Мамандық таңдау- өміріңнің кірпішін дұрыс қалау Сабақтың мақсаты: Білімділік


Тәрбие сағатының тақырыбы: «Мейірімділік – жан шуағы»



бет12/15
Дата28.03.2022
өлшемі58,63 Kb.
#137040
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
Сымбат тірбие сағаттары

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Мейірімділік – жан шуағы»


Тәрбие сағатының мақсаты: Қайырымдылық, жақсылық жасау дәстүрлері жайында түсінік беру, халқымыздың қайырымдылық дәстүрін жалғастыруға бағыт беру, үнемі жадында ұстауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: Қайырымдылық жайында жазылған ұлағатты сөздер:
«Жасаған жақсылығың сатулы болмасын», «Адамға қылған жақсылық өмірінде тозбайды», «Бір - бірімізге қайырымдылық, мейірімділік жоқ жерде бірлік пен ынтымақтастықтың ауылы да алыстай береді», т. б.
І. Ұйымдастыру кезеңі: Адамға ең бірінші білім емес, рухани тәрбие берілу керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат алып келеді. (Әл – Фараби)\
Ата - бабаларымыз ұрпағына мұра етіп қалдырған тілі, салт - дәстүрі, әдет - ғұрпы бар. Олар бір шаңырақтың астында тату – тәтті өмір сүрген. Ұрпағының білімді болғанын армандаған. Адамға жақсылық жасау, қайырымдылық көрсету – халқымыздың мақтан етерлік дәстүрлерінің бірі. Бұл дәстүр қазақ тіршілігінде түрліше іске асып отырған.
1 - оқушы. Көрші - қолаңның, ағайын туыстың жалғыз аты өлсе, оның етін көпшілік болып бөлісіп, орнына бірігіп ат сатып берген.
2 – оқушы.Алыс сапарға аттанғанда, кедейлерге ет - май деп майда малын уақытша болса да қарасып, мініске деп жылқы берген. Көлік - жай деп көшуге, малға жем - шөп даярлауға түйе беріп көмектескен.
3 - оқушы. Сауын деп кедей - кепшіктерге жаз кезінде сауынға мал берген.
Ата - бабаларымыз қайырымдылық дегенді осылайша түсінісіп, осылай жүзеге асырып отырған. «Адам баласына қолыңнан келсе, жақсылық қыл, жасаған жақсылығың алдынан шығады,» деген екен. Бір - бірімізге жақсылық жасаудан жалықпайық, достар!
4 - оқушы. Атаны ардақтау, ананы аялау, досты сүю, жолдасты құрметтеу – бізге бабаларымыздан қалған дәстүр. Бұл да – елдігіміздің нышаны.
Ата - әжеге баланың ықыласы мына өлең шумақтарынан көрінеді:
5 - оқушы. Таң атса күлімдеп,
Жүрегім дірілдеп.
Атама жүгірем,
Күн ашық бүгін, деп.
7 - оқушы. Жүрерде жер тіреп таяғын,
Орнынан тұрады ол әрең.
Әттең, мен кішкентай баламын,
Әйтпесе, арқалап алар ем.
Сынып оқушыларының орындауында қазақ биі.
«Ақыл тозбайтын тон,
Білім таусылмайтын кен» - деген ата - бабаларымыздың нақыл сөзі бізге тәрбие береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет