Мамандығым өзімме қатты ұнайды



Дата07.02.2022
өлшемі16,02 Kb.
#94984
түріСабақ
Байланысты:
абай алеми эссе 6 неделя


Мамандық – бұл әрбір адамның сүйіп, әрі қуана жасайтын ісі, оның ертеңгі болашағы. Әр адам мамандығын өзі таңдауы және оған құрметпен қарауы керек. Себебі мамандық таңдау үлкен жауапкершілікті қажет етеді және адам өміріндегі ең маңызды қадамдардың бірі.
Мен таңдаған мамандық –тарих пәні мұғалімі болу. Мектепте тарихты сүйіп оқитынмын. Оқушыларға қызықты ойындармен сабақ түсіндіріп, тарихты әңгімелеуді қызығып армандайтын едім. Арманыма қол жеткізіп ұстаз атандым. Қазіргі уақытта осы ұстаздық саланы ту етіп, жұмыс жасап жатқаныма екі жылдай болды.
Мамандығым өзімме қатты ұнайды.
Біріншіден — өз мамандығымды сүйем, сол өз мамандығымды сүю арқылы өз шәкірттерімнің жүрегіне жол тауып, оларды өз ісіме сүйсіндіре білдім. Бұл мұғалім үшін зор бақыт, үлкен қуаныш.
Екіншіден – шеберлікпен, шығармашылықпен сабақ жүргізе отырып, шәкірттерімнің ынта-жігерін билеп, өз ерік-қалауымен білімге деген құштарлығын оятып, ұстаздықтың ұлы қасиетін, шын мәніндегі үлкен абырой, бедел, білім күшінің иегері екенін оқушы жүрегіне ұялаттым.
Қай заманның болсын мұғалімі ұлы Абайдың «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» дегеніндей, ұстаз деген киелі мамандықтың сырын ашып, қыры мол, терең дүниеге еніп кетсем де, көңілдегі арман толастамай, толқу мен қуаныш қатар алмасып, мектеп деген үлкен дарияда жүзіп келе жатқаным — өз мамандығымды шексіз сүюден болар деп ойлаймын.
Бүгінде осы мен таңдаған тарихшы мамандығының тізгінін ұстап, талайлардың талабы мен талантын тасытып жүрген ұстаздар дүниенің әр бұрышында адамзаттың сауатын ашып, рухани және материалдық құндылықтарды мүмкіндігінше тиімді меңгерудің түрлі әдіс-тәсілдерін терең зеріттеп, теориялық талдаулар мен тәжірибелер жасап, зор табыстарға жетуде.
Менің де осындай биіктерден көрініп және өз мамандығымның қоғамға қажеттілігін сезіне отырып, мықты тарихшы болу үшін барлық күш–жігерімді сарп етуге әзірмін.

Mamandyq – bul árbir adamnyń súıip, ári qýana jasaıtyn isi, onyń erteńgi bolashaǵy. Ár adam mamandyǵyn ózi tańdaýy jáne oǵan qurmetpen qaraýy kerek. Sebebi mamandyq tańdaý úlken jaýapkershilikti qajet etedi jáne adam ómirindegi eń mańyzdy qadamdardyń biri.


Men tańdaǵan mamandyq –tarıh páni muǵalimi bolý. Mektepte tarıhty súıip oqıtynmyn. Oqýshylarǵa qyzyqty oıyndarmen sabaq túsindirip, tarıhty áńgimeleýdi qyzyǵyp armandaıtyn edim. Armanyma qol jetkizip ustaz atandym. Qazirgi ýaqytta osy ustazdyq salany tý etip, jumys jasap jatqanyma eki jyldaı boldy.
Mamandyǵym ózimme qatty unaıdy.
Birinshiden — óz mamandyǵymdy súıem, sol óz mamandyǵymdy súıý arqyly óz shákirtterimniń júregine jol taýyp, olardy óz isime súısindire bildim. Bul muǵalim úshin zor baqyt, úlken qýanysh.
Ekinshiden – sheberlikpen, shyǵarmashylyqpen sabaq júrgize otyryp, shákirtterimniń ynta-jigerin bılep, óz erik-qalaýymen bilimge degen qushtarlyǵyn oıatyp, ustazdyqtyń uly qasıetin, shyn mánindegi úlken abyroı, bedel, bilim kúshiniń ıegeri ekenin oqýshy júregine uıalattym.
Qaı zamannyń bolsyn muǵalimi uly Abaıdyń "Ustazdyq etken jalyqpas, úıretýden balaǵa" degenindeı, ustaz degen kıeli mamandyqtyń syryn ashyp, qyry mol, tereń dúnıege enip ketsem de, kóńildegi arman tolastamaı, tolqý men qýanysh qatar almasyp, mektep degen úlken darıada júzip kele jatqanym — óz mamandyǵymdy sheksiz súıýden bolar dep oılaımyn.
Búginde osy men tańdaǵan tarıhshy mamandyǵynyń tizginin ustap, talaılardyń talaby men talantyn tasytyp júrgen ustazdar dúnıeniń ár buryshynda adamzattyń saýatyn ashyp, rýhanı jáne materıaldyq qundylyqtardy múmkindiginshe tıimdi meńgerýdiń túrli ádis-tásilderin tereń zerittep, teorıalyq taldaýlar men tájirıbeler jasap, zor tabystarǵa jetýde.
Meniń de osyndaı bıikterden kórinip jáne óz mamandyǵymnyń qoǵamǵa qajettiligin sezine otyryp, myqty tarıhshy bolý úshin barlyq kúsh–jigerimdi sarp etýge ázirmin.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет