Ереже талаптарына сай келмейтін жұмыстар қарастырылмайды. Бағалау өлшемдері: жұмыстың мәлімделген тақырыпқа сәйкестігі; видеороликтің шығармашылдығы (идеяның жаңашылдығы, ерекшелігі, ойлау икемділігі); ақпараттылығы; видео жазба сапасы; арнайы құралдарды иелену деңгейі; жұмыстың эстетикасы. Қашықтық форматында www.youtube.com каналында 3-5 минуттық вайнға сілтеме сонымен қатар мәтінге сипаттама rumcdo_nto@mail.ru электронды поштасына 2022 жылғы 10 наурызға дейін ұсынылады.
15. Әр делегация үшін шығармашылық және зерттеу жұмыстарын номинациялар бойынша орындау міндетті шарт болып табылады. Әр номинацияға қатысу міндетті. Бір катысушы бір жобаны ұсынады.
Карантин кезінде Форум санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік нормаларын, дезинфекция, кварцтау, желдету режимін сақтау, адамдардың жаппай жиналуына жол бермеу арқылы немесе қашықтан өткізіледі. 16. Қашықтық форматында Форумның қорытындысы, жеңімпаздардың дипломдары, қатысушылардың сертификаттары, жеңімпаздардың жетекшілеріне алғыс хаттар 2022 жылғы 8 сәуірдеwww.ziyatker.org сайтында орналастырылады.
17. Форумға жіберілген жұмыстар қайтарылмайды. Байқауды ұйымдастырушылар авторды көрсете отырып, жұмысты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға құқылы.