Мамандық: пмно-205 Тақырыбы: Педагогикалық білім берудегі дәстүрлер мен инновациялар Мақсаты



бет1/2
Дата17.11.2022
өлшемі18,05 Kb.
#158648
  1   2
Байланысты:
2 тапсырма. ПМНО 205. Жолтай Жансая


2 тапсырма.
Орындаған: Жолтай Жансая
Мамандық: ПМНО-205
Тақырыбы: Педагогикалық білім берудегі дәстүрлер мен инновациялар
Мақсаты: Педагогикалық білім берудегі дәстүрлер мен инновациялардың мәнін мазмұның ашу
Негізгі сұрақтар, тапсырмалар:
1. Педагогикалық білім берудегі инновация ұғымы
2. Педагогикалық білім берудегі инновацияның мақсат, міндеттері

Жаңа енгізілген жаңалық немесе инновация адамның кәсіптік қызметінің бәріне де тән болғандықтан, ол табиғи түрде зерттеудің, талдаудың және тәжірибеге енгізудің нысанасына айналады. Инновация өздігінен пайда болмайды. Ол — ғылыми ізденістердің, жекелеген мұғалімдер мен тұтас ұжымның озық педагогикалық тәжірибиесі. Бұл процесс стихиялы дамымайтындықтан ол басқаруды қажет етеді.


Қазiргi уақытта қоғам, мәдениет және бiлiмнiң дамуында педагогикалық қызметтiң инновациялық бағыттылығының қажеттiлi бiрқатар жағдайлардан көрiнiп отыр.
Біріншіден, қоғамда жүріп жатқан әлеуметтік-экономикалық қайта құрулар білім беру жүйесін, әдістемесі мен түрлі типтегі оқу орындарының оқу тәрбие үрдістерін ұйымдастырудың технологиясын түбірінен жаңартуды талап етуде. Педагогикалық жаңалықты жасау, игеру және пайдалануға негізделген мұғалім мен тәрбиеші қызметінің инновациялық бағыттылығы білім беру саясатын жаңартудың құралына айналуда.
Екіншіден, білім беру мазмұнын ізгілендірудің күшеюі, пәндерінің көлемі мен құрамының үнемі өзгеріске ұшырауы, жаңа оқу пәндерінің енгізілуі жаңа ұжымдық формалар мен оқыту технологиясын үздіксіз іздестіруді талап етуде. Осы жағдайда мұғалімдер арасында педагогикалық білімнің рөлі мен беделі арта түсіп отыр.
Үшіншіден, мұғалімнің педагогикалық жаңалықты игеру және қолданылуға деген қатынасы сипатының өзгеруі. Егер бұрынғы уақытта инновациялық қызмет негізінен жоғарыда ұсынылған жаңалықтарды практикада қолданумен шектелсе, қазіргі уақытта ол барынша баламалы, зерттеушілік сипат ала бастады. Сондықтан да мектеп, білім беру органы басшыларының қызметіндегі маңызды бағыттардың бірі мұғалімдердің енгізген инновациясына талдау жасап, баға беру, оны іске асыруға, қолдануға қолайлы жағдай жасау болуы тиіс.
Төртіншіден, жалпы білім беретін оқу орындарының нарықтық қатынастарға енуі, мемлекеттік емес оқу орындарының құрылуы нақты бәсекелестік ахуал туғызуда.
Инновация — ғылыми-мәдени прогресс.
Әлеуметтік өмірдің барлық саласындағы түбегей өзгеріетер, ғылым мен мәдениеттегі прогресс, педагогикалык қызмет саласындағы жаңа талаптар білім жүйесіндегі қайта құруға апарып соқтырды. Бұл салаларды әрі қарай жетілдірудің бірден-бір мүмкін жолы — инновация, яғни педагогикалык жаңалыктарды игеру мен қолдануды басқаратын үрдістер. Бұл білім беру мазмұнына, білім беру және тәрбиелеу әдістеріне, білім беру мекемелерін ұйымдастыру және басқару жұмыстарын байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет