Мамбетова Магия Турдыгалиевна
Бастауыш сынып мұғалімі
№ 31 мектеп-гимназиясы
Атырау қаласы
Тақырыбы: «Ғылым таппай мақтанба»
Мақсаты: Оқушыларды ғылым мен білімге баулу, жақсы мен жаманды ажыратуға, берілген тақырыптан өзіне қорытынды жасай білуге үйрету. Үлгілі, қасиеттері бар толық адам қалыптастыру.
Көрнекілігі: Абайдың портреті, нақыл сөздері, кітап бұрышы.
Барысы:
Бастаушы: Абай (Ибрагимов) Құнанбаев 1845 жылы Семейде дүниеге келген. Әкесі - Құнанбай, шешесі – Ұлжан. Әкесі бай болған адам. Абай 10 жасқа келгенде Семейге медресеге берген. Парсы, шағатай, орыс тілдерін меңгерген. 1904 жылы 59 жасында қайтыс болған. Абай – қазақтың ұлы ақыны, философ, қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы. Отыздан асқан соң өлең жаза бастаған.
1 – оқушы: Бірқатар өлеңдері халық мүддесін қорғауға арналған. Мысалы: «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым»
2 – оқушы: Табиғат туралы лирикалық өлеңдері өзінше бір топтама. Жылдың қанша мезгілі бар, осы мезгілдердің бәріне арналған өлеңдері бар. Біз оны ана тілінен жаттағанбыз.
«Күз» деген өлеңі:
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін, тойғаны ма тоңғаны ма,
Жылқы ойнап, бие қашып, тай жарысқан
3 – оқушы:
Бәйшешек, жасыл шөп жоқ бұрынғыдай,
Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.
Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,
Жапырағынан айрылған ағаш, қурай.
4 – оқушы: «Қыс»
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды
Үсті басы ақ-қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды.
5 – оқушы:
Демалысы – үскірік, аяз бен қар,
Кәрі құдаң - қыс келіп, әлек салды.
Ұлпадай бөрік киіп оқшырайтып,
Аязбенен қызарып ажарланды.
6 – оқушы: «Жазғытұрым»
Жазғытұрым қалмайды қыстың сызы.
Масатыдай құлпырар жердің жүзі.
Жан – жануар, адамзат антанаса,
Ата – анадай елжірер күннің көзі.
Ән тыңдау: «Жаз»
Сөзі: Абай
Әні: халық әні
7 – оқушы:
Абайдың сонымен бірге көлемі қысқа болғанымен, мағынасы терең елуге жуық қара сөздері бар.
8 – оқушы:
Абай – үлкен аудармашы Лермонтов, Пушкин өлеңдерін қазақшаға аударып, Крылов мысалдарын да аударған.
Ән: «Көзімнің қарасы»
9 – оқушы:
Ал, Абай атамыздың шығармаларындағы ең өзекті мәселесі. Оның ішінде оларды білім алуға, оқуға, еңбекке, мәдениетке шақыру жетекші орын алады. «Әсемпаз болма, әрнеге», «Интернатта оқып жүр», «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» т.б. Соның бірі – «Ғылым таппай мақтанба».
10 – оқушы:
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба.
Құмарланып шаттанба,
Ойнап – босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол,
Адам болам десеңіз.
11 – оқушы:
Тілеуің, өмірің алдыңда,
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ.
Бес дұшпаның білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой.
Бес асыл іс көнсеңіз.
Ән тыңдау: «Өз бойыңа сақ бол»
Осы өлеңнің ішіндегі 5 жаман іске тоқталайық. Өсек – бұл пыш-пыш деп біреуді жамандап, айтылатын сөз екен. Өтірік – бұл да өрге баспайды. Еріншектік – бұл да жаман қасиет. Мақтаншақтық – бұл да жаман қасиет. Бекер мал шашпақ – бұл ысырапшыл деген мағына береді.
Ән тыңдау: «Қыз сөзі»
Сөзі: Абай.
12 – оқушы:
Өтірік сөз өрге баспас.
13 – оқушы:
Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам.
14 – оқушы:
Еңбек етсең – емерсің.
15 – оқушы:
Ұлдың аңқаулығынан, қыздың жалқаулығынан сақта т.б.
Ал, осы жаман қасиеттерге қарама – қарсы Абай атамыздың өлеңіндегі бес жақсы қасиетті тыңдайық.
Талап – бұл адамның өз алдына мақсат қойып, болашаққа талпынуы, талаптанушы.
16 – оқушы:
Еңбек – еңбексіз дүние жоқ, мысалы: өзіміз отырған партаны алайық. Бұған қанша еңбек жұмсалғанын білесіңдер ме?
Ән: «Айттым сәлем, Қаламқас»
Осы жаман қасиеттерден ада болып, жақсы қасиеттерді бойымызға сіңірсек, болашақта бізден халық қамын жеген, Отан сүйер азамат шығары сөзсіз.
Біз Абайды дарынды сазгер ретінде де білеміз. Оның «Айттым сәлем, Қаламқас», «Қараңғы түнде тау қалғып», «Желсіз түнде жарық ай» сияқты көптеген өлеңдері бар. Ендеше біз тәрбие сағатымызды «Желсіз түнде жарық ай» әнімен аяқтаймыз.
Кітап бұрышымен таныстыру:
1. «Абай жолы», I-II том Мұхтар Әуезов.
2. «Абайдан соң» Мұхтар Мағауин.
Көрнекілікпен таныстыру, мағынасын түсіндіру:
Бес асыл іс: талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым.
Бес дұшпан: өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ.
Дүние де өзі, мал да өзі,
Ғылымға көңіл бөлсеңіз.
Өзің үшін үйренсең,
Жамандықтан жиренсең,
Ашыларсың жылма – жыл.
Достарыңызбен бөлісу: |