Мамандығы курстық ЖҰмыс тақырыбы



бет2/6
Дата22.10.2022
өлшемі86,51 Kb.
#154606
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
курстык
жүктілік қалқанша без (копия), Акерке , 181-Lectures-6-7-8, Глосарий 61945ab8d4223ce5ef878e63b49ca410, Биофиз 1рк 99 , Требования к внешнему виду медицинского персонала, Требования к внешнему виду медицинского персонала, коммуникативная компетентность врача, Анатомия теориялық база, Занятие 1 Ознакомьтесь с таблицей. Каковы лексические, морфологи, Анат лекция, лейкоз 301б, Нейроинфекции 1, БИОФИЗИКА 2 РК 100 дұрыс
Шығысытар, мың тг.

2 012

Негізгі капиталға инвестициялар

55 270

Негізгі капитал

4 200

Барлығы

59 470

Жобаны қаржыландыруды жоба бастамашысының өз қаражаты есебінен сияқты қарыз капиталы есебінен де жүзеге асыру жоспарлануда.



Қаржыландыру көзі, мың тг .

Сомасы

Кезеңі

Үлесі

Өз қаражаты

23 210

04.2012

39%

Қарыз қаражаты

36 260

05-06.2012

61%

Барлығы

59 470




100%

Кредиттеудің келесі шарттары қабылданды:



Кредит валютасы

теңге

Пайыздық ставка, жылдық

12%

Өтеу мерзімі, жыл

6,0

Пайыздар мен негізгі борышты төлеу

ай сайын

Пайыздарды өтеудің жеңілдікті кезеңі, ай

6

Негізгі борышты өтеудің жеңілдікті кезеңі, ай

6

Негізгі борышты өтеу түрі

тең үлестермен

Жобаның 5 жылына арналған кәсіпорын қызметі тиімділігінің көрсеткіштері.:



Жылдық пайда (7 жыл), мың тг.

10 061

Активтердің рентабельділігі

18%

14% дисконттау ставкасы кезінде инвестицияланған капиталдың дисконтталған таза кірісі 7 жылда 4 753 мың теңгені құрады.

Ішкі кірістілік нормасы (IRR)

17%

Ағымдағы таза құны (NPV), мың теңге

4 753

Жобаның өзін-өзі ақтауы (жай), жыл

4,4

Жобаның өзін-өзі ақтауы (дисконтталған), жыл

5,9

Жоба экономикалық көзқарас жағынан мыналарға ықпал ететін болады:


- Батыс Қазақстан облысында 39 жаңа жұмыс орнын құру;
- Батыс Қазақстан облысының бюджетіне қосымша кірістердің түсуі;
Жобаның әлеуметтік әсерінің арасынан мынаны бөліп көрсетуге болады:
- халықтың сапалы стоматологиялық қызметтерге деген сұранысын қанағаттандыру.

Ақылы медициналық қызметтер көрсетушілер арасындағы жоғары бәсекелестік тұтастай алғанда нарықта әр түрлі экономикалық процестерді оңтайландыруға мүмкіндік береді және атап айтқанда,сапасыз қызметтер көрсететін компанияларды ығыстырып шығарады.


Қаржылық дағдарыстың салдарынан кейбір ойыншылар нарықтан кетуге мәжбүр болады, қалғандары жұмысын жалғастыруы үшін бар күш-жігерін жұмсайды. Нәтижесінде нарықта бәсекелестіктің біраз азайғаны байқалады.
Ақылы медициналық қызмет көрсету нарығында стоматологиялық қызметтер көш басында келеді: медицинаның бұл саласы үнемі рентабельді деп есептеледі, бұдан басқа ақылы поликлиникалар бұл салада кеңес одағы кезінен жұмыс істеуде. Бүгінде ақылы стоматологиялық клиникалар негізінен мемлекеттікті ығыстырып шығарды. Халықтың стоматологиялық қызметке сұранысы барлық баға сегменттерінде – ең төменнен суперэлиталыққа дейін қанағаттандырылған.
Стоматология медицинаның ең бір серпінді дамып келе жатқан саласы. Заманауи материалдар, жаңа технологиялар – бұл ауруды сәтті емдеудің негізгі факторларының бірі. Өзіне жаңа технологиялар мен заманауи ғылым жетістіктерін сатып алған және қолданып келе жатқан клиникалар бәсекелестік басымдыққа ие болуда.
Бұл олардың серпінді дамуына және дамуы төмен бәсекелестермен салыстырған пациенттерді көптеп тартуына мүмкіндік береді.
1.1 Жобаның тұжырымдамасы
Жобаның тұжырымдамасы Батыс Қазақстан облысында стоматологиялық қызметтер кабинетін ашуды қарастырады.
Мыналар стоматология кабинеті қызметтерінің негізгі түрлері:
- Ортопедиялық стоматологиялық қызметтер;
- Терапевтикалық стоматологиялық қызметтер;
- Хирургиялық стоматологиялық қызметтер және имплантология;
- Стоматологиялық бұйымдарды (тістің қабы, протездер);
- Тістің техникалық жұмыстары.
Қызметтерді негізгі тұтынушылар халық және олардың бұйымдары жеткізілетін басқа клиникалар болады.
Кабинет аумағы 350 шаршы метр сатып алынған ғимаратта орналасқан.
Осы бизнес-жоспарда жоспарланған кәсіпорынның айналымын ескере келе қызметті жауапкершілігі шектеулі серіктестік шеңберінде жүзеге асыру ұсынылады..
Осы бизнес-жоспар басшылыққа алатын соңғы нұсқа емес, тек осындай бизнес-идеяны дамытудың әлеуетті мүмкіндігі ғана. Сондықтан да жобаны іске асырған кезде сату бағдарламасы сияқты көрсетілетін қызметтердің де өзгеруі мүмкін. Жоспарланған қызметтердің бәсекелестік басымдығын, сондай-ақ сатып алынатын жабдықтың ерекшелігін барынша ашып көрсету қажет болады..

1.2 Өнімнің (қызметтердің) сипаттамасы


Ортопедиялық емдеуге тістің қатты тіндерін тамырына жапсыру, алдын ала, соңғы, қолданыстағы және қосарланған оттискілерді алу;жақ сүйектің орталық арақатынасын айқындау, протездердің қаптары мен тіректерін орнықтыру; тістің түсі мен сыртқы қабын айқындау,алынбайтын конструкция салу, алынатын протездердің конструкцияларын тексеру және оларды орнату кіреді.
Терапевтік стоматология тістерді консервативті емдеумен айналысады. Осы терапевтикалық стоматологиямен айналысатын дәрігерлер тістің саулығын сенімді қорғай алады. Терапевтік стоматологияның негізгі міндеті тістің шіруін, жұлынған тісті емдеу болып табылады. Кейбір клиникаларда стоматолог-терапевтер қызыл иектің ауруын емдейді және тістерді жаңартады.
Хирургиялық стоматология мынадай емдеу әдістерін қолданады: тісті сақтау операциясы, сүйек тінін орнату, тістерді дайындау және имплантация, сондай-ақ пародонтологиядағы түрлі операциялар.
Тістердің имплантациясы – жасанды «түбір» орнату әдісі, ол жоғарғы немесе төменгі жақ сүйек үшін титаннан дайындалады. Имплантаттар не тістің қабы бекітілетін (түскен тісті толық ауыстыратын) немесе алынатын не алынбайтын тіс протездеріне арналған тірек ретінде қолданылады.
Конструкциялық жағынан имплантат екі бөліктен тұрады – жақ сүйекке хирургиялық жолмен орнатылатын титан конструкциядан тұратын имплантаттың өзі, сол материалдан (титан) жасалған, орныққаннан кейін имплантатпен қосылып кететін абатмент.
Кабинет ұсынатын қызметтердің тізбесі 1-кестеде берілген..

1-кесте – Кабинет ұсынатын қызметтердің тізбесі



Атауы



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет