Осы баланың жасын көрсетіңіз?
А)1 ай
В)3 ай
С)5 ай
D)1 жас
Е)3 жас
242. Аурухананың қабылдау бөліміне 5 жасар ұл бала ішінің жедел ауырсынуымен түсті. Қабылдау бөліміндегі дәрігер баланы қарап, аппендицитке күдіктенді және оны хирургиялық бөлімге жіберді. Хирург баланы әдістік тексеруде алақанның және тізенің алдыңғы бетінен симметриялы майда папулезді геморрагиялық бөртпелерді көрді. Бұл жағдайда бөртпенің шығуына не себеп болды?
А)Аллергия
В)Менингококцемия
С)Жәншау
D)Геморрагиялық васкулит
Е)Желшешек
243. Аймақтық дәрігер 7-сынып оқушысын қабылдады. Оқушы дене температурасының 37,50С-қа жоғарылауына, қол, жамбастың жазылатын бетінде ұсақ папулезді бөртпелердің пайда болуына шағымданды. Дәрігер қарағанда жұтқыншағы аздап қызарған. Желкедегі лимфа түйіндері жұмсақ, көлемі 1x1 см, сәл ауырсынады.
Осы лимфа түйіндеріндегі реакция қай ауруда болады?
А) Жәншау
В) Қызамық
С) Жұқпалы мононуклеоз
D) Туберкулез
Е) Аденовирусты инфекция
244. Педиатр 6 жасар ұл баланы тамағының ауырсынуына және дене температурасының 37,50С-қа жоғарылауына байланысты үй жағдайында қарады. Ангина диагнозы қойылды. Ауырғанына 3 күн болған. Анасы мойнының артқы бүйірлік аймағындағы ісікке көңіл аударды. Дәрігер қайта қарауда жұқпалы мононуклеозға күдіктенеді.
Диагнозды негіздеуге не себеп болды?
A.Баспа
В)Бөртпе
С)Лимфа түйіндерінің ұлғаюы
D)Гипертермия
Е)Спленомегалия
245. Стационарда сепсис диагнозы қойылған 6 айлық ұл балаға остеомиелитті жоққа шығаруы үшін тізе және сан сүйектерінің рентгенограммасын жасатты.
Осы жастағы нәресте сүйегінің қандай ерекшеліктері бар және рентгенограмманы талдау кезінде есепке алынуы керек?
А)Эпифиздің шеміршектік сипаты
В)Сүйектердің әлсіз минерализациясы
С)Эпифиздегі сүйектену ядросының қалыптасуы
D)Сүйек қабының айқындығы
Е)Сүйек қабының қалыңдауы
246. Аймақтық дәрігер 1 жасар қыз баланы тексеру кезінде оның теріасты шел май қабатының дамуын жеткілікті деп бағалады. Бұл жағдайда іштегі теріасты шел май қабатының қалыңдығы қандай болуы керек?
А) 0,5 см
В)0,7 см
С) 2 см
D) 3 см
Е)4 см
Достарыңызбен бөлісу: |