шыға келді. Астындағы жүйрік те буырқанған бұла күшті сез-
гендей, ауыздықты қарш-қарш шайнап, тізгінді сүзе шірене
тартылған садақтың адырнасынан ұшатын жебедей лыпып
тұр еді
(Ш.Мұртаза). Мұнда автор теңеуді кейіпкердің бет-піші-
нін,
сыртқы көрінісін, портретін жасау үшін пайдаланған. Ал
мына үзіндіде:
Енді әкесінің Қызыл Жебеге мініп отырғандағы
келбетін көріп Тұрардың төбесі көкке жеткендей, аспандағы
жұлдызды қолмен ұстап тұрғандай болды. Қызыл тұлпар-
дың үстіне құрыш қыран қонғандай әдемі сурет жас баланың
жанын әлдилейді...
дегенде жазушы адамның ішкі сезімдерін,
психологиялық жай-күйін суреттеуде де теңеуді тиімді қолдан-
ған.
Метафора
–
ауыспалы мағынада жұмсалатын, эстетика-
лық қуаты жоғары стильдік тәсілдің бір түрі. Метафораның
басты стильдік ерекшелігі – бейнелілігі, экспрессивтілігі. Белгілі
зат, құбылыстың басқа топтағы зат, құбылыстың, объектінің
белгісі мен қасиетіне қарай ауыстырылуы – метафоралық тәсіл,
көбінесе көркем стильде,
публицистикалық стильде, шешендік,
өсиет сөздерде т.б. жиі қолданылады. Метафораның қолданылу
ерекшеліктері жайлы арнайы зерттеулер бар (Б.Хасанов,
А.Сыбанбаева, т.б.).
Көптеген ғылымдардың нысаны бола отырып, метафора-
ның стилистикалық мүмкіндігі өте кең, қызметі әр алуан. Бұл
жөнінде орыс тілі стилистикасын зерттеуші М.Н.Кожинаның
пікірі төмендегідей: «метафора ғылым тілінде ғылыми түсінік
үшін, публицистикалық стильде эмоциялық-образдылықтың не-
гізінде түсінікті үйлестіруші ретінде, көркем шығармада бей-
нелі (образды) сөз ретінде стильдік қызмет атқарады»
1
– болып
келеді. Функционалды стильдердің ішінде көркем әдебиет стилі
көпстильділігімен, бейнелі ойлау жүйесімен ерекшеленеді, сон-
дықтан метафора жиі ұшырасады.
Стильдік қолданысына қарай
метафора жалпы халықтық
сипаттағы метафоралар, жазушының өзіндік қолтаңбасын ғана
1
Кожина М.Н. Cтилистика русского языка. М., 1983, с. 117
көрсететін, жалпы халықтық сипат алмаған, белгілі контекстің
аясында ғана жұмсалатын метафоралар,
яғни контекстік мета-
фора, кейде индивидуалды-авторлық метафоралар деп те атай-
ды. Дәстүрлі не тілдік метафораларда тұтас бір халықтың ортақ
бейнелі ойы, дүниетанымы білдіріледі. Сондықтан олардың
білдіретін мағынасы көпшілікке түсінікті болады. Ал кон-
текстік-авторлық метафоралар жеке адамның дүниені бейнелі
қабылдауынан, өзіндік танымынан туындайды. Мысалы:
Достарыңызбен бөлісу: