сас және антитезалы сөйлем құрылымдарын келтіру арқылы құ-
рылған ұтымды тәсіл:
Атамыз біздің бұ Сүйініш,
Күйеу болып барған жұрт.
Анамыз біздің Бозтуған,
Келіншек болып түскен жұрт
. (Қазтуған).
Сөздің
мәйегін терең танып, оны көрнекі де әсерлі жұм-
саудың өнегесін көрсеткен ұлы билердің көркем сөз үлгілерінде
бұл айшықтау түрі ұтымды қолданылған.
Атың жақсы болса – ер жігіттің пырағы.
Балаң жақсы болса – жан мен тәннің шырағы.
Қызың жақсы болса – жайқалып өскен құрағы.
Әйелің жақсы болса –
Бірінші – иманың,
Екінші – жиғаның,
Үшінші – ырысыңның тұрағы (Төле би).
Антитеза
(шендестіру) – қарама-қарсы ұғымдарды ай-
шықтап суреттеу. Нәтижесінде белгілі бір зат-құбылыстың,
ұғымның суреті, сыр-сипаты қарсылықты қатынаста бейнеленіп,
соның негізінде сөздің экспрессивтік-эмоциялық бояуы қоюлана
түседі, көбінесе антонимдер арқылы жеткізіледі:
Өссе тілім,
мен де бірге өсемін. Өшсе тілім, мен де бірге өшемін
(Ә.Тәжібаев); Үлкен қара үйдің іші де ертедегі байлықтың, қа-
зіргі күндегі жұтаң кедейліктің жайын айтып тұр екен
(Ғ.Мүсірепов).
Антитеза жолымен поэтикалық синтаксиске құрылған
фразеологизмдер тілімізде жиі кездеседі:
мың асуға бір тосу,
бірде бие, бірде түйе, сенің атың тұра тұрсын, менің атым
жүре тұрсын, бетегеден биік, жусаннан аласа
т.б.
Оксюморон
– мағынасы қарама-қарсы антоним сөздер
өзара тіркесіп келіп, бір ұғымды білдіретін лексикалық- стилис-
тикалық тәсіл,
тапқырлық, көркемдік әсер, бейнелі ұғым туды-
ратын біртұтас сөз бірлігі. Мысалы,
тірі жетім, тірі өлік, жан-
ды өлік, жарлы бай, алпыстағы бозбала, жақсы өлім, пышақ-
сыз бауыздау, жіпсіз байлану, уәдеден шығу (уәдеде тұру)
т.б.
Көркем әдебиет стилінде, публицистикалық шығармаларда қол-
данылады:
Тірі өлік боп жүрмін ғой, жұртқа қарайтын бетім
қалмады
(Көркем әдебиеттен);
Ойласам, олар – жанды өлік
(Шәкәрім);
Қоғамда тірі жетім атанған қаншама тастанды
балалар саны өсуде
(Газеттен).
Каламбур (фр
. – сөз бен сөз
тіркестерінің дыбысталуы
жағынан ұқсас келуінен туатын стильдік айшықтау, құбылту
түрі. Олар, негізінен, омонимдер мен омографтардан құралады.
Көбінесе поэзиялық шығармаларда стильдік-эмоциялық әсер
беру үшін, ұйқастың мәнін күшейту үшін қолданылады. Калам-
бурдың түрлері
сатиралық, юморлық жанрдағы туындыларда
жиі кездеседі. Каламбур жасау өте шеберлікті талап етеді,
талғаммен жұмсауды қажет етеді. Мысалы:
Қалқам, жаным,
Достарыңызбен бөлісу: