141. Емханада 1 жас 7 айлық баланы атопиялық дерматиттің өршуіне байланысты қан анализі жүргізілді.
Қанның қандай көрсеткіші аурудың өршуін көрсетеді?
А) ЭТЖ - 8 мм/ч
В) Лимфоциттер - 52%
С) Лейкоциттер - 8,3х109/л
D) Эозинофилдер - 11%
Е) Моноциттер - 5%
142. Жұқпалы аурулар бөліміне 7 жасар қыз балаға көкжөтел, спазматикалық кезеңі деп диагноз қойылды. Ұстамалардың саны күніне 10-12 рет, өкпеде құрғақ сырылдар естіледі.
Қанның қандай көрсеткіші осы аурудың көрінісі деп бағалану керек?
А) Лимфоциттер- 58%
В) Базофилдер - 0,5%
С) Лейкоциттер - 17х109/л
D) ЭТЖ - 9 мм/ч
Е) Моноциттер - 5%
143. Емханада біраз уақыт бұрын пневмониямен ауырған 4 айлық ұл балаға бақылау мақсатында қан анализі жүргізілді.
Қанның қай көрсеткіші қалыптыдан ауытқыған?
А) Гемоглобин - 100 г/л
В) Эритроциты - 4,1х1012/л
С) Түс көрсеткіші – 1,0
D) Моноциты - 5%
Е) Лимфоциттер-58%
144. Аймақтық дәрігер 15 күндік баланы кіндік жарасының жазылмауына байланысты үй жағдайында қарады. Баланың іш терісінде жеке іріңді элементтер анықталады. Емуі нашар, 50 г салмақ жоғалтқан.
Қанның қай көрсеткіші баланың жағдайын көрсетеді?
А) ЭТЖ - 9 мм/ч
В) Моноциттер - 5%
С) Лейкоциттер - 19х109/л
D)Эритроциттер - 4,8х1012/л
Е) Лимфоциттер - 58%
145. Аймақтық педиатрдың қабылдауына 7 жасар ұл бала анасымен келді. Анасы баласының әлсіздігіне шағымданады. Балада субфебрильді температура және барлық топтағы лимфа түйіндерінің ұлғаюы анықталады.
Қанның қандай көрсеткіші дәрігер назарын аударды?
А) Гемоглобин - 120 г/л
В) Лимфоциттер - 48%
С) ЭТЖ - 41 мм/ч
D) Моноциттер - 5%
Е) Ретикулоциттер - 8%
146. Амбулатория жағдайында емделу кезінде 3 жастағы қыз бала зәр шығару жолдарының инфекциясына байланысты левомицетин қабылдаған. Қанның бақылаулық анализі жасалды.
Қанның қандай көрсеткіші дәрігер назарын аударды?
А) Эритроциттер - 2,9х1012/л
В) Моноциттер - 5%
С) Лейкоциттер - 6,1х109/л
D. Лимфоциттер - 48%
Е) Ретикулоциттер - 8%
147. Аймақтық дәрігердің қабылдауына 1 жасар 2 айлық ұл балаанасымен келді. ЖРВИ-мен ауырған. Шағымдары: жабысқақ жөтел, тұрақсыз дәрет. Дәрігер қарау барысында: себорея, строфулюс, «географиялық тіл», лимфаденопатия, тері асты шел май қабатының бос және ісіңкі болуы, моторлы дамуда артта қалған, бауыр мен талақ біршама үлкейген. Зәр анализінде көп мөлшерде эпителий анықталды.
Достарыңызбен бөлісу: |