Өз алдына қойған мақсаттарына көңіл аудара отырып, болашақ мамандығын, қоғамдағы орнын, жақын арадағы қоршаған ортасын елестетеді. 1,5 минут уақыт беріледі.
Берілген уақыт өткеннен соң тағы да 3-4 рет терең дем ала көздерін ашады.
Мамандық алғың келе ме, Мамандық өзі немене? Айналаң толған мамандық, Айналаң толған өнеге.
Жағдаяттық көрініс Мектеп бітіруші қыздардың әңгімесі Дос қыздар мамандық таңдау туралы пікірлесіп тұр. 1- қыз: Мен кім болатынымды дәл айта алмаймын. Мұғалім бола алмаймын, себебі жүйкемді тоздырады. Химия өндірісіне де бармаймын, себебі онда улы заттарды ұстасам, денсаулығыма зиян келеді. Ал фабрикада бірсарынды жұмыстан роботқа айналып кетемін. Менің таңдаған мамандығым денсаулығыма зиян келмейтін және қызық болуы керек. Мамандығым жануарлармен байланысты, жолда көп жүретінболса екен деп ойлаймын. 2- қыз: онда сенің циркте жұмыс жұмыс істеуің керек. 1- қыз: оған дарын керек қой, ойланып көрейін. Өзің қандай мамндықты таңдағалы жатырсың? 2- қыз: Маған қандай мамандық болса да бәрібір, тек жалақысы көпмболса болды. 1- қыз: Сонда қалай? Қабілетің болмағаннан айлығын ойлайсың ба? 2- қыз: Аз айлықпен күн көру қиын ғой. Студенттердің әңгімесі Студент қыздар өзара әңгімелесіп тұр. 1-қыз: Балаларға дәріні байқап беру керек. Сәл қателессең, баланы уландырып аласың. Өзім де бір рет уланып қала жаздадым. Ішің ауырса левомицин, басың ауырса аналгин, ал ыстығың көтерілсе аспирин ішесің. 2- қыз: Сенімен сөйлесу қиын екен. Тек латынша айтасың. 1- қыз: Соны оқып жатырмын ғой. 2- қыз: Аружан, сен неге тіс дәрігері мамандығын таңдадың? 1-қыз: Айғаным, соны қалаған соң мен де бара салдым. 2-қыз: Ұнай ма? 1- қыз: Жай, біршама. Керек емес пәндерді көп оқытады екен. Айтшы, тіс дәрігеріне ағылшын тілінің не қажеті бар? Менің медколледжге ауысқым келеді. Тіс технигі болсам деймін. 2-қыз: Университеттен колледжге ауыспақшысың ба? 1-қыз: Көп оқығым келмейді. Емханада іс-тәжірибеде болған кезде техник дәрігерден гөрі көп ақша табатынын байқадым. Екі көрініс бойынша сұрақ (Үш топтың да пікірі тыңдалады) 1. Қыздардың мамандық таңдауға дәлел- себебі қандай? 2. Мамандық таңдаудағы екі көзқарасты салыстырыңыздар. 3. Осы қыздардың орындарында болсаңдар, қалай жауап берер едіңіздер?