Бұл жағдайға қандай анемия тән?
А)Сидеробластық анемия
В)Темір тапшылықты анемиясы
С)Жаңа туылған баланың гемолитикалық анемиясы
D)Шала туылған баланың кеш анемиясы
Е) Минковский-Шоффар гемолитикалық анемиясы
10 айлық ұл бала анасымен аймақтық педиатрдың қабылдауына келді. Туылған кездегі салмағы 3100 г, жүктіліктің 37-аптасында туылған. АВО жүйесі бойынша анасы мен баласының қан тобының сәйкессіздігі анықталды. Туылған кезден бастап “Малыш” қоспасын береді. 6 айдан бастап көкөніс пюресі, ботқа берген, екі рет ЖРВИ-мен ауырған. Қан анализінде Нв - 88 г/л, эритроциттер - 3,4х1012/л, түс көрсеткіші - 0,8, сарысудағы темірдің мөлшері - 5,9 мкмоль/л, сарысудың жалпы темір байланыстырушы қабілеті - 48,4 мкмоль/л.
Бұл жағдайда қандай ем қажет?
А)Темір препараттарын беру
В)Витаминотерапия
С)Антибиотикотерапия
D)Эритроциттік масса құю
Е)Ферментотерапия
Стационарда 3 жасар ұл бала ем алуда, ЖРВИ-ден соң сарғаю пайда болған. Тексеру кезінде физикалық дамудың кешеуілдеуі байқалған. Қарағанда: өсіңкі бас сүйек, кең көзаралық. Тері жамылғысы сарғыш реңді сұр түсті. Бауыр қабырға асты доғасынан З см-ге, көкбауыр 4 см-ге шығыңқы, тығыз. Қан анализінде: Нв - 75 г/л, эритроциттер - 2,5х1012/л, түс көрсеткіші - 1,0, сфероцитоз, Прайс-Джонс қисығының сол жаққа жылжуы.
Бұл балада қандай патологияны болжауға болады?
А)Талассемия
В) Минковский-Шоффар гемолитикалық анемиясы
C) Глюкоза 6-фосфатдегидрогеназа жетіспеушілік анемиясы
D) Сидероахрастикалық анемиясы
Е) Жүре пайда болған апластикалық анемия
4 жастағы бала анасымен аймақтық педиатрдың қабылдауына келді. ЖРВИ-мен ауырған. Қарағанда физикалық дамудың кешеуілдеуі байқалды. Тері жамылғысы сұр, қолтық асты және шат аймақтарында терінің гиперпигментациясы бар. Сүйектің дамуының патологиясы, таңдай гипоплазиясы бар. Қан анализінде: Нв - 85 г/л, эритроциттер - 2,5х1012/л, түс көрсеткіші - 1,0, ретикулоциттер - 0,2%, тромбоциттер - 12,0х109/л, лейкоциттер - 3,4х109/л. Сүйек миының пунктуациясында гипопластикалық эритропоэз анықталған.
Достарыңызбен бөлісу: |