әдеби тіл, норма, көркем әдебиет тілі
мәселелерін
зерттеумен тығыз байланысты екендігін атап көрсетеді. Алайда,
бұл ғылымның кейбір мәселелері орыс тіл білімінің өзінде де
түбегейлі шешімін тапқан жоқ (стиль түрлерінің жіктелуінің
ұстанымдары, өлшемдері, т.б.), анық айқындалмаған. Бұл тіл
саласының аса күрделілігін көрсетеді.
Қазақ тілінің стилистикасы – тіл білімінің кейінірек дамы-
ған саласының бірі. Егер қазақ тілінің негізгі деңгейлерін зерт-
теу ісі дәуір жағынан өткен ғасырдың 30-жылдарынан басталса,
стилистиканың пайда болып қалыптасуы кешірек кезеңді
қамтиды. Бұлай болуы заңды да, өйткені тілдік деңгейлердің
өлшемдері (дыбыс, сөз, сөз тіркесі, сөйлем) стилистиканың
құралдары (ресурстары) болып табылады. Демек, қазіргі кезде
лексикология мен лексикографияның, фразеология мен фонети-
каның және морфология мен синтаксистің басты мәселелері
ғылыми жағынан игеріліп, талай табысқа қол жеткен кезде
стилистиканы жан-жақты қарастырудың да қажеттігі түсінікті.
Бірқатар ғалымдардың пайымдауынша, қазақ тіл білімінде
алғаш рет стилистикаға қатысты мәселелердің зерттелуі
А.Байтұрсынұлы,
Қ.Жұбанов
еңбектерінен
басталады.
А.Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқышында» көркем сөз бен
көсемсөзге қатысты ой-толғамдары, Қ.Жұбановтың Абай поэти-
касының қыр-сырын ашқан мақаласы мен басқа да еңбектері бұл
саладағы алғашқы қадамдар болды. Ал стилистиканың жеке
ғылым саласы ретінде қалыптасуына М.Балақаевтың қызметі
айрықша болды. 1966 жылы алғаш жарық көрген «Қазақ тілі
стилистикасы» оқулығы стилистиканың пәні мен нысанын, тіл
біліміндегі алатын орнын анықтаған тұңғыш еңбек болды.
Мұнда стилистика ғылымының мақсат-міндеттері, функционал-
ды стиль түрлері, қазақ тілі стилистикалық құралдарының лек-
сика-грамматикалық сипаты жүйеленіп қарастырылды.
Кейінгі жылдардағы қазақ стилистикасы І.Кеңесбаев,
А.Ысқақов, М.Балақаев, Р.Сыздық, Е.Жанпейісов, С.Исаев,
Ф.Мұсабекова, Н.Демесінова, М.Серғалиев, Н.Уәли, Р.Әмір,
Т.Қоңыров, Х.Нұрмұқанов, Б.Хасанов, Х.Кәрімов, Б.Шалабай,
Ш.Мәжітаева,
Д.Әлкебаева,
Г.Әзімжанова,
С.Әлісжанов,
С.Қоянбековалардың т.б. ғалымдардың зерттеулері негізінде
жан-жақты қарастырылып, даму үстінде.
Өткен ғасырдың 30-40 жылдары көріне бастаған қазақ тілі
стилистикасына қатысты алғашқы зерттеулерде, негізінен,
аударма мәселесі және көркем әдебиеттің тілі, стилі сөз болды,
әсіресе әдеби тіл мен көркем тілдің ерекшеліктеріне баса көңіл
бөлініп, жеке көркем шығармалар тілі негізінде көлемді зерттеу-
лер жүргізіле бастады. Мәселен, фольклордың тілі бойынша
Н.Адамбаева, Е.Жұбанов, Т.Қордабаев; Абайдың тілі бойынша
Н.Сауранбаев, І.Кеңесбаев, Р.Сыздықова; М.Әуезовтің тілі
бойынша М.Балақаев, К.Аханов, Е.Жанпейісов, М.Серғалиев;
Ғ.Мүсіреповтің тілі бойынша М.Серғалиев, Б.Шалабай, т.б. ға-
лымдардың еңбектерінен басталады. Бүгінде соны ізденістерге
ұласып, көптеген ғылыми зерттеулермен толыға түсті. Көркем
әдебиет тілі мен ақын-жазушылардың шығармашылығын тал-
дау, стилистикалық зерттеу ісі қазақ тіл білімінде жалғасын та-
уып келе жатқан маңызды мәселелердің бірінен саналады.
Ғылым академиясының «Вопросы языкознания» журна-
лында (1954-55) екі жылға созылған ғылыми айтыстың нәти-
жесінде жалпы стилистика ғылымындағы сияқты қазақ тілі сти-
листикасының да ғылыми тұрғыдан көптеген мәселелері зерттеу
нысанына алынып қарастырыла бастады, стилистикалық зерт-
теулер жарық көре бастады. Мұндай теориялық ізденістер негі-
зінен функционалды стилистика мен тіл құралдары стилисти-
касының мәселелерін зерттеуді мақсат етті. Мәселен, төменде-
гідей еңбектерде:
–
қазан
төңкерісіне
дейінгі
баспасөз
тілінің
(Б.Әбілқасымов); кеңес дәуіріндегі баспасөз тілінің (С.Исаев);
қазіргі
кезеңдегі
баспасөздің,
радио-теледидар
тілінің
(О.Бүркітов, А.Алдашева, Б.Момынова, А.Жұмағұлова, Н.Уәли,
Г.Машинбаева, Д.Ғаббасова, Д.Бисмильдина,т.б.);
–
қазақ
ауызекі
сөйлеу
тілінің
(Р.Әміров,
З.Ерназарова,т.б.);
– ресми тілдің (Р.Сыздық, Н.Ерғазиева, А.Алдашева,
З.Ахметжанова, Қ.Қадашева, Э.Сүлейменова, С.Ережепова,
Л.Дүйсембекова, Б.Әбілмәжінова, А.Дуанбекова,т.б.);
–
ғылыми
тілдің
(А.Байтұрсынұлы,
Ә.Қайдар,
Ө.Айтбайұлы,
Р.Сыздық,
Ш.Құрманбайұлы,
Ш.Біләлов,
С.Әлісжанов, Ш.Мәжітаева, Ж.Амирова, Ж.Құрмамбаева, т.б.);
–
көркем әдебиет тілінің (А.Байтұрсынұлы, М.Балақаев,
Р.Сыздық, Е.Жанпейісов, М.Серғалиев, Б.Шалабай, Х.Кәрімов,
Н.Уәли, Г.Әзімжанова, Г.Мұратова, Г.Смағұлова,т.б.) стильдік
ерекшеліктерін арнайы қарастырған.
Енді бір топ еңбектерде синтаксистік бірліктер, атап айт-
қанда, синтаксистік синонимдер (М.Серғалиев), сөйлем мүше-
лері (Ш.Бектаева, О.Күлкенова, М.Шаяхметова), ғылыми мәтін-
нің синтаксистік жүйесі (С.Әлісжанов) стилистикалық зерттеуге
алынды. Сол сияқты автор сөзі, төл сөз, қосүнді сөздің құрылы-
мындағы стильдік ерекшеліктер де сөз етілді (Х.Кәрімов,
Р.Сыздық).
Сөздердің лексика-грамматикалық топтарының да, айта-
лық, зат есімнің стилистикалық жүйесі (Ф.Мұсабекова), көркем
проза тіліндегі етістіктің стилистикасы (Г.Әзімжанова), есімдік
сөздердің стилі (Р.Сағынбаева), т.б. ғылыми бағытта біршама
игеріліп, зерттеулер жүргізілді.
Тілдің көріктеуіш құралдары да стилистикалық тұрғыдан
бірқатар ғалымдар еңбектерінде қарастырылып, лингвостилис-
тикалық зерттеулер аясын кеңейте түсті (Б.Хасанов, Т. Қоңыров,
С.Хасанова т. б.).
Функционалды стиль түрлерін практикада тиімді қолдана
білудің әдіс-тәсілдері де зерттеу нысанына алынып, стилисти-
каны оқытудың мәселелері де жан-жақты қарастырыла бастады
(А. Жапбаров).
Қазіргі таңда стилистика ғылымы тың бағыттағы зерттеу-
лермен толыға түсуде, бірталай мәселелері жаңаша сипатта қа-
растырылып, көптеген диссертациялық жұмыстардың зерттеу
нысанына айналды. Айталық, экспрессиялы амал-тәсілдердің
стилистикалық жүйесі алғаш рет кешенді түрде зерттеліп, линг-
востилистиканың бір саласы ретінде танылды (С.Қоянбекова).
Мұнда экспрессивтік құралдардың қызметі мен ерекшеліктері,
мәдени ұлттық қырлары қазіргі қазақ тілінің тілдік деректері
бойынша талданып, ғылыми тұжырымдар жасалады.
Соңғы кезде қазақ тілі стилистикасы жаңа бағдарларға
негізделген жаңаша мазмұндағы бағыт – прагмастилистика ғы-
лымының теориялық, оқу-әдістемелік мәселелерін сөз еткен ең-
бектер арқылы жалғасын тауып келеді (Д.Әлкебаева). Бұл ең-
бекте прагмастилистиканың анықтамасы, негізгі концепциясы
мен терминологиялық аппараты, әр стильдің өзіне тән праг-
мастилистикалық сипаты, стилистикалық ұғымдар мен катего-
риялардың жалпы мазмұны сөз болады. Сондай-ақ стилисти-
каның тағы бір нысаны – дискурс пен мәтіндегі сөз образдылы-
ғының прагмастилистикалық қызметі талданады.
Мұндай теориялық мазмұндағы стилистикалық еңбектер-
дің жарық көруі, бірқатар дискуссия-конференциялардың ұйым-
дастырылуы (1968 ж. Ашхабадта «КСРО халықтары әдеби тілін-
дегі стильдік жүйенің дамуы», 1984 ж. «Соңғы жылдардағы қа-
зақ көркем шығармаларының тілі», т.б.) стилистиканың дербес
ғылым саласы ретінде тиянақты қалыптасуына ықпал етті. Бұған
қоса жоғары оқу орындарының филология факультеттерінде
стилистика курсының міндетті түрде өтілетінін, оған арналған
тұрақты оқулық пен бағдарламалардың барын ескерсек, қазақ
тіліндегі стилистикалық құбылыстарды зерттеу ісінің көптен
бері бастау алғанына және лингвистикалық стилистиканың, бір
жағынан, қазіргі қазақ тіл білімінің бір саласы ретінде, екінші
жағынан, әдебиеттану стилистикасынан да өзіндік ерекшелігі
бар ғылыми курс ретінде танылып отырғанына күмән тумаса
керек. Әрі ғылым саласы ретінде қазіргі дамуы, дәрежесі бірша-
ма көтерілді, бұған дейінгі кезеңдермен салыстырғанда, қазірде
тіл, стиль проблемаларын функционалдық тұрғыдан зерттеуге
баса көңіл бөлініп келеді. Мәселен, көп жанрлы көркем әдебиет
туындылары, баспасөз материалдары, әр саладағы ғылыми, пуб-
лицистикалық еңбектер, шаршы топ алдында сөйлеудің түрі,
оқу-ағарту ісінің дамуы, жетілген ресми іс қағаздарының үлгі-
лері, радио-теледидар тіліне қатысты еңбектер дүниеге келіп
жатқанда, осындай «сыртқы» экстралингвистикалық факторлар-
дың тілге деген ықпалын байқауға болады, сондықтан ондағы
тілдік құралдардың қолданылуы қандай дәрежеде екенін ай-
қындауға мүмкіндік туады. Демек, ғылыми пәнді теориялық
тұрғыдан терең меңгеру арқылы стилистика қарастыратын
маңызды мәселелер туралы ғылыми ақпарат алып, болашақ
мамандар мен студент жастар, көпшілік оқырман қауым тілдік
бірліктерді стильдік бояуына қарай талғап, орынды қолдануға
қалыптасады.
Ал стилистиканың негізгі мәселелерінің қатарына бұған
дейін зерттеушілер мыналарды көрсетіп келді: стиль, функцио-
налды стильдерді анықтау, олардың мәнін, жүйелік сипатын
ашу; қарым-қатынастың әртүрлі саласында тілдің қолдану заң-
дылықтарын анықтау; функционалды стильдерді топтастыру;
стилистикадағы тілдік және тілден тыс факторлардың арақа-
тынасын айқындау; стильдегі объективтілік пен субъективтілік
мәселесі; функционалды стильдер мен сөз түрлерінің ара қа-
тынасы; стильдердің өзара әсері мен тұтастығы мәселесі; линг-
вистикалық стилистика мен әдебиеттік стилистиканың ара қа-
тынасы; көркем әдебиет тілінің функционалды стильдерге
қарым-қатынасы; стилистикалық норманы және оның тарихи-
лығын анықтау; стилистикадағы диахрония мен синхрония
мәселесі т.б.
Қай уақытта да ғалымдар тарапынан стилистика ғылымын
толыққанды ғылым саласы етіп дамыту үшін басты-басты мы-
надай мәселелерді шешіп алу керектігі айтылып келеді:
1) стилистика ғылымының теориялық негізін анықтау;
2) стилистика ғылымының зерттеу нысанын анықтау;
3) стилистика ғылымының салаларын айқындау. Осы мә-
селелерді кеңірек қарастыратын болсақ, төмендегідей міндеттер
туындайды. Орыс тіл біліміндегі ғылыми көзқарастарды жүйе-
лей келіп, стилистиканың зерттейтін мәселелері мен алдағы
міндеттері төмендегідей болмақ:
1)
кең мағынадағы стиль ұғымына анықтама беру, оның
ішінде функционалды стильді айқындау; тілдегі (язык) стиль
мен қолданыстағы (речь) стильдің арақатынасын нақтылау;
2)
қарым-қатынастың әр түрлі аясындағы тіл қызметінің
заңдылықтарын анықтау;
3)
функционалды стильдерді топтастыру;
4)
лингвистикалық және экстралингвистикалық фактор-
лардың арақатынасын белгілеу;
5)
лингвистикалық стиль мен әдебиеттанудағы стильді
ажырату;
6)
көркем әдебиет тілінің функционалды стильдерге қаты-
насын айқындау;
7)
көркем әдебиет тілі мен әдеби тіл арақатынасын анық-
тау;
8)
тілдік норма мен стилистикалық норма сипатын ай-
қындау;
9)
сөйлеу стилі мен жазба стильдердің арақатынасын
көрсету;
10)
стилистиканың зерттеу әдістерін айқындау, орнық-
тыру.
Зерттеушілердің көрсетуінше, стилистиканы зерттеудің
әдістеріне мыналар жатады: семантика-стилистикалық, салыс-
тырмалы, статистика-стилистикалық және диахрондық-синхрон-
дық (М.Серғалиев). Семантика-стилистикалық әдіс негізінде
стильдік мағына-бояулардың, нәзік реңктерінің берілу жолдары,
стилистикалық коннотация мәселелері қарастырылады. Салыс-
тырмалы әдіс бойынша тілдік құралдардың, қолданыс тілінің
функционалдық бояуы зерттеледі. Сондай-ақ белгілі бір мәселе
өзге тілдердегі стилистикалық құбылыстармен салыстырыла
қарастырылады. Функционалды стильдердің өзара айырым бел-
гілерін айқындауда тиімді әдіс болып саналады. Статистика-
стилистикалық әдіс негізінде белгілі бір функционалды стильге
экстралингвистикалық фактордың ықпалы қарастырылады,
қаламгер тіліндегі стилистикалық мүмкіндіктерді, сөз байлығын
анықтауда қолданылады. Диахрондық-синхрондық әдіс бойын-
ша функционалды стильдердің қалыптасу жолдарын анықтау,
түрлі стилистикалық құбылыстарды тарихи даму тұрғысынан
немесе қазіргі кезең тұрғысынан зерттеп-зерделеуге мүмкіндік
болады.
Демек, стилистиканың зерттеу пәні, біріншіден, тілдің
әртүрлі деңгейлерінің мәнерлегіш құралдары мен мүмкіндіктері,
олардың стилистикалық мағыналары мен бояулары; екіншіден,
қарым-қатынастың түрлі салалары мен жағдайларындағы тілді
қолданудың заңдылықтары және соның нәтижесінде пайда
болатын әр салаға тән сөздің (сөйлеудің) ұйымдасу ерекшелік-
тері болады. Біріншісі – стилистиканың әріден келе жатқан дәс-
түрлі зерттеу саласы болса, екіншісі кейін пайда болды. Алайда,
осы соңғысы қазір стилистиканың негізгі зерттеу пәніне айна-
лып барады.
Қысқасы, стилистиканы зерттеудің де, оны оқытудың да
теориялық және практикалық та мәні зор. Алдымен, стилистика
лингвистикалық сауаттылықты көтереді, дамытады, стилистика-
лық ұғым-категориялар туралы мағлұмат береді, стильдік тал-
даулар жасай білуге, практикалық жұмыстарда функционалды
стильдердің ерекшеліктерін қолдана білуге, стильдік қателер
жібермеуге дағдыландырады.
Достарыңызбен бөлісу: |