Диалектілік бірліктердің стильдік қолданысы
Диалектизмдер – жалпыхалықтық тілдің нормасынан
ауытқыған, белгілі бір аймақта ғана қолданылатын, таралу шегі
бар тілдік бірліктер. Бұлардың әдеби тілде қалыптасқан
нұсқалары бар:
құдағай
(жергілікті) –
құдағи
(әдеби);
маңлай
(жергілікті) –
маңдай
(әдеби);
жылқыдар
(жергілікті) –
жылқы-
лар
(әдеби);
бопа
(жергілікті) –
бөпе
(әдеби) –
вокзалдан қарсы-
ладым
(жергілікті) –
вокзалдан қарсы алдым
(әдеби);
жұмысқа
түстім
(жергілікті) –
жұмысқа шықтым
(әдеби);
әпше
(жергі-
лікті) –
әпке
(әдеби);
шәш
(жергілікті) –
шаш
(әдеби);
чакыр
(жергілікті) –
шақыр
(әдеби) т.б.
Көптеген әдеби тілдер халық тілінде бар бірнеше диа-
лектінің біреуінің негізінде жасалғанда, ол диалектінің таралу
аумағы, тіл байлығы жағынан басқа диалектілерден елеулі ар-
тықшылықтары бар.
Сонда да халық тілі негізінде жасалған қазақ әдеби тілі
диалектизмдерден қашпай, халық тілінде бар говорлық құбы-
лыстарды керегіне жаратады. Ондайлар саналы түрде әдеби тіл
байлығын молайту үшін жасалса
(жүйек, сүдігер, тоған, зембіл,
наубай, собық, дақыл, атыз, жүгері т. б.),
кейде тілде бар нәр-
сені сұрыптай алмай, кейбір жазушылар өздеріне үйреншікті (өз
ауылында бар) сөздерді талғаусыз қолдана береді. Мұндай әде-
би норма деп танылмайтын сөздерді көркем шығармалардан жиі
кездестіреміз. Ондай тілдік құбылыстың орынды-орынсыз жұм-
салу мәселесін сөз еткен ғалымдардың бірі – С.Аманжолов
«Вопросы диалектологии и истории казахского языка» кіта-
бында Қазақстанның оңтүстік, батыс аймақтарынан шыққан
ақын, жазушылардың шығармаларынан тілдік деректер келтіре
отырып, жан-жақты талдау жасаған. Ш.Сарыбаев, Ж.Досқараев
сынды диалектолог-ғалымдар да диалектизмдердің автор сөзде-
рінде орынсыз қолданылуына көптеген дәлелдер келтіреді. Мұн-
дай уәжсіз қолданылған, түсініксіз жергілікті сөздер кез келген
жазушылардан, әсіресе Д.Досжанов, Т.Әлімқұлов, Х.Есенжанов,
Б.Алдамжаровтан т.б. кездеседі. Бастысы – көркем әдебиетте
қолданылған диалектизмдердің жұмсалу уәжі, мақсаты болу
керек. Мәселен, көркемдік бейне тудыру мақсатымен кейіпкер
тілінде орынды, уәжді қолданылған диалектілік ерекшеліктерді
М.Әуезовтің «Білекке білек» повесінен аңғаруға болады:
- Бірақ оралып, буынып қалады-ау, тыпыршыған қараң-
қағыр.
- Оны мен бүйтіп қоймаймын. Жиішкертем.
- Бұдан артық қаяққа апарам сені?
- Қанша үрмет қысам да бомай-ақ қойдың ғой, жүдә!
Мұнда Түлкібас өңірінің қазақтарын өзгеше мәнерде сөй-
летеді. Осындағы диалектизм, қарапайым сөздердің барлығы
қысқартылып, дыбыстық құрамы өзгертіліп жұмсалған:
қараң-
қағыр – қараң қалғыр, жиішкертем – жіңішкертемін, қаяққа
апарам – қай жаққа алып барамын, үрмет қысам – құрмет
қылсам.
Сөйтіп, жергілікті тіл ерекшеліктерін кейіпкер тілінде
белгілі бір стильдік құбылыс ретінде қолдануда ерекше эстети-
калық мән болады. Стилистика талабы – осындай бірліктердің
көркемдік қызметін эстетикалық талғамға сай қолдану.
Демек, диалектілік бірліктер – көркем бейне жасаудың
тілдік материалы ретінде көркем мәтіндерде түрліше мақсатта
жұмсалады. Мысалы:
Еденге төселген ашық бояулы, машақат
өрнекті алаша мен терезелерге ұсталған мәнерлі перделер де үй
сәнін айрықша молықтыра түсетіндей. Бір бұрыштан жар-
қырауық үлкен әбдіре көрінеді;
Қай шұқанаққа апарып тастайды? Қай ұшпаққа шыға-
рады?
Сонау төменде көк сілемік мұнар басып Есілдің көк ар-
насы жатыр
(С.Шаймерденов). Алғашқы сөйлемде
машақат
сөзі түсіндірме сөздікте екі мағынаны білдіреді. 1. Қиындық,
ауыртпалық. 2. Шым-шытырық. Ал
машақат өрнекті алаша
тіркесінің қолданылу мәні өрнегі шым-шытырықты, әсемделген
деген мағынада беріліп, жазушы алаша өрнектерінің әдемі өріл-
генін бейнелеп көрсетеді.
Әбдіре
сөзі – Солтүстік Қазақстанда, сонымен қабат елі-
міздің шығыс өңірінде жиі қолданатын, жүк қоятын немесе
ішіне зат салатын арнайы ағаштан жасалып, әшекейленген сан-
дықтың бір түрі. Автор қазақ қыздарының сол заманға лайық
сән-салтанатын көрсету үшін орынды қолданған. Қаламгер
ұлттық нақышты да шебер түрде жеткізе білген.
Сілемік
диалектісі – сирек, арасы ашық немесе болар-
болмас қабат деген мағынаны білдіреді. Шығыс өңірінде сілемік
сөзі
жұқа
деген сөздің де орнында қолданыла береді. Автор
қолданысында
сілемік
сөзі болар-болмас деген мағынада табиғат
бояуын ашуда жұмсалған тәрізді.
Әнтек қабағын тыжырады; Басын бір жаққа әнтек бұ-
рып тастап, бүйрек бетінің бұлшық еттерін, иығын, алшақ
кеудесін, қала берді бүкіл быртық денесін селкілдетіп ұзақ кү-
леді
(С.Шаймерденов).
Әнтек
сөзінің түсіндірме сөздікте мынадай мағыналары
көрсетілген:
болар болмас сәл ғана, аз ғана; онша лайықты бол-
майтын орынсыз ағат
. Жазушы тілінде бұл келтірілген мысал-
дардағы
әнтек сөзі сәл, баяу
сөздерінің мәнінде жұмсалып,
кейіпкер бейнесін аша түсуде ұтымды қолданылған.
Ал бірқатар авторларда өз баяндауында жергілікті сөз-
дерді қолданудың мәні керісінше болады. Сөйлемдегі айтар ой-
дың мазмұны жеткілікті түрде түсінікті бола бермейді:
Әлігі
мекендердің есік-терезесін қайсыбір жұлмыт ұрлап тыншыт-
пай жүр. Сан дөңбекшіп, көзі сәтке ілінсе…, ояна кетсе, сол
бір мезі төсек, қисайып жатып ықылым дүниені ойша кезесің
(Д.Досжанов. Зауал).
Достарыңызбен бөлісу: |