М.Қанабекова


Сөйлем мүшелерінің инверсиялануы



Pdf көрінісі
бет68/138
Дата03.03.2023
өлшемі1,98 Mb.
#170987
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   138
 
4.2.4. Сөйлем мүшелерінің инверсиялануы 
Стилистика ғылымының басты талабы – сөйлем дұрыс, 
жатық етіп құрылуы үшін, ондағы сөздерді, сөйлем мүшелерін 
дұрыс байланыстырып, тіркестіріп, тиісті синтаксистік қарым-
қатынаста жұмсай білу керек. Сөйлем құрауға негіз болатын бас 
мүшелер, әсіресе баяндауыш ойды дұрыс құрастыруға негіз бо-
лады. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерінің айналасында басқа 


сөйлем мүшелері топтасып, ойды нақтылай, толықтыра, пысық-
тай түседі. Әрине, диалогті сөйлемдерде тұрлаусыз мүшелердің 
бірі ғана бір сөйлемнің орнына жүруі мүмкін. Мысалы: 
-
Атын өзі ағытты ма, әйтеуір! 
-
Өзі ағытты. Шауып барып көлден бір шелек су да 
әкелді. 
-
Атпен бе? 
-
Иә.
(Ғ.Мүсірепов).
Осы мысалдағы атпен бе?, Иә сөздері екі сөйлемнің 
орнына жұмсалған. 
Әрбір сөйлем мүшелерінің қызметін дұрыс танып, ойдың 
мазмұнын әсерлі, экспрессиялы түрде жеткізуде орынды қол-
дану қажет. Сонымен қатар, ойды аз сөзбен үнемдеу, қатар сөй-
лемдерде бір сөзді қайталай бермеу шарттары қамтылады. Ол 
үшін сөйлемде басы артық сөзді қайталай бермей (тавтология), 
бірде оның синонимін, бірде оның орнына есімдік сөздерді пай-
даланып, кейде бір сөзді бірнеше сөйлемге ортақ етіп жеткізу 
қажет болады. Мұндай талаптар көркем әдебиет стилінде кө-
бірек жүзеге асады. Бұл шарттар кейде ескерілмей, орынсыз 
қайталауларға әкеп соқтырады. Бірде диктор: ... 
енді орыс тілін-
дегі көрсетілімдерді көріңіздер немесе істі ұйымдастыра біле-
тін іскер басшы – мұнда іскер, көру 
сөздері мүлдем артық. 
Сөйлемді ықшам етіп құрастыру үшін қолданылатын 
амалдың бірі – сын есім, сан есім, есімшелерді бастауыш, то-
лықтауыш, ілік жалғаулы анықтауыш қызметінде жұмсау. Әдет-
те, өздеріне қатысты сөздердің орнына жүріп, әрі зат, әрі сапа-
сын білдіреді: 
Білгенге маржан, білмеске арзан, Надандар бәһра 
ала алмас 
(Абай). – 
білгенге – білген адамға, надандар – надан 
адамдар 
деген ұғымның орнына жұмсалып тұр. 
Мұндай тұлғалардың субстантивтеніп, басқа сөйлем мү-
шелерінің қызметінде жұмсалуы – мақал-мәтел, нақыл, даналық 
сөздердің синтаксисіне тән ерекшелік. Ол аз сөзбен көп мағына 
білдіруді, сөйлем құрылысы ықшам болуды қажет етеді. 
Изафеттік тіркестегі сөздердің де мағыналық, стильдік 
айырмашылықтарын дұрыс танып, талғап жұмсай білу керек: 
ана бақыты, жер байлығы, институттың факультет мәжілі-
сінің қаулысы. 


Табыс септігіндегі толықтауыштардың жалғаулы, жалғау-
сыз жұмсалу ерекшеліктерін де түсіну қажет: 
Пароход теңізді 
тіліп келеді – қауын тілді – қауынды тілді. 
Дегенмен де, сөйлем мүшелерінің қазақ тілінде қалыптас-
қан дағдылы орын тәртібі бар, белгілі бір синтаксистік жүйеде 
өзіндік норма-заңдылықтары айқындалған. Жазба стильдердің 
барлық түрінде бұл шарт сақталынады. Ал ауызекі сөйлеуде, 
көркем әдебиет стилінде сөйлем мүшелері жиі инверсияланады. 
Мұндай синтаксистік бірліктердің стильдік мақсатта жұмсалуы-
ның мәні ерекше: ойдың бір бөлігі екпін түсіру, назар аударту, 
сөзді мәнерлеу, модальдік реңк үстеу т.т. сияқты бірнеше мақсат 
жүзеге асырылады. Тегінде, прозадан гөрі поэзия жанрында ин-
версиялық құбылыс басым. Сөйлем мағынасын осылайша түр-
лендіріп, ондағы жеке сөйлем мүшесіне ерекше стильдік қызмет 
арту үшін, оны басқа сөзбен орнын ауыстырып айту тәсілін ин-
версия дейді. Мәселен, бастауыштың қалыпты орны диалогті 
сөйлемдерде, өлең жолдарының соңында стильдік уәжбен ауыс-
тырылып жұмсалынады. Қынжыла, күйіне айтылған көңіл-күй-
мен байланысты лепті, сұраулы сөйлемдерде бастауышты 
соңында пайдалануға болады, көбіне оған ой екпіні түсіріліп 
айтылады, ол бастауыш көбінесе есімдік сөздерден де тұрады:
Зарланарсың, ойланарсың, 
Не болам деп енді 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   138




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет