Мамасерікова Ш. · М


МҰРАНЫҢ ҮЛКЕНІ - МҮБӘРӘК ТӘРБИЕ



бет39/40
Дата06.02.2022
өлшемі1,6 Mb.
#48167
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40
МҰРАНЫҢ ҮЛКЕНІ - МҮБӘРӘК ТӘРБИЕ
(Көрнекті мемлекет қайраткері Қ. Сарымолдаевтың туысы Болат Мұхаметжанұлы Данияровпен сұхбат)
- Болат бауырым, өзің де Меркінің түлегісін, Орхон дәуіріндегі Білге бабамыздың сөзімен айтқанда:
«Төрт құбыладағы халықты
Бейбіт ел атандырған,
Басы барды еңкейткен,
Тізеліні бүктірген»
батыр, данагөй, тарихи тұлғалардың Аспара өңірінде аз еместігін жақсы білесің. Сонау 643-701 жылдары Бұлғар жерінде хандық құрған Аспарухты қазақ халқының тарихын зерттеуші, белгілі жазушы Қ.Салғараұлы Дулат тайпасының Ботпай руынан дейді. Атына қарасақ, Аспарух де­ген ханның лақап атына, яғни Аспаралық дегенге келеді. Осындай пікірді профессор Әділхан Байбатша «Қазақ даласының ежелгі тарихы» деген 1998 жылы «Санат» баспасынан жарық көрген кітабында қайталайды. Сондай-ақ А. Асқаровтың «Ұлы Тұранның ұлдары» атты тарихи шығармасында да Аспарух хан жан-жақты суреттеледі. Ал бүгінгі мерейлі Меркі жұртшылығы елінің абыройын, жерінің айбының асқақтатқан кешегі Жауғаш, Сыпатай, Аққөз батырларын, Тұрар, Қабылбек, Асанбай сияқты қайраткерлерін орынды мақтан тұтады. «Сыйлықтың үлкені - әкелерден қалған өнеге» демекші, Сіздін аталас ағайыныңыз Қабылбек Сарымолдаев белгілі қоғам және мемлекет қайраткері Тұрар Рысқұловтың үзеңгілес серігі, тонның ішкі бауындай сырлас досы болса, өз әкеңіз Мұхаметжан Данияров та 1945 жылы фашизмнің ордасы Рейхстагтың шаңырағын ортасын түсірген ерен ерлердің бірі екенін Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, атақты жазушы Әзілхан Нұршайықовтың «Бір суреттін тарихы» атты көлемді шығармасында жан-жақты суреттепті. Қысқартып Ә.Нұршайықовтың өз сөзімен айтқанда: «Бауыржан Момышұлы Москваны қорғаса, оның мектептес досы - сенің әкең - Рейхстагты алған! Қандай ғана адамдар десеңші бұлар!» - деген ұлы жазушының уәжін, әңгіменін әуезін бұзбай әрі карай өрбітсек деймін.
Шырын апай, әкесін мақтағанды кім жек көрсін. Қара құртша қаптаған қалың жаудың қардай бораған оғынан аяулы әкемнің аман-сау оралуына Бименді, Сарқұл, Майлыбай аталарымның әруақтары, ет жүрегін елі үшін жұлып берген қадірлі Қабылбек ағамның жазықсыз жапа шегіп, кінәсіз запыран-мұң жұтқан асқақ рухы жебеген шығар. Шынымды айтсам, Кутузов орденді 150 атқыштар дивизиясы 756 Қызыл тулы атқыштар полкінің 2-ші атқыштар батальонына қарасты 6-шы атқыштар ротасының лейтенанты М.Данияровтың омырауына тағылған II дәрежелі «Отан соғысы» ордені мен «Варшаваны азат еткені үшін», «Берлинді алған үшін», «Германияны жеңгені үшін» т.б. медальдарына қызыға қарайтынмын, әрі мақтан тұтатынмын.
Болат, әкеңіз жайлы көбірек білгім келеді. Оған XX ғасырдын аса талантты ақындарыныц бірі, Мемлекеттік сыйлықтын иегері Әбілда Тәжібаев: «Бөлек жүретін, орысша киінетін, өзгелер сияқты ойынқұмар емес, сабырлы болатын,» - деген мінездеме беріпті ғой...
- Апай, әкемнің Шымкенттегі Ахмет Байтұрсынов атындағы мектепте 1926-1928 жылдары Б.Момышұлымен, Ә.Тәжібаевпен, К. Сағындықовпен, Ә.Ысмайыловпен бірге оқығаны рас. Әбділдадай ауызы дуалы мәшһүр ақын әкем жайлы жылы лебіз білдіріп, өнегелі өскенін айтса, бұл бәлкім шыққан тегіне, тәрбиелеген алтын бесігіне байланысты болған шығар. Қазақта «Тұлпардын мықтылығы тағасынан, жігіттің мықтылығы ағасынан» деген мақал бар, кішкентайынанҚКабылбек ағасын пір тұтып, оған еліктеп өскен өрен жас неге сабырлы, салмақты болмасқа. Менің ойымша, әкемнің Ұлы Отан соғысы кезінде ерліктер көрсетуі, совет, коо­ператив және шаруашылық, өндірістік қызметтерде жұмыс істегенде де, Луговой, Меркіде мұғалімдік мамандық атқарғанда да ұлы Абайдың: «Болма- санда ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз, Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз» деген даналығын өзінің асыл мұраттарына шамшырақ еткен-ау шамасы деймін. Өйткені әкем осы шумақты жиі қайталап айтып отыратын. Сондай-ақ Меркінің Екпінді ауылында туған қоралас Бейсебайдың ұлы Мәсімханның сол кездері жұлдызы жанып Қаз.ССР Министрлер Кеңесінің төрағасы қызметін атқаруы жалғыз менің әкеме ғана емес, сол дәуірдегі көп жастарға үлгі, өнеге болғаны ақиқат.
- Болат, Мәсімхан ағаның Қабылбектің қызы Зульфияға көп көмегі тигені рас па? Зульфияны қашан көрдіңіз?! Алғашқы алған әсеріңіз?!..
- Зульфия қазақтың талантты, қанатты, дана қыздарының бірі ғой, түұлпардың тұяғы, асылдың сынығы тегіне қарай тартпасын. Қабылбектің көзін көргендер Зульфияны әкесінен түрі де, мінезі де аумаған десетін. Алғаш рет Зульфия әкпемді 1956 жылы әкесінің ақталған қағазын алып, анасын ертіп Ойталға келгенде көрдім. Ағайын ел-жұрты қатты қуанып, үлкен ас берді, ат жарыс өткізді. Сол кезде мен 13 жаста едім, ат жарысқа қатынасып, 7- орынды иемдендім. Зульфия әкпем арқамнан қағып, бетімнен сүйген. Ал біздің үйде қонақта отырғанда әкеме жақында Ташкенттен Алматыға көшіп келіп, Республиқалық банкі конторына жұмысқа орналасатының айтты да, бірақ үй мәселесі шешілмей тұрғаның сөз етті. Әкем оған Алматы облысының бірінші хатшысы Мәсімхан Бейсебаевқа жолығуын қатты табыстады. Өйткені кезінде әке-шешесінен ерте айырылған Мәсімханды жетімханаға орналастырып, кейін ол Талғардағы ауыл шаруашылығы техникумын үздік бітірген соң жоғары лауазымды қызметтерге орналасуына Қабылбектің жәрдемдескенің Зульфияға сыр ғып айтқаны жас та болсам жадымда қалыпты. Сондықтан да шығар Мәсімхан аға Зульфияны жылы қабылдап, бұрын Қабылбектің өзі тұрған үйдің орныңа соғылған зәулім жаңа ғимараттан пәтер бергізіпті. Мен барған сайын Зульфия әкпем: «Болат, терезеден қарашы, әкемнің өз қолымен тіккен шыршалары аулада әлі өсіп тұр. Олар маған: «Зуль­фия, ақ иіліп сынбайды, шындық әрқашан жеңеді!» деп сыбырлап тұрғандай әсер береді», - дейтін. Мен екінші рет Зульфия әкпемді 1968 жылы Владивостоктан әскери борышымды өтеп келе жатқанда көрдім. Үйлеріне соғып, Майнұр апама, Зульфия әкпеме сәлем беріп, бір аптадай қонақ болдым. Қайтарда әкпеме Жамбылдағы технологиялық институттан қант шаруашылығының технологы деген мамандығым бойынша Меркідегі қант заводына қызметке қабылданғанымды айттым. Әкпем маған өте риза көңілмен: «Болатжан, нағыз азамат екенсің! Білесіңбе, Меркідегі қант зауытын салдырған Қ.Сарымолдаев еді, енді ағаңның асыл мұратын іске асыруға сен де үлес қосатын болдың. Халықта «Қазанат қамшы тигізбес » деген нақыл бар, сол есінде жүрсін, тек жақсы атың ғана естілсін!» - деген Зульфияның тебірене сөйлеген сөзінен нағыз жанашырлық, бауырмалдық, мейірім шуағын сезінген едім. Сол күннен бастап, қолымнан келгенше Қабылбек ағаның атына, әкпем Зульфияның есіміне дақ түсірмеуге тырыстым, әлі де тырысып келемін, - деді ол жеңіл күрсініп.
- Болат, Зульфияның ұлт қайсарлығының рухы сіңген қайраткер қыз болғандықтан, ағайын-туыстарының да кіршіксіз таза, мөлдір, адал жанды ар иесі болуын көксегені хақ. Оның ақиқатқа суарылған алмас қылыштай өткір сөздерінен кеудесіндегі жұлдызының жарығын көргендей боп отырмын. Осының өзі-ақ бізге мейірімді, инабатты, иманды жан байлығын мұра етіп қалдырғандай әсер береді. Бұл жалғанда мәңгілік ешнәрсе жоқ. Уақыты келгенді өмір көшінен тірі пенденің бәрі өтпек. Аллах Расулы (саллаллаһу алейһи уәсәлләм): «Өзіңді осы дүниеде ғаріп бір жолаушымын деп есепте!» - деген екен. Демек, мынау фәни мейманхана тәрізді де адамзат оған уақытша тұрақтаған жолаушы сияқты болғаны ғой. Рас болса, жердің жасы 6 миллиард жылдан асыпты. Содан бері жер шарының апай төсінде қаншама кісі дүниеге келіп кетті екен?! Басқаны былай қойғанда өз әулетіміздін алғашқы алтын кірпішін қалаған нән бабаларымыз қайтыс болмаса қайда кетті? Ата-әжелеріміз, әке-шешелеріміз ше? Шырмауы көп шырғалаң тұрмыста мұз жастанып аты тарихта қалған атпал азаматтарымыз аз ба?! Олардың таудың бұлағындай таза сезімдерін әспеттеп өскен артындағы ұрпақ әсте ұмытар ма?! Естуімше Зульфия қатты науқастанағанда қасында болған екенсіз, әкпеміздің соңғы сөзін, тілегін естігіміз келеді...
- Шырын апай, өлімнің шоқпарынан кім құтылған?! Дүние жаздың бұлтындай өте шығады емес пе? «Көрген түстей бұл өмір» деген өлең жолында шындық бар. Қайтыс болған әкем ойыма түссе сағынғаннан сай-сүйегім сырқырап, көңіліме ыстық мұң ұялайтыны өтірік емес. Ал, рухани ұстаз тұтқан, асқар таудай қамқор, сүйікті Зульфия әкпем есіме түссе, тамағыма өксік тірелетіні де шындық. Әкпемнің көңілін сұрап барғанымда мәңгілік қоштасып тұрғанымды қайдан білейін. Хал-жағдай сұрасқаннан кейін, бетіме ұзақ бағдарлай қарап тұрып:
Болатжан, әкем Қабылбектің жүрегінің тынысы мен жылуын жеткізетін біраз дүниелерді са­ған табыстамақпын. Жоғалып кетпесін, ағаңның көзіндей сақта! - деп арнаулы папкілерге салынған мұрағат құжаттарын, жазған еңбек, іс-қағаздарын берген болатын. Өсірген баласына, менен де жақын туыстарына емес, әкесінің асыл мұрасын аманаттап неге маған берді екен деп әлі күнге дейін таңғаламын.
- Болат, филология ғылымының докторы, прфессор Т.Қожакеев кеңестік қуғын-сүргінге ұшыраған мемлекеттік қайраткерлер мен жазушылар, журналистер мұрасына арналған 1991 жылы «Жыл құстары» деген еңбегі жарық көрген еді. Оны оқыдың ба?
- Т.Қожакеев қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде 16 жыл журналис­тика факультетінің деканы, 25 жыл кафедра меңгерушісі болған, қазақ сатирасының дамуына жан-тәнімен пайдалы еңбек сіңірген «Құрмет белгісі» орденінің иегері, жазушы, сыншы ағамыз жерлесі К,. Сарымолдаев туралы көптеген зерттеу мақалалар жазған. Бір қызығы бұл кісі де қайтыс болар алдында Қ.Сарымолдаевтың барлық еңбектерінің тізімі көрсетілген библиографиялық айқындағыш қағаз берген болатын. Аспара аңғарынан өpic ап, арттарына өшпес із қалдырған екі дарабоз тұлғаның маған көрсеткен соңғы сенімін, ақырғы жақсылығын жете түсініп, тұтас тану үшін жіті көз, алғыр ақыл керектей түсіндім. Қ.Сарымолдаевтың ұлылық тұлғасы мен даңқы уақыт озған сайын үдей түсіп, көкейге нұрлы сәуле ұялататының қажырлы да қайратты, қос қайраткер зерек көңілмен тоқыған сияқты, - деді Болат әңгімесін аяқтап.
Менің ойыма үш рет Түркістан Республикасы, үш рет Қазақ АССР-і Орталық Атқару Комитетінің, екі рет өлкелік партия комитетінің мүшесі болып сайланған белгілі мемлекет қайраткері Қ.Сарымолаевтың 90, 100 жылдығы құрметіне ауданда өткен мерейтойларда Зульфиямен дастархандас болған қызықты ұмытылмас күндер түсті. Әкесінің атындағы мектеп алдына ескерткіш орнатып, мектеп сыныптарын жабдықтауға жәрдемдескені де көз алдымда. Әсіресе, мектеп түлектерімен кездесуде көзіне жас алып: «Менің әкем сендердей ізбасарлары тұрғанда ешқашан өлмейді. Аға атына лайықты азамат боп өсетіндеріне сенімім зор», - деген еді елжіреп. Бүкіл аудан жұртшылығы асылдың сынығы, тұлпардын тұяғы Зульфияны төбелеріне көтеріп, аялаған. Сол мерекелі күндерде оның қасында зыр жүгіріп, осы Болатта қызмет көрсеткен. Ал, бүгін сол Болат бауырымның байсалды, маңғаз, сырбаз, ойлы кескініне қарай отырып, Қ. Сармолдаевтың шығармаларын, мақалаларын, мұрағаттағы барлық іс-қағаздарын тірнектеп жинап, кейінгі ұрпаққа мирас етіп қалдыруға жаның салып, тағы да зыр жүгіріп жүргеніне ризашылығымды білдірдім. «Мұраның үлкені - мүбәрәк тәрбие» деген ғибратты сөз Болат сияқты ұлтжандылықты жөргегінен сіңірген атпал азаматтарға арналған сияқты. Өткенімізді ұмытсақ, болашақ бізге тас атпай ма?! Осы орайда қазақ әдебиетінің классигі Ғ.Мүсіреповтың: «Ата-анасының қадірін білмеген, Отанның да қадірін білмес» деген терең философиялық пікірі еске түседі. Ұлтының ұлтаны боп, елім деп еңіреп өткен асыл ағалардың еңбегін елемеуден артық күнә жоқ шығар. Қазақ халқының кемеңгер, көсем ұлдарының бірі Д.Қонаев өзінің «Ақиқаттан аттауға болмайды» деген кітабында: «Елдің елдігін танытатын да, тарихын жасайтын да, артына өшпес із, өлмес мұра қалдыратын да ұлы перзенттері. Ұлылықтың теңдесі жоқ өлшемі де осы», - деп жазғаның еске алсақ, Қазақстанның экономикасының өркендеуіне өз қолтаңбасын өшпестей қалдырған алып жүректі Қ.Сармолдаевтың еңбегін бағалай білу бүгінгі ұрпақтың басты борышы болмақ.


МАЗМҰНЫ
Жыр — тағдыр 4
Өзі - жібек, өлеңі - өткір ақын 7


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет