Бизнес жоспардың құрамы мен құрылымы: мақсаты, жобаның міндеттері, сипаттамасы, өзектілігі, жоба стратегиясы (іске асырылу мерзімі), маркетинг, өндіріс, қаржылық жоспары, қауіп-қатерді бағалауы.
Жобаны қорғау (сөйлеу шеберлігі мен мәнері, регламент сақталы, ақпаратты меңгеруі, жюридің сұрақтарына жауаптары).
Бағалау өлшемдері:
бизнес-идеяның толықтығы, ашылуы;
жобаның елдің заманауи экономикалық дамуы үшін өзектілігі;
ұсынылған ақпараттың құрылымдылығы мен дәйектілігі;
жоспарды ойластыруы, тәуекелділікті ескеруі;
безендіру сапасы мен көрнекілігі.
Байқау материалдары rumcdo_nto@mail.ru электрондық поштасына 2022 жылғы 10 наурызға дейін ұсынылады.
Номинация бойынша презентацияны қорғау - ZOOM платформасында онлайн форматта 2022 жылғы 29 наурыз күні жүргізіледі. Қорғау уақыты 3-5 минут.
Достарыңызбен бөлісу: |