М.Қанабекова


Стилистикалық айшықтаулар



Pdf көрінісі
бет77/138
Дата03.03.2023
өлшемі1,98 Mb.
#170987
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   138
 
5.2. Стилистикалық айшықтаулар 
 
Ассонанс
(үн қату) – дауысты дыбыстардың үндесе қайта-
лануынан тұратын стилистикалық айшықтаудың түрі. Ассонанс 
шешендік сөздерде, мақал-мәтелдерде, көркем шығармаларда 
жиі ұшырасады. Мысалы, 
Өзім дегенде өгіз қара күшім бар


(Мақал). Поэзиялық шығармаларда стильдік мақсатта жиі жұм-
салады: 
Алатауды айналсам, 
Алғадайым табам ба?! 
Сарыарқаны сандалсам, 
Саңлағымды табам ба?!
(Жамбыл) – әке зарын күшейтуге 
қызмет етіп тұрған тәсіл – ассонанстық қайталаулар. 
Ассонанс сөздің интонациялық мәнін, экспрессивтік 
эмоциялық бояуын күшейтіп, ойдың әсерлілігін арттырады. 
Ашық жүз, ақ жарқын көнілден асар құрмет болады деймісің? 
– деп Еркебұлан көзін әйелге қарай аудара беріп еді, өзінің көзіне 
шақырая қадалған қитардың бір көзін көрді
(Ғ.Мүсірепов). Ды-
быстық қайталаулар ой мазмұнының үнділігін күшейтумен 
қатар, тілдің синтаксистік құрылымын түрлендіріп жетілдіруде 
де маңызды рөл атқарады. 
Аллитерация
– дауыссыз дыбыстардың бірыңғай қайта-
лануы. Әлем поэзиясында ертеден келе жатқан стилистикалық 
айшықтау түрі. Әдеби тілді ажарлап, сөздің реңін келтіретін 
көркемдік тәсіл. Аллитерация – қазақ мақал-мәтелдерінің ұтым-
ды тәсілдерінің бірі: 
Бейнет, бейнет түбі – зейнет.
Аллите-
рация прозалық, драмалық шығармаларда да, шешендік сөздер-
де де қолданылады: 
Арғы атаңа орнықты орда
болған, 
бергі 
атаңа қайыспас қара қанжар
болған, 
берік
түйінді берен сауыт 
болған – мына біз едік... (Томан би). 
Проза тілінде де қолданылып, айтар ойға нұқсан келтір-
мей, прозаның ырғақтылығын, әуезділігін тудырып, оқырманға 
ойдың әсерлілігін күшейте түседі. Ол да жазушы шеберлігіне 
байланысты құбылыс: 
Екі көзінен
жалп-жалп етіп, жанып бара 
жатқан зеңгір көк жапырақтар жерге түсіп жатқанын 
көрді… Алшақ жайласып, араласпай араз отыратын екі бай уә-
делесіп қойғандай, Майқұдық басына бүгін кешке жақын қатар 
келіп құлады. 
-
Иә, айта беріңіз,
– 
деп манадан таңдайын қағып, таң-
данып отырған Күреңкөз қожаға бұрылды. Игілік ыңғайымен 
өруге үйреніп қалған топ, ол елең қылмағанға елеңдесіп қал-
ғандарына ұялғандай болып…
(Ғ.Мүсірепов). Демек, аллитера-
ция шығарманың мазмұнын көркемдеп, оның эстетикалық қуа-
тын арттыра түсері сөзсіз. 


Анафора –
(грек — жоғары шығару) – бір сөздің не сөз 
орамының, өлең жолдарының сөйлемнің басында қайталануы 
болып табылатын стилистикалық айшықтау түрі. Анафораның 
лексикалық, синтаксистік түрлері болады. Лексикалық түріне 
бір сөздің қайталануы жатады:
Үлкен адам болу үшін ғаламда, 
Үлкен бақыт табу үшін ғаламда, 
Үлкен болып қалу үшін ғаламда, 
Үлкен арман керек екен адамға!
(М.Шаханов) 
Бұл жерде үлкен сөзінің әрбір жол сайын қайталануы – 
стильдік мақсаттан туған құбылыс. Ақын өмірде өз қабілетіңді 
дұрыс танып, қоғамның, халқыңның қажетіне жарау үшін ар-
манды дұрыс таңдай білу керектігін уағыздайды. 
Синтаксистік анафорада сөз тіркесі не сөйлем түріндегі 
құрылымдардың қайталануы болады: 
Алаң да, алаң, алаң 
жұрт… (Қазтуған). Бұлқынып жатыр, келмейді-ау құрғыр ша-
масы. Бұлқынып жатыр, таусылды-ау айла-шарасы. Сәулемнің 
менің аяқ пен қолын матамай, Бостандық берші, бостандық 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   138




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет