ніне барлық функционалды стильдерде және тіл мен сөйлеудің
әртүрлі жағдаятында тіл құралдарының стилистикалық нормада
дұрыс қолдануын қарастыру қажеттігі туындайды. Демек, прак-
тикалық стилистика коммуникативті сөйлеу қызметінде стилис-
тикалық дағды мен қабілетті қалыптастыруға ықпал етуі тиіс,
әрбір сөйлеушінің стилистикалық сөйлеу мәдениетін қалыптас-
тыруға, сауаттылық деңгейін көтеруге тәрбиелейді.
Ғылымдағы зерттеулерге сүйенер болсақ, стилистика ғы-
лымының даму тарихында басқа ғылымдар сияқты өзге де пән-
дермен арақатынасы, байланысы артты. Жалпы тіл ғылымында
ХХ ғасырдың ІІ жартысынан бастап гуманитарлық ғылымдар
саласында парадигматика мәселесі орнықты, қарым-қатынас
процесіндегі тілдің қызметі мен грамматиканың белсенді әрекеті
(қызметі) сөйлеу жағдайындағы күрделі мәселеге ғалымдар
ерекше назар аудара бастады. Адамды тіл арқылы, тіл арқылы
адамды зерттеу мәселесін шешу де стилистиканың да зерттеу
нысаны болады. Адам өзінің ғылыми, мәдени, әлеуметтік талап-
тарын қанағаттандыратын ұғымдар (концепт) әлемін жасау үшін
ақпараттарды тілдік арнадан алады. Адамның ақыл-ойының,
көзқарасының, дүниені танып білуінің жиынтығы философия-
дағы сана, психологиядағы сезім, когнитологиядағы таным ар-
қылы қарастырылады. Сана, сезім, таным белгілі таңбалар ар-
қылы айтушы мен қабылдаушының өзара әрекеттестігінде
белгілі кеңістікке тарайды. Осы кеңістіктегі барлық құбылысқа
«ой салып, түрткі болып оятатын» таңбаның әрекеті. Олар функ-
ционалды стильдер өрісінде де қолданыс табады да, нәтижесін
беріп отырады. Стилистика ғылымы аясының кеңеюіне сөйлеу
актілерінің теориясы мен прагматиканың дамуы зор ықпал етті.
Яғни, тілді оқып үйрену дәстүрлі тілдің құрылымдық зерттеу
аспектілерінің аясынан ығыстырыла бастады. Адамның тілді
пайдалану мәселесі психология, логика, когнитивті лингвисти-
ка, әлеуметтану, лингвомәдениеттану т.б. көптеген салаларда
кеңінен қарастырыла бастады.
Осыған орай қазіргі тіл білімінде стилистиканың даму ба-
ғыттарының бірнеше түрі айқындалып, ғалымдар тарапынан
ғылыми тұрғыдан негізделіп, жүйелі зерттеле бастады. Олар-
дың қатарына
Достарыңызбен бөлісу: