Сабақтың тақырыбы: Оралхан Бөкей «Қар қызы»



Дата31.05.2022
өлшемі14,89 Kb.
#145567
түріСабақ
Байланысты:
44. Оралхан Бөкеев
6 БЖБ 4 тоқсан №2, 45. Қ. Мұхамеджанов, 44. Оралхан Бөкей

№ 44дәріс
Сабақтың тақырыбы: Оралхан Бөкей «Қар қызы» повесі
Жоспар:
1. О.Бөкейдің өмір жолы.
2. «Қар қызы» повесіндегі Қоңқай шал образы. 
3. Шығармашылығындағы Алтай табиғатын бейнелеуі.
Оралхан Бөкей – публицистика, поэзия, проза жанрларын әдемі тоғыстырған қазақ әдебиетінің жаңашыл дара жазушысы. Әр әңгімесінің түбінде бір астарлы ой бұғып жататындықтан оны бірден түсіну қиын. Оралхан Бөкей 1943 жылы 28 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданы Шыңғыстай ауылында дүниеге келді. Әкесі Бөкей табиғатынан қатал, сөзге шешен, рухы биік, шыншыл жан болса, анасы Күлия ақкөңіл, ақжарқын мінезімен көпке үлгілі болған. Отбасында бір ұл - Оралхан, бес қыз – Шолпан, Әймен, Ләззат, Мәншүк, Ғалия. Оралхан дүниеге келгенде сұрапыл соғыс жылдары болғандықтан, әкесі Оралға еңбек майданына аттанған кез болатын. Анасы Күлия әкесі еңбек майданынан аман-есен оралсын деп ырымдап, сәбидің атын Оралхан деп қойған екен. Ол 1961 жылы Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Шыңғыстай орта мектебін соң, аға пионер вожатый және Алтай совхозында тракторшы болып жұмыс істеген. 1963-1969 жылдары Оралхан Бөкей С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетінде сырттай оқыды. 1965-1968 жылдары ол Большенарым ауданының «Еңбек туы» газетінде корректор, аудармашы, редактордың орынбасары, Шығыс Қазақстан облысының «Коммунизм туы» («Дидар») газетінде әдеби қызметкер болды. 1974-1983 жылдары Оралхан Бөкей «Жұлдыз» журналының проза бөлімінің меңгерушісі, 1983-1991 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінде редактордың орынбасары, 1991-1993 жылдары бас редакторы болды. 1991 жылы «Аққұс» әдеби ұйымын құрды.Оралхан Бөкей – Кеңес кезіндегі ескі әдебиетіміздің жаңаша жаза бастаған жазушысы. Ол шығармаларында реалистік, романтикалық, мифтік желіні қолдану арқылы оқырманын таңғалдыра алды. Жазушы өз ортасының шындығын, туып-өскен жерінің тамаша суретін, қарапайым халқының тұрмыс-тіршілігін керемет бейнелеп жазған. Жалпы, адамды ардақтау, адам психологиясын терең зерттеу – Оралхан Бөкей шығармаларының негізгі тақырыбы десе де болады.
Оралхан Бөкейдің "Қар қызы" повесінде Алтайдың қақаған аязында далада қалған үш жігіттің жайы сөз болады. Әкелері соғысқа кетіп, сонда қаза тапқан жігіттер соғыстан кейін туылған. Ауыл басшысының бұйырығымен қыс ортасында шайлғайдағы ауылдан шөп әкелуге аттанған үш жігіттің бастан кешкен оқиғасы повеске арқау болады. Негізгі кейіпкер Нұржан мен жанындағы екі жолдасы шөп әкелуге бара жатып, шалғай ауылдағы кемпір-шалдың үйіне түседі. Олардың Алмажан есімді бір қызы бар. Қыз бойында әлдеқандай жұмбақ жатқандай еді. Мұнан соң алыс сапарға қайта аттанған жігіттер бірер күннен кейін айдаладан жалғыз үйді көреді. Ол үйдің иесі кержақ шал еді. Түнеуге сұранған жігіттерді шал самарқау қарсы алып, ас-су беруге де жарымайды. Нұржанның жанындағы жолдасы Аманжанның мінезі де түрі де үйіне түнеуге рұқсат еткенін міндетсінген кержақ шалдан айнымайтын еді. Ертесіне шалдан жол сұраған жігіттерге кержақ шал бұрыс жол көрсетіп, адастырып жібереді. Жапан далада ақ қардың арасында қалған үшеуінің өлім мен өмір арасындағы күресі енді басталған еді. Жылынар пана таппаған үшеуі ұйықтап кетіп, жан тәсілім етудің аз-ақ алдында ғана қалғанда Қар қызы Нұржанды оятады. Сөйтіп үш жігіт өлімнен аман қалады. Сыңсып ән салатын қар қызы Алмажан мен Нұржан бас қосып, шаңырақ көтереді. Аманжан кержақ шалдың үйінде қалады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет