Мамандық таңдау- өміріңнің кірпішін дұрыс қалау Сабақтың мақсаты: Білімділік



бет13/15
Дата28.03.2022
өлшемі58,63 Kb.
#137040
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
Сымбат тірбие сағаттары

Оқушы:Дәуіржан
Жақсы кісі ақылменен тәуір болады,
Мінезі қорғасындай ауыр болады.
Оқушы: Бекзат
Азаматпен дос бол,
Қадіріңді біледі.
Білімдімен дос бол,
Сасқанда ақыл береді.
«Кімге не артық?»
Оқушы: Нұрасыл
Тәкаппарға көз артық -
Көріп тұрып, көрмейді.
Жарымеске сөз артық -
Жөн сөйлеуді білмейді.
Не істесе де оңдырмас -
Артық қолы олақтың.
Тілазарға тыңдамас -
Қажеті жоқ құлақтың.
Ғұмырында, әруақытта,
Түк істемес құмартып,
Жалқауға
Құлақ та,
Көз де,
Қол да –
Бәрі артық.\
Балалар, тәкаппарлық пен жалқаулықтан, тілазар болудан бойымызды аулақ сақтайық. Білімді, саналы болашақ. Білімді, саналы достардан әрқашан жақсылық күтуге болады.
Көрініс. «Қиын есеп» сынып оқушылары
Басы қатты баланың,
Шығара алмай есебін.
Іздеп түрлі амалын,
Күбірлейді қос ерін.
Қиналғандай көрініп,
Оның... тісі де.
Қарындашты кеміріп,
Кіріскен өз ісіне.
Талай тәсіл қолданып,
Бір жазып,
Бір өшіріп,
Отыр бала ойланып,
Ақ қағазға тесіліп.
- Мейрамбек, не істеп отырсың?
- Мына есепті шығара алмай отырмын.
- Е - е, соншама қиналғаның не, мә, көшіріп ал!
- Рахмет. Жақсы болды, қазір – ақ көшіріп аламын.
Мұғалім:Балалар, кім – кімге жақсылық жасады? Осы жақсылық па?
(Оқушылар өз ойларын ортаға салады).
- Кім, не қасиетсіз?
Оқушы: Еркенұр
Өз ойы болмаса, ер қасиетсіз.
Жігері болмаса жігіт қасиетсіз.
Бал болмаса, ара қасиетсіз.
Жан байқалған, шала қасиетсіз.
Өнерсіз болса, бала қасиетсіз.
Әділетсіз болса, дана қасиетсіз.
Ұятсыз болса, қыз қасиетсіз.
Көк шықпаса, жер қасиетсіз.
Оқушы: Қайырымдылық – асылқасиет. Шексіз мейірімді, шексіз рақымды. Алла мұсылман құлдарына әрқашан да бір – біріне мейірімді, қайырымды болуға үндейді.
Оқушы: Рамазан айы – мейірімділік, қайырымдылық айы. Бұл айда мұсылмандар пітір таратады. Бір – біріне қолынан келгенше қайырымдылық жасайды.
Оқушы: «Күллі адам баласын қорқылатын үш нәрсе бар. Әуелі – надандық, екінші – залымдық, үшінші – еріншектік» - деп Абай атамыз айтқан екен. Міне, осы үш нәрседен бойымызды аулақ ұстайық.
Оқушы: Айзере
Кісіге адамшылық не керек?
Адамдық – өзге айуаннан артық демек.
Ит талаған төбеттей қалай дейсің,
Аямай әлкелгенін жұтып жемек.
Мейірім – жақсы, залымдық жаман дейсің,
Қасқырлыққа қайтесің құр дөңгелеп.
Жан ашып, ешбір жанға жәрдем қылмай,
Өткен адам – өсіп – өсіп құлаған бір бәйтерек. (Ш. Құдайбердиев)
Оқушы (Аида) Өмірде еш өкініш болмасын,
Имандылық босын сенің жолдасың.
Қорытынды: Бір - бірімізге қайырымдылық, мейірімділік жоқ жерде бірлік пен ынтымақтықтың ауылы алыстай береді. Ата – бабаларымыздан қалған асыл қасиеттерден жұрдай болсаң, қазақпын деуге құқымыз бола қоярмаекен? Енді ата – бабаларымыздың нақыл сөздеріне кезек берейік (Оқушылар нақыл сөздер айтады).
Біз – халқымыздың қайырымдылық дәстүрін жандандыратын, жалғастыратын ұрпақпыз.
Өмір тауқыметін шегіп отырған кемтар адамдарға, көп балалы отбасыларға, қарттарға, зейнеткерлерге қайырымдылық қорлары да өз көмектерін көрсетуде.
Халқымыздың осы бірбағалыдәстүрін – қайырымдылық пен жақсылықты ұмытпайық!



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет