуларының (ХО, ХХУ, XXXУ, т.с.с.) және кейбір аутосомдардың трисомияларының (13+, 18+, 21+) тіршілік қабілті айтарлықтай жоғары дәрежеде болуы мүмкін.
Қазіргі кезде сипатталған 100-ге жуық хромосомалық аурулардың 95-і негізінен 5 хромосомалық ауытқуларға тән болады: 13, 18, 21 хромосома трисомиялары, Шерешевский-Тернер синдромы (45, ХО), Клайнфельтер синдромы (47, ХХУ)
Синдром деп – белгілі бір ауруға жатпайтын бірнеше ауру белгілерінің бір адамда қатар келуін айтамыз. Бұл ауруды алғаш рет 1855 жылы Л.Даун сипаттап жазған, бірақ оның себептері 100 жылдан кейін 1958 ж. Ж.Лежен анықтаған. Бұл ауру екі жыныста да бірдей жиілікпен кездеседі, оның орташа жиілігі 1/700-дей шамасындай. Нәрестелердің Даун синдромымен туылуы ана жасына байланысты, мысалы 20 жастағы аналар 1:1800,30-жастағылар – 1:1000,40 жастағылар – 1:100 ауру балаларды дүниеге алып келеді.
Даун синдромының негізгі клиникалық сипаты – ақыл-есінің туа біте кем болуында. Оның себебі – 21 хромосоманың q22.3 аймағындағы супероксиддисмутаза генінің дозасының көбеюі болуы мүмкін. Оларды оқытып-үйретуге болады, бірақ жазуға, санауға үйрету мүмкін емес. Орталық нерв жүйелерінде айтарлықтай ауытқушылықтар болмаса да олар икемсіз, епсіз, жайсыз болып келеді.
Даун синдромымен ауыратын әр түрлі жастағы балалар (Бочковтан, 2003) (брахицефалия, домалақ бет, макрогласия, ашық ауыз, эпикант, гипертелоризм, қитаркөзділік)
Бұл аурудың негізгі фенотиптік сипаттарына мыналарды жатқызуға болады: бойлары аласа, шүйдесі тегіс, бас сүйектері кішкентай трахицефальді, эпикант дамыған, көздері қысыңқы, мұрындарының түбі жалпақ, кең кеңсірікті болып келеді.
Олардың 53%-да жүрек-қантамыр жүйесінің бұзылуы, сол сияқты, барлық ішкі секреция бездерінің қызметтерінің бұзылыстары байқалады.
Дерматоглификасы – алақандарында терең көлденең сызықтарының және шынашығында 2-жұмылатын бүгілу сызығының орнына тек 1 ғана сызықтың болуымен сипатталады.
Бұл ауруды 1960 жылы Дж.Эдвардс айқындап тапқан, оның жиілігі 1/4500-ден 1/650-ге дейін болады. Бұл аурумен ерлерге қарағанда әйелдер көбірек ауырады (3:1). Бұл – ұл балалардың эмбриональдық даму кезінде не өмірінің алғашқы апталарында көптеп өліп қалатындығын көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |