Инновация(латын сөз. in — в. novis — жаңа) — жаңа, жаңалық, жанару.
С. И. Ожегов сөздігі бойынша: инновация — бірінші рет шыққан, жасалған, жуық арада пайда болған, бұрынғының орнын басатын, алғаш ашылған, бұрыннан таныс емес енгізілген жаңалық.
Ағылшын тілінен аударғанда «инновация» «новацияга кіріспе» дегенді білдіреді.
Үлкен энциклопедиялық сөздікте «инновация — жаңаша білім беру» деп түсіндіріледі.
В. И. Днепрова, Зогвязинский, Лазареваның енбектерінде «инновация — білім беру жүйесінде жаңалыктарды жасап шығару, игеру, қолдану және тарату іс-әрекеті».
М. М. Потаншник, А. С. Лоренсовта «инновация — тәсілдерді меңгеру үрдісі».
Н. Нұрахметов: «Инновация, ииновациялық үрдіс — білім беру мекемелерінің жаңалыктарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызметі», — дейді.
К. Құдайбергенова: «Инновация — нақты қойылған мақсатқа сай салынған жаңа нәтиже», — дейді.
Т. И. Шамова мен И. Третьяковалардың еңбегінде «инновация — жаңа мазмұнды ұйымдастыру, ал жаңалық дегеніміз — тек қана жаңалық енгізу, ұйымдастыру, қалыптастыру».
Бұл термин мәдени антропологияда пайда болды. Бұл «бір мәдени жетістіктерді сауда, тауар алмасу айналымына пайдалану, аудару» дегенді білдіреді. «Инновация» термині антропологнядан экономикаға, содан соң педагогикага көшіп, оқыту мен тәрбие жүйесіндегі, оқыту әдістемесіндегі білім беру мекемелерінің практикалық немесе ғылыми әрекетінде туындаған түрлі өзгерістерді зерттейді. Ғылыми зерттеулерде «инновация» ұғымы XIX ғасырда пайда болды. Сөздіктерде бір нәрсенің нәтижесі іспетті (жаңалык, ірі жаңалык, ендірілгсн жаңалық), сондай-ақ жаңалықты ендіру (жаңалыкка кіріспе, инновация актісі, т.б.) үрдісі деп түсіндіріледі.
ІІедагогикалық жүйедегі жаңалықтардың басты инновациялық бағыттары:
• тұтас педагогикалық жүйе;
• оқу орындары;
• педагогикалық теория;
• мұғалім;
• білім алушылар;
• педагогикалық технология;
• мазмұн;
• түрлері, әдістері, құралдары;
• басқару;
• мақсат пен нәтиже.
Бұл аталмыш бағыттар арқылы студенттердің өзіндік жұмысының өз бетінше орындалуын ұйымдастыру мен басқару; оқытудағы маңызды мәселелер; жағдаяттарды шешу; тестілік бақылаудың түрлерін пайдалану; саралап оқыту; оқытудың компьютерлік технологиялары; оқытуды даралау; бағдарламалық оқыту; ТОҚ (кино және бейнетехникалары, лазерлі нұсқамалар, слайдтар) пайдалану; оқытудың тірек белгілері; іскерлік және рөлдік ойындар; сабақтың кіріктірмелілігі; модульді оқыту сиякты, т.б. педагогикалық инновацияны анықтауға болады.
Қазіргі жоғары мектептерде нақты оқытушылар мен ғылыми зерттеушілік қызметтер басшылыққа алатын аса бай педагогикалық тәжірибелер жинақталған. Алайда, оқытушылар өз әріптестерінің; педагогикалық тәжірибесіне талдау жасай отырып, жаңалық ретінде танып, өмірге қолдану, тарату, зерттеу жөнінде ойлана бермейді. Әр педагогтың тәжірибесі өз кеңістігінен шықпай жатады.
Педагогикалық инноватика — білім берудің жаңа тәжірибесін жасауға байланысты мектептердің даму үрдісін зерттейтін ғылым саласы. Қазіргі педагогикалық инноватиканың маңызды міндеттерінің бірі — мектепті дамыту нысанын айыра білу және бүгінгі заман педагогына аса қажетті білім болып саналатын жаңалықтардың жіктелуі мен зерттелуін, меңгерілген жаңалыққа жан-жақты сипаттама беру, оның шығу тегі мен басқа салалармен қатыстылығын іріктеу болып табылады.
Педагогтан талап етілетін нәрсе — білім берудегі инновациялық үрдістің мәнін және оның заңдылықтары мен қағидаларының ерекшеліктерін ескере отырып, жүзеге асыру жолдарын білуді түсіну.
Педагогикалық инновацияның негізгі критерийлері:
• жаңалығы;
• ыңғайлылығы;
• шығармашылық еркіндігі;
• нәтижелілігі.
Әдетте, бұл түсінік инновациялық үрдіс әрекет субъектілерінің — зерттеушілердің, жазылымдарды даярлаушылардың, техниканы басқарушы мамандардың, инновацияның таралуына және кұрылуына қолайлы жағдай жасайтын мамандардың әрекет жиынтығын білдіреді.
Инновациялық үрдістегі ұжымдық әрекет туралы сөз болғандықтан бұндай анықтама дәлме-дәл келеді. Біз жеке субъект деңгейіне келсек, онда инновациялық үрдістің жеке алынған субъектісінің әрекетін қарастырамыз. Бұл жағдайда инновациялық әрекеттің объектісі бұдан бұрын қалыптасқан және осы уақытта оның тәсілдері, құралдары адамдардың осы қауымдастығы үшін біркелкілік репродуктивті сиппатқа ие әрекеттің басқа түрлері болып табылады.
Педагогикалық қызметтің инновациялық бағыттарын не дамытады? Бұл сұраққа жауап ретінде ең бірінші болып, әрине, қоғамда пайда болатын және Конституция мен “Білім туралы” заңда жарияланған жаңа білім саясатындағы, білім жүйесіндегі әлеумеітік-экономикалық жаңартулардың пайда болуы әсер етеді. Бұл саясаттың түпкі мағынасы білім беру мазмұнын ізгілендіруге, оқу пәндері құрамының, көлемінің өзгеруіне, жаңа оқу сабақтарын еңгізуге, мұғалімдердің педагогикалық жаңалыктарды қабылдауына қатысын өзгертуінде.
Мектегі тәжірибесінде мектепті жаңартудың мыандай жолдары бар:
• жеке тәжірибенің дамуы;
• басқалар жасаған тәжірибені басшылыққа алу;
• ғылыми жазылымдарды меңгеру;
• қателер мен сынақтар әдісі;
• эксперимент.
Кәсіби-педагогикалық мәдениеттің компоненттерін құрылымдық талдау тұрғысынан инновациялық анықталады:
• жаңалығының болуы немесе болмауы:
• пайдаланылғандарды нақтылау;
• таныс дүниенін сәл өзгерістермен қайталануы;
• қосымша маңызды бөлімдер мен өзгертулер косу;
• сапалы жаңа дүниенін жасалуы.
Бұл алгоритмдер озат педагогикалық тәжірибенің және ғылымипедагогикалық зерттеулер нәтижесін ендірудің бағасын білумен жүзеге асырылуы мүмкін.
Ұсынылған әдебиеттер: Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т., Берикханова А.Е. Педагогика, -Алматы: ОНОН. 2017, -340 б.
Cұлтанова Ғ. Педагогика. Оқу құралы, -Тараз: ТарМПИ, 2014, -300 б.
Педагогика: көрнекі дәрістер жинағы. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институты, 2008, -298 б.