М.Қанабекова


мен . (Абай).  Туырлығың тілер  ол



Pdf көрінісі
бет69/138
Дата03.03.2023
өлшемі1,98 Mb.
#170987
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   138
мен
.
(Абай). 
Туырлығың тілер 
ол,
 
Тіліп тоқым қылар 
ол!
(Ауыз әдебиеті).
Соңғы жолдарда ой екпіні ол деп көрсетілген адамда 
(батырда) болып тұр, 
туырлықты тілетін, тіліп тоқым қы-
латын өзге емес, сол ғана батыр
деген мағынаны берудің 
бірден-бір амалы орын тәртібі арқылы жүзеге асып тұр. Егер
«ол туырлығыңды тілер, ол тіліп тоқым қылар» деген тәртіппен 
берілсе, мұнда белгілі бір батырды атап, сескендіру мәні бол-
май, жай ғана хабарлау болып шығар еді. 
Поэзиялық туындыларда инверсиялық құбылыс өлеңнің 
ұйқас, ырғағын сақтау үшін көркемдік тәсіл ретінде жиі жұм-
салады: 
Ескі бише отырман бос мақалдап, 
Ескі ақынша мал үшін тұрман зарлап;


Таулардан өзен ағар сарқыраған 
(Абай). 
Төксе, шіркін, нөсерлетіп көк селді, 
Бәйтеректей көтеріп мен еңсемді. 
Жазамын да тұлабойды құрысқан,
Көңілімді көтеремін жыр қысқан
(Қ.Бекхожин).
Баяндауыштың да дағдылы орын тәртібі – сөйлемнің 
соңы. Белгілі бір ойдың мазмұнына оқырман назарын аударту 
мақсатында авторлар көбінесе баяндауыш сөйлем мүшесін де 
инверсиялық құбылыстың амалы ретінде жиі пайдаланады. Бұл 
құбылыс лепті сөйлемдердің қолданысынан анық аңғарылады: 
-
Жасасын жақсы өмір! 
-
Айтпа оны маған!
-
Оқы, айналайын, мен үшін де оқы (О.Бөкеев).
Инверсиялануға бейім – мезгіл мәнді, көсемше тұлғалы 
пысықтауыштар, анықтауыштар мен толықтауыштар. Бұл син-
таксистік бірліктер көркем әдебиет тілінде көбінесе кейіпкердің 
ауызша сөйлеу бедерін айшықтауда жұмсалынады:
Үндемей ол кіріп келді. Кетерде маған жолыққан жоқ ол. 
Осындай да табан бола ма екен қырық тесік 
(Ғ. Мүсірепов).
 
Айтып отырмын ғой, жұрттан озып жүлде алу деген ой менде 
болған емес 
(Қ.Жұмаділов). Демек, сөйлем мүшелерінің дағ-
дылы орын тәртібінің стильдік мақсатпен ауыстырылу құбы-
лысы – инверсия тәсілі ауызекі сөйлеу тілінде, көркем әдебиет 
стилінде жиі ұшырасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   138




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет